Ежелгі шығыс философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 20:02, реферат

Краткое описание

Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.

Оглавление

Ертедегі шығыс философиясы
Антик заманының философиясы
Көне Қытай философиясы
Ежелгі Үнді философиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиет

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 60.08 Кб (Скачать)

     Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті Будда философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде де кең тарап отыр.

     Чарвака-локаята – философиялық әдебиетте Көне Үнді филосо-фиясындағы материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). «Чарвака-локаята» сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспати деп есептейді, ал кейбір ғалымдар чарвака-локаятаның болған-болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі, сондықтан да соңғы болжам негізсіз. Чарвака-локаятаның материалистік сипаты оның таным теориясында айқын көрінеді. Таным-праманың негізі прамана ретінде локаятиктер логикалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі – туйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқа сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды.

     Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ- дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты – осы нақты өмірде рахатқа болену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды.

     Көне  Үнді философиясының негізгі ұғымдары Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді философиясының терминологиясы шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын. бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді және оның себебін Үнді еліндегі ойлау жүйесінің Еуропадағы ойлау жүйесінен мүлдем белектігімен, оны белгілі бір логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіреді. Шынында да, әр халықтың өмір салты, дүние туралы түсінік ұғымдары, пайымдау тәсі лі әр түрлі. Сол себепті бір халықтың өз тілі қалыптасқан философиялық ұғым-категориясын екінші халықтың тіліне аударып, терең мағынасын жеткізу мүмкін емес. Мысалы, қазақ халқынын адам, өмір, қоғам, табиғат туралы тамаша дүниетанымдық ойларын білдіретін ұғымдарды орыс тіліне аударған күндеде олардың өзіндік терең мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізуге болмайды.

     Дегенмен де, ежелгі Үнді философиясының негізгі ұғымдарының маз-мұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық.

     Архат – «жауды жеңуші» дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананын  тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

     Атман – бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: «мен», «езімді», «дене». Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы – индивидуальдік және универсальдік космостық психикалық болмыс ретіндегі «адам». Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-ойдан, сез бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, «брахман» ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі. 
Брахман – бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брах-мандардың екілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция. 
Будда – «нұрланған», «оянған». Кең мағынасында – арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын керсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар мағынасында – будда дінінің негізін қалаушының аты. 
Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (сіһагта) – бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда Ілімі, рухани білімнің кви-нэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – болмыстың элементтері. Әлемдік процесс – себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, еткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі -абсолюттік тыныш күйге, сенуге жету.

     Иога – әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жет-ілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога – терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (риdgа1а) жеке элемент-теден тұратын рухани белік пен атомдардан тұратын физикалық құры-лымның бірлігі деп қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олар индивидті өзгер¬те алады. 
Бұл элементтер – бағалық сараптау жасай білу қабілеті және ойларымызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Sаmаdhі немесе уоgа деген осы. 
Карма – «іс-әрекет». Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, – жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, – міндетті түрде салдар туғызады, ол жақс немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пай да болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады. 
Нирвана -»жоғалу», «сөну». Күнделікті өмір – бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана – осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикада және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғым арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен баланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ ол зұлымдық пен құмарлықтар-дың тынышталуы, сезінбеудің толық дәр жесіне жету. 
Сансара – азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры – білместікте, сондықтан одан құтылу жолы – нирванаға өну.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

     Сонымен ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.

     Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана (дәстүрлік) мәдинеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдинет ұстаздың бет-бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді.

     Ежелгі  Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді  білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна – тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір  варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір  варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға  өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен  ғана айналыса алады. Брахмандар –  ой еңбегімен, кшатрийлер – әскери істермен, вайшьялар – жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар – қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік – варналарға қатаң  бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы  Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.

     Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды.

     Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.

     Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б.э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» деп қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге болады, өйткені «бәрі пайда болады» деген пікір бұған дейін үстем болып келген «олимпиялық құдайларды жоққа шығару», яғни, сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сүйтіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.   Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.

2.   Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002.

3.   Ғабитов Т.Х., Құлсариева А.Т. Философия және мәдениеттану. А, 2002.

4.   Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994.

5.   Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.

6.   Ақназаров Х.З. Фиолософия тарихынан дәріскер курсы. – Алматы, 1992.

7.   Бейсенов Қ. Философия тарихы. – Алматы, 1992.

8.   Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.

9.   Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 1993.

10. Асмус В.Ф. Античная философия. – М., 1976.

11. Антология мировой философии. Т 1., Т 2. М. 1969.

12. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. А., 1996. 

Информация о работе Ежелгі шығыс философиясы