қазақ философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:18, лекция

Краткое описание

1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
2. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Әл Фара-би, Жүсіп Баласагұн, Қожа Ахмет Йасауи.
3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шыгармашылыгындагы философиялық даналық.

Файлы: 1 файл

философия.docx

— 47.41 Кб (Скачать)

Қазақ философиясы 

1. Қазақ философиясының  қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері. 
2. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Әл Фара-би, Жүсіп Баласагұн, Қожа Ахмет Йасауи. 
3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шыгармашылыгындагы философиялық даналық. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт-теулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымы-ның қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға  дейінгі кезең – қазақтардың  ата-тегінің философиясы (предфилософия  протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым. 
Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар – Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының «Алтын гасыры » деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты. 
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) «Зар заман философиясы». 
ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы – антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие. 
ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бокейханрв, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, ЦД.Құдайбердиев. - 
Кенес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологияпық қызметшсіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марк- систік сипатта болғанымен, осы кезенде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философиж факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазанстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді. 
Тәуелсіздік кезеңінін философиясы – соңғы он бес жылда қалып- тасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын терендеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялык дүниетанымын жарқы- ратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда. 
Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, ЖүсіпБаласағұн, Қо.жа Ахмет Иасауиден алады. 
Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі – адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты – бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін – адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі – түйсіктен, екіншісі – елестетуден, үшіншісі – ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік – бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады. 
Ұстаз, басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту кез-келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек деген әл фараби өзінің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде ұстазға тән қасиеттерді сипаттайды. Басшы адам, имам, ен әуелі өзін басқарып, тәрбиелейтін басқа басшыны қажет етпейді. Дененің басты мүшесі ретінде әуелі жүрек, сонан соң ғана дененің басқа мүшелері одан төмен орналасатыны секілді, басшы бәрінен жоғары, ол қала, ұйымының және оның мүшелерінің басты себебі. Қала тұрғындарының бойында жігерден туындайтын қасиеттерді тудыратын да осы басшы. Дене мүшелерінің біреуі бұзылғанда оны жүрек түзететіні сияқты, басшы қала ұйымының бұзылған мүшесін түзеп отырады. Әл Фараби басшы бола алатын адамға қажетті он екі қасиетті атайды: оның дене мүшелері кез-келген харекетті қиындықсыз орындай алатындай мінсіз, жан-жақты жетілген; оған айтылып отырған нәрсені түсінетіндей және онын іс жүзінде қандай болатындығын көз алдына елестете алатындай табиғи қасиеті бар; түсінген, көрген және қабылдаған нәрсесінен ешттеңені ұмыт қалдырмайтындай жақсы есте сақтай біледі; заттың кішкене ғана қасиетін байқау арқылы оның не нәрсені білдіріп тұрғанын тез түсінетіндей қырағы ақылға ие; ойлаған нәрсесін айқын жеткізе алатын шешен: оқуға және танып-білуге деген махаббаты бар және бұл істе шаршамайды, азаптанбайды; тамақ пен сусын ішуде, жыныстық қатынастарда шектен шықпайды, табиғатынан ойынды және одан туындайтын рахатты жек көреді; шындықты және ол үшін күресетіндерді сүйеді, өтіріқті және өтірік айтатындарды жек көреді; маңғаз жанға ие және арнамысты биік ұстайды: оның жаны табиғатынан төмен істерден жоғары тұрады және асқақ істерге ұмтылады; дирхем, динар және күнделікті өмірдің тағы басқа да атрибуттарын жек көреді; әділеттілік пен оны жақтаушыларды сүйеді және тирания мен оны тудырушыларды жек көреді; өз адамдарыңа және жат адамдарға әділ, әділеттілікке бағыттайды және әділетсіздік құрбандарының шығындарын өтейді, ол ізгі және әсем деп түсінетін нәрселерді барлық адамдарға береді; әділетті, бірақ бірбеткей емес, әділеттіліктің алдында мінез көрсетпейді, бірақ кез-келген әділетсіздік пен төмен істерге қатысты қайтпастай мығым; өзі қажетті деп есептейтін нәрсені жүзеге асыруда батыл және ержүрек, үрейлену мен қорқақтықтың не екенін 
1 білмейді. Әл Фараби осы қасиеттердің бәріне ие адамдар өте аз кездеседі ‘ дей келіп, олардың алтауы немесе бесеуі бойында бар және елестету қабілеті жағынан басқа адамдардан асып түсетін адам қала басшысы бола алады дейді. 
Әл Фарабидің ойынша, айналандағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз: «…бір адам басқаның өмір сүруіне қажет нәрсенің бір бөлігін беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне негізделген көптеген бірігудің нәтижесінде ғана адам табиғатынан маңдайына жазылған кемелденуге жетеді». Әл Фараби қайырымды қалаға қарсы қалаларды да сипаттайды: надан, азғын, адасқан, қажеттілік және тағы басқа қалалардың ортақ мақсаты жоқ, көздегендері бақытқа жету емес, өткінші байлық пен алдамшы рахатқа бөлену. Мұндай қалаларды алдап-арбау мен сұмдықтың неше түрі, моральдық құлдырау, нәпсіқұмарлық, мансапқорлық, билік құмарлық, надандық, діннен безушілік секілді ізгілікті адамға жат, тағылық қасиеттер жайлайды. Қала басшысы мұндай қала-мемлекетті тек күштің көмегімен басқарады, сондықтан олар әлсіз, болашағы жоқ, дамудың жоғары сатыларына жете алмайды 
Бір қарағанда әл Фарабидің бұл ізгілікті қаласы утопия немесе қол жет- пейтін идеалды, мінсіз қоғам секілді болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы модельдің өзінен біздің жас мемлекетімізге пайдалы көп нәрсені байқауға болады. 
Мұсылмандық Шығыс дүниесінің тағы бір көрнекті өкілі, ХІ-ғасырда өмір сүрген ғұлама ойшыл Жүсіп Баласағұн еді. Ол өзінің негізгі туындысы «Құтадғу білікте» адам өмірі туралы өсиетін қалдыруға бекінеді. Жүсіп Баласағұн үшін адам баласы – дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы алла тек оны ғана емес, ай мен күнді, күн мен түнді, аспан мен жерді, дала мен тауды, қол мен елді де дүниеге әкелді бірақтек адамға ғана теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде қайырымды іс қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады. Баласағұнның ойынша, ендігі міндет – осы адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмірі сүру. Ол өмірді адамға алланың берген қарызы деп түсінеді, осы өмірд мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады. Баласағұн Мәнді өмірге жетудің азапты жолында адамға серік болар төрт қасиетті – әділет, дәулет, ақыл, қанагатты бөліп көрсетеді және оларға Күнтуды, Айтолды Өгдүлміш, Одғұрмыш деген есімдер береді. 
Баласағүн Дәулет-құт өткінші, тұрақсыз, бүгін бар да ертең жоқ, сондықтан адамды дәулетке шектен тыс қызығушылықтан сақтандырады; ол үшін адамға қанағат керек. «Құтадғу білікте» Қанағат-Одғұрмыш адамның мал жиыаудың соңына түскендігіне өкпелеп, қоғамнан бойын аулақ салады, Күнтуды-Әділеттің шақырғанына қайырыла коймайды. Бірақ Күнтуды Одғұрмыштан адамның уақытша осалдығына, бойындағы табиғи эгоизмді жеңе алмауына, мал-дәулет алдындағы солқылдақтығына кешіріммен қарауға, адамға деген өкпесін ұмытып, қоғамға оралуды, кісікиік болмауды талап етеді, адам қоғамда ғана бақытты, жалғыз өмір кешіп, өз қамын ғана ойлаған адамның соры қалың деп ескертеді. 
Айтолдының өмірін мысалға ала отырып, Баласағұн тіршілікке алдан-бауға, дүниеге малданбауға үгіттейді. Мал-дүниесін жұртқа таратса да, өлімнен қашып құтыла алмаған Айтолды Өгдүлмішке өліммен адамшылық пен кісілік арқылы күрес деп өсиет қалдырады, «өлімді ойла, ұмытпа еш, сарала» дейді. Бұл өсиетті қазіргі адам да жадында ұстағаны дұрыс. Жалпы алғанда, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігі» өмірмәндік қағидаларға толы, әрбір адамға аса қажетті, құндылығы мәңгілік туынды. 
Орта ғасырлық мұсылман дүниесінің тағы бір кернекті ойшылы -Кожа Ахмет Иасауи. Оның пікірінше, адамның мақсаты – кемел адам қалпына жету, ал кемелдік жолы – сопылық, алладан басқаны мойында-май, дүниені, бала-шағаны, нәпсіні тәрк етіп, тақуалық жолына түсу, жүректі оятып, алланы сүю, оған деген махаббат, ғашықтықтудыру. Бірақ аллаға ғашықтық жолында адамға кедергі болатын оның нәпсісі. Иасауи адамды нәпсіден без, оны еркіне жіберме деп үйретеді. Нәпсі адамға табиғатынан тән қасиет болғанмен, ол санаға тәуелді болмаса, адам оны саналы түрде реттеп отырмаса, нәпсі адамның түбіне жетеді. Иасауи нәпсіні кең мағынасында қолданады. Оның пікірінше, нәпсіқұмарлықтек тәнқұмарлық емес, билік пен байлыққа, өткінші қызыққа шектен тыс берілгендік. Нәпсіні тиып, алланы сүю жолына түскен адам рухани тазарады, сол арқылы өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары көтеріліп, бойына имандылық, қанағат, адалдық. мейірімділік секілді адамгершіліктік қасиеттерді жинайды, сонда ғана шариғат, тариқат сатыларынан өтіп, хаки-қатқа – аллаға ұласуға жетеді. Шариғат алланы сүю туралы сүю туралы ілім, тариқат – адамның осы білімді жүзеге асыру жолындағы харекеті. Хақиқатқа жету қиын, бірақ оған ұмтылу, нәпсіні тиып, бойында аллаған махаббат пен имандылық қалыптастыру – әрбір мұсылманның міндеті дейді Иасауи. 
Жазбаша философиялық шығармалар қазақта кейінірек пайда болды, ал оған дейін казақ халқы өзінің философиялық ойларын вербалъдік, ауызша формаларда бейнеледі.Түркі Қағанаты дәуірнде түркілердің төл жазу үлгілері болғаны қазір дәлелденіп отыр. Бірақ тарихи даму барысында көнетүркілік жазу мәдениеті бірте-бірте жоғалып, кешпелі халықтар өз мәдениетін кейінгі үрпаққа вербальдік формалар арқылы ғана жеткізіп отырған. Бұл құбылыстың жағымды да, жағымсыз да жақтары болды бір жағынан үлкен рухани жеңіліс, себебі тарихи тұлғалар, оқиғалар туралы мәліметтер жазылып алынбағандықтан, ұмыт бола бастады, нақтылықгың орнын аңыздар басты. Жазба әдебиеттен ауыз әдебиетіне көшудің жағымды жағына келетін болсақ, «бар алфавитінен айырылғанмен, халықтың ендігі сенері санасы, сезімі болды. Өлең, жыр, эпос, дастандар ел арасында ауызша тарап, соның арқасында ауыз әдебиетінің философиялық пайымдауларға толы небір үлгілері біздің заманымызға дейін жетіп, асыл мұрамызға айналдьқ 
Тіл – адам рухының маңызды және жұмбақ жемісі, адамды ғана емесі жалпы өркениетті қалыптастыратын, оны түсінуге көмектесетін кілт. Тіл мен мәдениет халықпен бірге өмір сүреді, эволюциялық түрде дамушы этносты сипаттайтын – оның тілі мен мәдениеті. Демек, қазақтың шұрайлы мазмұны терең, сөздік қоры бай, өміршең тілін және оған деген қазақ халқының көзқарасын зерттеу арқылы оның дүниетанымын түсінуге болады. 
Сөз өнерін қазақ ежелден аса жоғары бағалады, қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын, қазақтың сүйеніші тілі мен сөзі болды. Қазақтың сөз өнері жай ғана ауызекі тілдің функциясымен шектелмей, дискурстық, яғни пайымдық, пікірталастық сипатта болды. Дискурс адамдардың арасында туындайтын мәселелерді күштің көмегімен емес, ақылға құлақ түре отырып пікір алысу мен пайымдауға жүгіну арқылы шешіп, субъектілер арасында түсіністік орнатады, жай келісім емес, әлеуметтік келісімге қол жеткізеді. 
Бұл ерекшелік қазақ халқының шешендік өнерінен, әсіресе мал мен жан, жер мен жесір, ар мен намыс дауын қара қылды қақ жарып әділ шешкен дала соттары – билердің қызметінен жақсы байқалады. 
Ауыз әдебиетінің философиялық тұрғыдан арнайы зерттелмеген қара өлең, қоштасу, жоқтау, аңыз және тағы басқа түрлері философиялық пайымдауларға толы жәңе бұл философиялық толғаныстардың басты объектілері – адам, өмір және қоғам. 
Қоштасу мен жоқтау қазақтың салт өлеңдерінің ертеден келе жатқан, мазмұны жағынан қара өлеңге жақын түрлері. Қоштасу қазақта қалыптасқан дәстүр бойынша өлең-жырмен немесе нақыл сөзбен айтылған. Оның түрлері сан алуан: «жермен, елмен, өтіп бара жатқан дәуренмен, заманмен, өмірмен, артта қалып бара жатқан дүниемен қоштасу болады». Қоштасу өлендерінің осы аталған қай түрі болмасын өмір туралы толғауларға толы. Ерекше атап көрсететін бір нәрсе – қазақтың қоштасу елеңдерінде өлімнен қатты қорқу, үрейлену сезімі байқалмайды, өлімді өмірден болмей, заңды құбылыс ретінде түсіну басымырақ. Өз өмірін белгілі бір іске, мақсатқа арнаған, ісін жалғастырушысы бар, өміріне риза адам өлімді тайсалмай қарсы алады. Оның мысалын Наурызбай батырдың өлім алдындағы қоштасуынан көруге болады. Өмірін еліне арнаған, дүшпанда кеткен кегін алатын алатын інілері Сыздық-Жаппар бар батыр өлімін өкінішсіз қарсы алады. Ал әйгілі Әсет ақынның құрбысы Кемпір-бай ақынның қоштасу өлеңінен оны «аһ» дегізген өкініш сезіледі. Ауырып жатқан ақын өзінің сырын түсінетін Әсет ақын келгенде ғана басын көтеріп, ілулі тұрған домбырасын сұрайды да, қоштасу өлеңін айтады. Өтіп бара жатқан өміріне шолу жасаған Кемпірбай Әсет досына ең басты арманын, екінішін жеткізеді. Ол өкініш – ақындық ісін жалғастыратын ұрпағы жоқ. Өлім аузында жатқан Кемпірбай ақынды қинайтыны – баянсыз өмірді мәнді ететін сенімнің жоқтығы. 
Қазақ ауыз әдебиетіңің өмір туралы толғаныстар көрініс тапқан тағы бір түрі – жоқтау. Өмірден өткен қимас адамына жоқтау айту қазақтың ертеден келе жатқан, қазір мүлдем дерлік ұмыт бола жаздап отырған салты. Жоқтауда өмірдің жалғандығы, баянсыздығы мен тұрақсыздығы қара өлен деңгейінде суреттеледі, өлімнің зандылығы да жоқтауда соз болады. Бірақоның мазмұнындағы маңыздырақ нәрсе – өмірмәндік мәселе. Жоқтау айтқан адам өмірден өткен асыл азаматтың өмірін, ерекше қасиеттерін, тындырған ісін, қоғамдағы орнын және қол жетпеген армандарын сипаттайды. Мамай батырдың шешесі Қараүлек айтқан жоқтау – қазақ жоқтауының классикалық үлгісі. Онда өзінен туған ұрпағын жоғалтқан ананың орасан зор қайғысы. жан азабы, күйзелісі мейлінше дәл суреттелген. Зар салып баласын жоқтаған ана бір сәт өзін жұбатады. 
Азалы ананың көңіліне медет болатын күш – баласының үлгілі өмірі. Мамай елі үшін опат болды, онын өлімі жай өлім емес, ерлік өлім, елін жаудан қорғау – батырдың өмірлік мақсаты еді, ол сол мақсатына жетті. Казақтың басқа батырлары сияқты Мамай да өзінің адамгершілік келбетін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде танытты, сондықтан да халықтың беделіне ие болды. Оның өзі әлсе де, ісі жұртының есінде мәңгі қалмақ. Мамайдың мәнді өмірі өлімге осылайша қарсы тұра алды, өлімнің оны жеңуі мүмкін ёмес. Қараүлек ананы жұбататын да осы ой. Өмірдің қай саласында болмасын қазаққа қорғаныш болған өлеңі оның өліммен күресінде де демеу болды. Жоқтау айта отырып көңілін басқан қазақ өмірден күдерін үзбейді, түпкілікті түңілмейді, өмірдің әлімнен күштілігіне сенеді. 
Қазақ ауыз әдебиетінің тағы бір маңызды түрі – аңыз. Адам қоғамы пайда болғаннан бері өмір сүріп келе жатқан аңыз қоғам дамуының сатыларынан адаммен бірге өтіп, әлі күнге дейін қоғамдық сананың елеулі бөлшегі болып қалып отыр. Аңыз қашанда адамның өмір сүруін жеңілдету құралы болды деуге болады, мысал ретінде Қорқыт, Асан қайғы туралы аңыздарды және қазіргі заманғы аңыздарды атасақ жеткілікті. Қазақ аңызында Қорқыт ақылды, дан, еліне қамқор парасатты жан ретінде суреттеледі. Бұл тұрғыдан алғанда оны түркі жұртының философы деуге болады, себебі Қорқыт белгілі бір адамның немесе топтың, билік басындағылардың мүддесін қорғаушы емес, қарапайым адамдардың ақылшысы, сөзімен ғана емес, ісімен де өнеге көрсетуші, іс пен сөздің бірлігін қуаттаушы. Еш мінсіз, кемшіліксіз адам туралы қазақтың арманын осы Қорқыт бейнесін көреміз. Бірақ Қорқыт екі аяқты пенде, оны да адам тірлігінің шектеулігі толғандырады. Өлімді жеңудің жолы – өмірді мәнмен толтыру. Қорқыттың түсінігінше, жоғарғы мән – ар-иман. Қорқыт туралы аңыздардың қайсысында болмасын 
ар-иман ұғымы міндетті түрде кездеседі, өмір өткінші, қай өмір болса да өліммен бітеді, бірақ ең басть сы – адамшылықты, ар-иманды сақтау. 
Қазақ философиясының негізгі кезеңдерін және ауыз әдебиетіні түрлерінде жинақталган дуниетанымдық ұгымдарын тапдау арқылы қазақтың ұлттық философиясы жалпы қазақ халқының, оның әрбір өкілінің бойында қалыптасқанын, қазақ халңының басқа халықтар философкясынан еш кем емес философиялық дуниетанымы бар екенін айқын көруге болады.

Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден. Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған. Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған. Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті. Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған. Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады. Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау. Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ: Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді. Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар. Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді. Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады. Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады; Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік. Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған. Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай - Ұмай болды. ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады. Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған. Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді. Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді. Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады. Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді.

Қазақ Философиясы– қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған. 
Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған. Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. Мыс, Қожа Ахмет Йасауидің сопылық ілімі ұлттық ойлау мәдениетіне нық еніп, оның қалыптасуының бір рухани негізі болды. Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба, қанағат, шүкіршілік, хал, амал, сыр, шапағат, т.б. көптеген сөздер – сопылық дүниетанымның ұғымдары мен түсініктері. Төрт ғасырға тарта дербес мемлекет құрып, хандық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының заманға сай құндылықтар жүйесі қалыптасты («Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Қырымның қырық батыры», т.б. жыр-дастандарындағы ерлік философиясы). Ерлік философиясы Махамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», т.б. жырларға негізгі өзек болды. Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда табиғат та азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді. 
Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Оның еңбектерінен себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды. 
20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов. Ол қазақ халқының келешегін айқындауда құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін түзей алмаған халықтың болашағы жоқ» деген терең ой айтты. Қазақстан үшін 1917 жылдан бастап отаршылдықтың жаңа түрі – кеңестік құндылықтар қалыптаса бастап, коммунизм туралы ілім негізге алынды, маркстік-лениндік философия үстемдік етті. Мұндай жағдайда қазақ халқының даналық ой-пікірлерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап құлдық психологияның орнына демократия, өркениеттік құндылықтар орныға бастады. Қазіргі әдебиеттерде қазақ философиясы ұғымымен қатар «қазақстандық философия» деген ұғым қолданысқа енді. Ол Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары қалыптаса бастады, келе-келе «Қазақстандағы философиялық мектеп» деген түсінік орнықты, оның жетекшісі академик Ж.М.Әбділдин болды. Қазақстандық философтар неміс философиясын зерттеді, әсіресе, Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегі негізінде қалыптасқан диалектика, логика, таным мәселелерімен айналысты, диалектикалық логиканың өзекті мәселелерімен шұғылданып, бұл салада айтарлықтай нәтижелерге жетті. Қазақ философиясы туралы зерттеулер нышаны егемендікке аяқ басқан кеңестік жылдарда аңғарыла бастады, бірақ толық мүмкіндік Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап шындыққа айналды. Қазақ философиясының тарихы мен оның мәселелері туралы жүйелі ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, кандидат, доктор диссертациялар қорғалды, арнайы ғылыми кітаптар жазылды. Қазақ философиясын дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде әрі өркениеттік негізде зерттеу егемен елдің қоғамдық санасының жетіліп-толуының басты арнасының біріне айналып келеді.

 


Информация о работе қазақ философиясы