Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:03, реферат
Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.
Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.
Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.
Сіздің басыңыздан мынадай
жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер,
оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз
осы жағдайларға
Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.
[өңдеу] Эпикуршылдар мектебі
Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады.
«Өмірдің мәні – бақытты
болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі
ең негізгі мақсаты – жан
Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние – атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады.
[өңдеу] Эпикур
Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур –сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.
[өңдеу] Эллинизм
Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст Эмпирик.
Ежелгі Шығыс және Антикалық
философия.
Негізгі мақсаты: Антикалық мектептер
мен грек классиктерінің топтамасы болған
антикалық философиясына түсінік қалыптастыру,
ерекшелігін көрсету.
Негізгі түсініктер: брахманизм, джайнизм,
буддизм, конфуции, даосизм.
1. Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі.
2. Ерте грек философиясы (Фалес, Гераклит)
3. Ерте грек философиясындағы онтологизм
(Демокрит)
4. Адамға бетбұрыс Сократтың философия
туралы ілімдері .
5. Ерте грек философияның жүйелік принципі
(Аристотель, Платон)
Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д.
1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді
қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс
философиясы тарихи философиялық процесте
дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт.
Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты.
Ертедегі философияның қалыптасуы екі
түрлі проблема төңірегінде өрбіді.
1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі
байланысы.
2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым
– қатынас.
Философия қашанда олардың, себептерін
іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік
және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге
болады. Ол - өз алдына жеке проблема.
Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі
үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан
басталады. Б.э.д 7 – 6 ғасырларда брахманизм
ішінен джайнизм және буддизм пайда болады
осы бағыттардын негізінен үнді елінде
4 – кастаға бөлінді.
1. Әскери (кшатрий)
2. Абыздар. (брахмандар)
3. Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)
4. Төменгі каста (шудралар)
Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды.
Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам
ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден
масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені,
брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген,
былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына
немесе құдайларды дәріптеу мен оларға
арналған ғұрыптарға тірелген болатын.
Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізгі
– адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан
босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние
затына жатқызады. Әрбір зат субстанция
ретінде қаралады, оған материядан басқа
кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та
кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм
бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі
буддизмнен де қатаң.
Буддизм – біздің заманымызға дейінгі
4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге
келді. Буддизм христиан, ислам діндері
сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады.
Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама
Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты
мәселе бар:
1.Өмір азапқа толы;
2.Ол азаптардың себебі бар ;
3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері
бар;
4.Азаптан құтылудың кезі бар.
Ежелгі Қытай философиясы біздің заманымыздан
бұрын пайда болды, ол идеологиясы мен
саясатында екі бағыт айқындала бастады:
консерваторлық және прогресшілдік, бірі
– мистикалы, екіншісі – атеистік бағыттар.
Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік
бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін
салған нақты адам – Конфуций (б.з.д. 551-479ж).
Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында
оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң
тәртіп болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде
Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
1. Бос қиялға салынбау.
2. «Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.
3. Қасарыстық көрсетпеу
4. Өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлендер
кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы,
« Сұқбат және пікір айту», т.б.). Конфуцийдің
« Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады.
Оған 1546 түсіндірме жасалған.
Мақсат – императордың билігін заңдастыру
еді. Оның ұстаған жолы:
1. әділеттік
2. табиғатты сүю
3. әдет – ғұрыпты сақтап, сыйлау
Мо – Цзы (б.з.б. 479-400ж) философиясы пайда
болды. Ол күні бұрын белгіленетін өмір
жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс - әрекетінен,
«жаппай сүйіспеншілігінен» туындайды,
деді. Біздің барлық біліміміз екі нәрсеге
– сезімге (у – лу) және ойлауға (син) байланысты
дейді.
Идеализм мен мистикағарсы күресте даоцизм
ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі
Дао – Цзы (4 – 5ғ.) ілімі дүниеге келді.
Дао – мәнінде, мәнсіз, түссіз, шексіз,
мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның
пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын
– Көк Аспан емес, Дао. "Дао – заттардың
табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен
бірге әлемнің негізін құрайды, - деді
– Бүкіл әлем сол заңға бағынады”. Лао
– Цзы пікірі бойынша, адам заттардың
табиғи даму процесіне араласпауы қажет.
Лао Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір
жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті
көксесе, екінші жағынан, ілгері ж.руді
жақтайды, дамуды қолдайды
Сөйтіп, Шығыс философиясы жағында қорытып
айтқанда мына мәселелерге тоқталған
жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций
мен Дао, данышпан бастаушысы Лао – Цзы
төңірегінде топталды.
Европалық философияның дамуы ежелгі
Грециямен байланысты. Антикалық философия
б.з.д. 5 – 6 ғасырларда қалыптасты. Алғашқы
ойшылдардың көтерген проблемалары қоршаған
ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.
Ежелгі грек философта"жаратылыстанушылар.
Грек философиясының ерекшелігі табиғат,
әлем, космос мәнін бірлігін түсіну. Алғашқы
грек философтарын физиктер деп атаған.
Грек философиясының негізгі сұрағы. Дүниенің
бастауы неде? Егер мифологияда бұл сұрақ
шешілсе (дүниені құдай жаратты) ал философтар
супстанционалдық бастауы яғни дүние
неден пайда болды, неге пайда болды? Деген
сұраққа жауап іздеді. Грек философиясының
негізін қалаушы Фалес әр түрлі заттар
мен табиғат құбылыстарының мәңгі бастауы
– су, сол сияқты Анаксимет дүниенің алғашқ
кірпіш ауа деді. Анаксимандр апейрон
туралы пікірі материяны философиялық
тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келеді.
Апейрон шексіз деген сөз.
Грек философы Гераклит өз шығармасының
" Табиғат” туралы, дүниенің генетикалық
бастауы от деп қарастырды, ал әлем космос
деп түсіні. Ерте грек философиясының
дамуында өзіндік үлес қосты Элей мектебінің
философтары (Парменид, Зенон, Ксенофон
)
Бұл табиғаттың басты тақырыбы – болмыс.
Ежелгі грек философиясының дамуына антологиялық
бағыт Демокрит ілімі өзіндік із қалдырды,
яғни дүниенің бастауы – атом. Грек философиясында
адамға бетбүрыс бағыты Сократ есімімен
байланысты. Адам проблемасы алғашқы көтерген
софистер.