Антикалық философия

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 10:38, реферат

Краткое описание

Антикалық философия.

Қаралатын мәселелер:
1. Антикалық философияның даму кезеңдері.
2. Алғашқы философиялық (Сократқа дейінгі) мектептер:
а) Милет мектебі: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен;
б) Элей мектебі;
в) Гераклит мектебі;
д) Атомистер.
3. Софистер және Сократ философиясы.
4. Киниктер философиясы.
5. Платон және Аристотель - грек философиясының шыңы.
6.Эллинистік философия.

Файлы: 1 файл

Антикалық философия.docx

— 23.92 Кб (Скачать)

Парменидтің ілімін әрі қарай  жалғастырушы, оның шәкірті, Элеаттар мектебінің көрнекті өкілі - Зенон (шамамен  б.д.д. 490-430жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Философтарға қарсы», «Табиғат туралы». Бұл еңбектері толық сақтамаған , бізге тек фрагмент күйінде ғана жеткен. Зенон Парменидтің болмыс жалқы, біртұтас және қозғалмайды деген  пікірін басқа жолмен дәлелдеуге тырысады. Егер Парменид өз дәлелін  болмыстан бастап, көзге көрінетін  және көрінбейтін әлемді қарастырумен аяқтаса, Зенон, керісінше, өз дәлелін  көзге көрінетін, ақиқатқа жатпайтын  әлемнен бастап, болмыс әлемін қарастырумен аяқтайды. Оның пікірінше, физикалық  әлем қарама-қарсылыққа толы, сол себепті  ол ақиқатқа жатпайды, ол нағыз ақиқат біздің түйсінуімізден тыс жатқан әлем, ол - болмыс.

Болмыстың жалқылығын және біртұтастығын Зенон өзінің атышулы  тәсілі «эпихейрема» алқылы дәлелдемек болды. Бұл тәсілдің мәні - тікелей  дәлелдеу тәсілінің орнына кері бұрмалап дәлелдеудің негізінде қарсылыстарының  пікірін абсурдтық жағдайға әкелу  арқылы, оған өзінің бұрыңғы айтқан пікіріне қарсы пікірді мойындаттыру. Бірінші эпихейрема мынадай: егер шексіз көп заттар өмір сүретін болса, онда олар шындығында қанша болса, тура сонша  болулары керек(аз да емес, көп те емес). Ал енді олар қанша болса, сонша заттар бар болса, онда олардың саны шектеулі болғаны. Бұл - тезис. Антитезис: «Егер  шексіз көп заттар өмір сүрсе, онда болмыс та сан жағынан шексіз».

Екінші эпихейремада былай  делінеді: Егер болмыс шексіз көп болса, онда ол үлкенді-кішілі болып бөлінулері керек.Үлкен болғанда соншалықты шексіз үлкен, ал кіші болғанда, соншалықты мөлшерсіз  кіші болуы мүмкін. Ал егер шексіз көп  заттар бөлінбейтін болса, онда олардың  мөлшерлері жоқ болғаны. Себебі, ол заттар шексіз кіші. Ал егер олар шексіз бөлінетін болса, онда олар шексіз таусылмайтын бөліктерден тұрады да, шексіз үлкен  болады.

Дүниеде бар нәрсенің мөлшері  болады, ал мөлшерлі нәрсенің денесі болады. Егер бөлшектері жоқ нәрселер - өте  мәнсіз құбылыс болса, онда сол бөлшектенбейтін  және өте мәнсіз құбылыс - Парменид айтқан біртұтас, жалқы болмыс, - деп  дәлелдейді Зенон.

Болмыстың қозғалмайтындығын  Зенон өзінің «Дихотомия» (ортасынан  қақ бөлу), «Ахиллес және тасбақа», «Жебе», «Стадион» деген апорияларына (шешілмейтін, лажсыз жағдайлар) сүйеніп, дәлелдемек болады.Зенон элеаттардың ойлау  мен болмыстың тепе-теңдігі туралы тезистеріне сүйене отырып, түйсіне  алатын әлемдегі заттардың қозғалысын емес, тек қана ойлау әлеміндегі қозғалысты жоққа шығарады. Басқаша  айтқанда, Зенон қозғалыстың бар  екеніне күмән келтірмейді, бірақ  сол қозғалысты ақыл-ой арқылы бейнелеу қайшылықты сипатта болғандықтан, қозғалыс туралы сезім мүшелері берген мәліметтердің  ақиқаттығына күмәнданады.

Зенонның қойған біртұтастық  пен шексіз көптік, қозғалыс пен  тыныштық сияқты мәселелері ғасырлар бойы талай ғұламаларды ойландырып, олардың философиялық іздестірді.


Информация о работе Антикалық философия