Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:06, реферат
Қайта Өрлеу Заманы философиясы деп XIV ғ. аяғы-XVI ғ. соңындағы Батыс Еуропада пайда болған антишіркеулік жөне антисхоластикалық бағыттағы, антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынған философиялық кезеңді айтады.
Қайта өрлеу италиянша Реначименто, французша Ренессанс, немісше Реформацион, орысша Возрождение деп аталады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.
Қайта өрлеу философиясының негізгі бағыттары
Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер.
Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Тақырыбы:Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
Жоспар
Кіріспе
Қайта Өрлеу Заманы философиясы деп XIV ғ. аяғы-XVI ғ. соңындағы Батыс Еуропада пайда болған антишіркеулік жөне антисхоластикалық бағыттағы, антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынған философиялық кезеңді айтады.
Қайта өрлеу италиянша Реначименто, французша Ренессанс, немісше Реформацион, орысша Возрождение деп аталады.
15 - ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан - жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни үғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бұзып, ертедегі Грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғырып өлтіртті.
Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.
Қайта Өркендеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының алғы шарттары:
- енбек құралдары мен өндіріс қатынастарының дамуы, капиталиста қатынастардың пайда болып, феодализмнің дағдарысқа ұшырауы;
- сауда мен кәсіптің дамып қалалардың өркендеуі, феодалдар мен Шіркеуден тәуелсіз мәдени, саяси орталықтардың пайда бола бастауы;
- ұлы жағрапиялык жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан);
- ғылыми-техникалык жаңалықтар (қару-жарақ, оқ-дәрі, домен пеші, микроскоп, телескоп, кітап басу, медицина, астрономия, космология және т.б.);
- ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, абсолюттік монархияның үстем болуы;
- ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы;
- ІІІіркеу мен схоластикалык философияның дағдарысы, Еуропада сауаттылық деңгейінің өсуі.
Қайта Өрлеу Заманы философиясының негізгі идеялары мен белгілері:
- антикалық, классикалық дәстүрді қайта жаңғырту;
- мәдениеттегі өтпелі кезең, мәдениеттің гүлденуі, дамуы;
- гуманизм принципін айқындау-адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытка деген кұкын анықтай бастау;
- антропоцентризмнің дамуы, адамның өз табиғатына қайта оралуы;
- пантеизм-Құдай мен табиғатты, табиғат пен адамды барабарлықта қарастыру;
- аристотелизм, платонизм, стоикалык және Эпикурлық фило-софиясы ойларының модификациясы;
- дүниені ғылыми, жаратылыстану ілімдері тұрғысынан тану элементтерінің пайда болуы (гелиоцентризм, әлемнің шексіздігі, анатомиялық білім және т.б.);
- Реформация философиясы - католицизмді реформациялау, шіркеуді демократияландыру; Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату мақсат болды;
- индивидуализмнің үстем болуы, әлеуметтік теңдік идеясының кең тарауы;
- әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекет мәселелеріне қызығушылық таныта бастау;
- философиялық ойлаудың антифеодалдык, антисхоластикалық және антитеологиялық үрдісі.
Қайта Өркендеу дәуірі философиясының негізгі багыттары:
- гуманистік;
- неоплатондық;
- натурфилософияшылдық;
- реформациялык,;
- саяси;
- сопиалистік- утопиялық.
Соңғы үш ағымды «әлеуметтік - саяси бағыттар» деп атауға болады.
Гуманистік бағыт XIV ғ.-XV ғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизмнің негізгі сипаты:
- адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті; ,
- антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттылығы;
- ортағасырлық Құдай, теоцентрлік көзқарастан адамның өзіндік құндылығы, адами, антропологиялық зерделеуге өту;
- антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм;
- гуманистік философия көркем формаға, әдебиетке жакын болды.
Көрнекті философ - гуманистер сонымен бірге ақын жазушылар болды.
Данте Алигьери (1265-1321)- ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның бірінші ақыны. Шығармаларын италиян тілінде жазды. Атақты шығармалары: «Құдіретті комедия» (Тозақ, Арылу, Жұмақ),
«Той», «Жаңа өмір». Өз шығармаларында Данте:
- христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын астарлы сынға алды;
- адамды мадақтады;
- адамды құдай жаратылым деуден алшақтай берді;
- адамды құдай және табиғи бастамалардың гармониялық үйлесімдігі деп ұғыну;
- адамның бақытты болашағына сенім, адам табиғатының ізгіліктігін дәріптеу.
Франческо Петрарка (1304-1374) - бірінші гуманист, жаңа еуропалық лириканы жасаушы. Шығармалары: «Өлеңдер кітабы», «Менің құпиям».
- адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір - жайсаң;
- адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек;
- адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс;
- адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады;
- о дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады;
- адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы.
Лоренцо Валла (1507-1557) - «Ақиқи игілік тұрғысындағы ләзаттану туралы» деген трактаттың авторы.
- Шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады;
- адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді;
- адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп ұғынды;
- әйел мен еркек теңдігін жақтады;
- белсенді іс- әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды;
- аскетизмді терістеді, ең жоғарғы игілік деп ләззаттануды үғынды. Неоплатондық бағыт (XVf. ортасы- XVI ғ.) Платон ілімін дамытты, идеализм тұрғысында табиғатты, Ғарышты, адамды тануға ұмтылды. Неоплатонизмдік ағым негіздері:
- мызғымастай орныккан, жүйеленген схоластикалық философияға қарсы Платон идеясына негізделген жаңа жүйені дүниеге әкелді;
- дүниенің жаңа бейнесін жасады, Құдай дүниеден гөрі, заттар дүниесінен бұрын алғашқы идеялардың маңызын дәріптеді;
- адамның кұдай табиғатын мойындай келе, сонымен бірге оның өзіндік болмысын микрокосм ретінде қарастырды;
- бұрынғы өткен философия қағидаларын қайта қарастырып, біртұтас әлемдік философиялык жүйе кұруға тырысты.
Николай Кузанский (Кребс) (1401-1464) неміс ойшылы, діндар, Қайта Өрлеу заманының диалектигі. Оның шығармалары: «Ғалымдық білімсіздік», «Ғалымдық білімсіздік апологиясы» және т.б.
Куза идеялары:
- Құдай мен дүние болмысында кайшылық жоқ, карама-қарсылықтардың бірлігі диалектикасы;
- «Бірлік» (Құдай) пен «шексіздік» (жаратылым) минимум мен максимум катынасындай қатынаста болады;
-абсолюттіқ минимум және абсолюттік максимум дегеніміз бір нәрсе;
- сызық нүктеден қалай басталса, дүние Құдайдан солай басталады;
-қарама-қарсылықтың бірлігінен форма мен материя, мән мен тіршілік, эссенция мен экзистенция сәйкестігі туындайды;
- идея мен материя бір;
- актуалды шексіздік (бәрін өзіне сіңіретін) шындықта бар;
- Әлем шексіз, оның басталуы да, аяғы да жоқ, орталығы да жоқ, Жер Әлем орталығы болып табылмайды;
- Әлемнің, қоршаған дүниенің шексіздігі танымның шексіздігіне әкеледі;
- абсолюттік (толық) білімге жету мүмкін емес, білімнің көбеюі ғалымдыққа әкеледі, бірақ ақиқи білім бермейді («ғалымдық білімсіздік»-Николай Кузанский термині);
- Құдай адамилық, христиология идеялары.
Джованни Пико делла Мирандола (1463-1494) өзіне белгілі барлық діни және философиялық ілімдерді біріктіріп эклектикалық «900 тезистер» деген кітап жазды. «Гептапл» (жеті күндік жаратылу) деген де шығармасы болды.
Мирандола идеялары:
- үш дүниенің иерархиясы: періштелік-аспандық-жердегі;
- адамды қоршаған дүниеден бөле қарастырды (адам ғарыштың «төртінші дүниесі»);
- адамның еркіндікті тандау мүмкіндігін мойындау;
- барлық философиялық ілімдерді біріктіріп «алтын ортасын» табу.
Марсилио Фичино (1433-1499) - «Платондық құдай ілім» деген шығарма жазды.
Эразм Роттердамский (1469-1536) - голландиялык ойшыл, шығармалары: « Ақымақтықты мадақтау», «Аспанға жіберілмеген Юлий», «Мақалдар».
Мишель Монтень (1533-1592) - француз ойшылы, гуманистік антропологизм, скептицизм. Шығармалары: «Тәжірибелер», «Мен не білемін»?
Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер.
Соңғы Қайта Өрлеу (XVI-XVII ғ.ғ. басы) кезеңінде натурфилософиялық ағым кең тарады. Натурфилософиялық идеялар:
- дүниеге материалистік көзқарасты қалыптастырды;
- философияны теологиядан бөле қарастыра бастады;
- теологиядан азат ғылыми дүниеге көзқарас қалыптасты;
- гелиоцентрлік дүние бейнесі (Құдай, Табиғат, Ғарыш бір, ал Жер Әлемнің орталығы бола алмайды) идеясы;
- дүниені тануға болады, таным сезімдік және ақыл арқылы (аяндық емес) жүзеге асады.
Андреас Везалий (1514-1564) философия мен медицина саласында жаңалықтар ашты. Мың жылдық үстем болып келген Галеннің (130-200 ж.ж.) медициналық идеяларын терістеп, адам анатомиясын «Адам денесінің кұралымы туралы» деген кітабында зерттеді.
Леонардо да Винчи (1452-1519) - Ренессанс данышпаны, универсал-әмбебап, суретші, құрылысшы, сәулетші, гидротехник, мелиоратор, математик, механик, астроном, геолог, палеонтолог, анатом, биолог, ботаник, оптик. Тәжірибелік, эксперименталды әдісті қолданды. Ол «Құдай-қажеттілік кепілі», «Адам-табиғаттың ұлы құралы» деген.
Николай Коперник (1473-1543) - поляк ғалымы, астрономиялық зерттеулерге сүйеніп, болмыстың мына бейнесін көрсетті:
- Жер Әлемнің орталығы емес (геоцентризмді терістеді);
- Жер Күнді айналады (гелиоцентризм);
- барлық ғарыштық денелер өз траекториясымен қозғалады;
- ғарыш шексіз;
- ғарыштағы құбылыстарды табиғат зандылықтарымен түсіндіруге болады.
Джордано Бруно (1548-1600) натуралистік пантеизм өкілі, шығармалары: «6 диалог», «Идеялардың келеңкесі туралы».
- Күн тек Жерге қатысты орталық бола алады, бірақ Әлем орталығы емес;
- Әлемнің орталығы жоқ, ол шексіз;.
- Әлем галактикалардан тұрады (жұлдыздардың шоғырлануы);
- жұлдыздар - Күн сияқты аспан денелері және олардың планеталык (ғаламшарлық) жүйелері бар;
- Әлемдегі дүниелер саны шексіз;
- барлык аспан денелері - ғаламшарлар, жұлдыздар және т.б. үнемі қозғалыста болады; \
- Әлемнен бөлек Құдай жоқ, Әлем мен Құдай-бір.
2. Реформациялық бағыт (XVI-XVII) шіркеулік идеологияны, дінге сенушілер мен Шіркеу арасындағы қатынасты қайта қарастыру, өзгертуді мақсат етті. Реформациялық бағыттың пайда болуының алғы шарттары:
- феодализм дағдырысы;
- сауда-өндіріс, буржуазия табының пайда болып, нығаюы;
- феодалдық ыдыраудың әлсіреуі, еуропалык мемлекеттердің қалыптасуы; _
- еуропалық мемлекеттер басшыларының Рим Папасы мен католиктік Шіркеу билігін шектеуге ынталығы;
- католиктік Шіркеудің моральдік дағдарысы, халықтан алшақтауы, өмір ағымынан қалуы, индульгенция беру практикасының сақталуы;
- Еуропада гуманизм идеясының кең тарай бастауы;
- индивидуализм, тұлғаның өзіндік санасының өсуі;
- антикатоликтік діни-философиялық ілімдердің, мистиканың, гусизмнің ыкпалы күшті болды.
Реформацияда негізгі екі ағымды бөліп карастырады:
1. Бюргерлік-евангелдік (МЛютер, У. Цвингли, Ж.Кальвин);
2. халықтық (Т.Мюнцер, анабаптистер, диггерлер және т.б.). Реформацияның негізін теология докторы Мартин Лютер (1483-1546)
салды. Ол 1517 жылы 31 қазанда Германиядағы Виттенбергтік замоктың шіркеу есігіне индульгенцияға қарсы бағытталған 95 тезисті қағып койды.
Бұл католизмге қарсы идеологиялык (кейбір елдерде қарулы) күрестің басталуы еді.
Мартин Лютердің негізгі идеялары:
- Құдай мен сенушілердің қауышуы тікелей өтуі керек;
- Құдай мен сенушілердің арасында католиктік шіркеу сияқты дәнекер болмау керек;
- діни ырымды азайту (жеңілдету) керек;
- шіркеу демократиялы,ал ырымдар-адамға түсінікті болуы керек;
- Рим Папасы мен католиктік діндарлардың мемлекет саясатына ықпалын азайту керек;
- мемлекеттік институттар мен зайырлы биліктің беделін көтеру керек;
- Құдайға кұлшылық ету ісі - дін иелері иемденіп алған тек кәсіп қана емес, ол христиандардың бүкіл өмірлерінін уәзипасы;
- мәдениет пен білім ошағын католиктік догмалардан тазарту керек;