Қазақ ғұламаларының этикалық ойлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:48, реферат

Краткое описание

Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары – имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді.

Файлы: 1 файл

Қазақ ғұламаларының этикалық ойлары.docx

— 29.96 Кб (Скачать)

               Қазақ ғұламаларының этикалық ойлары

 

   Қазақ этикасықазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары – имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді.

      Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10 нәрседен тұрады:

  1. Адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан;
  2. Өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан;
  3. Халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан;
  4. Өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу;
  5. Өзінің және басқалардың сырын сақтаудан;
  6. Әр жағдайда сақ бола білуден;
  7. Тілге ие болып, артық сөйлемеуден;
  8. Мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан;
  9. Қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан;
  10. Біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан:

    

      Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Оның түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек. Ғұлама данамыз Әл-Фараби «Қайырымды қаланың бірінші басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады деген. 1) Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» - дейді. Осы қасиеттердің бәрін келер ұрпақ бойына қалыптастыра отырып мінсіз адамды тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым. Әл-Фараби шығармашылығындағы көрнекті орын алатын тәрбие мәселесі.       

 Ол өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында тәрбие туралы сөз ете келіп, оған нағыз ғылыми анықтама берді:

  • «Тәрбиелеу дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз»;
  • «Тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі»;
  • «Этикалық ізгіліктерді – білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады»

      Абайдың этикалық көзқарасын  сөз еткенде 2 нәрсеге ерекше  көңіл бөлу керек. Ол ақынның  гуманистік және диалектикалық  түсінігі. Абайдың дүниеге, әлеуметтік  өмірге деген көзқарасының, бүкіл  шығармашылығының өзегі, қайнар  көзі, рухани күші, осы екі ұғыммен  тікелей байланысты. Абайдың этикасы  - гуманистік этика. Дүние мен Жалған, Адам мен Пенде мәселелерін қамтиды. Абайдың филосиялық, этикалық көзқарасында ерекше көңіл аударатын мәнді ұғым «өмір» мен «өлім» арасындағы мәңгі қайшылықты түсіну, түсіндіру, «Өлім деген не?», «Өмір деген не?», «Не өледі, не өлмейді?» деген сауалдарға ақын өз шығармаларында тиянақты жауап береді. «Өлім»деген ұғым туралы Абайдың ой толғамы, «Дәл уақыты жеткенде, Талайдың гүлі қурайды. Рәсулді алған бұл өлім, Кімнен жөнді сұрайды?» - деп, өлімнің мейірімсіздігін кесіп айтады. Әр адам өзінің бүгінгісі мен ертеңгісінің арақатынасын үнемі ойлап отыруының қажеттігін аңғарта келіп, ақын:

«Адамзат - бүгін адам, ертең - топырақ, 
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың, білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ»

деп, өз замандастарын «өмір« мен «өлімнің» арасын түсінуге шақырады. Адамгершілік тұрғысынан алып қарағанда, «өлім деген не?», «өмір деген не?», «не өледі», «не өлмейді? деген сауалға да ойшыл ақын өзінше жауап береді. Абайдың этикалық, моральдық, адамгершілік идеалы, мұраты, принципі - қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу - кісілікті кісі, шын мәнісінде азамат болу, қара бастың қамы емес, елінің қамын, халқының қамын, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін-өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат Адам болу. Осы ойларын поэзия тілімен: «Адал бол - бай тап, Адам бол - мал тап, Қуансаң қуан сол кезде» деп, байды да, кедейді де адамдыққа шақырады.       

   

       Шәкәрім — Абайдың жолын қуған інісі, ол өз өмірін жамағатының болашағына арнаған. Шәкәрімнің "Үш анығында":

    Еңбекпенен, өрнекпен

    Өнер  ойға тоқылса,

    Жайнар  көңіл, қайнар өмір

    Ар  ілімі оқылса.

     Моральды "ар ілімі" деп танитын Шәкәрім адамгершілік құлық хақында көп ой қозғайды. Ол адам жолы дегеніміз — адам баласына пайдасын тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп өз ар-ұжданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі керек. Ар - ұжданның мазмұнын ынсап, әділет, мейірім құрайды деп түсінетін автор оларды адамптылық ұғымымен байланыстырады. 
Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар:

    Кірсіз  ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек.

    Бұл үшеуі біріксе, сорды  жоймақ

    Шын бақ осы деп  бұған ақыл тоймақ

     дей келе Шәкөрім жоғары құндылықтарды атап өтеді. 
Ар-ұждан тіпті о дүниеде де бар нәрсе деп есептейді. Оның бар екеніне дәлелсіз сену қажет. "Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ар-ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол — осы мұсылман жолы сияқты!" — дейді Шәкәрім "Үш анығында":

    Кісіге  адамшылдық неге керек?

    Адамдық — өзге айуаннан артық демек.

    Ит  талаған төбеттен қалай дейсіз,

    Аямай әл келгенін жұлып  жемек.[3] 
     

         Ж. Баласағұн- данышпан, ойшыл, философ. Оның моральдық-этикалық мәселелерді көтеретін «Құтты білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады. Дастанның басты идеялары төрт принципке негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы; 2) бақ-дәулеттің басқа қонуы; 3) ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі; 4) қанағатшылдық мәселесі. Бұл еңбек өз уақытында Қытай, Үндістан, Араб, Парсы ғұламалары тарапынан жоғары бағаға ие болды. 

 

    

Ж. Баласағұн  өз шығармасында заманның бұзылғандығы, достардан жапа шеккендігі туралы баяндайды. Ол адамдардан кісіліктің жоқтығы, ағайын-достық арасындағы қарым-қатынаста жаттан айырмашылығының болмауы, халық  арасында иман, сенім мен жақсы  қасиеттің қалмағанын өкіне баяндайды.

     Көркемдік дәстүрдегі тарихи сабақтастық күретамырына ұлттық рухтың қаны мен жанын дарытқан Қасым Аманжолов қазақ сөз өнеріндегі өзгеше бітімдегі бірегей тұлға. Сталиндік саяси зобалаңдардан поэтикалық қуатының әлеуеті ойсыраған қазақ поэзиясын Абай, Мағжан, Ілияс шығармашылығының классикалық стилінде жаңғыртқан Қасым ілкі дәстүрдің қуатты үйлесімде ілгерлеуіне қажетті эстетикалық мұрат пен этикалық мақсатын

«Көңілдің күйін төгейік,

Арманда кетті демейік,

Бәрінде беріп ел-жұртқа,

            Қарыздар  болмай өлейік»,

- деген  жан толқытар сырымен тереңнен  ұғынған жан.

    

      Қазақ халқының қайраткер перзенттерінің бірі, тарих ғылымының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Тарих және этнология институтының директоры, Қазақстан Республикасының халық депутаты болған Манаш Қозыбаев отандық тарих және этика жайлы өте құнды ойлар қалдырған. Манаш - ұзақ жылдар бойы коммунистік партия мен кеңес өкіметінің Қазақстандағы кадр саясатын тыңғылықты әрі терең зерттеген саналы ма-мандардың бірі. М. Қозыбаевтың көтерген ұлкен мәселелердің бірі-ұлт мәселесі.

   

       Қазақстан тарихнамасында Манаш бірінші болып "халқымыз қараңғы еді, мәдениеті төмен, сорлы еді" деген тезиске қарсы шықты. "Дала этикасы ол тағдырлар этикасы емес, - деді  Манаш. -Ол - көшпенділер өркениетінің этикасы. Ол-он үште ұлан етіп жеткізген, он алтыда қызды бұлаңдатып бой жеткізген халықтың этикасы. Ол - сұлулықты, ба-тырлықты, парасаттылықты төбесіне көтерген халықтың этикасы". 
 

Информация о работе Қазақ ғұламаларының этикалық ойлары