Ядролық қару

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:51, доклад

Краткое описание

Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Оглавление

I.Кіріспе
IІ.Негізгі бөлім
a). Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.
ә). Атом бомбасын сынау .
б) Ядролық қаруды таратпау туралы келісім.
в). Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферана тигізетін әсері.
г). Семей полигоны .
ғ). "Қазақстан ядролық қарудан бас тартты, бірақ полигонның өтемін даулай алмады".
III.Қортынды бөлім

Файлы: 1 файл

Ядролы қару.docx

— 279.13 Кб (Скачать)

                             Ядролық қару

 Жоспар:

I.Кіріспе

IІ.Негізгі бөлім

a). Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.

ә). Атом бомбасын сынау .

б) Ядролық қаруды таратпау туралы келісім.

в). Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферана тигізетін әсері.

г). Семей полигоны .

ғ). "Қазақстан ядролық қарудан бас тартты, бірақ полигонның өтемін даулай алмады".

III.Қортынды  бөлім  

 Кіріспе

  Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.

Дүние жүзіндегі ең бірінші  атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)

 Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

Ядролық қару орталығы.  Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

Ядролық қару.  Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

      Ядролық жарылыс түрлері (Виды ядерных взрывов) — ядролық соққы арқылы орындалатын міндеттер мен объектінің сипатына байланысты ядролық жарылыс әуеде, жер үстінде, жер астында, су үстінде және су астында жүргізілуі мүмкін. Осыған сәйкес жер үсті әуе, биіктікті, су үсті, су асты және жер асты жарылыстары болып бөлінеді. Ядролық жарылыс кезінде байқалатын құбьлыстар көп жағдайда жарылыс түріне байланысты болады. Ядролық жарылыстың әрбір түрінің басты ерекшеліктерінің бірі — жергілікті жердің радиоактивтік зақымдалу дәрежесі. Мысалы , әуедегі жарылыс кезінде жарылыс эпицентрі ауданындағы жергілікті жерге радиоактивтік зақымдану қаупі төнеді. Ал жер үсті және жер асты жарылысы ядролық жарылыс ауданындағы жергілікті жердің және сондай-ақ радиоактивті бұлттың өту жолындагы жердің едәуір бөлігін зақымдайды.         Ядролық жарылыстың белгілі бір немесе басқа түрінің қолданылуы онын зақымдауының ерекшелігіне, зақымдалатын объектінін сипатына және оны зақымдаудың талап етілетін дәрежесіне, сонымен бірге жергілікті жерді радиоактивті зақымдаудың қажетті шамасына және рауалы ауқымына қарай анықталады.

                                

     Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып, үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам). КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947 ж. Кеңес үкіметі КСРО үшін атом бомбасының құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді. 1952 ж. 1 қарашада АҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық қондырғы жарылды. Авиациялық бомба түріндегі термоядролық қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды. КСРО-да термоядролық бомба 1953 жылдың 12 тамызында бірінші рет сынақтан өткізілді. 50-жылдардың ортасында АҚШ пен КСРО-да ядролық қаруды әр түрлі қашықтықтарға жеткізуге арналған әр түрлі кластар мен типтердегі тасығыштар жасалды. 1960 ж. КСРО-да Қарулы Күштердің ерекше түрі – стратегиялық мақсаттағы ракеттік әскер құрылды. АҚШ пен КСРО-дан басқа Ядролық қару 1952 ж. 30 қазанда Ұлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпанда Францияда, 1964 жылдың 16 қазанында Қытайда пайда болды. Кейіннен Ядролық қаруға Үндістан мен Пәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан ядролық қару шығаруға дайын. АҚШ-та 1975 жылдың өзінде 30 мың бірліктен астам ядролық қару-жарақ түрі болды (әскери-әуе, әскери-теңіз күштері мен құрлықтағы әскерлердің иелігіндегі 80 мың стратегиялық және 22 мыңдай тактикалық түрі). Ядролық қаруды межеге жеткізу үшін әр түрлі алып ұшақтар жасалып, олар тұрақты әскери дайындыққа келтірілді. 1976 жылдың қарсаңында АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы күштерінің құрамында 1054 құрлықаралық баллистикалық зымырандар (“Титан-2”, “Минитмен-2”, “Минитмен-3”), 400-ден астам ұшақтар (В-52 және В-111) болды, 41 атомдық сүңгуір қайық “Поларис А-3” және “Посейдон” зымырандарымен жарақтандырылды. Осы тектес атомдық қару түрлері басқа атомдық державаларда да жеткілікті дәрежеде. Сондықтан ядролық қару бүкіл адамзат үшін орасан қауіп  болып есептеледі                                                                                                                                              Ядролық қаруды таратпау туралы келісім (Договор о нераспространении ядерного оружия). КСРО, АҚШ, Ұлыбритаия және т.б. мемлекеттер бұл келісімге 1968 жылы қол қойған болатын. 1986 жылы оған қол қойған мемлекеттер саны 131 болды. (Ядролық державалар ішінде ҚХР және Франция қатыспайды). Келісім ядролық державаларды басқа мемлекеттерге ядролық қару бермеуге, оларды өндіруіне немесе алуына ешбір көмек көрсетпеуге, ал ядролық қарусыз мемлекеттерді ядролық қару алмауға, оны өндірмеуге, осыған қатысты белгілі бір мемлекеттен көмек алмауға не сұрамауға міндеттейді. Бұл бейбіт мақсаттар үшін қолданылатын ядролық жарылыс қондырғыларына да қатысты. Бұл мәселеге бақылау жасау ATOM энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арқылы жүзеге асырылады.

       Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферана тигізетін әсері . Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық “Капустин Яр” атты ескери полигоны болып келгені кейінгі кезде ғана халыққа белгілі бола бастады. Батыс Қазақстан облысының Орда, Жаңғалы аудандарында 24 мың зьшыран ұшырылып 177 әскери жаппай қырып жоятын қару-жарақ сыналғаны соңғы уақыттарда белгілі болды. 1988-1991 жылдары аралығында осы аймақта 619 СС-20 зымыраны ұшырылып айналаны қоршаған сыртқы ортаға 30 мың тоннадай өте улы химиялық заттар шығарылған. Жоғарыда көрсетілген жылдарда жер астында — 18, ал атмосферада — 11, қуаты Херосима жөне Нагасаки (Жапония) қалаларының үстінде жарылған атом бомбыларының қуатынан бірде-бір кем емес керісінше күші пара-пар келетін термоядролық жарылыстар өткізілген. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында “Капустин Яр”, Атырау облысының Теңіз ауданындағы “Атырау”, “Азғыр” әскери полигондары болған. Оларда 1966 жылдан 1979 жылға дейін жер астында ең кем дегенде 17 ядролық жарылыс өткізілгені туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Олар баспасөз беттерінде ашық жарияланған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының көптеген жерлері радиоактивті және химиялық улы заттармен ластанған. Осы күнде бұлақ, өзен, көл не шаруашылыққа, не жуынып-шайынуға жарамай қалаған. Өйткені ондағы улы қосылыстардын (нитраттардың) көлемі 2,6 есе ден 800 есеге дейін өскен. Мысалы, 800 есе, қорғасының мөлшері 206 есе, стронций-90-ның мөлшері 150 есе, темірдің улы қосылыстарының көлемі 5 есе белгіленген деңгейден асып кеткен. Кадмий мен мыс Бисен қалашығының тұрғындарының ішетін ауыз суларында өте жоғары денгейде болғаны байқалды. Бұл суларды адамның және жан-жануарлардың ішуіне болмайтынын арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеулер анықтап шықты. Қорғасын, стронций мен темірдің деңгейі Елқонды қалашығы тұрғындарының, Орда ауданының басқадай ауылдарының ішетін ауыз суларында көп мөлшерде екені тәжірибе жүзінде толығымен дәлелденді. Оларды тұрғын халықтардың өздері де жақсы біледі. Бұл ауданның биосферасын да қорғасын, стронций-90, темір деңгейлері көрсетілген мөлшерден 6-7 ден 11 есеге дейін өсіп кетксн. С.Д. Асфендияров атандағы Алматы мемлекеттік медициналық университеттін бір топ доценттері мен профессорлары аранулы түрде Батыс Қазақстан облысының Орда, Жәнібек, Қазтал қалашықтарының аймақтарында радиоэкологиялық ғылыми-зерттсу жұмыстарын жүргізген болатын. Олар топырақтың құрамындағы судың ішіндегі радиоактивті элементтері. Стронций-90, цезий-137 анықтаған еді.

    Семей полигоны — КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды.

 Сосын оларды жер  астында жасай бастады. Атом  бомбаларының жарылыстары сұмдық  ауыр болды. Семей маңындағы  радиациялық әсер аймағында тұратын  500 мыңдай адам осы сынақтан  азап шекті. Бір кездері ядролық  полигон нақ Семей жерінде  неге құрылды деген сұрақтың  жауабын іздегенде сол кезде  бұл өңір Кеңес Одағының адам  ең аз қоныстанған, сонымен  бірге негізгі коммуникация жерлерінен  оншалықты қашық емес деген  сөздер шыққан. Тек осы себептерден  ғана құрбандыққа шалу үшін  адам саны қандай болуы керек  деген сұрақ туындайды. Темір  жолдың екі жүз километрін  үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса,  адамның өмірі арзан бағаланғаны ма? 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада — Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.

                        

Сол жылдың 6 тамызында Семей  облысының Қарауыл ауылында ядролық  қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ  Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан  қалтырап бітті, сондықтан да онда ары  қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл  ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар  жарылды.

                       

Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық  қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік  пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада  — Семей» қозғалысын құрдық». Осы  уақытқа дейін үнсіз тығылып  келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың  қатері жөнінде барлық бұқаралық  ақпараттары құралдарында, телевидение  мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын  талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің  зардаптары жайлы дәрігерлер мен  ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары  жетті. Бұқараның қысымымен Семей  полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов ң құрамында радиоактивті қосылыстар үш еседен артық екені анықталған.

   "Қазақстан ядролық қарудан бас тартты, бірақ полигонның өтемін даулай алмады"  6 тамыз - халықаралық ядролық қаруға қарсы күн. Қазақстан аумағында 1949 жылдан Семей ядролық сынақ полигоны жұмыс істегені мәлім. Онда 40 жыл ішінде, шамамен 500 ядролық сынақ жасалды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. "ҚАЗАҚСТАНҒА ПОЛИГОН ЗАРДАБЫНЫҢ ӨТЕМІ     ҚАЙТАРЫЛМАДЫ" 1991 жылы ҚР президентінің жарлығымен Семей полигоны жабылып, Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет болды. Алайда «Аттан-Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек: «Қазақстан атом бомбасынан бас тартуда бекерге асығыстық жасады. Ең болмағанда халық сол тартқан зардабының есесін өндіріп ала алмады» дейді:

- Қазағым атом бомбасын  бекер берді. Бізді тонап кетті.  Ол бомбаларды қайтармай тұрып,  мына зардабын шеккен халыққа  шамалы болса да өтемақы төлеу  керек еді. Бұл жерде біздің  президент үлкен қателік жасады,- дейді ол.                           

   1991 жылы 29 тамызда полигон ҚР президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен жабылды. Антиядролық қозғалыс тарихы 1989 жылы 25 ақпанда басталды. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер Олжас Сүлейменовтың сайлауалды сөзі жоспарланған болатын. 28 ақпанда Қазақстан жазушылар үйінің ғимаратына жүздеген адам жиналды. Осылайша жалпыхалықтық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы пайда болды.

Ол Семей ядролық полигонындағы  сынаққа жаппай наразылық білдірді. 1989 жылы қозғалыс Семей полигонында  жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтатты. Тек 7 жарылыс болды, соңғысы 19-шы қазанда болды. Қарағандының 130 мың қозғалысқа қатысушы шахтерлері қарар қабылдады:  егер жарылыс жалғасатын болса, мерзімсіз ереуілге шығу туралы. Оларды Семей, Павлодар, Өскемен мен Жезқазған жұмысшылары қолдады. Жұмысшыларды ҚазКСР Жоғарғы кеңесі қолдады.

Қортынды 

  Жер бетіндегі тіршілік иесі – Адам. Осы адам баласы тіршілік барысында бірі-бірінен үрейленіп, бір-бірінен қорғану үшін ойлап тапқан жерді құрдымға жіберетін оттың үстінде отырғанын сезеді. Алайда, өзі ойлап тапқан «апаттан», өзін қорғаудың сыпайы түрін «ядролық қауіпсіздік» деп атайды. Әлемде ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа 182 мемлекет қол қойып, 154 мемлекет ратификациялады. Дегенмен де, ашық күйінде қалып отырған күрделі мәселе атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына түсу қаупі бар. Осы «ядролық апатқа» байланысты Қазақстан жерінде 2025 ядролық сынақ жасалыпты. Әйгілі Семей ядролық полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналған. Қауіп-тілігі жағынан жапон жеріндегі Хиросима және Нагасаки қалаларындағы ядролық жарылыстан 40 мың есе асып түскен. Жерімізде КСРО мемлекеті жасаған ядролық жарылыстан 1 миллион қазақ халқы о дүниелік болып, жарты миллион адам неше түрлі ауруға шалдыққан. Туылған сәбилер арасында адам баласына ұқсамайтын хайуан тәріздес түрлері кездеседі. Осындай азапты ахуалды тоқтату үшін өз тәуелсіздігін алмай тұрған кезде Қазақ КСР-нің Президенті Н.Ә.Назарбаев батыл қадам жасап өз Жарлығымен КСРО мемлекетіне бағынышты болған Семей ядролық сынақ полигонын 1991 жылы 29 тамызда жапты. 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналы қызметіне ортақ бақылау орнату, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұру, қандай да бір іркілістерге жол бермеу тетігін айқындады. Сонымен қатар, стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады. 1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда, АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту және шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға, олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қару иеленбейтін елдер ретінде ядролық қаруды таратпау 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтаж жасау, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.

Информация о работе Ядролық қару