Механикалық
тұрғыдан топырақ тасты, қиыршықты тастақты,
құмдақ (80 пайызға астамы құм, 10 пайыз дейін
сазы бар), құмдауыт (құмы 70 пайыздан астам,
сазы 30 пайыз аз), ұсақ сазды (10-80 пайыз
саз, қалғаны құм), саздақ, сазды, борлы,
әкті (20 пайыздан астам әк), қара топырақ
(20 пайыздан астамы гумус) және қара шірік
(торф) болып бөлінеді.Механикалық бөлшектердің
көлеміне қарай топырақтың бес түрін ажыратады:
қиыршықты тастақты (3-1 мм),құмдақты (1-0,05мм),
ірі шанды (0,05-0,1 мм), шанды (0,01-0,001 мм),
қайырлы
(<0,001 мм) топырақ. Ал механикалық құрамы
бойынша топырақ: құмдақ, құмдауыт, саздау,
сазды деп бөлінеді. Аталмыш құрылымы
топырақтың табиғи құрылу процесінің
және жерді пайдалану әсерінен пайда болады.
Органикалық заттардың кейбір ыдырау
өнімдері (мысалы, гумин және ульмин қышқылдары)
кальциймен қосылыс түзіп, майда топырақ
бөлшектері бір-бірімен жабысып, бірігіп
ірі бөлшектер құрайды. Сондықтан топырақ
құрылысы саңлаулы-түйіршікті, үйінділі,
діңгекті, қатпарлы түрде болуы мүмкін.
Топырақ құрылымының айырмашылығы оның
сулы-физикалық және биологиялық режимдерін
анықтайды.
3
.Топырақ экологиясы
Қазақстанның
барлық жер көлемі 2724,9 мың км?.
Жер қорымыздың көлемі өте
үлкен болғанымен оның сапасы
соңғы жылдары күрт нашарлап
отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау
салдарынан топырақ деградацияға
ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу
процестері күшейе түсуде. Соңғы
мәліметтер бойынша Республика
жерінің 180 млн . га жазық жерлер,
185 млн. га жайылым және 34 млн.
га құнарлы жердің 180 млн. га
жері жарамсыз жерлерге ұшырап,
оның 30 млн. га топырақ эрозиясы
60 млн. га тұздану, 10 млн. га
химиялық және радиактивті заттармен
ластанған.
Республиканың
30 млн. га жерлерін өнеркәсіп,
көлік, байланыс, елді мекендер
алып жатыр. Солтүстік облыстарды
тың игеру науқанына байланысты
және бірегей бидай дақылын
егу топырақ қарашірігінің 25-30%-ын
жоғалтты.Батыс Қазақстан аймағында
мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап
дамуы 1000 га астам жерді қамтыса,
топырақтың техногенді бүлінуі
2,5 млн. га, ал тозған жайылым
3 млн. га жерді алып жатыр.
Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған
сынақ полигондарының игілігіне 1,4
млн. га жер бұйырған. Оның үстіне Каспий
теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың
шамамен 2,8 млн. га жерін су басады деп
болжам жасалуда[3].
Экологиялық
қиын жағдай Орталық Қазақстан
жерлерін де қамтып отыр. Мұнда
жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік
қалдықтарымен ластану, ауыр металдардың
жинақталуы, радиактивті элементтердің
және ракета-ғарыштық қоқыстардың
(Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты
жағдайға айналған.Кейбір аймақтарда
топырақтың тозуы, бүлінуі және
шөлге айналуы Ертіс, Әмудария
мен Сырдария өзендерінің су
бассейнінің азаюы, Арал теңізінің
тартылуымен тікелей байланысты
болып отыр. Мәселен, Оңтүстік
Қазақстанда Арал аймағының экологиясына
байланысты 2 млн. га жер шөлейттеніп
кеткен және Жаңадария өңіріндегі
3 мың га қара сексеуіл орманы
біржола жойылу үстінде. Арал
өңірі мен Сырдария өзенінің
аңғары бойынша топырақтың химиялық
улы заттармен және радионуклидпен
ластануы жылдам жүруде[3].
Балқаш-Алакөл
және Шу-Мойынқұм аймақтарындағы
өзгерістер, Іле өзеніне Қапшағай
су қоймасының салынып, судың
жасанды реттелуі табиғатқа көп
зардаптар әкелді. Су деңгейінің
1,5-2,0 метрге төмендеуі Іле атырабы
бойынша топырақтың құрғап, бүлініп,
сорланып, тозып кетуіне жол берді.
Әсіресе, Іле-Балқаш бассейіні
жер жаннаты аталған Жетісу
өңіріне экологиялық апатты да
ала келді. Іле бойындағы ит
тұмсығы өтпейтін тоғай, тораңғы
орманы, Шарын өзенінің қайталанбас
сұлу табиғаты мен каньондары
тозып, жағалаудағы шұрайлы жайылымдар
құлазыған сары далаға, шөлге
айналып бара жатыр. Ендігі
жерде Іле суының 10-15 процентін
Қытай халық республикасының
алуы бұл өңірдің табиғатын
тұл етері анық.
Қазақстандағы
егістікке пайдаланатын жерлердің
де экологиялық жағдайы нашар.
Ол республика бойынша 26610,7 мың
га жерді алып жатыр.Соңғы жылдары
байқалып отырған әлемдік климаттың
өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті
белдемдеріне әсерін тигізіп,
ондағы егіс алқаптарының сапасын
төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде
топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі
және шөлге айналуы прогрессивті
түрде жүруде. Оның үстіне топырақты
қорғаудың агротехникалық шаралары,
қар тоқтату, органикалық және
минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер
мен пестицидтерді қолданбаудан
арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке
тәрізді зиянкестердің шексіз
көбеюіне жолберіліп, жердің сапасын
төмендетті. Мәселен, 1996 жылы егістіктерге
1 млн. т минералдық және 33,2 млн.
т органикалық тыңайтқыш берілсе,
бұл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16
мың тоннаға қысқарған. Топырақтану
институтының мәліметі бойынша
Қазақстанның құнарлы топырағы
өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан.
Мұның өзі болашақта жер ресурстарының
сапасы жақсармайтынын аңғартады.
Топырақтың
ауыр металдармен және радионуклидтермен
ластануы барлық аймақтарды қамтып
отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша
ірі өнеркәсіптер, кен орындары,
қазба байлықтарды өндіру, соғыс
- өндірістік қалдықтарды сақтау
және оларды көму аймағында
ерекше жылдам жүруде. Республика
жерінде
химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т. жетсе, ал
529 обьектіде радиактивті қалдықтар сақталған.
Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық
заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына
5 млн. т. жетіп отырғаны тіркелген. Республика
бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала,
Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау,
Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында
тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық
өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор,
бор,мыс, пестицидтер және нитраттармен
ластанған.
Бар
деректер бойынша Өскемен, Риддер,
Зырян қалалары маңындағы жерлерде
қорғасынның мөлшері 100 РЗШ, кадмий,
мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ-ға жеткен.
Павлодар, Екібастұз, Қаратау, Тараз
т.б. өнеркәсіп орындары аймағы
геохимиялық ауытқуларға және
уытты заттармен ластануға ұшырағын.
Семей өңірінің радиактивті заттармен
ластануы өте жоғары. Осы жерлерде
шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан
жылына 294 мың т. улы зат қоршаған
ортаға шығарылады. Мәселен, мыс
100 РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300
РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ,
никель 50 РЗШ, т.б. ауыр металдардың
шекті мөлшерінің тіркелгені
Семей қаласы бойынша жарияланған
әдебиеттерде келтіріледі[1].
Соңғы
мәліметтер бойынша Қазақстан
аумағында ядролық қарулар сыналған
жерлердің көлемі Ақтөбе облысында
– 4207,5; Атырау – 1635,3; Шығыс
Қазақстан – 11,1; Жамбыл – 2576,1;
Жезқазған – 4900; Батыс Қазақстан
– 1558,8; Орталық Қазақстан –
19,6; Маңғыстау – 21,4; павлодар –
717,1; Оңтүстік Қазақстан – 8,1; Семей
– 941,2 мың га жерлерді қамтыған.
Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996) бұрынғы
Кеңес үкіметі соғыс ведомстволары
503 ядролық сынақ жасап, Қазақстанның
шұрайлы жерінің 20 млн. га жарамсыз
етті. Батыс Қазақстан аймағында
1966-1979 жылдары аралығында 24 ядролық
қару сыналған, олар Маңғыстау
облысында – 3, Батыс Қазақстанда
– 4 және Атырауда – 17 рет
жасалған. Соның ішінде ең ірісі
Азғыр полигоны ғана, 6,1 мың га
жерді алып жатыр. Зерттеулер
нәтижелері бойынша Нарын, Азғыр
құмдарында радиактивті элементтер:
кадмий – 80-120, стронций – 150,
қорғасын – 80 және нитрат –
8,8 есе шекті мөлшерден көбейіп
кеткен.
Үстірт
платасында1968-1970 жылдары жер асты
ядролық сынағы жасалған. Осы
жерлердің бәрінде де суға, топырақ
пен өсімдік жіне жан-жануарлар
дүниесіне бұрын соңды болмаған
залалдар келді.Республика аумағында
ірі ракеталық полигондар Атырау
облысының «Тайсойған», Балқаш
көл маңында «Ташкен-4» және
«Байқоңыр» ғарыш айлағында орналасқан.
Бұл жерлерде топырақ беті
өте қауіпті улы гептил жанармайымен
және ракета «қоқыстарымен» ластанған.
Гептил өте улы зат болғандықтан адамдардың
өкпе-тыныс жолдарына, жүйке-жүйесіне
әсер етіп, бүйрек, бауыр, мүшелерін зақымдайтыны
анықталған. Сол сияқты ракета, космос
корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар»
жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің
3-50 % биомассасын жойып жіберді. Мәселен,
1988-1991 жылдар аралығында тек қана Тайсойған
полигонында 24000 ракета барлығы 30 мың тонна
жанармай жаққан. 1994 ж. 5 шілде мен 27 қазанда
патқа ұшырағын «Протен» ракета тасығышы
Қарағанды облысының жеріне гептилен
уын шашып орасан зор қауіп төндірді. Оның
зардабы әлі белгісіз болып отыр.
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
1.
Топырақтың ластану көздері
Топырақты
негізгі ластаушыларға пестицидтер
(улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар,
өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың
ауадағы газды-түтінді ұшқындары,
мұнай және мұнай өнімдері және т.б.
жатады.
Топырақтың
ластануы дегеніміз химиялық заттар,
биологиялық организмдер (бактерия,
вирус, қарапайымдар, гельминттер) мен
олардың тіршілік өнімдерінің шамадан
тыс мөлшерде болуы.
Химиялық
ластаушылар (неорганикалықжәне органикалық
заттар) үлкен екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа топыраққа жоспарлы
түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап,
қолданылған химиялық заттар жатады.
Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар,
өсімдіктің өсуін реттегіштер және
т.б. Бұл препараттар шамадан артық
мөлшерде болса топырақты ластаушылар
болып шыға келеді. Екінші топқа топыраққа
сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен
бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар
жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы
мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық
және малдәрігерлік мекемелерден ағып
шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан
қалдық суларды жатқызуға болады.
ТМД елдерінде
(пестицидтердің көптеген түрін қолдануға
рұқсат етілген. Пестицидтер ауылшаруашылығы
дақылдарының өнімділігін көтеру үшін
өсімдік мақсатындағы химиялық дәрі-дәрмек
ретінде қолданылады.Алайда, пестицидтердің
топырақтағы нақты құрамы қалыпты
(есептік) мөлшерден едәуір асып түседі
және кейбір елдерде аса қауіпті
мөлшерге дейін жетеді. Ондай мөлшер
адамға да, малға да зиян. Топырақ
пестицидтермен ластанса ол жердің шөбі
мен суын малға беруге болмайды.
Оның ауасын жұтудың өзі де қауіпті.
Өйткені, олар жіті және созылмалы улануға
әкеліп соқтырады[2].
Қазіргі
кезде пестицидтер қолданудың қауіпсіздігін
көтеруге зор көңіл бөлінеді. Осы
мақсатпен ондай препараттар
улылығы аз препаратпен ауыстырылуда.
Олардың формалары кейінгі кезде
жетілдірілуде. Сондай-ақ, оларды ауыл
шаруашылығында пайдаланудың қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін гигиеналық нормалары
да негізделуде.Минералды тыңайтқыштар
ауылшаруашылығында топырақ құнарлылығын
арттыру үшін қолданылатын химиялық
қосылыстар. Оларға макрожәне микротыңайтқыштар
жатады. Минералды макротыңайтқыштар
дегеніміз құрамына топырақ құнарлылығын
арттыратын негізгі элементгер (азот,
фосфор, калий) енетін затгар. Макротыңайтқыштар
азотты, фосфорлы, калийлі және аралас
деп бөлінеді.
Минералды
тыңайтқыштар түрлері көп-ақ. Мысалы,
азотты тыңайтқыштар тобына аммиак суы,
карбомид, натрий нитраты, аммиак селитрасы,
калий селитрасы және т.б. енгізіледі.
Фосфорлы тыңайтқыштар тобына қарапайым
және қос суперфосфаттар, негізгі
шлактар және т.б. жатады. Азотты минералды
тыңайтқыштар топыраққа тым артық
енгізілсе мал денсаулығына зиян.
Өйткені, нитрат метгемоглобинемия
деп аталатын улануға ұрындырады.
Сондай-ақ, олар топырақта канцерогенді
әсері бар нитрозаминдердің синтезделуінің
негізі болады[1].
Калий топыраққа
өте баяу көшеді және топырақтың өздігінен
тазаруы мен топырақ биоценозына
зиянды әсер етпейді. Дегенмен, олармен
бірге топырақ қыртысына жасанды
сортаңдандыратын хлор иондары енгізіледі.
Сонымен бірге мал организміне
жиналған аз ғана калий жүрек-қан
тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуына
әкеп соқтырады.
Фосфат
топырақты онша ластай қоймайды. Әйтсе
де фосфат тыңайтқышы гектарына 600 кг немесе
топырақтың 1 килограмына 200 мг аспауы
қажет. Бұл шамадан асып кетсе
жем-шөптің органолептикалық қасиеті
мен қоректік құндылығын нашарлатады.
Сонымен қатар топыраққа фосфор
тыңайтқышын енгізу онымен бірге 1 литр
жер асты суында 20 мг дейін фтор енгізілді
деген сөз.
2.
Топырақ жәндіктері мен микроорганизмдері
Топырақты табиғи тіршілік
ортасы ретінде пайдаланатын
әр түрлі тірі организмдер;
топырақтың кабаты. Онда топырақ
микроорганизмдерінен
— бактерия, саңырауқұлақ, сәулелі саңырауқұлак,
т.б. және көптеген омыртқа-сыз жануарлардан
қарапайым жэндіктер, кұрттар, былқылдақденелілер,
ересек бунакденелілер мен олардың дернәсілдері,
жер қазғыш омырт-калылар, т.б. кездеседі.
Олардың санының өзгеруі жыл маусымына
да байланысты, көктем мен күзде кобірек
болса, қыс пен жазда азаяды. Қарапайым
жәндіктер өздігінен тіршілік ететін,
бір жасушалы өте үсақ организмдерден
тұрады. Топырақ арасындағы тұнба суларда
бірнше мыңға жуық түрлері мекеңдейді.
Оларды 4 класқа бөледі: талшыктылар, саркодиналар
,споралылар және инфузориялар . Карапайым
жәндіктер кәсіптік бағалы жа-нуарлардың
негізгі қорегі, ал басқа түрлері паразит
түрінде адамдар мен жануарларға ауру
жұқтырады. Мыс, талшықгылар , споралылар
құстар мен адамдарды безгек ауруына шалдықтырады.
Жұмыр кұрттардың бір түрлері топырақтың
арасында (50 — 1200 млн/га-ға дейін) шоғырланып,
топырақтың қалыптасу процесіне қатысады,
ал екіншілері өсімдіктерді за-қымдап,
адамдар мен омыртқалы жануарларды ауруға
шалдықтырады.
Сақиналы
кұрттардың да кейбір түрлсрі топырақта
мекендейді. Мысалы жауын кұрты топырақты
өз ішегінен өткізіп, оны қопсытып,
араластырып, ауа мен ылғал өткізгіштігін
жақсарта отырып, топырақ құрамының
қальптасу процесіне қатысады. Топырақты
буынакаяқтылар арасында шаянтәрізділср,
өрмекші тәрізділер, бунакденелілср
кластарынан өрмекшілер, кенелер, бұ-заубастар,
шаяндар, сымқүрттар, т.б., хордалылардан
жыландар, кесірткелер, кірпілер, суырлар,
сарышұнақтар, қосаяқтар, тышқандар
мекендейді. Кірпілер мен жертесерлер
зиянкестер мен кеміргіштерді жойып
пайда келтірсе, кейбір түрлері адамдар
мен жануарлар арасында ауру қоздырғыштарын
таратады (сарышұнақтар, тышқандар, т.б;).Топырақ
жәндіктері мен микрорганизмдері жүйесі
табиғаттағы зат айналымында, топырак
құрамынқұрылу процесінде, оның құнарлылығының
түзілуінде белсенді рөл атқарады. Олардың
барлық табиғи органикалық қосылыстарды
табиғи немесе бірнеше органикалық қосылыстарды
ыдырата алады. Яғни, олар топырақта өскен
өсімдіктсрдің барлық қалдықтарын ыдыртып,
өсімдіктерге сіңетін әр түрлі минералды
заттармен қатар, қарашірінді түзеді.
Мұндай организмдерге, мысал ретіндс,
бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларында
өмір сүріп, ауадағы азотгы осы өсімдіктердің
тамырларына жинайтын түйнек бактерияларын
жатқызуға болады. Бүкіл әлемдегі ауыспалы
егіс жүйесінде бұршақ тұқымдас өсімдіктердің
ерекше орын алатыны да сондықтан. Топырак
құнарын тиімді пайдалану үшін оның құрамындағы
организмдерге жағдай жасап, ауыспалы
егіс жүйесі мен агротехниканы дұрыс колдану
қажет. Топырақтың 10 — 15 см-ге дейінгі
беткі құнарлы қабатында га-на 10 т бактериялар,
сол шамада саңырауқұлақтар, 4 т жауын
құрты,140кгбалдыр,17кг-дайәртүрліжәндіктер
кездеседі[3].