Шөлдену ғаламдық проблема мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 15:55, реферат

Краткое описание

Оның Еуразиялық ішкі аймақтарында орналасуы мұхиттардан, әсіресе Атлант мұхитынан алыс болуы, климаттық шұғыл континентальді болуына әсер етеді. Бұл ауа температурасының кенет өзгеруіне, ауаның өте құрғақ, жауын-шашын мөлшерінің өте аз түсуімен сипатталады. Республиканың солтүстігінде күннің түсу ұзақтығы орта шамамен алғанда жылына 200 сағат құрайды, оңтүстікте – 300 сағат. Ашық күндер саны жылына солтүстікте 120, оңтүстікте 260 күн, бұлтты күндер саны солтүстікте 60, оңтүстікте 10 күн.

Оглавление

І.КІРІСПЕ
ІІ.Шөлдену ғаламдық проблема мәселелері
1.Шөлдену процесінің негізгі себептері
2.Қазақстандағы шөлді аймақтар
3. Шөлдену процесімен күресу жолдары
ІІІ.Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

24 Қазақстандағы шөлдену процесі.docx

— 1.86 Мб (Скачать)

Екінші кезең – (2008 -2010 жылдар) қоршаған орталық сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық  талаптарды жетілдіру.  Үшінші кезең (2011 -2015 жылдар) қоршаған ортаның сапасын  жақсарту және қоғамның экологиялық  тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне  қол жеткізу. Қуаңшылық пен шөлденуге  қарсы күрес туралы халықаралық  конвенция Алматы қаласында 1994 жылы өтті. Қазақстанның көп бөлігі қурау  аймақта орналасқан және оның аумағының  шамамен 66 % -  түрлі деңгейде шөлдену  процестеріне бейім. Алдын ала есептер  бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама  тұзданудан және басқа себептен алынбаған  кіріс шамамен 300 млрд теңгені құрайды.

Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлденуі мен тозу проблемасы шаң – тозаң дауылының пайда  болуы және ауа массалараының  ластанушы заттарды алыс қашықтықта жеткізуі нәтижесінде біртіндеп–шекаралық  проблемалар айналуы мүмкін. 2004 жылдың барысында шөлденудің көлемі мен  құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын  алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың құнарлығын қалпына  келтіруге, ресурстың базаны сақтауды немесе қалпына келтіруде, қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін  нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен  енгізуге, сондай – ақ шөлейттену мен  күрес процесінде халықтың кең қауымының  хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттену мен  күрес жөнінде бағдарлама әзірлеу  және бекіту қажет.


Жер шарындағы шөлдену картасы

Бағдарламаның негізгі нәтижелері шөлдену процестерін болдырмау  және жердің тозу ауқымын қысқарту, шөлденумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу, ауыл шаруашылық жерлерінің өнімділігін  арттыру болмақ. Топырақ ауыл шаруашылығының негізгі тірегі болғандықтан оны  ластанудан сақтау агрэкологиялық басты  міндет. Қазір Республикамызда топырақты  бақылау мониторнгі жұмыс істейді. Оның міндеті топырақтың қазіргі  күйіне баға беру, бақылау және болжау жасау.

Олар: 

1)Топырақтың ауыр металдармен  әлемдік ластануына жергілікті  бақылау жасау. 

2)Топырақтың ластануына жергілікті  бақылау жасау 

3) Топырақтың химиялыққұрамы мен  құрылымына, ондағы өзгерістерге  бақылау жасау. 

4)Топырақты мелиорациялау, агротехникаларды  дұрыс пайдалану т.б. бақылау  жасау. Қазақстанда құрғақшылық  пен  шөлденуге қарсы күресу  бағдарламасын ескере отырып, биологиялық  әртүрлікті сақтау мақсатында  биоәртүрлік обьектілерінің жай  – күйін бағалау және түйіндеу, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының  жиелілігін ұлғайту, қазіргі табиғат  және антропогендік процесетерді  ескере отырып, оларды  жасанды–бұзылған  аумақтарды қалпына келтіру жолымен  табиғат популяциялардың сирек  түрлерін сақтау, елдің ерекше  қорғалатын табиғат аумақтарын  ЮНЕСКО–ның дүниежүзілік табиғат  және мұрасы. «Адам және биосфера»  бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық  аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі  шараларды іске асыру қажет.  Республика аумағында небәрі 4,2 %- ын алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық,  ғылыми, рекрациялық, эстетикалық және мәдени мәнін сондай–ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі, олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Өзен экожүйелеріне түсетін ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың ластану мен қоқыстануының алдын – алу үшін 2005 - 2010 жылдар барысында пайдаланатын барлық су обьектілері үшін су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобаларын әзірлеу. Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшін су жетіспеушілігін тартып отырған өңірлерде өзен ағынын реттеу жөніндегі, оның ішіндегі бассейн аралық қайта бөлу, сондай–ақ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. 2003 жылдың басында Қазақстан қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель Конвенциясына қосылуы. Қазақстан трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бірыңғай құқықтық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін.


Трансшекараларық  ағын сулар мен халықаралық өзендерді  қорғау мен пайдалану жөніндегі  Хельсинки Конвенциясына қосылуы  жөніндегі Қазақстанның бастамасын өткізу арқылы трансшекаралық су проблемаларын  шешу.

Қабылдаған шаралардың нәтижелері ықтимал трансшекаралық, экологиялық қатерлерді анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетін  болады. Төтенше жағдайлардың алдын  – алу және оларды жою жөніндегі  іс – шаралардың орындалуы зардап шекендер саны төмендетуге және құрғақшылық  пен шөлдену процессін азайтуға мүмкіндік береді. Климаттық ықтимал  жахандық және өмірлік өзгерістерін, табиғи орта үшін оның салдарларын  зерттеу қажет. Халықаралық конвенциялар бойынша міндеттемелерге сәйкес үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың әлеуметтік қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптаманы  жүргізу арқылы экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелері бойынша қоғамдық көзқарасты қатысуға бағыттау қажет.    

 

 

 

Қорытынды:

 

Қоршаған ортының ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына  кері әсерін тигізуде. Бүкіл дүние  жүзі қоғамдастықтарымен қатар Қазақстандықтар  да қалыпты салт-тұрмыс экологиялық  жағдайларға қарай тұрақсыздық, алаңдаушылық күйге түсуде. Сондықтан  елдегі экологиялық жағдайлар экономика  тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.

Экологиялық жағдайлардың нашарлай түсуі  Қазақстан жағдайында бұрын-соңды  болмаған жаңа  проблемалар тудыруда. Олар – ауа, су, топырақ, ресурстары мен өсімдік пен жануарлар  әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер.

Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының  барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып кейбір жағдайда қайтымсыз  экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама  жерінің (180 млн. га 60%) шөлге айналуы  бүкіл мемлекеттік проблемалар  тудырып отыр. Сол сияқты республиканың  барлық жерінің 30 млн. га көлемін өнеркәсіп, көліктік қатынас жолдары, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.

Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы  жерлердің 25-30% жарамсызданса, Батыс  Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің  өнімдерімен ластану 100 мың га жерді, техногенді ластану 2,5 млн. га жайылымдардың  деградацияға ұшырауы 3 млн. га жерді  қамтып отыр.

Ал, Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып мұнай өнімдерімен  ластану одан әрі етек алуда.

Күрделі экологиялық шиеленістер  Орталық Қазақстанды да қамтуда. Онда – техногендік, өндірістік ластану, топырақтың құнарсыздануы, жайылымдардың  тозуы, металдармен ластануы, радиактивті  және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану жоғары деңгейге жетуде.

Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық  жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін  шөлге айналдырады. Сорға, тақырға  айналған жерлер мен Арал табанындағы  тұздар экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі қара сексеуіл орындарының  300 млн. га құрып кетуі өкінішті жағдай.

Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, т.б. техникалық дақылдарының өсірілуі елеулі суармалы жерлердің тозуына әкеліп соқты. Әсіресе, Іле өзені суының 10-15 % Қытай  республикасының бұрын алуы бұл  өңірде қауіпті жағдайлар туғызуы  әбден мүмкін.

Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық  проблемалар жеткілікті. Түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына ажал оттарын тұтатуда.

Әлемдік климаттың өзгеруі –  Қазақстанның барлық ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келуде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауыл шаруашылық өнімдері өнімін кемітіп  отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. т қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. т фосфор, 1,1 млн. т азот, 0,4 т калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70 % кеміген. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5 % қарашірігі қайтымсыз жоғалды.

Қазақстандағы жоғарыда қысқаша тоқтаған экологиялық жағдайлар туралы ақпараттар жайлы мәліметтер көпшілікке жетпейді. Тіпті, полигондар қамтып отырған аймақтардың тұрғындары өзінің ауруының неден болғаны туралы хабарсыз. Оның өзі «адам құқығын» бұзғандық және үкіметіміздің жариялылық – демократиялықмемлекетті құрудағы ағаттықтар деп білу керек.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Ақбалова А.Ж., Сайнова Г.Ә. «Экология оқу құралы» - Алматы «Бастау» 2003 ж.
  2. Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», оқулық – Алматы: 2004 ж.
  3. Биғанов А., Жамалбеков Е., Білдебаева Р. «Қазақстанның топырағы және оның экологиясы». Алматы 1995 ж.
  4. Асқарова Ұ.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» оқу құралы. Алматы 2004 ж.
  5. Төлегенұлы Ш. «Қазақстандағы жер асты сулары». Заман Қазақстан. 3 қазан 1991 ж.
  6. Ж. Достайұлы «Жалпы гидрология» 1996 ж. Алматы
  7. Ж. Достайұлы «Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан сақтау». Алматы 1993 ж.

 

Қазақстан Республикасының білім және

ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық

университеті

 

 

 

 

Кафедра: Өндірістік экология және химия

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Пәні: Экология


(пәннің  аты)

 

Тақырыбы:  Шөлдену ғаламдық проблема мәселелері


 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ТТ-12-1 тобының студенті Төлеу Ә.Т.

Қабылдаған: Бекишев К.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012


Информация о работе Шөлдену ғаламдық проблема мәселелері