Радиациялық жағдайды бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:39, лабораторная работа

Краткое описание

Радиоактивті заттардан адамнын жарақаттану қауіпінен радиациялық бағалау ұғымы туындайды. Халық шаруашылығы объектісінің өндірістік іс- әрекетінің радиацияға шалдығуына, сонымен бірге шұғыл апатты-қалпына келтіру және құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға әсерін тигізуін ескерсек, ол қысқа уақыт аралығында араласуды қажет етеді.
Жергілікті жердің радиоактивті зақымдану дәрежесі және масштабы ондағы болған ядролық жарылыс санына, қуаттылығына, жарылыс түріне (атомдық электростанциялардың ядерлік реактор түріне байланысты), ядролық жарылыс сәті болған уақыттың ұзақтылығына, ара қашықтығына және метео жағдайына байланысты.

Файлы: 1 файл

2 лаб жумыс РАДИАЦИЯЛЫК ЖАГДАЙДЫ БАРЛАУ.docx

— 141.82 Кб (Скачать)

№2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

 

Радиациялық жағдайды бағалау

 

Жұмыстың мақсаты. Ядролық жарылыстын әсерінен туындаған радияциялық жағдайды бағалау.

 

Жалпы мәліметтер.

Радиоактивті  заттардан адамнын жарақаттану қауіпінен радиациялық бағалау ұғымы туындайды. Халық шаруашылығы объектісінің өндірістік іс- әрекетінің радиацияға шалдығуына, сонымен бірге шұғыл апатты-қалпына келтіру және құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға әсерін тигізуін ескерсек, ол қысқа уақыт аралығында араласуды қажет етеді.

Жергілікті  жердің радиоактивті зақымдану дәрежесі және масштабы ондағы болған ядролық  жарылыс санына, қуаттылығына, жарылыс  түріне (атомдық электростанциялардың ядерлік реактор түріне байланысты), ядролық жарылыс сәті болған уақыттың ұзақтылығына, ара қашықтығына және метео жағдайына байланысты.

Радиациялық жағдай – административті аудан аумағында, елді-мекенде немесе онда орналасқан денелердің радиацияға шалдығуынан туындайды және халық арасында радияциялық шығынды азайтуға немесе болдырмауға бағытталған, белгілі бір қорғаныс іс-шараларын қабылдауды қажет етеді.

Радиациялық жағдайды бағалау деп әртүрлі (варианттармен) шаралармен шешілетін негізгі тапсырмаларды айтамыз, сонымен қоса, радиациялық шығынды болдыртпайтын, мейлінше дұрыс шешіммен анықталған шаралар және алынған шешімдер. Радиациялық жағдайды бағалау ядролық қаруды қолданудың жобалық шешімдерімен және радиациялық барлау арқылы жүргізіледі.

Радиациялық жағдайды бағалау болжау әдістерімен және барлау мәліметтерімен (дозиметрлік құралдардың көрсеткіштері) жүргізіледі.

Болжамалы радиациялық  жағдайды анықтау үшін зақымдану  ошақтарынының көлемін алдын  ала анықтайды және бұл зоналардың картада мүмкіндігінше нақты  орналасуын көрсетеді. Елді-мекенді  радиоактивті зақымдану туралы хабардар ету үшін картаға түсірілген зақымдану ошағы ізінің орын ауыстыруын ескеру шарт. 

 

Ядролық жарылыс және АЭС орын алған  апаттық жағдайларда болатын  болжамды радиоактивті зақымдану ошақтарын  енгізу.

 

Болжамды  радиациялық жағдайдың анықтау үшін бастапқы мәліметтер ретінде жарылыс ошағы орталығының координаттары, қуаттылығы, жарылыс түрі және уақыты, бағыты мен орташа желдің жылдамдығы (метеожағдайы).

Болжамды  зақымдану зоналарын енгізу үшін ең алдымен картада жарылыс эпицетрін белгілеп, айналасын дөңгелектейді. Әрбір дөңгелекшелердің айналасына түсініктеме жазбасын жазды.

Ядролық жарылыс  үшін келесідей көрсеткіштер беріледі: алымында – қуаттылығы (мың. т) және жарылыс түрі (жер беті – Н, ауа  – В, жер асты – П, су тосқауылындағы жарылыс - ВП); бөлімінде – жарылыстың күні және уақыты (сағат, минут және күні, айы).

АЭС тегі апаттық  жағдай үшін келесідей көрсеткіштер беріледі: алымында – апаттық ядерлік  реактордың түрі және оның мүмкіншілігі; бөлімінде – жарылыстың күні және уақыты.

АЭС тегі апат болған уақытта еңгізілетін әрбір  дөңгелекше және оның сәйкесінше жазуы  қара әріппен жазылады, жарылыс ізінің осі және сыртқы А аумағы – көк түспен, сыртқы М шекара аумағын – қызылмен, Б – жасыл, В – қоңыр, Г аумағын қарамен белгілейді.

 

Сурет 1. АЭС тегі апат кезінде  болжамды зақымдану аумағының түсірілімі

 

Ядролық жарылыс  үшін еңгізілетін әрбір дөңгелекше және жарылыс ізінің осі және сыртқы А аумағы – көк түспен, сыртқы Б шекара аумағын - жасыл, В – қоңыр, Г аумағын қарамен белгілейді.

 

 

Сурет 2. Ядролық жарылыс кезінде болжамды зақымдану аумағының түсірілімі

 

Зақымдану аумағы белгілі уақыт ішінде алған сәуле  дозасымен және жарылыстан кейін  болған қуат мөлшерінің анықталуымен сипатталады.

Жергілікті  жердің зақымдану болжамы бейіндік сипатта болғандықтан оны міндетті түрде радиациялық барлау арқылы нақтылайды (анықтайды).


Информация о работе Радиациялық жағдайды бағалау