Популяция, оның сипаттамасы. Түр түзу үдерісі, оның типтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 17:52, реферат

Краткое описание

Ғаламшарымызда бір географиялық нүктеде дарақтардың бір ғана формада өмір сүрген түрлері іс жүзінде өте аз. Тибет тау шыңдарында мекендейтін шегірткелер түрін осы ерекшелікке мысал етіп алуға болады. Барлық түрлер онда бірнеше ондаған метрден бірнеше шақырымға дейінгі таралу аймағында мекендейді.

Файлы: 1 файл

Популяция.docx

— 20.63 Кб (Скачать)

Популяция, оның сипаттамасы. Түр түзу үдерісі, оның типтері

Ғаламшарымызда бір географиялық нүктеде дарақтардың бір ғана формада өмір сүрген түрлері іс жүзінде өте аз. Тибет тау шыңдарында мекендейтін шегірткелер түрін осы ерекшелікке мысал етіп алуға болады. Барлық түрлер онда бірнеше ондаған метрден бірнеше шақырымға дейінгі таралу аймағында мекендейді.

Түрлер жеке популяция  формасында өмір сүреді. Популяция дегеніміз — бір аумақта, таралу аймағының белгілі бөлігінде үнемі еркін шағылысатын және дәл сол түрдің өзге топтарынан азды-көпті оқшауланған дарақтар тобы. Түр және популяция олардың негізгі айырмашылықтарын байқамай қалуы да мүмкін. Мұндағы негізгі мәселе еркін шағылысу. Популяция ұғымын мысалдармен көрнекі түсіндіріп көрейік. Солтүстік Қазақстанда орманды-даланың табиғи аймақтары басымырақ. Ол шоғырланған қайың-теректер айналасын дала қоршаған сүректі өсімдіктердің кішкене тоғайлы аралдары түрінде көрінеді. Осы шоғырларда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлардың көптеген түрлері популяция түзеді. Мәселен, әлгі қайыңдар және теректер будандасады, яғни бір шоғырдағылар тозаңданады. Оларды бөліп жатқан шалғынды кеңістіктің үлкен болуы мүмкін екенін де ескеру керек, сондайда бір шоғырдағылардың көршілес шоғырдағыларға тозаңының ешқашан түспеуі де мүмкін. Сондай-ақ балықтар популяция мысалына шағын көлдерді алуға болады. Бірін-бірі өзен жалғастырмаса, балықтардың көршілес көлдегі туыстарымен шағылысу мүмкіндігі болмай қалар еді.

Таралу аймағының кеңдігі  жеткілікті болса да географиялық кедергілері күшті болмағандықтан, бір немесе саны шағын дарақтардың жылыстауы мүмкін. Солай бола тұра кез келген түр ішінде популяцияның генетикалық жүйесі оқшауланган қалпында қалады. Атап айтқанда популяция сондықтан негізгі эволюциялық өлшем бірлігі болып табылады. Барлық торғайларда популяциялар- дың әрқайсысында бір мезгілде біркелкі өзгерістер пайда болады деп ойлаудын. өзі мүмкін емес. Түрлердің барлығы толығымен өзгешелігі ұқсас тұқым қуалау өзгерістерін жинай алмайды. Сөйтіп, атап айтқанда бір популяцияның ішінде тіршіліктің жаңа формасын түзуге жеткізетін үдерістер жүрмейтіні айқын болады.Егер қолайлы өзгеріс пайда болса, онда оның өзі бір популяция ішінде сұрыптаумен «орнығады», өйткені дарақ осы популяцияда көбеюмен бірге дәл осы өзгерісті ұрпақтарына береді. Бұл оң мутацияны жеткізушілер саны популяцияда бірнеше ұрпақ арқылы едәуір артады. Сонымен бірге дәл сол түрдің іргелес популяция- ларында бұл мутация сол сәтте ғана емес, тіпті еш уақытта пайда болмауы да мүмкін. Бір популяция ішінде тұқым қуалау өзгерістерінің; біртіндеп жиналуынан түршелер пайда болады.

популяцияларының  дарақтарынан көбінесе сыртқы (бір  немесе бірнеше) түрлері айқын көрінетін  кем дегенде 75% дарақ ерекшеленетін  географиялық оқшауланған популяциясы  осы түршеге жатады. Түршелер жиі  және көп мөлшерде таралу аймағы кең  түрлерде қалыптасады. Өйткені үлкен  аумақтарда жағдай біркелкі бола бермейді. Жануарлардың бір түрге жататын  өкілдерінде солтүстіктен оңтүстікке жылжыған кезде дене мөлшері кішірейетіні байқалған. Ал солтүстік жануарларында  дененің шығыңқы бөлігі (тұмсық, құлақ) қысқалау келеді.

Бір аумақтағы әр алуан түршелер өкілдері әдетте жақсы шағылысады.Бұл генетикалық  өзгерістердің жиналуы әзірше жыныстық оқшаулануға жеткізбейтініне дәлел  болады. Ұрпақтар қатарында жинақтала  салысымен өзгеріс шағылысуды тоқтатады, сөйтіп түршелер дербес түрлер деп  аталатын болады. Бұл үдеріс, әрине, ұзақ та құрделі. Алайда ғалымдар біз  өмір сүріп жүрген қазіргі кезде  оның кейбір көріністерін бақылауға  қол жеткізді. Мәселен, Еуразия аумағында  тиіндердің бес түршесі өмір сүреді. Түршелердің әркайсысы өзге түршемен шағылысатын болып шықты. Алайда еуропалық және қиыр шығыстық ең шеткері  жерлердегі түршелерінің дарақтарын аулаған  кезде оларды шағылыстыру жүзеге аспай қалды.Сөйтіп, өтпелі формаларға ауысқан кезде бұл тиіндер  жыныстық оқшау- ланған түршелерді түзіп  те үлгерген.

Жаңа  түрлер және олардық ұсақ (түрішілік) санаттары - түршелер мен популяция  түзу үдерістері микроэволюция деп аталады. Микроэволюция - түр түзу көбінесе оқшаулануға негізделеді. Осыған орай ол негізгі екі: географиялық және экологиялық түр түзу типтеріне бөлінеді.

Географиялық тип кезінде аналық түрдің таралу аймағы бөлініп қалады екен, яғни оның популяциясы географиялық тұрғыда оқшауланады. Мысалы, бірнеше ондаған жылдарға созылған куаңшылық салдарынан Австралия орталығында өмір сүруге мүмкіндік іс жүзінде болмай қалғандықтан, бір кездері бірегей болған бұйра тотылар түрі географиялық оқшаулануға тап болды. Олардық таралу аймағы екі мұхиттың жағалауына ығысты, ал материк орталығында тотылар мекендемейтін, жеңіс бермейтін шөл орналасты. Қуаңшылықтың беті қайтқан кезде тотылар таралып, қайтадан материктің ортасынан орын тепті. Сөйтіп олар оқшауланған биологиялық дербес түр болып шықты. Анықтап айтқанда шағылыса алмайтын дербес түрлер пайда болды. Жеке аралдарда (Галапагосс) қорегіне қарай кунақтардың тұмсығы өзгеріп отырады . Көп жағдайда географиялық түр түзілу аналық түрдің жай ғана едәуір аумаққа таралу нәтижесі болады. Қарағайдың екі түрі осылай қалыптаскан. Сібірлік қарағайдың бастапқы аналық түрі оңтүстік-шығысқа қарай едәуір жылжып, Қорей түбегіне дейін жетті. Корейдің жұмсақ ауа райы Орталық Сібірдің; қатал, күшті континенталды ауа райынан өте ерекшеленеді. Популяциялар осы жағдайларға пайдалы мутацияларды жинақтай бастады. Гүлдеу мерзімі,тұқым және қылқандар мөлшері өзгеріп, екі жаңа дербес түр: сібірлік қарағай және даурлық қарағай біртіндеп қалыптасты.

Эқологиялыц түр өзгеруде жаңа формалар бір аумақта пайда болады, яғни таралу аймағы тұтас қалпында қалады. Экологиялық түр түзу үдерісінің мәні бастапқы түр популяцияларының әр түрлі орта жағдайларына бейімделуінде, олардық оқшауланып, дербес түрлер сапасына ие бола бастауында. Сірә бұл үдеріс географиялық оқшауланудан сирегірек өтетін болса керек, алайда бұл да іске асады. Мәселен, шымшықтардың арнаулы қорекке бейімделуінен бөлінбеген алғашқы таралу аймағына дербес бес түр қалыптасқан.Түр түзудің мұндай типіне көл экожүйесінен көптеген мысал- дар келтіруге болады. Өйткені көл бір ғана географиялық нүкте ғой, оның ішінде табиғи кедергі жоқ және болуы да мүмкін емес. Алайда сонымен бірге қандай да бір көлдің әр бөлігінің экологиялық шамаластығы әр түрлі болып келеді. Мәселен, судың түбі мен беткі кабатындағы су температурасы және химиялық құрамы бойынша ерекше, сондай-ақ жағалау және орталық аумағындағы тірі ағзалар мөлшері мен типінде айырмашылық болады. Солардың әркайсысында арнаулы қорек ресурстары - біреуінде сан алуан балдырлар, екіншісінде балықтардық уылдырықтары және шабақтары болғандықтан, қорек түрлері де өзгеше болып келеді. Зерттеушілер Ланао (Филиппин) көлінде бұдан 10 мың жыл бұрын бес туысқа жататын балықтардың 18 жаңа түрінің бастапқы балық түрінен түзілетінін дәлелдеді.

Бұдан 10 млн жыл бұрын пайда болған Байкал көліндегі (Ресей) жәндіктердің (омыртқасыздардық) орасан көп эндемик (жергілікті) түрлері сипаттап жазылған.

Эндемик дегеніміз - бұл ғаламшарда тек бір орында ғана өмір сүретін ағзалар. Байкалда тек бүйірлеп жүз- гіштердің ғана 250-ге жуық эндемик түрлері өмір сүреді .Белгілі түрлердің қалыптасуы кезінде бұл түр түзу типтері бірін- бірі алмастырып, толықтырып, бірлесе әрекет етеді


Информация о работе Популяция, оның сипаттамасы. Түр түзу үдерісі, оның типтері