Популияция

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 02:10, доклад

Краткое описание

Популяция дегеніміз — белгілі бір аумақта тіршілік ететін және өзара шағылысып ұрпақ беретін бір түр дараларының жиынтығы. Түрлі факторлардың әсерінен популяциядағы даралар саны, құрамы, таралуы өзгеріп тұруы мүмкін. Популяция латынша роpulus — халық, ел дегенді білдіреді.

Файлы: 1 файл

биоэк.docx

— 36.41 Кб (Скачать)

Адамның ойлау қабілеттілігі қарапайым  шектеулі факторларды, уақытша жеңіп шығуға мүмкіндік береді. Оларға жататындар: су, жыртқыштар мен паразиттер, мекендейтін орны мен өзге түрлермен бәсекелесі. Адам өзінің өмір сүруін су, жер және энергетикалық ресурстарды пайдалану арқылы сақтайды. Ол сонымен қатар, ғаламшардағы зат айналымының шұғыл жеделдеуіне елеулі ықпал етіп отыр. Өндіріс қызметі процесінің туындауы, жаңа зат алмасуы техногенді сипат алуда және ол -антропогенді зат алмасу, деп аталады. Бірақта, адам мен табигат арасындағы биологиялық зат алмасулар тіршіліктің тұрақты жағдайы болып қала береді.

Антропогенді  зат алмасу биологиялық айналымнан өзінің тұйық еместілігімен принципті  түрде ерекшеленеді, ашық сызықты  сипатта, ягни тіршіліктің «айналымынан»  айрылған. Антропогенді зат алмасуды енгізуде — табиғи ресурстар, шығаруда — өндірістік және тұрмыстық қалдықтар. Қоршаған ортаны ластау екіге бөлінеді. Табиғи ластану жанартаудың атқылауы, жер сілкіну, сел, су тасқыны, өрт сияқты т.б. табиғи процестер. Ал, антропогендік ластану адамның іс-әрекетінен пайда болады.

Экологиялық шараның жетімсіздігінен табиғи ресурстарды тиімді түрде пайдаланудың коэффициенті өте төмен, пайдалы  қазбаларға қарағанда 2-10%-ті ғана құрайды. Ресурстар сарқылуда, халық саны өсуде (1960 ж. — 3 млрд, 1975 ж. — 4 млрд, 1987 ж. — 6 млрд). Оның үстіне тау-тау болып үйілген өндіріс қалдықтары мекен ортасын ластауда. Олар ыдырамастан тіршілік иелеріне көптеген зиян келтіруде. Тіршілік табиғатында күрделі иерархиялық ұйымдардың өзін-өзі реттеудің орасан мол резервтері (қоры) қаланған, бірақ сол резервті ашу үшін биосфера ағынының процесіне сауатты түрде араласа білу керек. Өндірістік жұмыстың барлығын жоспарлағанда экологиялық зардаптардың болатын мүмкіндігін қатаң ескеру керек. Бұрынғы жинақталған табиғат зандары жайындағы білімді есепке ала отырып, қазіргі эколог ғалымдар экология заңдары деп әдебиеттерде аталып жүрген адамзат қоғамы мен қоршаған ортаның өзара принциптерінің жалпы зандылықтарын белгіледі. Экология заңдарының ішінде айқын тұжырымдармен белгілі болған американдық эколог ғалымы В. Коммонердің (1971) төрт заң-афоризмі (мәтел-зандары) бар:

-        табиғаттағы құбылыстың бәрі барлығымен байланысты — (жалпыға бірдей заттар байланысы);

-        барлығы бір жаққа кетіп қалуы керек (сақталу заңы);

-        еш нәрсе тегін берілмейді (бағаның дамуы туралы);

-        табиғат өте жақсы біледі (эволюциялық таңдаудың басты критерийлері туралы).

Жалпыға бірдей байланыс (бәрі барлығымен байланысты) заңынан бірнеше салдар шығады.

• Үлкен сандар заңы: үлкен сандардың кездейсоқ факторларының тұтас әрекеті жағдайынан тәуелсіз жүйелі сипаты бар нәтижеге әкеледі. Сонымен, топырақтағы, судағы миллиардтаған бактериялар тірі организмдер денесінде тіршілік иелерінің қалыпты өмір сүрулері үшін тұрақты микробиологиялық ерекше ортаны жасайды. Немесе кейбір газ көлемінде көп мөлшердегі молекуланың козғалысы температура мен қысымның ерекшелігін анықтауға себепші болады.

•        Ле Шателъе (Браун) принципі: жүйеге сыртқы әсер ету кезінде қалыпты тепе-теңдік күйінен шығару, бұл тепе-теңдік бағытпен  араласып,   сыртқы   әсер  етуі   кемиді.   Биологиялық деңгейде ол экожүйенің өз-өзін реттеуші ретінде қабілеттілік 
түрінде іске асады.

•        Үйлесімділік заңы: кез келген жүйе асқан тиімділікпен өзіне тән уақыт кеңістігінің шегінде қызмет істейді.

•        Табиғаттағы  кез  келген жүйе өзгерісінің адамға тура немесе тікелей әсері — индивидуумның (жеке адам)  күйінен күрделі қоғамдық қатынасқа дейін болады.

Заттар массасының сақталу заңынан («барлығы бір жаққа кету керек») іс-тәжірибелік мәні бар кем дегенде екі постулат шығады.

•        Оны қоршаған орта есебінен жүйені дамыту заңы мынаны айтады: кез келген табиғи немесе қоғамдық жүйе тек қоршаған ортаның материалдық-энергетикалық және ақпараттық   мүмкіндікті   пайдалану   есебінен   дами   алатын   болады. Оқшауланып өзін дамыту мүлдем мүмкін емес.

•        Қалдықтар немесе өндірістік жанама әсердің жойылуға келмейтін заңы: өндірістік жұмыс процесінде пайда болатын қалдықтар ізсіз жойылмайтындығы, олар бір формадан екінші формаға ауыстырылады немесе басқа кеңістікке қойылады. Ал оның әсері талай уақытқа созылуы мүмкін. Бұл заң 
қазіргі  қоғамда тұтыну  мен  қалдықсыз  өндірістің принципті мүмкіншілігін болғызбайды. Материя жойылмайды, тіршілікке ықпал жасай отырып, бір формадан басқаға ауысады.

«Ештеңе тегін берілмейді» - деген тұжырымдама мынаны аңғартады: экожүйенің эволюциясындағы кез келген жаңа табыстар, бұрынғы жетістіктердің әйтеуір бір бөлігін жоғалтумен жалғасатыны ақиқат және жаңаның туындауы өте күрделі проблема. Мысалы, көп клеткалы организмдердің пайда болуы (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар) мен олардың құрғаққа шығуынан ғаламшардағы биологиялық әр алуандылықтар бірнеше есе көбейді. Экономикалық қуыстар мен жер биосферасын қалыптастырып оны игеру басталды. «Көп клеткалармен» бірге тіршілік иелеріне қауіпті аурулар, оның ішінде жұқпалы қатерлі ісіктер т.б. келді. Бұл заңның үш салдары бар.

Эволюцияның кері дамымайтын заңы (бір бағытта даму): үлкен жүйелер тек бір бағытта ғана — қарапайымдылықтан күрделілікке қарай эволюцияланады; инволюция, регресс жүйесінің тек қана жеке даму кезеңіне немесе жеке бөлігіне жатуы мүмкін.

Эволюцияның жеделдеу ережесі: жүйедегі ұйым күрделілігінің өсуіне орай эволюцияның да қарқыны арта түседі. Бұл ереже адамзат тарихына және техниканың дамуына, органикалық әлем түрлерінің ауысымдарына бірдей дәрежеде жатқызылуы мүмкін.

Тегін ресурстар болмайды — осы заңның тағы бір салдары: кеңістік, энергия, күн сәулесі, су қандайда сарқылмайтын болса да  кез  келген  олардың шығындарын  сол  жүйемен  мүлтіксіз төленеді.

Б. Коммонер былай деп жазды: «… ғаламдық экожүйе біртұтас болып көрінеді, сол шеңберде ештеңені ұту немесе жоғалтуы мүмкін емес және ол жаппай жақсарудың объектісі (нысаны) бола алмайды; адам еңбегімен алынғандардың барлығының орындары толықтырылуы тиіс. Осы вексель бойынша төлемнен қашқақтауға болмайды; бұл тек кейінге шегерілуі мүмкін. Қоршаған ортаның бүгінгі дағдарысының шегерілімі тым созылып барады дегенге саяды».

«Табиғат жақсы біледі» заңы биосферада ненің болуы керек, ненің орын алуы қажет еместігін барлығын алдымен анықтайды. Қарапайым молекуладан адамға дейін — табиғатта барлығы қатаң конкурстан өтіп, жүлде ретінде — тіршілік етуге құқық алып отыр. Бүгінде ғаламшардың эволюциясынан өткен мыңның бір бөлігі болатын өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мекендеуде.

Бұл эволюциялық таңдап іріктеудің басты критерийі — ғаламдық биотикалық айналымға, кетігін тауып қалану (үйлесу) мен барлық экологиялық қуыстарды толтыру. Кез келген организмнен   шыққан   заттардың   барлығында   оны   ыдырататын ферменттер болуы керек, ал ыдыраған өнімдер қайтадан айналымға қосылуы тиіс. Егерде осы заңды биологиялық түрлердің біреуі бұзатын болса, ерте ме, кеш пе эволюция онымен ажырасып тынады.

Адамның өнеркәсіп өркениеті ғаламдық көлемде  биотикалық тұйықтықты өрескел бұзып отыр, ол үшін жазаланбай қоймайды. Осындай қиын жағдайдан тек қана ымыраға келу ғана шығармақ. Нұрлы жол мен акылға ие бола білген адамның қиындықтан жол табатынына сенім мол.

Б. Коммонердің  тұжырымдамасына қоса, қазіргі экологтар  — «барлығына жетпейді» деген экологияның тағы бір заңын шығарды (Ресурстардың шектеулі заңы). Тіршілік иелерінің барлық формаларына арналған қоректік заттардың көлемі жерде, әрине шектеулі. Сондай-ақ, биосферада жаңадан пайда болған органикалық әлем өкілдерінің бәріне де бірдей жете бермейді. Сондықтан кейбір организмдердің шамадан тыс ғаламдық көлемде көбеюі, өзге түрлердің азаюы есебінен болуы мүмкін

 

Популяция [ 11 бет ]

Жоспар

ЖОСПАР 
 
1.Популяция және оның құрылымы 
2.Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер 
3. Популяциялар санының ауытқулары 
 
Қолданған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ 
1.Популяция және оның құрылымы 
Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді. 
Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты. 
Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С. С. Шварц, А. М.Гиляров, А. В. Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі түрғыдан анықтама береді. Мәселен, С. С. Шварц (1969) популяция дегеніміз "Орта жағдайларының өзгерісіне үзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын организмдердің элементар топтар" деп анықтама береді. Ал, A. B. Яблоков өзінің еңбегінде "белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организмдердің эволюциялық даму жолы ұқсас топтары" дейді. A. M. Гиляров өзінің әріптестерінін идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа қөзкарасты анықтама беруге тырысты. 
Популяция - белгілі бір аумақты мекендейтін шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар бір-бірінен - жергілікті, экологиялық, географиялық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу Н. П. Наумов жүйесіне негізделеді. 
Популяция - биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал, популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен үқсас келеді. Популяцияға тән касиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялык жағдайлары жатады. 
Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады. 
Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің ұсақтап кетуіне әкеліп соғады. 
Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болған-дықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді. 
Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық попу-ляциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы және басқа да касиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, раса немесе сол түрдің синонимі ретінде қарастырады. Мәселен, кәдімгі ақ тиіннің 20-дан астам географиялық популяциясы бар. Табиғатта популяцияның шекарасы мен дене тұрқы оның қандай аумақты мекендейтіндігінде емес популяцияның өзінің жеке қасиетгерімен

 

Қолданылған әдебиеттер

Пайдаланған әдебиет: 
1.Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаева. Экология және табиғатты тиімді пайдалану . Алматы. “Ғылым” баспасы. 2004 ж.

 

 

Популяция дегеніміз- белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген,

генетикалық шығу тегі бір, бір тҥрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция грек

тілінен «популюс»  - «халық, топ» деген мағынаны білдіреді. Әрбір жеке тҥрдің ӛзінің

таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан  мӛлшері әртҥрлі болуы мҥмкін.

Терминді ғылымға Йогансен енгізген. Популяция  – биологиялық бірлік ретінде ӛзінің

белгілі қҧрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары  арқылы ерекшеленеді.

Популяция қасиеттері:

1.популяция саны- белгілі бір аумақтағы немесе кӛлемдегі особьтардың жалпы саны.     

2.популяция тығыздығы   – белгілі бір кӛлемдегі немесе кеңістіктегі особьтардың

орташа саны мен  биомассасының салмағымен ӛлшенеді.

3.туу – белгілі  уақыт аралығында дҥниеге келген особьтар саны.

4.популяцияның ӛлуі  – белгілі уақыт аралығында ӛлген особьтар саны.

5.популяцияның ӛсімі – туған мен ӛлген особьтар санының айырмашылығы.

6. популяцияның  ӛсу темпі –белгілі уақыттағы популяция ӛсімінің орташа саны.

Популяцияның қҧрылымы.

     1. жастық  (әртҥрлі жастағы особьтардың  жағдайы)

     2. кеңістіктік (таралуы, топтық, табын, туыстық жағдайлары)

3. жыныстық  (особьтардың  жыныстық сай келуі)

 

 

 

 

 


Информация о работе Популияция