Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 22:00, реферат
СУ ҚОРЫ – ХАЛЫҚ БАЙЛЫҒЫ
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2]
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. [1]
Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Кіріспе
1. Тазалау комплексі
2. Ағынды суларды биологиялық тазарту қондырғысы
3.Өнеркәсіптік науаларды тазарту жүйесі
4.Қорытынды
Кіріспе
Өндірістік
ағын суларды тазалау әдістерін
үш топқа бөліп қарастыруға
Мұнай және мұнай өнімдері бар ағын суларды тазалау үшін ,концентрациясы 100 мг/л көп емес жағдайда , мұнай қақпандары (нефтеловушка) қолданылады. Бұл құрылғылар тік бұрышты резервуарлардан тұрады, онда тығыздыққа байланысты мұнайды судан бөлу процессі жүзеге асады. Мұнай және мұнай өнімдері бетіне қалқып шығып, онда жиналып мұнай қақпанынан пайдалануға жіберіледі.
Қазiргi уақытта қоршаған ортаның химиялық ластануы, осы энергия тасушыларын өндiру тасымалдау және өңдеудiң орасан ауқымына байланысты, соның iшiнде мұнаймен және одан өндiрiлген өнiмдерiмен ерекше қауiп төндiредi.
Жаппай ластану қаупi мұнайлық ластанумен күрес әдiстерiн әзiрлеудi ынталандырады.
Соңғы уақытта
Бұл әдiстiң сөзсiз
Бүгiнгi күнде су қабатынан да, құрғақ жер
қабатынан да мұнаймен ластануды толық
жоюдың бiр де бiр тәсiлi жоқ. Химиялық нейтралды
материалдар негiзiндегi сорбциялық тәсiлдер
мұнайды экологиялық таза әдiстермен жою
мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi. Мұнай
сiңiретiн сорбенттер ағынды суларды тазартқан
кезде де, мұнай төгiлулерiмен күрестiң
барлық кезеңдерiнде де пайдалануы мүмкiн.
Мұнай қалдықтарын өңдейтін, (шыққан мұнай қайта өндіріске жіберіледі) басқа мұнай өңдеу зауыттарында өзін жақсы жағынан танытқан Flottweg (Германия) фирмасының қондырғысы сатып алынды.
Өндірістік мониторинг
негізінде зауыттың санитарлы зертханасында
зертханалық бақылау
Жыл сайын әзірленетін табиғатты қорғауға арналған шаралар, қоршаған ортаға техногенді ықпалдың азайтылуына бағытталады және зауыттың әкімшілігі тарапынан бұл мұқтаждарға керекті қаражат бөлінеді.
Тазалау комплексі
- ағынды суларды механикалық тазалау
мен биологиялық тазалау
Ағынды суларды механикалық тазалау екі кезеңнен тұрады:
Механикалық тазалау ғимараттарының комплексі мыналардан тұрады:
Биологиялық тазалау ғимараттары мыналардан тұрады:
Ластандырғыш
заттардың ауаға таралуын азайту
үшін, тауар паркінің резервуарлары
понтондар мен шағылдырғыш
Құю эстакадаларында артық құйылып кетпес үшін, құю деңгейін шектегіштер жабдықталған.
Зауытта таза өзен суын үнемді пайдалануға көп көңіл бөлінуде. Үш градиренде полимер саптамаларды құрастырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде таза өзен суының үнемделуі жылына 156000 м3 құрайды. Қайта пайдалану жүйелерін қоректендіру үшін 98% биологиялық тазалаудан өткен ағынды сулар мен 2% таза техникалық сулар пайдаланады.
Ағынды суларды биологиялық тазарту қондырғысы
Сарқынды суларды биологиялық тазарту қондырғысы қондырғылардың сарқындыларын, сондай-ақ, кәріздік сарқындыларды тазартуға арналған және бірнеше секциялардан тұрады:
- флокуляция және қысымды флотация;
- биологиялық тазарту;
- сүзу және хлоралу;
- шөгіндіні құрғату.
Қондырығының өнімділігі-620 м3/с.
Қолданыстағы тазарту имараттарынан шыққан таза ағын су флокуляция және қысымды флотация секциясына жіберіледі. Бұл жерде тазарту имараттарынан тазалаудан өткен кезде судың бойында қалып қойған мұнай қалдықтары мен қалқындылар алынады. Тазарту реагент енгізу және қысыммен суда ауаны еріту және бетіне шыққан қалдықтарды жою жолымен жүзеге асады. Химреагентер мен пайдаланылған сілті осы атаулы блоктан шығарылады.
Бұдан кейін ағынды су (құрамында ағынды сулардың шіруіне әкеп соғатын ластағыш заттар бар) биологиялық тазарту секциясына жіберіледі. Тірі ұсақ ағзалары және аэрация үшін ауа берілетін бұл секцияда СБК көбейтетін заттармен қоректенуі есебінен ұсақ ағзалардың көбеюі орын алады.
Осы кезде судағы қалқыңқы ұсақ ағзалардың
артуы салдарынан сарқынды судың БСК төмендейді.
Кейін сарқынды су тұндырғыш секцияға
жөнелтіледі де, бұл жерде қалқыңқы заттарға
гравитациялық шөктіру жасалып, шөккен
заттар шөгіндіні құрғату секциясына
жіберіледі. Бұл секцияда шөгіндіден центрифугалау
әсерінен су алынып, құрғаған шөгінді
қондырғы сыртына шығарылады. Сарқынды
су тұндырғыш секциясының шығысынан құм
сүзгісі блогына жөнелтіледі. Бұл сүзгілерде
сарқынды су қалқыңқы заттардан әбден
тазартылып, құм сүзгіден шыққан таза
су сыйымдылықтарға жіберіледі де, буландыру
алаңына шығарылады.
Өнеркәсіптік науаларды тазарту жүйесі
Құрамында мұнайы бар және өнеркәсіптік ағын суларын тазарту жүйесі мыналарды тазартуға арналған:
- құрамында мұнайы бар науаларды мұнай өнімдерінен, таразыланған заттардан, СПАВ-тан, майлардан, ішінара шектелген ластанулардан
-кәсіпорын аумағынан, ЖҚС, автошаруашылықтардан, автокөлік тұрақтарынан, мұнай базаларынан нөсерлі ағын сулардан
-теміржол көлігінің жылжымалы құрамдарын, жүк терминалдарын жуғыштардың, автокөлікті жуғыштардың ағын суларынан (соның ішінде жуу циклінде суды 5 ретке дейін пайдалануға мүмкіндік беретін айналымды сумен қамсыздандыру жабдығымен, әрі ол суды тұтыну шығыстарын едәуір қысқартады)
-тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік науаларын: етсүт, балықты қайта өңдейтін, кондитерскилерді
-теңіз және өзен порттарындағы кемелердің суларын
Жүйенің артықшылығы оның ықшамды көлемі, тазатртудың тиімділігі және сенімділігі болып келеді. Өніділіктің бағдары сағатына 1-ден 100 м³-ге дейін.
Ағынның түріне және тазартылған судың талаптарына байланысты құрамында мұнайы бар ағын сулардың тазатылуы реагенттерді (коагулянттар, флокулянттар) қолданумен немесе қолданусыз өндірілуі мүмкін.
Қондырғылар ауаның температурасы +5 °С төмен емес болатын жабық өндірістік үй-жайларда пайдалануға арналған. Біздің компаниямыз құрал-жабдықтарды арнайы блок-контейнерлерде жеткізеді не болмаса панельді-бағанды құрылымдардың негізінде пайдалану орнында жиналмалы ғимараттарда құрастырады
Құрамында
мұнайы бар және өнеркәсіптік ағын
суларын тазарту жүйесі «МеталПромЭкспорт»
ЖШО компаниясымен РФ ГОСТ-қа сәйкес
шығарылады, сертификатталған, санитарлық
нормалары мен ережелеріне
Негізгі
көрсеткіштер бойынша ағынды суларды
тазартудың тиімділігі (флотациялық
қондырғы + сүзгі)
Қорытынды
Ағын суларды тазалаудың әр
түрлі әдістері және
Су тазалаудың механикалық әдісі: сорып тастау және тұндыру ағын суларды гидроциклонда тазалау, сүзгілеу, микросүзгілеу.
Өндірістік ағын суларды тазалауда судан минералды және органикалық қоспаларды шығару үшін механикалық тазалау қолданылады. Механикалқ тазалаудың қолданылуы өндірістік ағын суларды дайындауда.
Механикалық тазалау жаңа станцияларында торда өткізуден, құм аулаудан, сорып тастаудан және сүзгілеуден тұрады. Бұл қондырғылардың түрлері және өлшемдері негізінен өндірістік ағын судың құрамына, қасиетіне және шығынына байланысты.
Механикалық тазалау алдын ала өндірістік
ағын суларды тазалаудың бірінші сатысы
болып табылады. Ол осы сулардан 90-95%-тен
20 мг/л тартылған заттарды алуға мүмкіндік
береді.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Тазалау комплексі
2. Ағынды суларды
биологиялық тазарту қондырғысы
3.Өнеркәсіптік
науаларды тазарту жүйесі
4.Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі :
1. Ш.М.Отарбаев Ауыл шаруашылығын сумен қамту жуйелерімен құрылымдары. - Тараз, 2001
2.Отарбаев
Ш.М., Серімбетов А.Е.
3.Л.Е.Тәжібаев Ауыл шаруашылық тұтынушыларын сумен қамтамасыз ету және жайлымдарды суландыру. Оқу құралы. 1992 ж.
4. Ә.Қадырбаев, Ә. Ауланбергенов
Гидравлика негіздері және
5. ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001Наружные сети и сооружения.
Астана, 2002г.