Экологиялык бакылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:58, реферат

Краткое описание

Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу – жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұнын жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады

Оглавление

Кіріспе:
Экологиялық бақылау туралы негізгі түсінік
Негізгі бөлім:
Казақстанда қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығын (ОВОС) бағалаудың жүйелі ықпалы
Қазақстандағы экологиялық мониторинг, экологиялық сараптама қызметі
Қазақстанда гидрометеорология саласының дамуы
Қорытынды:
Қазақстанда қоршаған ортаны бақылау қызметінің нормалануы

Файлы: 1 файл

экологиялык бакылау.docx

— 32.31 Кб (Скачать)

Жоспар:

  1. Кіріспе:

       Экологиялық бақылау туралы негізгі түсінік

  1. Негізгі бөлім:
  1. Казақстанда қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығын (ОВОС) бағалаудың жүйелі ықпалы
  1. Қазақстандағы экологиялық мониторинг, экологиялық сараптама қызметі
  2. Қазақстанда гидрометеорология саласының дамуы
  1. Қорытынды:

 Қазақстанда қоршаған ортаны бақылау қызметінің нормалануы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

Экологиялық бақылау туралы негізгі түсінік

Қоршаған ортаға экологиялық  бақылау жүргізу – жүйелі түрде  жүретін белгілі бағдарлама бағытында  орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұнын жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды  жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық  бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан  көп бұрын қалыптасқан болатын. Экологиялық бақылауды ұйымдастыру  жүргізу шарттарымен тәртібі  жеткілікті толық қамтылған, бірақ  бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді. 
Сонымен бірге жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні ұғымына елеулі өзгерістер еңгізді. Мысалы,В.В.Петровтың пікірі бойынша экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда «кәсіпорындардың мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі экологиялық сақтауын тексеру». 
Профессор Н.Б.Мухитдиновтың пікірін талдай келіп, біз мемлекеттің қоғамдағы ықпалының шектелу туралы ойға тап боламыз. «Мемлекет - деп есептейді ол – табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мұнын қалыптасқан материалдық жағдайларда бұл байлықтарды ұтымды, кешенді пайдалануды және қорғауды қамтамассыз ету үшін қанлшалықты қажет болса, өзіне соншалықты құқықтарды алуына болады». 
Экологиялық бақылау жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: 
1. Бақылау нысаның анықтау. 
2. Белгіленген нысанды зерттеу. 
3. Бақылау нысанына ақпараттық модель құрастыру. 
4. Зерттеу жұмысын жоспарлау. 
5. Бақылау нысаның жағдайына баға беру және оны ақпараттық модельмен салыстыру. 
6. Бақылау нысаның жағдайының өзгеруін болжау. 
7. Қодануға ыңғайлы дәрежеде ақпаратты тұтынушыға жеткізу.

“Қоршаған ортаны қорғау”  заңында 2001 жылы өзгерістермен қосымшаларға сәйкес бақылау саласындағы үйлестіруші  орны ҚР-ң қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бекітілген. Сонымен, барлық мемлекеттік  ұйымдарға заңмен бекітілген міндеттерді  уақытында керекті ақпаратты  ұсыну. Соңында, экологиялық ведомстволарға мемлекеттің бекітуімен методикалық  басшалақ сұрақтары қоршаған ортаны бақылау жүйесі және табиғи ортасы ресурстардың мемлекеттік бірлігін республикалық деңгейде қызметті үйлестіру  және жүзеге асыру.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім:

Казақстанда қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығын (ОВОС) бағалаудың жүйелі ықпалы

 

Қазақстанда соңғы ғасырдың 80-ші жылдардаң 2-ші жартысында қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығын (ОВОС) бағалаудың жүйелі ықпалы дами бастады. Негізгі нормативті құжат қоғамдық қатынастарды реттейтін “Қазақстан Республикасындағы ОВОС жүргізу  ережелердің уақытша құралы”  Қазақстан Республикасында 1993 жылы желтоқсанда ресми емес түрде  экология және биоресурстар Министрлігімен қабылданған және бекітілген. 
Бүгінгі күнде ОВОС жоба алдында міндетті және ажырағысыз құжат болып табылады. ОВОС процедурасы шаруашылық қызмет жүргізуде шешім қабылдау және дайындау кезінде ұсынылады. ОВОС істелген құралдары (пункт 4.1.) берілген процедураларға және шаруашылық қызметін жоспарлаудың түрлеріне барлық шарттарды бекітеді. Практикада ОВОС процедурасы экономикалық мінездеменің себебі бойынша тек қана үлкен объектілерді жүзеге асырады, мұнда тапсырыскер берілген жұмысты төлеу қабілеті болса. 
ОВОС жүргізілетін процедуралар қоғамның қатысуымен тұрғындардың қызығушылығы құқықтық құжаттармен бекітілуі керек. Қоғамның бастапқы ақпарат (қорытын) қатынасындағы уақытын, ақпарат жайындағы (ақпара) қатынастар, ОВОС процедурасындағы басқа және жалпы қатынастардың уақыты женке кезеңдерге анықталған шарттар бекітілмеген. Бұл берілген процедураға қоғамның қатысуы да кіреді. “қоғамға барлық кезеңдегі жобалардың ақпараты қолайлы болу туралы” жалпы принципі мен тапсырыскердің міндеті қоғаммен байланыстыболуын қамтамассыз ету және қоғамның қатысуына нақты механизмді қалыптастырмайды. Ашық сұрақ туындайды, кім түсінікті ақпаратты қамтамасыз ету керек – мемлекеттік ұйым немесе шаруашылық қызметінің басшысы. 
Жалпы шаруашылық жобалардың шешімдері қабылдауда ОВОС мақсаты мен орны анықталмаған болып қалады. Мағыналық деңгейде ол жобалау құжаттарының тарауы болып қалады да, мемлекеттік экологиялық сараптаудан (ЭС) ұсынады.

 

Экологиялық мониторинг, экологиялық сараптама қызметінің Қазақстанда дамуы

 

Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым,1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:

қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.

табиғи және антропогендік  факторлардың әсерінен табиғатта болуы  мүмкін өзгерістерді болжау.

қоршаған орта жағдайын ретке  келтіру шараларын басқару.

Өз қатарында ЭС экологиялық  бақылаудың бір түрі, ол экологиялық  қызметінің көз-қарасы бойынша (ЭР) әсерін жүзеге асыруға дейін қолданылады. Оның мақсаты ОС сапасының нормативіне  сәйкес шаруашылық және басқа қызметіне  қарай, экологиялық шарттарға сараптау объектісін жүзеге асыруын шаруашылық жобаларды және басқа қызметтерді жүзеге асыруға дейін, ОС-ке кері әсерінің ықпалы ескертуді анықтау болып табылады. ЭС қорғаныс ұйымында ОС байсалды қателерді жасаушыға көмектеседі және ОС жағдайына әсер ететін табиғи ресурстардан дайындау кезінде рациональды пайдалануды шешеді. 
Қазақстанда экологиялық сараптау мемлекеттік және қоғамдық болып бөлінеді. Мемлекеттік ЭС қоршашан ортаны қорғау Министрлігімен жергілікті ұйымдармен жүргізіледі. Ол міндетті мінездеме табиғатты пайдалану бөлімінде және тұрғындардың денсаулығына ықпалының құқықтық, ұйымдық, шаруашылық шешімдерді алдынала орындайды, ЭС жүргізудің мемлекеттік нәтижесі қорытынды түрде ресімделеді, онда жаңа және басқа объектіні (жоба) жүзеге асыруын жіберу қорытындысы мазмұндалады. ЭС мемлекеттік нәтижесі оңтайландырмаған болса, онда жобаны жүзеге асыру, оларды мемлекеттік қаржыландыру, коммерциялық банк және басқа жекеменшіктің түріне байланысты қаржылық ұйымдардың мүмкіншілігі жоқ.  
“Экологиялық сараптау туралы” заңның 4- ші тарауында қоғамның қатысудың мұндай формасы қоғамдық ЭС процедурасы қарастырылады. Ол мемлекеттік ЭС баламалы түде болып келеді және азамат топтардың белсенділігімен, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сараптау комиссиясының ғылыми ұйымы байынша жүргізіледі. Сонымен қатар, ЭС мемлекеттік нәтижесі ақпараттық және ұсынылған мінездемесі ғана емес, бұхара ақпараттық құралдарында мемлекеттік тіркелген және шығарылған ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады. 
ЭС тапсырыскері және басшысы мемлекеттік емес шаруашылық субъектілер мен мемлекеттік кәсіпорын ұйымдар бола алады. Тапсырыскердің міндетіне сараптау үшін керекті құжаттарды дайындау және ұсыну, оның ішінде ОС жағдайына экология- әлейметтік кешеннің және жоспарланған қызметтің экономикалық бағасының ықпалын көтерту, осы қызметтердің экологиялық салдарын ұсыну, мемлекеттік ұйымдармен бекітілген құжаттық келісімдер, ЭС мемлекеттік ұйымының сұраныстарына кіреді. 
“Қоршаған ортаны қорғау ” заңына сәйекс қоршаған ортаны бақылау анықтамасы – бұл адамды қошаған табиғи ортаның жағдайын, құрылған дағдарыстық жағдайды ескерту, адам денсаулығына және тірі организмдерге зиян мен қауіпті тигізбеуді қадағалау. 
Қоршаған ортаның бақылау жағдайы келесі негізгі процедураларды көрсетеді:  
- қадағалау объектісін анықтау және зерттеу; 
- қадағалау объектісіне ақпараттық модэль құру; 
- өлшемдерді жоспарлау; 
- өлшемдерді жүргізу; 
- берілгенөлшеулерді басқару; 
- қадағалау объектісінің жағдайын бағалау; 
- қадағалау объектісінің жағдайының өзгеруін болжау; 
- ақпаратты пайдалану түріне және жүзеге асыруды ұсыну. 
Қазақстанда экологиялық бақылау (ЭБ) мемлекеттік және өндірістік болып бөлінеді. 
Мемлекеттік ЭБ мемлекеттік ұйымдармен, ОС қорғаныс функцияларымен табиғатты пайдалануды басқарумен жүзеге асырылады және оған кіреді: 
- ОС жағдайын және табиғи ресурстарды (ТР) оларға антропагенді көздердің ықпалын қадағалау; 
- берілген объекітінің қадағалау жағдайын бағалау; 
- олардың өзгерістерін болжау. 
Қазіргі күнде Қазақстанда бірнеше автономиялық ведомстволық жүйелер және қызметтер бар, олар қоршаған ортаның жағдайын және табиғи ресурстарды қадағалауды жүзеге асырады, сонымен қатар соңғы берілген мәліметтерді өңдейді және зерттейді. Оларға жатады:  
- су, жер, ауа, атмосферасы, биологиялық ресурстар және ООПТ бойынша МООС КР мемлекеттік бақылауға бағынады, мемлекеттік экологиялық сараптау және РГП “Казгидромет” қызметімен бекітілген;  
- ауылшаруашылық министрлігінің орман және аң аулау комитеті, су ресурстар бойынша комитеті;  
- жер ресурстары басқару бойынша мемлекеттік мекеме; 
- денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық – эпидемологиялық қызметі; 
- энергетика және минералды ресурстар министрлігінің қоймаларды қорғау комитеті; 
- төтенше жағдайлар бойынша мекемелер; 
Ақпараттық көздеріне сәйкес қоршаған орта және табиғи ресурстар және жүйелік ақпараттық блоктарға бөлінген – атмосфералық ауа, үстірттік сулар, жер асты сулары, жер ресурстары, дамылдаушы өсімдігі, орман, балыө және аң аулау ресурстары.  
“Қоршаған ортаны қорғау” заңында 2001 жылы өзгерістермен қосымшаларға сәйкес бақылау саласындағы үйлестіруші орны ҚР-ң қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бекітілген. Сонымен, барлық мемлекеттік ұйымдарға заңмен бекітілген міндеттерді уақытында керекті ақпаратты ұсыну. Соңында, экологиялық ведомстволарға мемлекеттің бекітуімен методикалық басшалақ сұрақтары қоршаған ортаны бақылау жүйесі және табиғи ортасы ресурстардың мемлекеттік бірлігін республикалық деңгейде қызметті үйлестіру және жүзеге асыру.  
Соңғы жылдары берілген проблеманы шешу үшін жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар. 2001 жылы 27 маусымнан бастап № 885 “табиғи ресурстар және қоршаған ортаны бақылау біріккен мемлекеттік жүйені жүргізу және ұйым ережелер” бекітілген “табиғи ресурстар және қоршаған ортаны бақылауды біріккен мемлекеттік жүйенің бағдарламасын құрылуы” саласында өңдеу. Бірақ 2002 жылы тамызда минестерствоның қайта құрылу жұмыстардың өткізілуі су ресурстар бойынша комитет, орман және аң аулау шаруашылығы бойынша комитет МООС–қа бағынданбауын ЭМ мемлекеттік жүйесінің жоспарын құруға мүмкіндік бермеуіне ұшырады. Ең алдымен табиғи ресурстар және қоршаған ортаның жағдайы, адам денсаулығына әсері тура ақпараттарды қоғамға беруге мүмкіндік болмады.  
Экологиялық бақылаудың басқа түрі - өндірістік табиғатта пайдаланушылар заңды тұлғалар жүзеге асырады. Қоршаған ортаның өндірістік бақылаудың мақсаты кәсіпорынның қоршаған ортаға әсері, өзгерістер, қауіпті, апатты жағдайлар туралы нақты ақпарат беру. Кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерін тигізу туралы өндірістік бақылау және қорытынды мәліметтер мемлекеттік ұйымға беріледі. ЭМ бағдарламасы бойынша ақпаратты мерзімді түрде жинау және беру, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жергілікті бөлімдерінде табиғатты пайдалану міндеті мен келісуі бойынша жүзеге асырылады. Өндірістік бақылаудың бағдарламасы келесі негізгі бөлімдерден тұрады:  
- атмосфералық ауаны бақылау;  
- су ресурстарын бақылау; 
- топырақ, дер ресурстарды, тұтыну және өндірістің қалдықтарын бақылау; 
- биологиялық ресурстарды бақылау; 
- қоршаған ортаның ластану жағдайының мәліметтер қоры; 
- экологиялық ақпаратты қабылдау және берудің құрамы, формасы, уақыты, мекен-жайы; 
- қоршаған ортаның қазіргі ықпалын талдау, қоршаған ортаның жағдайын жақсарту бойынша болжамдық шаралар. 
Өндіріс бақылауда тапсырманы шешу кезінде техникалық құралдарды қолдану госстандарттың ұйымының атестацияланған жабдықтары мен өлшеуіш құралдары ұсынылған болуы керек. 

 

Қазақстанда гидрометеорология  саласының дамуы

 

Адамға ауа-райына деген  қызығушылық әрдайым тән болған және келешекте де оны сол қызығушылық  басылмайды. Гидрометеорология ең ежелгi бiлiм саласы болып табылады. Ауа  райына, әсiресе қазiргi әлемде барлығы  тәуелдi. Адам баласы баяғы заманнан табиғат құбылыстарын болжауға тырысты, өйткені сонын салдарынан келетін  шығынды болдырмауға ұмтылды. Қазiргі  кезде гидрометеорологиялық зерттеулер барлық жер шарында жүргізілуде, және олардың нәтижелерi кеңінен  қолдану табуда. 
Қазақстан аумағында алғашқы метеорологиялық бақылаулар 19 - жүз жылдықтың ортасынан жүргiзiле бастады, олар 1848 жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғызда және Қызылордада, Алматы мен Оралда 1859 жылы басталды. 20- жүз жылдықтың басында қазiргi Қазақстанды қамтитын аумақта 28 станса жұмыс iстедi. 
Бақылаулар қарапайым жабдықтарда жүргізілді және тек ауа температурасы, жауын-шашын мен желмен шектелді. Кадрлар дайындықсыз болды, стансаларда көбiнесе қоса атқарушылар және Санкт-Петербургтің Бас геофизикалық обсерваториясының (БГО) ерiктiлерi жұмыс жасады. Мысалы, Семейде алғашқы бақылауларды дәрiхана провизоры А.Г.Аникеев, Ырғызда аурухана меңгерушісі дәрiгер Виткевич жүрізді. БГО жазбаларынан басқа метеостансаларда бiрiншi бақылаушылар мұғалiмдер, оқушылар, дәрiгерлер, орманшылар, кеңсе хатшылары және тағы басқа сол уақыттың интеллигенция өкiлдерi болды. 
Төңкерiлiске дейiнгі мерзiмде метеорологиялық стансалар желiсi өте баяу дамыды. 62 жылдың ішінде (1854 жылдан1918 жылға дейiн ) метеорологиялық желi 43 метеорологиялық стансаға дейiн ғана өстi. Сол уақытта метеорологиялық желiмен Екатеринбург обсерваториясы басшылық еттi. 
Қазақстандағы гидрология бақылаулары одан да ақырынырақ дамыды. 20 ғасырдың басында су деңгейін бақылайтын тек 4 тармақ, оның өзі бір су объектісі - Ертісте жұмыс істеді. Қазан төңкерілісіне дейінгі мерзімде гидрологиялық пост саны 25 болса, оның біреуінде ғана су ағыны өлшенді. 
Аэрологиялық және агрометеорологиялық бақылаулар сол кезде жүргізілмеді. Сонымен бiрге, жедел болжау бөлiмшелерi де болмады. 
Тек Ұлы Қазан социалистiк төңкерiсінен кейін ғана гидрометеорологиялық қызметтiң дамуына жаңа мүмкiндiктер жасалынды. Расында, Кеңес өкіметінің бірінші жылдарында (1917...1920 жж.) жас Кеңес республика iшкi және сыртқы контрреволюция күресімен, Гидромет қызметiне жеткiлiктi көңiл бөле алмады. 
1922 жылдың қаңтарында Орынборда Қазақстандық метеорологиялық бөлім (Қазметбюро) құрылды. Сол уақытта метеорологиялық желiмен Республика Метеорологиялық бөлімі Наркомзема басшылық етті, ал гидрология желiсi Су шаруашылық Басқармасы құзырында болды. Желiлердің көбi әр түрлi мекемелердiң құрамында болды. 1925 жылдың қаңтарында Қазақ автономды республикасының құрылуымен Қазақ АССР Наркомземi ұйымдастырылды. 1925 жылдың аяғында жаңа метеобекеттер ашылып, агрометеорологиялық бақылаулар жүргізіле бастады. Аэрологиялық бақылаулардың басы да осы кезеңге жатады, және сол кезеңде Гурьев метеобекетінде шар пилоттық бақылаулар ұйымдастырылды, кешірек Алматы және Семей метеобекеттерінде де пайда болды. 1929 жылы Қазақстандағы метеорологиялық станцалардың желiсі соғысқа дейiнгi көлемде ойдағыдай қалпына келтiрiліп, едәуір кеңiтілген. Олардың саны бұл сәтте 96 жетті. 
1930 жылы Қазақстанда Метеобюро Наркомзем және Казводхоз гидрологиялық бюросы негізінде (ГИМЕИН) Гидрометеорологиялық комитеті ұйымдастырылды. ГИМЕИН сол уақытта профессор В.В.Келлерман жетекшілік етті, ол (ГИМЕИН) Гидрометеорологиялық институтына да басшылық жасаған, нәтижесінде Алматы геофизикалық обсерваториясына ауыстырылды. Қазақ АССР Гидрометеорологиялық Комитетінің алғашқы төрағасы болып белгiлi қоғамдық-саяси қайраткер Ораз Кикимович Жандосов тағайындалды. 
Қазгимеком 1933 жылдың 9 мамырында Қазақ гидрометеорологиялық қызметінің Бірлескен Басқармасына ауыстырылып, 1937 жылдың сәуірінде алдымен Алматы Басқармасы болып, ал 1940 жылы Қазақ гидрометеорологиялық қызметі Басқармасы болып аталуын өзгертті. Алматы гидрометқызметі басқармасының бастығы болып 1938 жылдың қазанында Иван Федорович Порфирьев тағайындалды. Иван Федорович осы қызмет орнында 32 жыл жұмыс істеді. Ол шебер жетекші, білгір маман, елеулi азамат болды. 
30 жылдың басында ГИМЕКОМ- ға басқа мекемелерді енгізу мақсатында 102 гидрологиялық постар және 20 шақты метеобекеттер тапсырылды. Стансалардың және постардың елдi мекендерде ашулуымен қатар сол кезеңде шөл станциялардың құрылысы басталды. 1930 жылы Күртi бірінші шөл метеорологиялық стансасы ашылды. 1934 жылы Найман-Суек және Алгазы, кешiрек - Байрқұм, Бектау-Ата, Бетпақ - Дала метеобекеттері ашылды. 
Метеорологиялық желiнің дамуымен қатар атмосфераны радиологиялық барлап байқау әдiсі дамыды. Әлемде алғашқы радиозондты 1930 жылдың 30 қаңтарында Ленинградта кеңесi ғалымы -профессор П.А.Молчанов ойлап тапты. 
Қазақстандағы бiрiншi радиозонд 1936 жылы Алматыда П.Г.Фасттың жетекшілігімен аэрологтер тобымен іске қосылды, ал 30 жылдардың соңында 20 –ға жуық шар пилоттық пункттері жұмыс істей бастады. 
Қазақстанның 11 метеорологиялық стансаларында 1935 жылдан бастап агрометеорологиялық бақылаулар жүргізілді. 1936 жылы агрометеорологиялық бақылаулар жүргізетін метеобекеттердiң саны екі есеге артты, 5 метеобекеттерде топырақтың дымқылдығын аспапты анықтау ұйымдастырылды. Мамандандырылған агрометеорологиялық стансаларды 1938 жылдан бастап ұйымдастыра бастады. Сол уақытта халық шаруашылығын гидрометеорологиялық қамтамасыз ететін ұйымдар мен жедел органдар және туралы сұрақ өткiр болды. 
1932 жылы ауа райының Алматылық бюросы ұйымдастырылып және осы жылы Алматы қаласы үшін синоптикалық карталар және ауа-райының болжамдары құрастырылды. Бiрiншi синоптикалық карта және бiрiншi ауа-райы болжамы 1932 жылдың желтоқсанында Ауа-райы бюросының бастығы М.Д.Пономаревпен және 1940 жылға  басқа синоптиктармен бiрлесiп ауа райының үш күнге ауа-райының болжамдары құрастырыла басталды. 
1940 жылы 210 метеорологиялық станцсалар, 175 гидрологиялық постар, 20 аэрология пункттері, жетекші шар пилоттық бақылаулар және радио барлап байқаудың бiр тармағы жұмыс iстеді. Агрометеорологиялық бақылаулар 89 метеобекеттерде, соның iшiнде 23 метеобекетте топырақтың дымқылдығын аспапты анықтаулары жүргiзiлдi. 
Қазақстандағы алғашқы қысқа мерзiмдi гидрология болжамдарын Ертiс алқабы бойынша 1936 жылы және ұзақ мерзiмдi болжамды  -1940 жылы  Г.Р.Юнусов шығара бастады. ҚАЗУЕГМС 1935 жылдың қантарынан бастап декадалық агрометеорологиялық бюллетенді  жүйелi шығара бастады 
Әуе көлiгiнiң дәуiрлеуi авиаметеорологиялық стансалар (Амсг) желiсін жылдам дамуын талап етті. Қазақстандағы алғашқы АМСГ 1933 жылы Алматы мен Қостанайда ұйымдастырылды, Қарағанды, Семей, Ақтөбе мен Жамбылда – 1934...1936 жылдар аралығында пайда болды, ал 1940 жылы олардың саны 13-ке жетті. 
АМСГ ұйымдарымен қатар халық шаруашылығының басқа жетекшi салаларына қызмет көрсететін арнайы жедел органдар құрылды. Осы мақсатпен 1936 жылы облыстық Гидромет қызметі Басқармалары: Ақтөбе, Шығыс - Қазақстан, Батыс- Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан және Алматыда  ұйымдастырылды 
Отан соғысы кезінде гидрометқызметтің дамуы бiрнеше жылға тоқтатылды. Фашистiк Германиямен соғыста жеңiске жетудегі Қазақстан гидрометеорологтарының сіңірген үлесі аз емес.1941 жылдың шілдесінде гидрометеорология қызметі Басқармалары (ГУГМС) өзінің барлық құрылымдарымен КССР Қарулы куштер құрамына кірзгізілді. ГУГМС бастығы Е.К.Федоров КССР Қарулы күштердiң бас штабына тiкелей бағынды. 
1941 жылдың қыркүйегінде Қазақ гидрометқызмет Басқармасы Орта - Азия Әскери округі (САВО) құрамына енгізіліп, САВО Қазақ Гидромет қызмет Басқармасы болып аталды. 
Табиғи құбылыстар мен су объектілері жағдайын метеорологиялық және гидрологиялық болжам мәліметтеріне сүйеніп, қолбасшылар белгіленген операцияларды және олардың мінездемелерін айқындады. Конструкторлар әскери шарттар үшiн қолайлы әр түрлi құралдардың өңдеулерiн жалғастырды. Алғашқы автоматты метеобекеттердi сол кезде жасалды. 
Соғыстың басында Қазақ гидрометқызмет Басқармасынан майданға 30 адам жұмылдырылып іссапарға жіберілді. 1941...1942 жылдар аралығында майданға жіберілген Гидромет қызметінің жұмылдырылған қызметкерлерiнiң тiзiмi едәуiр ұлғайды, тәжiрибелi жетекшi мамандарды жіберілді. Тылдағы жұмысты майданға кеткен әке, жар, ағаларды алмастырған әйелдер атқарды. Мысалы, Пақтаарал метестаса жұмысшылары Н.Д.Кушнаренко және Горковенко екеуі және Фурмановка, Мынжылқы, Ақтоғай, Бақанас, Жарма метеостанция қызметкер әйелдер жүктелген міндетті және жұмыс көлемін өте сапалы орындады 
Ауа-райы Бюросында қалған инженерлер Е.А.Новикова, Н.Ф.Бендюкова, В.Р.Кибасова, Е.Д.Кувалдина, М.Н.Шамасова бұрынғы жұмыс көлемдерiн қамтамасыз еттiп отырды. 
50-шi жылдардың орталарына дейін Қазақстан шөл және тау аудандардағы метеобекеттер желiсiнiң дәуiрлеуi жүрдi. Өйткені Қазақстан еліміздің негiзгi мал шаруашылық өлкелерiнiң бiрi болды. 
Алматы геофизикалық обсерватория негізінде 1950 жылы, республиканың отарлы мал шаруашылығын гидрометеорологиямен қамтамасыздыру және оның жем базасы мәселелерiн шешу мақсатында Қазақ гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институты (КазГҒЗИ) құрылды. Ол 1995 жылы Қоршаған Орта және Климат мониторингі ғылыми-зерттеу институтына (КазҚОМҒЗИ) атауын ауыстырды және 1999 жылы РМК «Қазгидромет» құрамына еншiлес кәсiпорын болып енгізілді. 2003 жылы экология және климат ғылыми-зерттеу институты болып, Қазгидромет құрамынан бөлініп, Қоршаған Ортаны қорғау министрлігінің құзырына бағынатын болды 
КОКП ОК (ЦК КПСС) қыркүйектегі (1953 ж.) алқалық мәжілісінің шешімімен 1954...1956 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Қазақстандағы жаңа тың совхоздардың ашылуымен жыл сайын көптеген агрометеорологиялық бақылаулар мен қызмет көрсету мақсатындағы метеостанциялар ашылып жатты. Тек 1954 жылдан 1956 жыл аралығында астық өлкесінде 47 метеостанса ашылды. Метеорологиялық және агрометеорологиялық бақылаулармен қатар су қорларын зерттеу дамып, қосымша гидрологиялық бақылау  пунктері ашылды. 
1966 жылдан бастап қар жамылғысын және Iле Алатауындағы қар көшкінін бақылау басталып, қар көшкін станциялары ұйымдастырылды, ал Шығыс-Қазақстан облысының және т.б. облыстардың тауларында қар өлшеу топтамалармен бақыланды.  
70-шi жылдардың басында Қазақстанның гидрометеорологиялық желісі қалыптаса бастады және зерттеу мақсаттары мен халық шаруашылығының практикалық сұраныстарына  жауап берді. Метеорологиялық стансалар саны көбейіп 295 жетті, 240 метеостансада агрометеорологиялық бақылаулар, олардың 180 топырақ дымқылдығын аспапты бақылаулармен жүргізілді. Гидрологиялық бекеттердің жалпы саны 418 жетті, олардың 338 су ағынын, 146 тасындылар ағынын, 193 судың химиялық құрамын бақылады. Су бетiнен булануды өлшейтін 47 пункт жұмыс iстейдi. Iрi сужиналымдар тәртібін және ағынның құрылу ерекшеліктерін зерттеу мақсатында мамандандырылған обсерваториялар, кешенді станциялар ұйымдастырылуда.

70-шi жылдардың басында  табиғи ортаның ластануын Жалпы  мемлекеттік бағдарлау  және бақылау жүйесі (ЖМББЖ) құрылды. Бұл кезеңде Қазақстанда  табиғи ортаның ластануын бақылайтын 9 зертхана жұмыс істейтін. 22 тұрақты тармақта 5 ластаушы ингредиенттер бойынша ауа сынамалары алынатын. 67 тармақта ауа бассейнінің 12 ингредиенттермен ластануы анықталады. 231 тармақта 12 ингредиенттер бойынша жер беті суларының ластануы анықталады. 
Қазақ КСР гидромет қызметi Басқармасы 1979 жылдың 14 наурызында Гидрометеорология және табиғи ортаны бақылау Қазақстан Республикалық Басқармасы болып өзгерді. 1980 жылдың қазанында Алматы табиғи ортаны зерттеу және бақылау орталығы ұйымдастырылды. Бақылау жүйесі кеңейтіліп, деректердi өңдеудiң қазiргi әдiстерi ендiрілді. 
1978...1998 жылдарда табиғи қоршаған ортаның Мемлекеттік мониторинг жүйесі және атмосфераның ластану көздерiн мемлекттік бақылаулары  ұйымдастырылды. Мәлiметерді жедел қабылдау және тапсыру программалық кешені алынды, телекоммуникациялық жүйе кешенi, бақылау құралдары, гидрометеорологиялық мәліметтерді өңдеу жаңартылды. Ресейдiң Гидрометорталығынан  ауа райының сандық карталары, сонымен бiрге Вашингтон және Рединг дүниежүзілік метеорология орталықтарынан бариялық топографияның болжам карталары қабылдана бастады. «ГИС-Метео» геоақпараттық  жүйесi ендiрілді. 
1993 жылдың 13 сәуiрiнде Қазақстан Бүкіл әлемдік Метеорологиялық Ұйымға мүше болып, Қазгидромет бас директоры Қазақстан Республикасының БМҰ тұрақты өкілі болды. 
Гидромет қызмет 1995 жылдан 1999 жыл аралығында бірнеше рет жаңартылып, мемлекеттiк органдар жүйесiнде мәртебесi өзгердi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 2 наурызындағы № 185 қаулысымен республикалық гидромет қызмет Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын «Қазгидромет» болып қайта құрылды. 
Қазгидромет қазiргі таңда гидрометеорологиялық қызмет көрсетудi жақсартуға, қоршаған ортаға мониторинг жүйесін дамытуға, телебайланыс құралдарын және мәліметтерді өңдеуді жаңғыртуға, бақылау желінің қәзіргі техникалық жабдықтарын дамытуға, сонымен қатар жаңа бақылау пунктерін ашуға үлкен ықылас қоюда. Қазгидромет халықаралық бағдарламалар және жобалардың орындалуына белсене қатысуды. 
Қазақстан Республикасы ұлттық гидрометеорологиялық қызмет әлемнiң өте дамыған гидрометеорологиялық қызметтерi деңгейiне сәйкес келуi керек. 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2008 жылдың 15 наурызындағы № 65 ұйғарымын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ўлттық гидрометеорологиялық қызметтi (ҰГМҚ) жаңғырту шаралар жиынтығы жасалған. ҰГМҚ қазіргі күйінің дамуын талдау негiзде 2015 жылға дейiнгі келешегіне оның жаңару артықшылықтары келтірілген:

Информация о работе Экологиялык бакылау