Экологиялық мониторинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 20:31, реферат

Краткое описание

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау.
Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, кұрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені кұрушылар) жатады.
Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеоролоиялық), топырақтық, климатгық мониторинг, сейсмикалық,ионосферлық, Күн, магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі жэне т. с.

Файлы: 1 файл

Мониторинг.docx

— 33.98 Кб (Скачать)

Биоиндексация зерттеулерінің нысандары флора мен фаунаның жеке түрелері, сондай-ақ экожүйе болуы мүмкін. Кейбір тірі организмдер, өсімдіктер белгілі бір ластану түрлеріне өте сезімтал болуы мүмкін. Олардың өзгерістері ластаулардың адамдарға әсер етпейтін деңгейінде анықталуында және қолдану шараларын алдын қолдануға мүмкіндік береді.

Жердің топырақ жамылғысы қазіргі және өткен өзгерістер туралы мәліметтер жинақтайды. Сондықтан топырақ мониторинг жалпы сипаттамасымен болжадар жасауға мол мүмкіндіктер береді. Агроэкологиялық мониторингтің негізгі көтсеткіштері топырақтың қышқылдығы, тұздылығы, қарашірігінің шамасы мен әртүрлі ластаушы заттармен ластануы.

Өнеркәсіпті аумақтардың жерлері ауыр металдармен және басқа улы химиялық заттармен ластанған. СЭС лабораторияларының зерттеулері бойынша шикізатта және тағам өнімдерінде хлорорганикалық заттардың деңгейі рауалды шамадан артық болған жағдайларды тіркеді.

Барлық ірі қалалардың жылдан жылға артып отырған тұрмыстық қалдықтарын орналастыру күрделі мәселеге айналды. Олар үйілетін жерлерді көпшілігінің жағдайы, жарақтануы санитарлық нормалар талаптарына сай келмейді. Соның салдарынан қоршаған орта, оның ішінде топырақ, су, ауа ластанады, адамдардың денсаулығына зиян келеді. Әсіресе, жаз айларында өздігінен өртеніп шіріп ласта заттарын таратады.

Ауыл шаруашылық жерлеріне тыңайтқыштар мен химиялық заттарды сақтау және пайдалану технологияларының бұзылуы зиянды әсер етеді. Мәліметтер бойынша соңғы он жылда пестицидтер қолдану 4 есе азайғанымен олардың қолданылатын түрлері өсіп, 200-ге жеткен. Сондай-ақ минералдық және органикалық тыңайтқыштар қолдану шамасы азайғанымен, кейбір аймақтардың өнімдерінде нитраттар шамасы рауалды деңгейден артық екені байқалған, әсіресе ерте пісетін көкөністер құрамында олар шамадан артық болған.

Қалалар территорияларын автокөліктерін ластауы соңғы жылдары артып келеді. Тексерулер топырақ пен өсімдіктердің ауыр металдармен, мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанатынын дәлелдеді. Сондай-ақ олардың күріш алқаптарында жиналатыны байқалды.

Мониторингтік бақылаулар Қазақстанның өзентері мен су қоймаларының, атмосфера ауасының антропогендік әсерлерден ластануын қадағалап отырады. Ондай бақылаулардың қорытындылары табиғат жүйелері мен ресурстарының жалпы пайдалануы туралы тарауда берілді.

Қазақстан Республикасының 2001 жылы 27 маусымдағы №885 қаулысымен «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізу» Ережесі бекітілген. Ереже мониторинг жүйесінің ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қызметтерін, құрылымы және мониторингті жүзеге асырудың тәртібін, қаржыландыру көздерін анықтайды. Негізігі міндеттері:

    1. қоршаған ортамен табиғи ресурстардың жай-күйін, оларға антропогендік әсерлердің көздерін тұрақты қадағалау;
    2. республиканың бүкіл аумағында және жекелеген аймақтарда қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың нақты жай-күйін талдау, бғлау, олардың өзгерістері мен халықтың денсаулығына әсерін болжау;
    3. қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ақпаратты сақтау және жинақтау.

Негізгі қызметтері:

  1. қоршаған ортаның барлық өлшемі бойынша аспаптық талдау және басқа әдістермен жеткілікті кезеңділікпен байқау жүргізу;
  2. барлық экологиялық ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпараттық деректер банкі мен кадастлау жүргізу;
  3. табиғи ортаға әсерлердің сипаты, ластану деңгейінің өзгері мен оның салдарының арасындағы байланысты анықтау;
  4. аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейде қоршаған орта, табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
  5. мониторингтің бірыңғай әдістемелік және метрологиялық базасын қамтамасыз ету;
  6. мониторинг саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструторлық жұмыстар жүргізуді негіздеу;
  7. мемлекеттік атқарушы органдарды, заңды және жеке тұлғаларды, халықты тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Мониторинг жүйесінің құрылымы нысандарымен және аумақ аясымен анықталады. Мониторинг насанына қарай мынадай жүйелерге бөлінеді:

    • атмосфералық ауаның мониторингі;
    • жер бетіндегі су ресурстарының мониторингі;
    • жер ресурстарының мониторингі;
    • жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің мониторингі;
    • жер қойнауының мониторингі.

Жүйе аясында: қоршаған орта сапасының мониторингі; әср ету мониторингі; салдарлардың мониторингі; арнайы (бисофералық қорықтар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, озондық және т.б.) мониторингтер бөлінеді.

Мониторинг ұйымдастыру мен қамтамасыз етуді өз деңгейлерінде республикалық және аймақтық атқарушы және уәкілетті органдар республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырады. Мемлекеттік есеп беру, мониторинг және кадастрлар жүйесі табиғитты пайдалануды және қорғауды басқарудың негізгі құралдары болып табылады. Табиғат  ресурстарының барлық түрлері бойынша сәйкес көрсеткіштермен есептеулер жүргізіледі. Оларда табиғи ресурстардың қоры, орналасуы, сапасы, пайдалануы, өңделуі, қалдыққа шығарылуы, қалдықтардың қайта пайдалануы және залалсыздандырылуы және т.б. көрсеткіштер бойынша тұтынушылар, аймақтық және республикалық деңгейде мәліметтер келтіріледі. Маңызды табиғи ресурстар қорын Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе арнайы уәкілеті органдар бекітеді және есебін жүргізеді. Мысалы: мемекеттік қор комитеті, жер, су, орман комитеттері және т.б.

Мемлекеттік статистикалық есеп беру жүйесі: атмосфера ауасын қорғау туралы 2 ТП (ауа); Су пайдалану туралы 2 ТП (су шаруашылығы); Улы қалдықтар туралы 3  ф (Улы қалдықтар); Табиғат қорғау шараларын қаржыландыру туралы (ИПМ); орман шаруашылық шаралар туралы 2 ТП (аңшылық); ұлттық табиғит паркінің есебі 1 ф (қорық); Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын қаржыландыру әне объектілерін іске қосу туралы; табиғат қорғауға ағымдағы шығындар, экологиялық төлемдер және табиғи ресурстарға төлемдер 4-ОС және т.б.

Ведомстволық есеп беру жүйесі:

    • геология және жер қойнауын қорғау комитеті – жер қойнауын қорғау және ұтымды пайдалану туралы;
    • жер ресурстарын басқару агенттігі – жерд қорғау және пайдалану, олардың өнімділігін арттыру туралы;
    • су ресурстары жөніндегі комитет – су ресурстарын қорғау және пайдалану, өзендерді, көлдерді және басқаларын сақтау және жақсарту туралы;
    • ІУМ автокөлік құралдарының шығарылымын бақылау және экологиялық полиция жұмысын ұйымдастыру туралы;
    • Казгидромент – мониторинг жән АЛИ (СЛИ) туралы;
    • Денсаулық сақтау министрлігі – қоршаған табиғи ортаның санитарлық-гигиеналық нормаларының сақталуы туралы есеп береді.

Басқаруға қажетті мәліметтер табиғи ортаның мониторингінен алынады. Ауаның, судың, ауа райының, климаттың мониторингін Казгодромен жүргізеді. Басқару жүйесіне қажетті мағлұматтар беру үшін мониторинг табиғит жүйесінің барлық деңгейін қамту керек. Сондықтан жергілікті, аймақтық, ұлттық, бүкіләлемдік, сондай-ақ табиғат кешендері (ауа райы мен климаттың, судың, топырақтың) мониторингі құрылады.

Табиғи ресурстар жөнінде мәліметтер кадастрлар жүйесінде жинақталады. Мысалы, пайдалы қазбалар кадастрында кеннің қоры, сапасы, пайдалы элементтері мен компиненттері, зиянды қоспалары, орналасқан орны, игерілгендігі, магистралды жолдардан қашықтығы, пайдаланылуы, экономикалық бағалануы және тағы сол сияқты мәліметтер бар. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ең негізгі кадастрлар: жер, су, орман, пайдалы қазбалар, қалдықтар түрлері бойынша мәліметтер жинағы. Кадастрдің ерекше түрі Қазақстанның Қызыл Кітабы, қорғауға алынатын өсімдіктер мен жануралар тізімі және қорғалатын нысандар тізімі.

Заңдарда көзделген жағдайларда табиғи ресурстарды кешенді пайдалану, молайту және қорғау сызбалары жасалады. Мысалы, су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау сызбалары су ресурстарын ықпалдасып басқару мәселелері бойынша шешімдер қабылдау мақсатында әзірленеді әне оларда көзделетін іс-шаралар:

    • өндіріс технологиясын жетілдіру негізінде су ресурстарын ұтымды әрі үнемді пайдалануға;
    • суы аз және сусыз үрдістерді қолдануға;
    • суару жүйелерінде және сумен жбдықтау жүйелерінде су ресурстарының қайтарымсыз ысырабын азайтуға;
    • су ресурстарын реттеу, өзен ағындысын бассейнаралық қайта бөлу, тазартылмаған ағынды сулар ағызу көлемін азайту есебінен ергілікті су ресурстарын мүмкіндігінше мол пайдалануға;
    • қалаларды, елді мекендерді, ауыл шаруашылығы алқаптары мен басқа да нысандарды су басуының және топан су  басуының алдын алуға бағытталуы тиіс. 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 


Информация о работе Экологиялық мониторинг