Биотикалық қарым-қатынас типтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 15:37, реферат

Краткое описание

Биотикалық қарым-қатынастар типтері Биотикалық факторлар - бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм. Биоңенозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым- қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады.

Файлы: 1 файл

ЭКОЛОГИЯ РЕФЕРАТ 1.docx

— 31.49 Кб (Скачать)

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Педагогика және өнер факультеті

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Биотикалық қарым-қатынас  типтері

 

                                                                        Орындаған:Рамазан Асем 1-курс Психология-14

                                                                         Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           

Биотикалық қарым-қатынастар типтері Биотикалық факторлар - бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм. Биоңенозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым- қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады.

Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара корек, тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жагдайьшдағы қарым-қатьшастарының көрінісі. Кезінде Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады.

Мысалы, кәдімгі шыршалардың  өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу арқылы популяңиясын реттеуі  жатады. Тұраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл әрине Қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, . тұрағы үшін, аумақтық т.б.) факторлардың жетіспеуінен де болады.

Жыртқыттык - қорек, аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық - түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Жыртқыштық организмдер үшін оңайға туспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып, үстауы қажет. д л жемтік өз кезегінде жауынан қорғану үшін жоғары бейім- делушілік қасиетке ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, организм бойында морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық т.б. өзгерістерге алып келді. Олар өсімдіктерде тікен, қабық , жағымсыз иіс түрінде білінсе, жануарлар дүниесінде улы бездер, панцирлер, қорғаныс түстер, мінез- құлкының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін бөліп тастау, қашып кету, жасырыну т.б. құбылыстар арқылы жүзеге асады. Тіпті құстар, тұз тағылары сес көрсетіп, қарсы шабу, қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көпқоректілерге айналған. Мәселен, қасқыр көпқоректі болса, ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген. Тіпті кейбір ірі жыртқыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тән агрессивті, баяу, кейде пассивті (өлекселермен қоректенетіндер) формалары келіп шыққан.

Сондай-ақ табиғатта жәндіктермен қоректенетін де автотрофты өсімдіктер болады. Олар жәндіктерді еліктіріп, қармап алады да органикалық қышқылдар мен ферменттердің көмегімен қорытады. Жәндіктермен қоректену арқылы өсімдіктер субстраттағы азоттың және басқа жа қоректік заттардың жеткіліксіздігін осылай толтырады. Жәндіктермен қоректенетін 500-ге жуық өсімдіктер белгілі (көпшілігі тропикада кездеседі). Әдетте мұндай өсімдіктер топырақта азот, фосфор, калий элементтері жеткіліксіз жерлерде (суларда, батпақты жерлерде) өседі. Жәндіктерді еліктірудің жолдары да әртүрлі: біреулерінде су асты жапырақтарының қапшық сияқты мүше түзуі, екіншілерінде (непентес) жапырақ сағағының жоғарғы жағы құмыра тәрізді болады. Беті жылтыр болғандықтан жәндіктер одан тайып кетіп отырады. Альдрованда өсімдігінін жапырагы жабысқақ сүйықтық бөлетін қызғылт түкті болып келсе, дионея өсімдігінің жапырақтары қақпан сияқты жабылады . Кейбір өсімдіктер күніне бірнеше ондаған жәндіктермен қоректенеді.

Адам баласы жыртқыштар мен құстарды байқап олардын міңез - құлқына қарай ат қойып, колға  үйретіп, мәдени формаларын шығаруға үмтылып отырған. Кейбір кезеңдерде жыртқыш аң мен құстарды «зиянды», «қас жау», «құбыжық» санап көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. XIX ғасырдың бас кездерінде жыртқыпггарды (қасқыр, жыртқыш құстар, т.б.) адам баласы жойып тарихта күтпеген экологиялық апаттарға үшырап отырған. Мәселен, касқырларды қырып түз тағыларының арасындағы жұқпалы аурулардың тез таралып андардың қырылуы немесе жыртқыш құстарды қырып керісінше ауру таратқан кеміргіштердің қаптап кетуі (Қытай жерінде) т.б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек. Шын мәнінде, жыртқыш жануарлар өте пайдалы организмдер екені қазір баршамызға мәлім. Олар «дала санитары» ретінде биоценоздағы түрлер арасындағы тепе-тендікті сақтап, оның даму ырғағын реттеп отырады. Яғни, жыртқыш - табиғи срыптаудағы негізгі жетекші фактор. Нәтижесінде популяциялардың сапалық құрамы прогрессивті түрде дамып отырады. Ал өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей эсер ете отырып, оның прогрессивті дамуына ықпал етеді. Осылайша қарама-қарсылықтың әсері эволюцияның қозі аушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің ара салмағын реттеп отыратыны анық.

Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік етуі. Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастагі жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Әсіресе бұл қарым-қатынас вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен өсімдік, жануар мен жануар, өсімдік пен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру тарататын түрлері де баршылық . Бірақ, олардың қай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар. Мәселен, біздің Жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір ғана құм тышқанының үстінен ңемес ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі табылған. Ал адамның ішек- қарын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, эхинококк, т.б. организмдер паразиттер қатарына жатады.

Паразиттердің көптеген түрлері  жұқпалы, тіптен қатерлі аурулар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т.б.) таратады. Олардың қатарына Қазақстан аумағында жиі кездесетін маса, сона, бүрге, кенелер жатады. Әсіресе республикамыздың шөл- шөлейтті аймағында кездесетін маса, бүрге, кенелердің биологиясын білу олармен күресгі, сақтануды жеңілдетері сөзсіз. Көптеген жануарлар (түлкі, қоян, жыртқыш құстар, қарсақ, т.б.) паразиттерді таратушылар ретінде роль атқарады. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы алқаптарында кең таралып отырған жапон энцефалитінің қауіпті паразит екенін бәріміздің білгеніміз жөн.

Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір- біріне еиібір зиянын тигізбей, керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда тамырлардың сыртын орап (эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде тамырлардың ішіне еніп (эндомикориза) селбесіп тіршілік ететін саңырауқұлақтар бар. Олар өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен қамтамасыз ете отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті органикалық заттарды алады.

Комменсализм - бір түрдің қоректік қалдыгымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Ал кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорганысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егер де комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.

Мутуализм - әр түрге жататьш организмдердің бір-біріне қолайлы жагдай тұғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мәселен , тақуа шаян (рак отшельник) мен актиния арасындағы қарым - қатынас немесе құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының мысалы.

Зоохария - жануарлардьщ орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер туқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер пайда болып олар құстар, сұтқоректілердің және басқ а да жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алые кеңістіктерге тарауы.

Өсімдік тұқымдарының мұндай жолмен таралуын - пассивті (эктозоохория) дейді. Ал кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың соңғы өнімдері (экскременттері) арқылы таралады.

Оларды - активті (эндозоохориялық) таралу жолы деп атайды. Аллелопагия - организмдердің денесінен өзіне тән химиялық заттар шығару арқылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінғен заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тиғізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімғі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс әсерін тигізее, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді.

 
Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға  еліктіргіш (аттрактивті) немесе жиркенішті (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі белсенді заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш сигнал беру қасиетіне ие болады. Биологиялық белсенді заттарды көп организм де бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пенициллин, стрептомицин, гиббериллин медицинада жиі қолданылады.

Организмдерге теріс ықпалын  тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрін - аменсализм деп атайды. Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір құмырсқалар көршілес құмырсқа илеулерінен жұмыртқа мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бұл құбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.

   Экологиялық пирамида    

       Экожүйедегі консументтер, продуценттер және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынасзаңдылықтары. Экологиялық пирамида ережесі көбіне бағана түріндегі сызбанұсқалар арқылы беріліп, табиғи бірлестіктердің белгілі бір өнімділігі арқылы ерекшелінеді. Ол массалық не энергиялық өлшем бірлігі арқылы өлшенеді. Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар: биомасса, энергия және сан пирамидасы.

      Биомасса пирамидасы – қоректік тізбектің бірінші деңгейінен екінші деңгейіне берілетін органикикалық заттар массасы. Продуценттердің биомассасы едәуір көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Бұдан кейінгі әрбір қоректік тізбекке өткен сайын биомасса мөлшері 10 есеге дейін азая береді.Организмдердің өнімділігі белгілі бір уақыт аралығында түзілген құрғақ органикалық заттардың биомассасы арқылы өлшенеді. *Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді.

     Сан пирамидасы – әрбір қоректік тізбек деңгейлеріндегі организмдер саны арақатынасының заңдылығы. Қоректік тізбектегі дарабастар саны келесі қоректік деңгейлерде азая түседі. Бірақ оның көбеюі де мүмкін. Мысалы, орманда өсімдікпен қоректенетін жәндіктердің дарабастарының саны көп болған жағдайда. Сан пирамидасының диаграммасы биомасса мен энергия пирамидаларының диаграммасынан басты ерекшелігі – оның төмен деңгейлеріне қарағанда, жоғары деңгейлері бірте-бірте ұлғая түседі.

     Экологиялық сукцессия белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы организмдердің молдыгы, трофикалық құрылымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуьш экологиялық сукцессия (латынша succession - ауысу) деп атайды. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық катар немесе серия дейді. Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа, одан орманга айналуын келтіруге болады.

Экологиялық сукцессия биоталық қауымдасгық пен физикалық орта арасында тепе-теңдік орнатып экожүйенің реттелген дамуы, оны болжауға болады. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңнен өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессия кезінде түрлердің алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгертуге үмтыла отырып, өзге популяциялар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Экологиялық сукцессия барысында  организмдердің түрлік популяциялары  және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталанып алмастырып отырады. 

   Сукцессия - өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеретрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрлері бар.

Қазіргі таңда сукцессияның экзогенетикалық және эндогенетикалық түрлерін ажыратады. Экзогенетикалық сукцессия сыртқы абиотикалық немесе антропогендік (батпақтарды құрғату, сулардың ластануы) әсерлерден болуы мүмкін. Эндогенетикалық сукцессия қауымдастықтағы байланыстар жүйесінің немесе құрылымының өзгеруі нәтижесінде болуы мүмкін.

Жалпы сипаты бойынша сукцессия  бірінші реттік (алғашқы) және екінші реттік (соңғы) болып бөлінеді. Бірінші реттік (алғашңы) сукцессия тіршілік иелері жок жерде: лава үстінде, сусымалы құмдарда, жартастарда, тасты жерлерде басталады. Бұл жерде алғашқы қоныстанушылардың (бактериялар, қыналар, балдырлар) ролі зор. Олар тіршілік ету барысында аналық жынысты бүзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады. Өлген, шіріген организмдер біртіндеп жиналуы және үгілу әсерінен тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде мүктер өсетін топырақтың түзілуіне алып келеді. Мүктердің өсіп дамуы кезінде де топырақ түзілу процесі жалғаса береді. Қолайсыз жағдайлар кезінде де тіршілік ете беретін қарапайым қауымдастықтар түзіледі. Сөйтіп, организмдердің адуан түрлілігі арта береді.

Қоңыржай климаттағы екінші реттік сукцессия процесі кезіндегі негізгі стадияларының ұзақтығы:

    1. шөптесін өсімдіктер жамылғысы стадиясы -шамамен 10 жылға созылады;
    2. бұталы өсімдіктер стадиясы - 10-25 жылға созылады;
    3. жапырақты ағаштар стадиясы - 25-100 жылға созылады;
    4. қылқан жапырақты ағаштар стадиясы – 100 жылдан асады.

Сукцессия - барлық қауымдастықтарға тән, белгілі бір стадияларда жүретін, жалпы өзгерісгерді қамтитын бағытталған және заңды процесс.                                                                                   

Информация о работе Биотикалық қарым-қатынас типтері