Биологиялық қауіп-қатер немесе биологиялық қару

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 13:52, доклад

Краткое описание

Биологиялық қауіп-қатер немесе биологиялық қару— адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Файлы: 1 файл

Биологиялық қауіп. Инкар.docx

— 36.19 Кб (Скачать)

Ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретін шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаларға шет мамандары колорадты картоп құртын, шегіртке және басқаларын жатқызады, оларды дәнді және техникалық дақылдар егісін құрту мақсатында пайдаланады.

Соңғы онжылдықта арнайы шет елдік әдебиетте биологиялық агенттерді ұрыста пайдалану мүмкіндіктері жиі және толық талқыланды.

Шет мамандармен потенциалды БҚ тобына жоспарланған биологиялық агенттер тізімі кезең-кезеңмен қарастырылып отырады. Соңғы жылдары БҚ тобына адамдарды зақымдау үшін тағы да белгіленіп және жан-жақты зерделенген тропикалық вирусты геморройды безгектер қоздырушылары енгізілді: Ласса, Аргентина, Эбола, Конго-Қрым және басқалар, ал кейбір ауру қоздырушылары жойылды, оларда қарсы қазіргі уақытта жеткілікті түрде тиімді және жалпы қолданылатын күралдар жасалынған. Әсіресе мьшандай фактыға көп назар бөлінеді: егер 20 жыл бұрын БҚ тобын бактерия мен саңырауқұлаққа қатысты аурулар қоздырушылары құрастырса, қазір көбінесе вирустар құрастырады. Соңғы онжылдықта биотехнология саласындағы генді инженерияның дамуына микроорганизмдер қасиеттерін модификациялар бойынша зерттеу жұмыстарына кең жол ашылды.

Генетикалық ақпаратты қолдана отырып, микроорганизмдердің штамптарын ашуға нақты мүмкіндік пайда болды, олардың өзгерген генге қарсы кұрылым мен ерекше қасиеттері бар: артқан вирулентік, сыртқы факторлар мен дәрі препараттары әсеріне тұрақтылық. Сонымен қатар, шетте даярланган микроинкапсолді биоагенттер әдістері биологиялық аэрозольдың мейлінше ұзақ бөлшектерінің аэробиологиялық тұрактылығын арттыруға және олардың дем алу органдарына терең еніп кетуіне мүмкіндік тұрғызады, ал одан зақымдаудың дәрежесі өседі.

Бұл БҚ ретінде инкапсольді генетикалық  материалдары пайдалануға мүмкіндік  береді. Оларға вирусты жұқпалы нуклеидті  кышқылдар жатады, олар адам (жануар) тін клеткаларына түсіп, вирус бөлшектерін жинақтап, жұқпалы ауруларды туғызады.

Жануарларды зақымдау үшін БҚ ретінде жануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті аурулар (түйнеме, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар) немесе жапуарларды ғана зақымдайтын (ірі тұяқты мал обасы, шошқалар обасы жөне басқа эпизоотикалық аурулар) қоздырушылары пайдалануы мүмкін.

Ауылшаруашылық дақылдарды зақымдау үшін бидайдың сызықтық сабақ таты, күріштің пирикулярнозасы, картоптың фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктер бактериялық, вирустық және саңылаукұлақ аурулары қоздырушылары қолданылады.

Азық-түлік, мұнай өнімдерінің қорларын, кейбір әскери мүлік, қару-жарақ, оптикалық аспаптар, электрондық және басқа жабдықтар түрлерін бүлдіру үшін белгілі жағдайда қасақана бактериялар мен саңылауқұлақтарды пайдалануы мүмкін, олар, мысалы, мұнай өнімдерінің тез ыдырауын, әскери техника мен қару-жарақтың күрделі оптикалық және электрондық жабдыктарының уақытсыз істен шығуын және бұзылуын, метал өнімдерінің шұғыл таттануын, электр жүйелердің ұласқан жерлерінің тотығуын туғызады.

Көбінде биологиялық құралдар оларды сақтау және ұрыста қолдану кезінде сыртқы орта факторлары әсеріне жеткілікті тұрактылыққа ие бола алмайды. Сондықтан оларды "таза түрде" емес, арнайы дайындалған биологиялық рецептура құрамында пайдалану қажет.

Биологиялық рецептура дегеніміз  — биологиялық агент пен түрлі  препараттар қоспасы. Бұл қоспа  биологиялық агентті сақтау және үрыста қолдану процесінде оның өмірлік және зақымдау қабілетін сақтау үшін мейлінше қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілген.

Биологиялық рецептураларда бір немесе бірнеше БҚ түрлері болуы мүмкін және олар сұйық немесе құрғақ (ұнтақ тәрізді) болады. Шетелдік басылымдардын хабарлары бойынша, БҚ тобына жататын кейбір агенттер негізінде АҚШ-та түрлі стандартты биологиялық рецептуралар (туляремия, қубезгек және басқалар) жасалды, олар полигон жағдайында өз еркімен келіскен адамдар арқылы жан-жақты тексерістен өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті

 

 

 

Студеттің өздік жұмысы

 

Тақырыбы:

 

Биологиялық қауіп-қатер  немесе биологиялық қару


Информация о работе Биологиялық қауіп-қатер немесе биологиялық қару