Қазақстан Республикасының экологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 17:05, реферат

Краткое описание

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды.

Файлы: 1 файл

Қазақстан экологиясы.docx

— 32.67 Кб (Скачать)

6.   Марқакөл    мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай).

7.   Үстірт корығы (Маңғыстау).

8.   Батыс Алтай корығы (Шы-ғыс Қазакстан).

  1. Алакөл қорығы (Алматы облысы, Талдықорған).
 

      Бұлардан баска өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 62 қорыкша, 5 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы) және табиғат ескерткіштері ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас кор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның камқорлығының арқасында жүзеге асады.

   Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.

    Ластануды жүйенің тепе – теңдігін  бұзатын кез келген агент ретінде  бағалауға болады.

    Ластану әр түрлі белгілері  бойынша жіктеледі:

  • шығу тегі бойынша:

   табиғи және жасанды (антропогенді);

  • пайда болу көзіне байланысты:

   а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық  және т.б.;

   ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының  құбыры), объектілі (өнеркәсіп        орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа  аймақтар мен мемлекеттерден  енетін); 

  • әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
  • қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);
  • әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б);
  • әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
  • тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).

 Неғұрлым  ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді.

    Өндірілетін ресурстардың тек  2 – 3% ғана пайдалы өнім ретінде  қолданылады, ал қалғаны қалдықтар  (бос жыныс, шлактар және т.б).

     Адам қызметінің көңіл аударарлық  нәтижесіне қоршаған ортаға оған  тән емес, тірі ағзалар үшін  бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. – нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.

     Жер бетіндегі адам мекен етпейтін  кеңістіктің болуы (құрлықтың  жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 – 25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төніп отыр.

     Табиғат ресурстарын пайдалану  жылулық ластанумен, яғни жер  маңы кеңістігінде қосымша энергияның  жиналуымен байланысты.

     Биосфераның жылулық балансының  бұзылуын атмосфераның шаңдануының  артуы, өсімдік жабынының булануының  өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының  бетінен ластануының өзгеруі  қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша  булануды 20 – 30% - ға тежейді. Нәтижеде  ғалымдардың болжауы бойынша  ауаның орташа жылдық температурасы  1 – 30С – ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

     Қазіргі кездегі озон қабатын  бұзатын негізгі антропогенді  фактор фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары  қабатындағы озонның мөлшерінің  кемуі байқалуда. Солтүстік жарты  шардың орталық және жоғары  ендіктерінде бұл кему 3% құраған.  Мәліметтер бойынша озонның 1% - ға кемуі терінің қатерлі  ісігімен ауру деңгейін 5 – 7% - ға арттыруы мүмкін.

     Көптеген мемлекеттер фреондардың  өндірісін 50% кеміту және оларды  басқа пропиленттермен алмастыру  туралы міндеттеме қабылдады.

   Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды.

     Судың ластануы ең бірінші  рет су қоймаларына әр түрлі  ластаушы заттардың келіп түсуіне  байланысты болады. Екінші ретті  ластану бірінші ретті ластаушылардың  әр түрлі тізбекті реакцияларға  түсуі арқылы жүреді. Ластаушы  заттарға негізінен топырақ эрозиясының  өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар  жатады. Ластаушы заттардың басым  көпшілігін амосфералық жауын  – шашын әкеледі. Сулардың  канализация ағысымен, тұрмыстық  қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының  қалдықтарымен, су таранспорттарымен  ластану үлесі де жоғары. Қазір  бүкіл планетада іс жүзінде  қандай да бір дәрежеде адам  қызметі нәтижесінде ластанбаған  беттік тұщы су көзі жоқ  деуге болады. 

     Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің  бірі – радиациялық ластану  болып қалып отыр. Қазақстан территориясында  қуатты ядролық сынақтардың ең  көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің   территориясының біраз бөлігінің  радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық  ластану себептеріне мыналар  жатады: Семей ядролық полигонында  жасалған жарылыстардың салдары,  радиоактивті материалдарды пайдаланатын  атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық  жауындар, халық шаруашылық мәселелерін  шешу мақсатында жасалған жер  асты ядролық жарылыстар, табиғи  радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар. 

Экологиялық орта және денсаулық. 

  Соңғы жылдары жер шарында  экологияық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы   Жак Ив Кусто айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» ҒТР- дың  дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық , әлеуметтік шығындар әкелді. Кусто және былай деген: «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөл қалады». Адамдардан ашкөздік әрекеттері біздің елімізде де апатты аймақтар қатарын көбейте түсті. Семей, Арал, Балқаш, Ертіс, Каспий және т.б.

      Кенді Алтай Шығыс Қазақстандағы экономикасы  дамыған аудан. Алтайда түсті металл табылысымен-ақ қоныс аударушылар келіп, қоныстана бастады. Алтайдың Қазақстандағы бөлігінде күміс балқыту өнеркәсібі дамыды. Сөйтіп, бұл аудан Ресейдің күміс қорына айналды. Бір ғана Зырян кеніші Алтайда өндірілетін күмістің 75% беріп отырды. XIX ғасырдың аяғынан бастап бұл кен орындары шетелдіктерге жалға беріле бастады. Олар табыс қуып, қазба байлықтарды бей-берекет жыртқыштықпен пайдаланды. Бұл жерде ағылшын Лесли Уркварт 1914 жылдан 1917 жылға дейін қожалық жасады. Кеңес өкіметі жылдарында Кенді Алтай жалпы Одақтық маңызы бар жерге айналды. Түсті металдарды өндіруден Шығыс Қазақстан бірінші орында тұрды.

      Алтайда түсті металлургияның ең ірі кәсіпорындары Өскеменде (қорғасын, мырыш), Риддерде (полиметалл) және Зырянда (қорғасын). Бұл кәсіпорындардың республиканың ауыр өнеркәсібі үшін маңызы өте зор. Бірақ, экология мәселесіне де бей-жай қарауға болмайды. Алтай өңірі орман-тоғайымен, биік тауларымен, сол таулардан құлай аққан мөлдір бұлақ, өзендерімен көздің жауын алатын. Жергілікті халықтың, жалпы Қазақстанның мақтанышы еді. Өндіріс дамыған сайын Алтай бұрынғы көркінен айырыла бастады. Әсіресе Өскемен, Риддер, Зырян қалаларының ауасы тым ауырлаған. Түрлі металлургиялық комбинаттардан көтерілген лас ауа ашық аспанда улы газдармен айғыздап отыр. Зайсан көлінің кезінде тайдай тулаған балықтары көлденең ауруға шалдығып, өзінен-өзі құруда. Себебі, көлге өнеркәсіптің орасан зор шайынды сулары құйылады.Алтаидың бүгінгі жағдайы, экологиялық проблемалары туралы мәселелерді талқылау үшін ғылыми конференция ұйымдастырып отырмыз. Бұл конференция сабаққа Алтайдағы ірі кәсіпорын басшылары мен маман, ғалымдар қатысып отыр.

      Арал  теңзінің суы азайып, оның жағалауындағылар топырақ, жел арқылы көптеген елдерге  тарап, ол жердің ауасын, суын,  топырағын  ластауда.  Осыған орай Қазақстанда, Өзбекстанда және бүкіл елімізде үлкен ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Сол сияқты Балқаш көлінің суы тартылып, ластанып, маңдайындағы тұрған халықтың денсаулығына зиян келтіріп отырғаны да ғалымдарды алаңдатуда.

      Семей облысында адамдардың денсаулығына  өлшеусіз зардабын тигізетін жерасты  ядролық жарылыстарын тоқтануға  бағытталған халық қозғалысын тек Қазақстан ғалымдары да қызу қолдады.

      Үлкен қалаларда адамдардың денсаулығын  сақтау үшін, автобустарда, жанармай орнына электр қуатын пайдалану көзделіп отыр. Өндіріс орындарында көмір, мұнай  жақпай оның орнына газ пештерін қолдану, сонымен қатар үлкен өндіріс  орындарын қаладан тыс жерлерге салу жоспарлануда. Кейінгі жылдары  көптеген емханалар, дәріханалар, санаториилер, демалыс үйлері ашылуда.

      Экология  дегеніміз - қоршаған орта туралы ғылым. Адам баласы үнемі табиғатта орны толмас өзгерістер енгізу үстінде. Ормандар жойылып, темір жолдар, жасанды теңіздер   мен суқоймалар салынды.

      Экология  ауа, су топырақтың құрамының нашарлауы, жануарлар, өсімдік арақатынасының  кері әсеріне байланысты.

      Індет дегеніміз-бұл адамдардың ауа және ластанған   су арқылы берілетін  жұқпалы аурылармен жаппай ауыру. Бір  замандарда тырысқақа, оба және шешек  аурылары кең  жойылып, адамдар көп  зардап шеккен. Кейінірек адамдар  гигиенаны сақтауды  үйреніп, көптеген ауруларға қарсы дәрілерді ойлар  тапты. 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.    Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері 
2.    «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап 
3.    «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.  
Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы
 
 
 

 

Информация о работе Қазақстан Республикасының экологиясы