Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 12:40, реферат
Аутэкология – экологияның бір бөлімі
Аутэкология бір түр өкілінің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
Аутэкология – экологияның бір бөлімі
Қоршаған орта
Организм көбеюінің потенциалды мүмкіндігі
Экологиялық факторлар және олардың әсер ету заңдылықтары
Экологиялық факторлар әсеріне организмдерді жауап беру заңдылықтары
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Особьтар экологиясы – аутэкология.
ОРЫНДАҒАН: Нұрғали Аида, ХҚФ, Ш-11
ТЕКСЕРГЕН: аға оқытушы Бакешева Ж.У.
АСТАНА 2013
Жоспар:
Аутэкология – экологияның бір бөлімі
Аутэкология
бір түр өкілінің қоршаған ортамен
өзара қарым-қатынасын
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланысты ғана өмір сүре алады. Олар – су, топырақ, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әртүрлі құбылыстар.
Аутэкология терминін ғылымға 1896 жылы швейцар ботанигі К. Шретер енгізген.
Қоршаған орта
Қоршаған
орта объектімен немесе субъектімен
тікелей байланыста болатын сыртқы
ортамен бірдей орта. Әрбір организмнің
ортасы оны қоршаған көптеген органикалық
және бейорганикалық элементтері және
шаруашылығы нәтижесінде
Қоршаған ортаға барлық табиғи орта және техногенді орталар жатады.
Табиғи орта – Жер бетіндегі адамдардығ қатысуынсыз пайда болған орта.
Техногенді орта – адамның көмегімен түзілген орта.
«Қоршаған орта» түсінігін ғылымға биолог Я. Юкскюл (1864-1944) енгізген. Ол тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасы, субъект және объект бір бірімен өзара байланысты және осылардың барлығы бір жүйені – қоршаған ортаны түзеді деп есептеген. Қоршаған ортаға бейімделу процесінде организм оның элементтерімен байланысып, одан әртүрлі заттар, энергия қабылдайды және береді.
«Қоршаған орта», «тіршілік ортасы», «өмір сүру ортасы», « тіршілік орны» ұғымдары мағыналары жағынан өте ұқсас болып келгенімен, олардың бір бірінен айырмашылықтары бар.
Қоршаған орта – организмдерді қоршайтын және олардың құрылысы мен қызметіне тікелей немес жанама әсер ететін факторлар жиынтығы.
Биосферада организмдердің тіршілігін қамтамасыз ететін әртүрлі орталар бар.
Тіршілік ортасы – кез келген организмнің өсіп өнуіне, көбеюіне, ұрпақ жалғастыруға қолайлы табиғи тарихи қалыптасқан орта. Қоршаған орта төрт тіршілік ортасына бөлінеді: су тіршілік ортасы, жер ауа тіршілік ортасы топырақ және тірі организм денесі.
Көптеген
организмдер өздерінің
Сонымен, су – тіршілік ортасы, өзен – өмір сүру ортасы, ал су түбі, ортасы немесе беті - тіршіліктің орны болады.
Организм көбеюінің потенциалды мүмкіншілігі
Бізді қоршаған
тірі әлем алуан түрлі организмдерден
тұрады. Қандай организм болмасын, ерте
ме, кеш пе, өз тіршілігін жояды. Ал Жер
бетінде ғалымдардың
Өзіндік қайталану қабілеттілігі – тіршіліктің негізгі қасиеті. Тіпті ең жай көбейетін түрлердің өздері жер шарында оры жетіспестей көптеген особьтар (даралар) әкелуге бейімделген. Мысалы, треска аналығының бір данасы он жылдан кейін жалпы массасы үш миллион тонна болатын сегіз жүз миллион балықтар үйірінің бастамасы болуға қабілетті. Ал жүз жылдан кейін оның ұрпақтарына мұхитта орын жетпеген болар еді.
Кейбір түрлердің өмір бойы барлығы бірнеше мың жұмыртқа, ал кейбірі мыңдаған, миллиондаған ұрпақтар беріп, еркін, шектеусіз көбейетін болса, олардың саны геометриялық прогрессиямен өскен болар еді. Организмдердің шектеусіз көбеюін тежейтін негізгі фактор – қорлар жеткіліксіздігі, оның ішінде өсімдіктер үшін – минералды тұздар, көмірқышқыл газы, су, жарық; жануарла үшін – су, қорек; ал микроорганизмдер үшін әртүрлі өздері пайдаланатын қосылыстар.
Келесі тежеуші фактор – организмдерің көбеюі мен өсуін баяулататын әртүрлі қолайсыз орта әсерлері. Мысалы, өсімдіктің өсуі мен пісіп жетілуі ауа райына, температураға, жарыққа, ылғалдылыққа, т.б. жағдайларға байланысты. Ал суда тіршілік ететін көптеген организмдердің көбеюін судағы оттегінің аз мөлшерде болуы немесе еріген заттардың құрамы мен мөлшері тежейді.
Ақырында, табиғатта дүниеге келген ұрпақтар мен жас организмдердің өлуә нәтижесінде олардың саны азаяды. Көпшілігі көбею кезеңіне жетпейді және жаулардан, аурулардан, жоғары немесе төмен температурадан,қоректің жоқтығынан және басқа да себептермен қырылады. Мысалы, жыл сайын бір үлкен еменнің мыңдаған жаңғағының біразын тиіндер, шошқалар, тышқандар,бунақденелілер жейді, ал біразы бактериялар мен саңырауқұлақтардан зақымданады немесе басқа да түрлі себептермен өскін кезеңдерінде тіршілігін жояды. Нәтижесінде өте аздаға жаңғақтан ересек ағаштар өсіп шығады.
Экологиялық факторлар және олардың әсер ету заңдылықтары
Өзінің тіршілік ету ортасында кез келген организм экологиялық факторлар деп аталатын сыртқы орта компоненттерінің әсеріне ұшырайды. Жарық, жылу, топырақтағы немесе судағы тұз концентрациясы, ауру тудырушылар және жел, радиоактивті сәулелер, қысым және т.б. бұлардың барлығы экологиялық факторлар.
Экологиялық
факторлар дегеніміз тірі организмге
олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде
болса да тікелей немесе жанама әсер
ете алатын, ортаның кез келген
әрі қарай бөлшектенбейтін
Экологиялық факторлар дәстүрлі үш топқа: абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып бөлінеді.
А) Абиотикалық факторлар – өлі табиғаттың әсері (климат, температура, ылғалдылық, жарық, т.б.)
Абиотикалық
факторларға тірі организмдерге
тікелей немесе жанама түрде әсерін
тигізетін бейорганикалық табиғаттың
құбылыстары мен құрамды
Абиотикалық факторлар климаттық, эдафиялық, гидрографиялық болып бөлінеді. Мысалы, климаттық факторлар жердің бетіне күн энергиясының келу ерекшеліктерінен, ауа массаларының айналысынан, жылу мен ылғалдың теңдесуінен, атмосфералық қысымның динамикасынан және басқа да метеорологиялық элементтерден тұратын факторларды айтады (ауаның ылғалдылығы, жауын шашын мөлшері, ауа температурасы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы, тб);
Эдафиялық фактор – топырақтың әсері (химиялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері)
Гидрологиялық фактор - судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.
Ә) Биотикалық факторлар - тірі организмдердің өзара әсері. Оларға ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Биотикалық факторларға тірі организмдердің ортаға тікелей не аралық ықпалын тигізетін факторлар тобы жатады. Биотикалық факторлар дегеніміз бір организм тіршілігінің екінші организм тіршілігіне, сондай ақ өлі мекен ортасына тигізетін әсер ықпалының жиынтығы. Биотикалық факторларға зоогенді (жануарлар әсері), фитогенді ( өсімдіктер әсері), микробогенді (микроорганизмдерді әсері) факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер (фитонцидтер) газ тәрізді заттар бөліп шығарады, ол микроорганизмдерге (бактериялар, саңырауқұлақтар) жойғыш әсер етумен қатар табиғи ортаны сауықтырады және тұрақтандырады. Ал неше түрлі вирустар мен микроорганизмдер өсімдіктердің жұқпалы ауруларын кең таратады.
Организмдер арасындағы қарым қатынас өте күрделі және алуан түрлі, оларды шартты түрде тікелей және жанамаға бөлуге болады. Тікелей байланыс қоректену жолымен анықкроклиматтмиалады, өзінің тіршілігіне энергияны кейбр жнуарлар өсімдіктерді немесе басқа жауарларды жеу арқылы алады. Өз кезегінде олармен басқалар қоректенеді.
Жанамалық
қарым қатынаста бір
Б) антропогенді факторларды биотикалық фаткорлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан жақты ықпал етуіне байланысты ол жеке қарастырылады.
Антропогендік фаторлар дегенімз айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс әрекетінің тікелей немесе жанама әсері.
Экологиялық факторлар әсеріне организмдерді жауап беру заңдылықтары.
Экологиялық факторлардың орагнизмге әсер етуі мен организмнің реакциясы бірдей болмайды.
Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: бір фактордың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауа райының ылғалдығын төмендетеді.
Ю.Либихтың «минимум заңы» немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереже былай тұжырымдалады: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге, басқа факторлардың әсерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмнің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шектеуші факторлармен қатар организмнің фаткорлар жиынтығына деген ең жоғары төзімділік қасиеті де болады. Ол В.Шелфордтың толеранттылық заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес. Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше «эури» кең, «биос» тіршілік). Аз диапазонда бейімділетін ағзалар стенонобионттар деп аталады (грекше «стенос» тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық ортада қалыпты тіршілігін жалғастыра береді.
Қолданылған әдебиет: