Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2015 в 21:17, курсовая работа

Краткое описание

Атыраудың кең байлығын игеру, бірнеше кәсіп орындардың салуына байланысты көлемді жұмыстардың атқарылуы обылыстың табиғатына қолайсыз экологиялық әсер етуде.Ол әсіресе,соңғы кезде көбіне Теңіз мұнай газ өндіру кенішінің ашылуы теңіз деңгейінің көтерілуі тарапынан болып отыр.Облыс территориясында мұнай,газ өндіру ірі кәсіп орындарын пайдалануда соңғы кезге дейін таьиғат қорғау талабына сай емес жағдайда жүргізіліп келеді. Ауыл шаруашылық жерін бүлдіру,өсімдіктердің өсіп,жануарлар дүниесінің дамуда зиянды зардаптарын тигізуде су мен ауа бассейіндеріне бірнеше мыңдаған тонна зиянды заттардың,оның ішінде күкіртті суттегі мен күкіртті ангидридтердің таралуына жол берілуде.

Оглавление

Кіріспе
1.1. Атырау олысының жағырапиялық жағдайы.
1.2. Жер бедері.
II Негізгі бөлім.
2.1 Атыраудың экологиялық жағдайы.
2.2 Мұнай және газ өңдірудің экологиялық проблемалары.
2.3 Атырау облысының экологиясына автокөліктердің әсері.
2.4 Атырау ауа бассейінің жағдайы.
2.5 Табиғи орта және адам денсаулығы.
2.6 Қолайсыз қоршаған орта мен адам денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру.
III Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Айдана.doc

— 217.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Негізгі бөлім

 

2.1 Атыраудың экологиялық  жағдайы.

 

       Атырау облысының табиғат ортасына барлық жағынанда антропогендік салмақ түсіруде, әсіресе ол Атырау қаласының ауа бассейінен сезіледі. Себебі Атырау қаласының өзінде мұнай айдау, жылу энергиясы, машина жасау, құрылыс материалдары, жеңіл, тамақ өндірісі, авторанспорт сияқты 40-тан астам мекемелер жұмыс жасайды.

Ауаға шығарылатын жалпы  шығарылыстардың 80 пайызы «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембамұнайгаз», «Теңізмұнайгаз» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты және Атырау жылу  электр орталығы» сияқты ірі мекемелердің үлесіне тиеді. Өндіріс орындар мен «Атырау облысының агроөнеркәсіп кешшенінің даму аспектірлері» электр көздері шығарылыстарының  ауаға 62 түрлі 1 мен 4 топ аралығындағы қауіптілігі бар зиянды қосылыстар шығарылады. Автокөліктерде ауаны қатты ластауда. Автокөлік қозғалысынан шыққан газ құрамында 200 дейін химиялық  болса, олар ауаға газ және аэрозолдер түрінде түседі. Зиянды қосылыстардың  ішінде ең қауіптілеріне көміртек тотықтары,көмір   сутектер,альдегидтер,күйе,қорғасын қосылыстары,азоттың тотықтары жатады.

        Атырау қаласында тұрақты екі бақылау бекеті бар. Бірінші бақылау бекеті автокөліктің қозғалысы қарқынды,әрі «Атырау мұнай өңдеу»,химия зауыттарында жақын орналасқан Әуезов пен Азаттық көшелерінің қиылысында орналасса,екіншісі салыстырмалы таза жер Жайық  өзенінің жағасында «Өнерпаз»мекемесі маңында орналастырылған.Бұл бақылау бекеттері «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемеге қарайды. Бақылау бекеттеріне күніне үш рет 7,13,17 сағаттарды сынама жұмыстары жүргізіледі. Бақылау екі саты бойынша орындалады бақылау бекеттерінде сынама алу және оны зертханаларда химиялық жолмен зерттеу.  

          Осы екі бақылау бекетінің төрт жылдық мәліметі бойынша ауадағы зиянды қосылыстар азот пен күкірттің қос тотықтары,күкіртті сутектің мөлшерлері төмендегідей.

         Осы төрт  жылдағы ауадағы зиянды заттардың  мөлшері сегіз румбалық желдің  бағытымен көрсетсек,онда,мысалы азоттың қос тотығының орташа жылдың концентрациясы 2 суретте берілген.Суретте көрсетілгендей 2004 жылы азоттың қос тотығы желдің оңтүстік батыс,солтүстік шығыс,шығыс бағыттарында шектеулі рауалды мөлшерден асқанын байқаймыз.2005 жылы солтүстік шығыс, оңтүстік батыс және солтүстік батыс бағытында ең жоғарғы 0,040 мг/м3 жетсе, ал 2006 жылы оңтүстік, батыс, шығыс және оңтүстік шығыс бағытында 0,040 – 0,051 мг/м3 жоғарлаған. Суды орынды, ысырапсыз пайдаланудың және оны ластанудан, Буланудан сақтаудың жер бетіндегі су ресурстары өте тапшы екендігі Атырау облысы үшін аса зор мәні бар мәселе. Мұнда жан басына шаққанда сумен қамтамасыз ету әзірге 1,1 мың м3 ғана болып отыр. Оның үстіне қоршаған ортаны қорғауға мәселерін ескермей, ресурстардың барған сайын көп бөлігін шаруашылықтық айналымға үсті – үстіне қоса беру су тапшылығы проблемасына қоса климат жағдайының қиындатып келеді,судың сапасы да нашарлап барады. Жайықтан бактериялдық құрамды аңықтау үшін шарлап барады. Жайықтан бактериялдық құрамды анықтау үшіналынған жалпы анализдердің 90 пайызы судың ішуге жарамсыздығын көрсетті, мамандардың қортындылары бойынша, Атырау  қаласындағы ауруларлың 20 -30 пайызы осы жағдайдан туындаған.

           Жайық өзені аймақтағы бірден – бір тұщы су көзі, сондай ақ ол бекіре тұқымдас балықтар Өсірілетін бірден – бір айдын болып табылады. Міне, осылардың бәрі өзен суын  тұрақты тазартып отыратын және су шығының ретеуші кешенді қондығы салуды талап етіп отыр. 1995 жылы Атырау қаласының өнеркәсіп орындары Жайықтан 100 млн м3 су шығындалады. Міне осы есепсіз ысырап салдарынан ауыз су тапшылығы қатты сезілуде тәулігіне бір адамға нормадағы 300 л-дің орнына 120л ғана су беріледі.

        Атырау өңірі  бұрығы Кеңестер Одағының сынақ  полигондарының зардабын әлі  де тартуда су көздеріндегі, топырақ  бетіндегі және ауыр металдар тұздарымен токсикалық заттардың мөлшері әлі азаймай отыр.

       1992 жылдың күзінде  полигондардың жабылуы туралы  ресми шешімі қабылданды. Ауыл  шаруашылығында 

   - игеріліп отырған жерлердің  құнарсыздануы

   - топырақтың азуы

   - қара шіріктің күрт азаюы жаппай белең алуда.

              Жайықөзенінің шамадан тыс ластануы:

  • бекіре тектес балықтардың жаппай ауруын
  • улы заттар балықтардың  ыдырап бүлінуін, азуын
  • бауырдың қоректенуінің нашарлатуын
  • белок қабығын әлсіретеді

            Соңғы байқау нәтижелері балықтардың бұлшық ет ыдырауына шалдығуы -100%,  уылдырық қабығының әлсіреуі 30%  екенін байқаты.

          Су  жинау құрылыстарын қажеті балық  қорғау қондырғылармен жабдықтау  ісі  қанағаттандырғысыз жүргізілуде.

  Қорыта айтқанда, облыстың жануарлар дүниесі жаппай антропогендік қысым көруде Сөйтіп көптеген түрлерінің күрт азаюы, олардың туған мекендеген жерлерін тастап, басқа жаққа ауып кетуі көбейіп отыр.

Сондай – ақ аңшылық шарттары сақталмай, аң аулау кәсіпшілігі де елеулі түрде көбейіп кетті.

  Жалпы экологиялық, санитарлық тазалық жұмыстардың нашар жүргізілуі, ресми деректерге қарағанда,  жекелеген аудандарда жұқпалы және басқада әр түрлі аурулар ошағы  байқалып, өлім жетім көбеюде, жалпы адамдардың ғұмыры қысқаруда.Облыстың кейбір кәсіпорындарында 1990 жылы жүргізілген бақылау, әрбір 100 адамға есептегенде, бір жылда 1525,5 жұмыс күнінде адамдар ауырып, уақытша жұмысқа жарамсыз болған.Елді қинайтын жағдай облыста балалар өлімі кемімей отыр.

      Осы кезеңге дейін  атырау жерінде жасалған қиянаттарға қоса бүгінгі таңда нарықтық экономика туғызған құқықтық нигилизм жаппай белең алып отыр, сондықтан да болар, облыс әкімшілігі қолға алып отырған:

  • салық жүйесін экологияға тікелей байланыстыру.
  • табиғи қорларды игерген мөлшеріне қарай арнайы төлем төлеу.
  • табиғи ортаға техналогиялық зиян келтірген жағдайда,ол үшін заңмен белгіленген ресми айып төлеу.
  • табиғатты жалпы пайдалануға кешенді лицензиялау енгізу сынды игілікті істерден табиғат – анаға жанашырлық байқаймыз.

     Шын мәнінде табиғат қорғау мәселесі тек шағын адамдардың ісі емес. Бүл бұхара жұртшылықтың төл ісіне айналдыруды және оны басқару механизмін жетілдіруді қажет етеді. Осы мақсатта қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны жақсарту көптеген бірлестіктер мен қоғамдық орындар белсенді топтар мен табиғатқа жаны ашушылар қатарын көбейту керек етеді. Сөйтіп табиғат қорғау күресі бүкіл халықтық міндет болуға тиіс.

 

 

 

                2.2  Мұнай және газ өндірудің эколгиялық проблемалары.

 

Каспий, Қазақстан және Орта Азияның мұнай және газ кен орындарын меңгерудің экологиялық проблемаларының  өзіндік аймақтық ерекшелігі бар – географиялық, геологиялық,геодинамикалы, сондай ақ әлеуметтік.Оның үстіне қазіргі кезге дейін қоршаған ортаны қорғау мәселесі мұнаймен газды өндіру бойынша жобалық тапсырмалардан кейін тұрғаны және жобаларды жобаларды дұрыс шешім таппауы экологиялық жағдайда із қалдырды.

         Мұнай мен  газды өңдіру және өңдеу кезінде табиғатты қорғау бойынша маңызды бағытта болып экологиялық таза процестер игеру және қалдықтарды азайту,мұнай-химиялық өндірістердің газды қалдықтарын тазарту,бұралқы суларды тазарту,қоршаған ортаның мұнаймен және мұнай өндірумен ластануын қадағалау және т.б. табылады.

        Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай-химиялық  кешенде қоршаған ортаны ластануын  іздеу-барлау газ өңдіретін скважиналар құрылысынан басталады.

Скважиналардың құрлысы кезіндегі негізгі ластану көздері:бұрғылау қондырғыларының дизелдерінің түтіндері ,материлдары сақтайтын ыдыстар,өндірістік технологиялық қалдықтары бар қоймалар,сондай-ақ циркуляциялық жүйелер.Көп жағдайларда бұрғылау қондырғыларында топырақ пен су қоймаларын ластанудан қорғау шаралары жүргізілмейді. Қондырғылар аймақтары қатты жабынбен жабдықталмаған және құм төгілмеген.Осының салдарынан жақын жатқан жерлер бұрғылау сұйығымен және мұнай өнімдерімен ластанады. Кейін бұл зиянды заттарды еріген сулар жақын жатқан жерлерге және су қоймаларына қарай шайып кетеді. Топырақтың,ластану процесі топырақтарда өнімді қабаттар мен сіңіретін горизонттарға қабат қысымын көтеру мақсатында айдалатын минералдағы жоғары қабат және бүралқы сулардың болумен күрделенеді.Бұрғы мұнарасынан 500-800м радиусты өсімдіктер 70-80процент,ал 100м радиуста бұрғылау сұйығымен,ластанудың нәтижесінде толығымен жойылады.

Бұрғылаудың өнеркәсіптік қалдықтары бұрғылау алаңындағы қоймаларда жиналады және оларды кейін арнайы қалдық сақтау орындарына алып кетіп,орналастыруды тала етеді. Бұл кезде қалдықтардың ластау шамасын бағалау маңызды орын алады.

Жер асты суларында ластағыш заттардың мөлшері мен улылығы тәуелді болады.Бұрғылау жұмыстарындағы ең негізгі және күшті ластағыш бұрғылау сұйығы,оны дайындау үшін жиырмаға жақын химиялық реагенттер қолданылады,олардың көбінің мүмкін болатын шектік концентрациясы орнатылғаннан жоғары.Скважиналар құрылысы мен бұл кезде жиналатын қалдықтар өндірістің басқа түрлерінен бұрғылау кешендерінің шашыраңқылығы мен қалдықтардың сипаттарының әрекеттілігмен және олардың уақыт өте өзгеретіндігмен ерекшеленеді.Бұрғылау жұмыстарын орындау мен скважиналарды пайдалану кезінде қолданатын қалдық тоспа қордырғылардың саласы мен құрамы бір шама маңызды.Ол үш рет (1975,1980 және 1990) қайта қарастырылған МЕСТ 13862-90-пен орнатылады.Бұл шаралар отандық ҚҚ әлемдік үздік стандарттар деңгейіне,мысалы,Америка мұнай институтының АР-1-16А стандартына сәйкестендіруге бағытталған. Оған 30 жылдан астам қалдық тоспа қондырғылардың көптеген түрлерін игерумен айналысатын сүйығының,ұнтақ тәріздес сусымалы.

       Дегазаторлары, Азнефтемаш  көп үлес қосты, Азенфтемаш концернінің  зауыттары барлық отандық ҚҚ өлшемдерінің 75процентін шығарады.Достастықтың бұрғылау кәсіпорындарына бұл концерін жабдықтық 90процентін ұсынады.

         Конверсиялау  нәтижесінде превент жасау саласына  әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары  қосыла бастады. Атомаш өндірістік  бірлестігі тотығу тұрақты орындаудағы ҚҚ өлшемдері қатарын меңгеруге кірісті. Олар скважина өнімінің 30проценті күкірт сутек пен көміртек диоксиді болатын.Каспий маңы ойпатының кең орындарын игеруге арналған.

        Қазіргі кезде  бұрғылау  жұмыстарынның экологиясын  көтеру проблемасын бұрғылаудың өндірістік-технологиялық қалдықтарын,бұрғылау қоқыстарын тазалайтын,зиянсыздандыратын және азайтатын арнайы жабдықтар жасамай және оларды іс Атырау обылысының агроөнеркәсіп кешенінің даму аспектілері  жүзінде қолданбай шешу мүмкіе емес.Мұндай жабдық бұрғылау қондырғысының құрушы бөлігі.      

         Кен орындарын  пайдаланғанда үлкен жер массивтері  бұзылады.Мысалы,Қарашығанақ кен  орынын игеруде 3000 га-ға жуық егіс,жайылым  және орман жері пайдаланылмақ.Теңіз  кен орынының ауданы 200 км аэрологиялық жағдайдынң тұрақсыздығынан зиянды заттардың таралуы кездейсоқ сипатқа ие.

          Атмосфералық  күкіртті газдардың концентрациясы, аэрокосмостың әдісін игеру ұсыналған  атмосферадағы ластануды кешенді  тәжірибелік зерттеу жолы қанағатаннарлық нәтижелер беруде және жер үстіндегі және аэрологиялық өлшеулер бекеттерін жеткіліктіде дұрыс орналастырады, сондай – ақ жердің жасанды серіктеріне орнатылған ең жаңа септірлік  аппараттарды қолданса қазірдің өзінде ақ атмосфераның ластаудың  ірі көздерінің маңындағы үлкен территорияда аэрокосмостық қадағалаудың әдістемесін құруға мүмкіндік береді, ал ластаудың ірі көздеріне күкірт сутегі көп кен орындарындағы газ және мұнай өңдеу зауыттары, жылу және атом электрстанциялары, металлургиялық және химиялық зауттар кіреді. Көрсетілген әдістер әрбір кешен үшін қорғау аймағын анықтап береді.

          «Казгипроград» институтының есептеріне сәйкес тұрақты мекендеуге экологиялық қолайсыз аймағы. Теңіз кен орны үшін 50 км. Бірақ, айта кететін жағдай, санитарлық қорғану аймағы үлкен болған сайын шектік ұрықсат етілген қалдықтар көлемі өседі, яғни, атмосфера ластануы ұлғайады.

          Алайда, қолданылып отырған шараларға  қарамастан Атырау облысының  мысалына қарсақ, олардың нәтижелері  аз.

          Ластанудың  тұрақты көздерінен шығарылатын зиянды заттардың жалпы мөлшерінен 32 %–і мұнай өндеу зауытына 37%-«Полипропилен» АҚ – на келді. Жылдар бойынша қалдықтарды ұстау және зиянсыздандыру дәрежесі тұрақты немесе төмендеуге бағыт алған. Мысалы, егер облыс бойынша 1987 ж. бұл көрсеткіш 36,8%болса мұнай өңдеу зауты бойынша – 17,3% –«Ембімұнай» АҚ да -1,7% «Теңізмұнайгаз» АҚ да – 1,3 %. Ал «Ембімұнай» АҚ үшін келтірілген 8 жыл үшін зиянды заттарды ұстаудың ең жоғарғы деңгейі 2,7%.

           Жабдықтар  мен шаруашылық  әрекеттің тәсілдерінің моральдық тозу экологиялық қауіп тудырды. Жаңа технологиялық әдістерге көшу жаңа проблемалар әкелді. Мысалы, скважиналарды жөндегенде қоршаған орта ластанады. Бұл кезде скважина ішіндегі жабдықтарды жүздеген рет түсіріп – көтеру жүргізіледі. Скважинаға алдын ала толық газдандыру үшін техникалық су айналады. Алайда іс жүзінде бұл жуу құбырлар мен жабдықтардың ішкі және сыртқы беттерінен мұнай өнімдері қаюқшасын алып түспейді.

          Нәтижесінде  құбырлар мен жабдықтарды жұмыс  алаңына көтергенде олардан ағатын скважина сұйығы алаңды ластайды, скважина сағасы маңвңдағы кеңістікте өрт  қаупі жағдай туғызады. Су орынына жууға сульфанолдың, диссолваның, реоланың су ерітінділерін тұз қышқлымен бірге қолдану майлылықты азайтады. Минералданған су, ластанған мұнай өнімдері бар булану алуаңдары сөзсіз, бұл аудандағы биосфералық прцестерге кері әсер етеді. Алайда, егер өнеркәсіптік суларды азайту технологиясын қолданса, онда алаңдардың жалаңдалған түбі Арал сияқты желмен көтеріліп, үлкен қашықтықтарға кетіп жатқан құрғақ сульфат тұздары көзіне айналды.

        Көптеген компаниялар табиғат қорғау шаралары үшін арнайы жабдықтар игеруде. Соңғы бағыт товорлық суды пайдаланудағы проблемаларды шешудің экологиялық таза және ең тиімді жолы болып табылады.

         Мұнай негізгі энергия көзі мен әр түрлі жанармай алу мен мұнай химия өнімдерінің негізгі шикізаты болып табылатындықтан ол мұнай өндіру аудандарында шоғырланбайды, керісінше, жердің барлық бұрыштарына тарайды және тасымалданған көп мөлшерде жоғалады. Бұл жерде үнді мұхитының оңтүстік батыс бөлігімен өтетін мұнай тасымалдаудың маңызды жолындағы мұнай шығындары туралы мәліметтер көзге түседі. Суға жаңа перепаратты жай ғана қосудың өзі су мұнай эмульсиясынның болуын туғызбайды және қоршаған ортаға келетін шығынды азайтады.

Информация о работе Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы