Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 15:43, реферат
Атмосфера - жерді қоршап тұрған газ тәрізді қабық. Жер атмосферасы азоттың 79 көлемінен, оттегінің 21 көлемінен және аз мөлшерде су буынан, аммиактан, аргоннан, озоннан т.с.с газ тәрізді денелерлен құралған. Бұл таза механикалық қоспа, оның тығыздығы жоғарыдан төменге қарай азаяды. Өзінің ауырлығымен атмосфера жердің бетіне түсіретін қысымы 1кг/1см 2 .
Фотохимиялық тұман көпкомпонентті алғашқылық және екіншілік газдар мен аэрозольді қосылыстар. Фотохимиялық тұман құрамына озон, азот пен күкірт оксидтері, фотооксиданттардың көптеген органикалық қосылыстары. Фотохимиялық тұман белгілі бір жағдайдағы фотохимиялық реакциялар нәтижесінде қалыптасады: атмосферада азот оксидінің жоғары концентрациясы, көмірсутектердің болуы, күн радиациясы, желдің болмауы, жер бетіне жақын қабатта өте әлсіз ауа алмасу және инверсияның тәулік бойындағы қуатты ағымы.Тұрақты желсіз ауа райы инверсиямен жалғасады, яғни жауап қайтарушы заттардың концентрациясын тудыру үшін. Мұндай жағдайлар көбінесе шілде-қыркүйек айларында туады. Ашық әрі ұзаққа созылған жақсы ауа райында күн радиациясы азот диоксидінің молекулаларын азот оксиді мен атомдық оттегіге ыдыратады. Атомдық оттегі мен молекулалық оттегі озон түзеді. Азот оксиді көлік шығаратын олефиндермен реакцияласып, молекулалар бөлшектері мен озонның артық мөлшеррін түзеді. Диссоция нәтижесінде диоксидтің жаңа массалары ыдырап, озонның қосымша мөлшерін береді. Циклдық реакция пайда болады және оның нәтижесі артық озон жинақталады. Бұл процесс түнде тоқтайды. Өз кезегінде озон олефиндермен реакцияға түсіп, атмосферада түрлі асқынтотықтар концентрацияланады, олар фотохимиялық тұманның құрамындағы оксиданттарды түзеді. Оксиданттар бос радикалдардың пайда болуын қамтамассыз етеді, ал бос радикалдар болса өте жоғары реакциялық қасиетімен қауіпті. Мұндай тұмандар Лондон, Париж, Лос-Анджелес, Нью-Йорком тағы басқа Европы мен Америка қалаларының ауасында көп кездеседі. Өзінің физиологиялық әсерінен бұл заттар тыныс алу мүшелері мен қан айналу системасына әсер етіп, көп жағдайда денсаулығы нашарлаған қала тұрғандарының өліміне де алып келеді.
Табиғатты қорғау – осы ғасырдың проблемасы және ол әлеуметтік мәселеге айналды. Күннен күнге айналадаға ортаға төніп жатқан қауіп-қатерлер туралы естігінде оларды жағымсыз деп санап, мұның бәрі цивилизацияның шарттары, біз қалыптасқан ситуацияны шеше аламыз деп ойлайтындар арамызда аз емес. Дегенімен, адамның айналадағы табиғатқа әсері қауіп төндіретін масштабтарға жетті. Жағдайды түбегейлі жақсарту үшін ойластырылған мақсат қою тиіс. Егер біз ортаның қазіргі жағдайы жөнінде сапалы мағлұмат жинап, маңызды экологиялық факторларының өзара әрекетін білсек, жаңа табиғатқа зияны аз немесе мүлдем жоқ методтар іздеп тапсақ мүмкін біз табиғатты сақтап қаламыз. Бұл тек табиғат-ананы сақтап қалу емес, ол бізді, келешек ұрпақтарды, оларға қалдыратын мұраларды сақтап қалу. Біз – табиғат бөлігі емеспіз бе? Біз жер бетіндегі ең ақылды тіршілік иесіміз ғой, неге біз мұндай ақылсыз аяғы жердің шөл далаға айналдыратын жолды таңдадық деген сұрақ ойымнан кетпейді, толғандырады, біз өзіміздің мұқтаждықтарымызды қамтамассыз ету үшін табиғатты аяусыз қанаудамыз, антропогендік табиғат коплекстерінің аумағы ұлғаюда, шөл мен шөлейттер кеңеюде, Арктика мен Антарктиданың мың жылдық мұздықтары озон қабытының әлсіреуінің кесірінен еруі, күннің шамадан тыс жылуы, атмосферада ауыр металдардың, зиянды заттардың көбеюі, теңіз экосистемасының зардап шегуі. Бұл проблемалардың тек аз ғана тізімі. Негізінде олардың саны бірнеше есе басым. Қашан адамзат осыларды шешпесе де тоқтату үшін ауыз бірлікте бас қосады, ертең кеш болуы мүмкін!