Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 14:28, реферат
Атмосфералық ауаның құрамы мен функциясы. Атмосфера- әртүрлі газдардың қоспасынан, су буларынан және шаңнан тұратын, планетаның газ тәрізді қабығы. Жердің космоспен зат алмасу атмосфера арқылы жүзеге асады. Жер космостық шаң мен метеориттік материалды алып, ең жеңіл газдарды сутек пен гелийді жоғалтады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады. Атмосфераның негізгі құрамына азот, оттек, аргон және көмір қышқыл газы жатады.
Топырақ — сыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті — құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды.
Топырақтың құнарлылыгы дегеніміз — оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі.
Топырақ — барлық элементтердің
аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап,
сумен шайылып кетуден
Топырақ — барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық-түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екендігін айта келіп, К.Маркс, еңбек — байлықтың әкесі болса, топырақ — анасы деген.
Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі (гидропонды, пластопонды, аэропонды) топырақтың ролін дәл өз мәнінде орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өзідігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша жағдай жасау.
Топырақ — биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элементтеріне (атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климат пен ауа райы компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі антропогендік зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде.
Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударған- да — "төмендеу", "артқа кету" ) негізгі факторлары :эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.
Топырақтың қорғау мен
бақылау объектісі ретінде
Топырақтың ластануы – топырақта оған тән емес физ., хим., биологиялық агенттердің пайда болуы ж/е енуі немесе ол агенттердің конц. Қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық асып түсуі. Топырақтың биологиялық ластануы – ауру тудыратын ж/е де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің топырақта болуы. Физ. ластануы – радиоактивті заттектермен ж/е басқа физ. факторлардың әсерінен ластануы. Мыс: Уран кендерін ашық әдістермен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық ж/е қатты қалдықтар қалады.Хим. ластану – топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын хим. заттектердің жиналуы. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, А.ш. қолданылатын шөп жойғыштармен минералды тыңайтқыштар қалдықтар, жылу энергетика кешені атм. Жауын шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери өндірістік кешендер жатады. Түсті металл кендерін алу, байыту ж/е таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен ж/е қалдықтармен топырақ ластанады. Топырақ қабаты зиянды қалдық үйінді қоқыстармен көбірек ластанады. Топырақты ластаушы обьектілер: тұрғын үйлер ж/е тұрмыс қажетін өтуге арналған мекемелер(ластаушы заттар азық түлік қалдықтары, құрылыс ж/е жылу жүйелер қалдықтары т.б.) өнгдіріс кәсіп орындары өнеркәсіп орындарының қатты ж/е сұйық күйіндегі қалдықтарында әрдайым тіршілікке зиянды заттар ұшырасады. Жылу энегетика жүйесі – отын жандыру нәтижесінде: күл, шлактар, атм күйе, күкірт тотықтары ж/е жанбай қалған отын тозаңдары. А.Ш. – минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар пайдалану барысында сумен шайылып не буланып топыраққа зияны тиеді. Транспорт – іштен жану двигательдерінің жұмыс істеу барысында бөлінетін азот оксидтері, қорғасын,көмір окситтері ,көмір сутектері,топырақ бетіне қонып,өсімдіктер бойына тамырлары арқылы таралады да,жалпы айн. түсіп азық-түлікке қатысты дүниеліктерде зиянды болып табылады.
Реферат
Тақырыбы: Атмосфера және литосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфера мен адам өміріндегі маңызы.