Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 14:45, курсовая работа
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
КІРІСПЕ
1. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Педагогикалық технология, сын түрғысынан ойлау технологиясы ұғымдарына сипаттама
1.2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу жасау
1.3. Жаңа технологиялық сабақтың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы
2. АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ЖОБАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2.1. Сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы тіл дамытудағы озат ұстаздардың іс-тәжірибесіндегі көрінісі
2.2. Стратегияларды ана тілі сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың жолдары
2.3. Жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-
1.1. Педагогикалық
технология, сын түрғысынан ойлау
технологиясы ұғымдарына
1.2. Сын тұрғысынан
ойлау технологиясының
1.3. Жаңа технологиялық сабақтың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы
2. АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ЖОБАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2.1. Сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы тіл дамытудағы озат ұстаздардың іс-тәжірибесіндегі көрінісі
2.2. Стратегияларды
ана тілі сабақтарында қолдану
арқылы оқушылардың тілін
2.3. Жүргізілген
эксперимент жұмыстарының
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕ-А
ТІРКЕМЕ-Ә
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен. [6, 3 б.]. Біздер ұстаздар осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.
Еліміз болашақта
көркейіп өркениетті елдер қатарына
қосылуы бүгінгі ұрпақ
Осы орайда, Елбасы Назарбаевтің: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» [13, 3 б.] деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Тіл дамыту жұмысын
мектептерде белгілі бір
Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселерін атақты әдіскерлер ( К.Б. Бархин, Н.М. Соколов, М.А. Рыбникова, Е.И. Тихеев және т.б. ) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.
Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар ( П.П. Блонский, С.А. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Н.И. Жинкин және т.б. ) еңбектерінде қарастырылды.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселері М. Жұбанова, С. Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімов, Г. Уәйісов т.б. ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді. [43, 4 б.].
Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет – ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытуға жағдай жасау. Оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнының біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, жаңа технологиялар арқылы тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Сондықтан бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынандай қайшылықтар бар екендігі анық байқалады:
- Қазақстан Республикасының
жаңадан қабылданған «Бастауыш
білім беру тұжырымдамасына»
сәйкес бастауыш сыныптарда
- ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
- оқушылардың
тілін дамытуда сын тұрғысынан
ойлау жобасын қолданудың
Сол себептен, қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми – зерттеу жұмысымыздың мәселесі ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік және теориялық жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: « Ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту» деп таңдауымызға себеп болды. Осы қайшылақтардың шешімін табуда мынандай мақсат пен міндеттерді айқындадық.
Зерттеудің мақсаты: оқушының тілін дамытудағы сын тұрғысынан ойлау жобасынын қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- сын тұрғысынан ойлау технологиясының ғылыми теориялық негізін ашу;
- сын тұрғысынан
ойлау технологиясын
- сын тұрғысынан
ойлау технологиясының
- озат ұстаздардың
іс-тәжірибелеріне талдау
Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын ана тілі сабақтарында қолдану процесі.
Зерттеу пәні: мектептің оқу-тәрбие үрдісінде сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын пайдалану.
Зерттеу болжамы:
1. Егер бастауыш
сыныпта ана тілі сабақтарында
«сын тұрғысынан ойлау»
- оқыту үрдісін
ұйымдастырудың жаңа әдіс, тәсілдері
мен формаларын тиімді
- оқушыларды өз бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;
- берілген оқу
материалын толық меңгеруге,
Зерттеу әдістері:
Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; бастауыш сыныптағы оқыту процесін бақылау; алдыңғы қатарлы үлгілі ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау, талдау, салыстыру, қорыту; педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау; диагностика жасау.
Зерттеу көздері:
Тіл туралы заң, «Қазақстан-2030» стратегиясы, бүгінгі білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелері, озық технологиялық тәжірибелер негіз болып, педагогикалық, психологиялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалынды.
Зерттеу кезеңдері:
1 кезеңде (2004-2005)
зерттеу проблемасы бойынша
2 кезеңде (2005-2006)
жинақталған теориялық және
3 кезеңде (2006)
эксперименттік – тәжірибе
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. Ана тілі
сабағында оқушылардың тілін
дамытуда жүргізілетін
2. Бастауыш сынып
оқушыларының тілін дамытудың
моделі жасалды, негізгі
3. "Ана тілі"
пәні бойынша сын тұрғысынан
ойлау жобасының әдістемелік
жағы негізделді және ол
Зерттеу жұмысының практикалық мәні:
Ана тілі сабақтарында
сын тұрғысынан ойлау жобасын
қолдану арқылы оқушылардың тілін
дамытудың теориялық
Апробация: зерттеліп
отырған тақырып бойынша
Зерттеу базасы: Өскемен қаласындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 3 «б» сынып оқушылары.Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, теориялық және әдістемелік бөлімнен, қолданылған әдебиеттер, тіркеме, сонымен қатар қорытынды тараудан тұрады.
Публикуемый материал
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
23.09.2011 Просмотров: 202 Комментариев: 0
Мұғалімнің міндеті
– баланың өзіне деген сенімін арттыру,
өзін тұлға ре-тінде сезінетіндей мүмкіндік
ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала
әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз
сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан
ойлау технологиясының мені қызықтырғаны
баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын
тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы,
өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке
бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының
еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына,
достарының ойын тыңдауға, проблеманы
шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты
шешуге бағытталған бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта
оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,
өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып,
тұжырым жасау.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай
отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің
ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап,
салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп,
білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым
жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасау.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,
олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын
apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін
дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға
болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды
ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып,
шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке
ынталандырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты
барлық жастағы оқушыларға кез келген
мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым
бір пікірдің біреуін таңдауға саналы
шешім қабылдауға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының
талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың
білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа
баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада
дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір
тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған
ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс
ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне
сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге
жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға
асуы, қажетке жарауын қалыптастырады.
Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып,
ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын
тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын
ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен
түзіледі.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» технологиясымен жұмыс жасау
кезінде бұл сабақтар баланың танымдық
белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім
aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал
ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың
(сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп
жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің
тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын
баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі
және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру
оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының
арт-қандығының, адами жақсы қасиеттердің
қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық,
төзімділік сияқты сапаларымен қатар
оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну,
сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту барысында
келесі міндеттерді анықтадым.
Мазмұнға байланысты міндеттер:
1.Әңгімені оқып танысады.
2.Мазмұнын ашады.
3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары
мен ұқсастықтарын сипаттай алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан
ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және
сезімін ояту.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:
1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып,
ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін
тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін
бөлмеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың шығармашылығының дамуына
ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені
өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырамын.
Мысалы: «Ақымақ бота» әңгімесіндегі оқиғаны
оқушылар былай жалғастырған болатын:
« Шынар басқа ботамен дос болды. Ұлпан
ақымақ ботаны қуып жіберді, сен керек
емессің - деді Ұлпан. Ақымақ бота Шынарға
қайтып келді. Шынар есікті ашпады. Ақымақ
бота өзі жалғыз қалды.» Бұл сынды тапсырмалар
оқушылардың сөздік қорларын молайтып,
бала қиялын дамытады.
Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа
жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы
негізінде жүзеге асатын үрдіс.
Оқушы әректі:
1. Өз ойын еркін жазу.
2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу.
3. Бірлесе әрекет ету.
4. Өз әрекетін талдау.
5. Өз мақсатын анықтау.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі
зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар
көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс
істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке
жеткізуге ықпал етеді.
Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына
байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне
не түйді соны қағаз бетіне түсіреді.
Еркін жазу не эссе жазу: «Бай қайыр сұраған
адамға еш нәрсе бермеп еді, басына іс
түсіп, өзі де қайыр сұрап қалды.
Ал кедей оған жамандық тілеген жоқ, керісінше
байды аяды» ...
Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының
нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы
бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың
ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік,
шығармашылық қабілеттерін дамытатынына
көз жеткіздім.
Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының
стратегияларын пайдалана отырып, балалардың
ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын
ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға
мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс
оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп
келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып,
оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.