Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 17:48, курсовая работа
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ...................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6
1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9
1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................................14
2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20
3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25
3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................................................................................34