Касипкерлик қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 21:18, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын бизнес Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 17 жыл толған еліміздің дамуына шағын бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгей

Оглавление

Кіріспе
‌I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.
1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы.
1.3. Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.
II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.
2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы.
2.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.
Қорытынды
‌‌‌‌Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Жоспар шагин бизнес.docx

— 27.84 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

‌I Шағын бизнестің  экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері. 
1.1.  Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі. 
1.2.  Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы. 
1.3.  Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.

II. Қазақстан Республикасында  шағын бизнестің қазіргі кездегі  дамуы. 
2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы. 
2.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты. 
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.

Қорытынды 
‌‌‌‌Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе        

 Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасында шағын бизнестің  дамуы ең өзекті мәселелердің  бірі болып отыр. Шағын бизнес  Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 17 жыл толған  еліміздің дамуына шағын бизнесті  дамыту өте қолайлы. Сондықтан,  мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын  бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы  бір қатар әлеуметтік проблемаларды  шешуге негізделеді, соның ішінде шағын  бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын  құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету  деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген  ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне  сай келеді.

Бұл курстық жұмыстың міндеті:

  1. аймақтық экономиканы жандандыру;
  2. қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту;
  3. шағын бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру;
  4. Қазақстанда шағын бизнес қарқынды дамуына қол жеткізу.

Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасында шағын  бизнесті қолдау механизмін құру негізінде  шағын бизнесті қарқындап дамыту.

Шағын бизнесті дамыту саласында  Қазақстан авторларынан Мәуленова  С.С, Бекмолдин С.Қ, Құдайбергенов  Сәбденова Жанар Оралқызы, Көкшетау экономика және менеджмент институтының экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Нұрпейісова Жанат Нұрпейісқызы көп еңбек сіңірді.          Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономпкалық көзқарастары ғана карастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған.

Кәсіпкерлік туралы теориялық  концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары  Ричард Кантиллионның  еңбектерінде баяндалды.

1776 жылы Адам Смит  өзінің «Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.

Кәсіпкерлікті дамыту саласында  методологиялық дәрежеде шетелдік, атап айтқанда, американдық ғалымдармен  көптеген зерттеулер жасалған. Бұл  осы елдің шағын кәсіпкерлікті  дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін  көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар  және одардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы шағын кәсіпкерлікті  басқару проблемасын дамытушы Д.Лонгенеко (Longenecker Justin G.) У. Петти (J.William Petty), К. Моор (Саrlos W.Мооrе) сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.

Жалпы құрылымы бойынша менің  курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады:

1 бөлім – Шағын бизнестің  экономикалық мәні мен маңызы  және ерекшеліктері.

Бірінші бөлімде мен шағын  бизнестің экономиялық мәнін, Қазақстан  Республикасындағы шағын бизнестің  негізгі ерекшеліктерін қарастырдым.

2 бөлім – Қазақстан  Республикасында қазіргі кездегі  шағын бизнестің дамуы

Екінші бөлімде шағын  бизнестің даму этаптарын, оны ары  қарай дамытудың кешенді бағдарламаларын, шағын бизнесті несиелеу жолдарын қарастырдым.

Шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдау және дамытудың мемлекеттік  саясаты экономиканың әртүрлі салаларында  кәсіпкерліктің  даму  болашағын   анықтай   отырып  кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс — әрекеттеріне көңіл бөлінуі керектігі жайлы қарастырдым.

Қорытынды        

 Курстық жұмысымды қорыта келгенде, жұмыс барысында кәсіпкерлікті аймақтық басқару үшін аймақтық шағын бизнесті дамыту орталықтарын құру ұсынылады, олардың міндеттері мыналар: кәсіпкерлікті дамыту қорларын құру, жаңа кәсіпорын құру жөнінде кеңес беру арқылы көмек көрсетулерді ұйымдастыру, бизнес-инкубаторларын құру, бизнес-семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, пайдаланылмайтын алаңдарды сату бойынша теңдерлер ұйымдастыру және басқалар.

Жұмыс барысында кәсіпкерлікті  аймақтық басқарудың тиімді құралдарының бірі ретінде шет елде өзін-өзі  жақсы танытқан бизнес-инкубаторларды кең пайдалану ұсынылады, бұл  кәсіпорын құрудың, икемді әдістері мен тиімді жұмыс істеу жүйесі болып табылады.

Жаңа кәсіпорын құру процесі  — бұл кәсіпкерлік қызметіндегі ең көп жауапты және еңбек сіңіруді керек қылатын кезең, ол дұрыс  қызмет бағытын таңдауды, тиісті команданы  жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын  жерін таңдауды, бизнестің ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында  кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.

Болашақ кәсіпорынды бағаландыру  үшін жұмыс барысында оның тиімділігі тақырыбына қатысты келесі бағыттар бойынша тиімді кәсіпорынның негізгі  критерийлері дайындалды: саланың күйі мен нарық тауашасы, экономикалық көрсеткіштер, бәсеке қабілеттілік деңгейі, басқару командасының мінездемесі, жеке критериялар және стратегиялық мінездемелер. Мұндай талдау кәсіпорынды  келешектегі оның тиімділігі тұрғысынан бағаландыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жоғары әлеуеті табыстарға қол жеткізуге қолайлы мүмкіндіктер тудырады, ал кәсіпорынның әлеуеті  төмен болса, қандай да бір идеядан  бас тарту жолымен мүмкін болатын  сәтсіздіктерден құтылуға мүмкіндік  береді.    Жұмыс барысында шағын кәсіпорынның әртүрлі даму сатылары мен басқарудың ұйымдық қаржы ресурстарына деген қажеттілігін дәлме-дәл есептеуге ғана емес сонымен қатар келешекке болжам жасауға да мүмкіндік береді. Бұдан басқа қаржылық жоспар — несиелеу мен капиталды инвестициялау үшін қажетті алғашқы қаражаттардың бірі болып табылады, ол бизнестің тек пайызды төлеуге ғана емес, сондай-ақ қарыздарын қайтару үшін де жеткілікті пайда табу мүмкіндігін көрсетеді.

Осы жұмыс барысында қазіргі  замандағы әлемнің ең жоғары дамыған  елдерінің бірі — АҚШ-тың кәсіпкерлікті  дамыту бойынша 200 жылдан астам тәжірибесі талданып, қорытылды. Жұмыс барысында  бұл тәжірибелерді Қазақстанда  пайдалану жөнінде ұсынылған  ұсыныстар республикадағы өтпелі кезең  қиыншылықтарын жеңу және индустриалды дамыған елдер жолына шығу мақсатын көздейді.

Қорыта келгенде, шағын  бизнестің негізгі мақсаты —  халықты жүмыспен қамту, оның әлеуметтік меселелерін шешу, еңбекке деген  белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын  көп ассортименттегі тауарлармен, қызметтермен толықтыру. Қорытынды  ретінде, Қазақстан Республикасында  халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлі  жақсарту мен экономиканы дамыту секілді қиын да игі міндеттерді  атқара білетін бизнесмендер тобын  жетілдіруге алып баратын әрі  кәсіпкерлік қызмет саласын шабыттандыратын  кәсіпкерлікті басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудың  қажеттігін атап өтуді жөн көрдім.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының  «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы. Заң – 2006. №5, 4-20б.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы» Жарлығы.
  3. Қазақстан Республикасы президентінің 1997 ж. 13-наурыздағы «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен белсендіруді күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлығы. Казахстанская правда. – 1997ж. 13-наурыз, 2-3б.
  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030 Қазақстан халқына жолдауы.
  5. Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т.  Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері:  Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
  6. Сәбден О. Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару. –Алматы: «Білім», 2002. – 304б.
  7. Кошанов А.К. Казахстан на пути к рынку. – Алматы: Ғылым, 1991.
  8. Ермекбаева Б.Ж., Бурабаев О.Б., Құлжабаева М.Т. Жергілікті салықтар мен алымдар. Алматы, «Атамұра» баспа үйі. 1999. -103-105б.
  9. Шеденов Ө.Қ., Жалпы экономикалық теория.- Алматы 2001.
  10. Бажиева, Манабаева. ҚР-да шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы. ҚазҰУ хабаршысы – 2006. №4, 58-63б.
  11. Журавлёва М.Р., Малый бизнес.- Высшая школа Казахстана – 2004. №4, с.314-318.
  12. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесін құру туралы: Жарлық. Ресми газет 2005 -24 қыркүйек.
  13. Манақбай Т.   Кәсіпкерлік қаржылық қолдаумен дамиды  Егемен Қазақстан – 2006-06-02
  14. Б. Абдуллаева  Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару    Қаржы-қаражат – 2007. №1, 16-21б
  15. Мейірбеков Б.Қ.  Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау жолдары мен дамыту әдістері (Қазақстан Республикасының мысалында)  Алматы – 2004ж

 

 

 

 

 

 

 

Ұсақ бизнестің Қазақстанда қалыптасуы, дамуы. 
Республикамызда нарықтық қтынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі–шағын кәсіперлікті дамыту. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шараларды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітіледі: 
Ø Шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының саласында, кез келген меншік формасы негізінде құрыла алады. 
Ø өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін. 
Ø Ғылым мен ғылыми қызмет көрсетусаласында: жұмыскерлер саны 100 адамға дейі ;  
Ø Бөлшек сауда: жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін. 
Шағын кәсіпорындар, шаруашылық ассоцялары, ұжымдық, біріккен кәсіпорындар, мемлекеттік органдар құрады. Республикамызда шағын бизнестің экономикалық мәнің тереңнен түсінуге « Қазақ КСР –індегі шаруашылық қызметінің еркіндігі мен кәсіпкерлердің дамуы» туралы заңның қадылдануы жол ашты.Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық,әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап береді.Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: 
• Қазақстанда шағын кәсіпорындардың қолдау қорын құру; 
• Жеңілдік жағдаймен несиелеу; 
• Шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға көмек көрсету; 
Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тереториялық орталықтарды жатқызуға болады. 
Шағын бизнес мониторингі. 
Статистикалық тіркелім деректерінде Республика бойынша 2003 жылғы шілде айының 1 жұлдызына дейін кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 13,1% жоғары. 
Тіркелген кәсіпорындар 72,0% жұмыс істейтін кәсіпорындар. Белсенді жұмыс істейтін кәсіорындардың басым көпшілігі саудаға, автомобильді және үй мүліктерін жөндеуге маманданған, өйткені сауда қызметі мен белсенді кәсіпорындармен аса қолайлы. 
Дүние жүзілік практикада жалпы қабылданған кәсіпкерліктің даму деңгейінің көрсеткіші  
- шағын бизнес кәсіпорындардың 1000 тұрғынға шаққандағы саны.  
Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі әсіресе Алматы қаласы мен Астана қаласында (15,4) , сондай–ақ Маңғыстау (8,4) және Павлодар (6,5) облыстарында ас жоғары. Шаруа қожалықтары бойынша оң түстік Қазақстан, Алматы, (34) және Қарағанды(24) обылыстары көзге түседі. 
Шағын кәсіпкерлік базар қатынастрын ұдайы іске қосып отыратың ортаның нақ өзі экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен,базарлардың тауарлармен малығуына және жаңа жұмыс орындардың құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар меншіктің экономикалық дамуына оның тұрақтылық индикаторы есепті орта жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік 
міндетіне ;халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету және адамның өмірге нақ сезімен қарау мүмкіндігін артыру жактады. 
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесінің қалыптастыру әлі жүріп жатыр. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмыысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорндарды жатқызу құбылысы. Кәсіпорындардың кәсіпкерлеріне жоғары білімі бар және онысын жұмысында қолданады.  
Ең басты: шығын кәсіпкерліп саны өсіп келеді, өсіп келеді. Өсім соншалықты жоғары да емес, небәрі пайыздың бөлшегі ғана. 
Дегенмен, өсім бар. Ол 7 пайызды құрайды. 
1998-2003 жылдар ішінде ҚР –да жұмыс істеген шағын кәсіпорындар саны.(мың есебімен).   
Шағын кәсіпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымының қалыптаса бастаған аймағы . Алайда, заңды тұлғалардың жалпы соның 55 % ғана жұмыс істегенің айтпай кетуге болмайды. Заңды түрде тіркеліп , мерзімінде жұмыс істеген шағын кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында орналасқан. Мұнда 23144 кәсіпорынның 16037-і, яғни 69 пайызы жұмыс істейді. 
Тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеді.Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі амемлекеттік кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Шғын және орта кәсіпкерлік,әсіресе, агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс. Өткен жылдары еске алсақ, ауыл шаруашылық шикізаттың басым бөлігі риспубликадан тыс жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өнделіп, дайын өнім жоғары бағамен қайта әкеледі. Агроөнеркәсіптік кешен– экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл шаруашылығының, сондай –ақ ұқсату кәсіпорындардың үлесіне тиеді.Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар ауамағында тұратын адамдардың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. 


Информация о работе Касипкерлик қызмет