Инфляцияның экономикадағы мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 12:54, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды.

Оглавление

Кіріспе
Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.
1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері.
1.3 Инфляцияның түрлері.
ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары
2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары
2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы.
ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Инфляцияның экономикадағы мәні.doc

— 172.50 Кб (Скачать)


                               Жоспар

 

Кіріспе

 

Ι Инфляцияның  мәні, туу  себептері.

 

1.1 Инфляцияның  экономикадағы  мәні.

1.2 Инфляцияның  пайда  болу  себептері.

1.3 Инфляцияның  түрлері.

 

ΙΙ Инфляцияны  ауыздықтау  және  тоқтату  жолдары

 

2.1 Инфляцияның  зардаптары  және  оны  азайту іс-шаралары

2.2 Табыс – инфляциясымен  күрестің  басты  құралы.

 

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның  ерекшеліктері  және  инфляцияға  қарсы  саясат.

 

Қорытынды

 

Қолданылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе  

          

     Қазіргі  кездегі  ауқымды  өзгерістер  кезеңі  қоғам  өмірінің  барлық  саласын  жан-жақты  қамтуда экономика  мен  экономикалық  теория  бүгінгі  күндерде  қоғамды  дамытудың  басты  пәрменді  күші  болып  отыр. Экономикалық  құрылымы  өте  күрделі  және  экономика  ғылымы  эволюциялық    жолмен  дамып , болжамдарды  жалғастырып  келеді. Экономика соныменқатар  қоғам  өмірінің  көптеген  мәселелерін  қамтиды. Әсіресе  ,  соның  ішінде  баға , табыс , жұмыссыздық  және  тағы  басқа  құбылыстардың  өзгерісімен тығыз  байланысты . Қазіргі  күндері  экономиканы  біріншіден - өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын  түсіндіру  және  жазу  үшін , екіншіден – экономикалық  тәртіпті  негіздеу  үшін  қолданылады.

               Экономиканың  өзін  макроэкономика   және  микроэкономика  деп  екі  салада  қарастырамыз. Бұл екі  сала  өзара  бір – бірімен  тығыз  байланысты  болады. Міне, осы  макроэкономика  саласының  күрделі  мәселелерінің  бірі - инфляция  болып  табылады.

               Инфляция  адамзат  тарихында  жаңа  құбылыс  емес. Оның  бай  тарихы  бар 1775 – 1783  жылдары  Солтүстік  Америкада  тәуелсіздік  үшін  болған  соғыс  доллардың  құнсыздануына әкеліп  соқтырды. Франция  1789 – 1794  жылдары  революция  кезінде  ендірілген  қағаз  ақшалар  7  жылда  883  есе   құнсызданды.

               Алғашқы  рет  ″ инфляция ″  деген  ұғым  ақша  айналымына  қатысты  АҚШ – та  Азамат  соғысы  кезінде  / 1851 – 1865 ж.ж / орасан  зор  гривналар  /ақша  орнына  қолданылған  күміс  кесек  450  млн  доллар / шығарылуына байланысты  қолданыла  бастады, ал оның  төлем  қабілеті 2  жылдың  ішінде  60 %  -ке дейін  төмендеді.

              Инфляция  тек  қағаз  ақшаға  тән  және  ол экономиканың  кез – келген  үлгісінде  орын  алады,  көбінесе  инфляция  айналымдағы  ақшаның   көбеюімен  бейнеленеді. Бірақ  кейде, инфляциялық  ахуал, айналымдағы  ақшаның  саны  бір  қалыпта  қалған  күнде – де  туады. Мысалы, егер  елде  тауар  өнімінің  көлемі  азайып  кетсе, онымен  тікелей  байланысты  тауар  айналымының  да  көлемі  азаяды. Олай  болса , оларға  жұмыс  жасайтын  ақшаның  да  саны  азаяды. Сөйтіп , дәл  осы  кезде  айналымда  жүрген  ақшаның  кейбір  бөлігі   артық  болып  шығуы  мүмкін . Тап  осындай  жағдай  ақша  айналымы  жеделдетілсе де  туады. Ақша  айналымын  жеделдету , басқа  жағдайлары  бірдей  болғанда, айналымға  қосымша  ақша  шығарғанмен  бірдей.

                 Сонымен   инфляциялық  ахуал  көптеген  себептердің  әсерінен  тууы  мүмкін. Осы  себептерді  екі  топқа   бөлуге  болады :

 

 

 

1.            Ақша  айналымымен тікелей  байланысты  себептер 

 

                              Айналымға  бюджеттің тапшылығын  жабу  үшін , тауарлық  ресурстармен  қамтамасыз  етілмеген  тым  көп  қолма – қол  ақша  шығару;

                              Айналымға  қолма – қол  емес  ақша  шығарумен  байланысты , шаруашылыққа  шамадан  тыс  көп  несие  беру;

                              Ұлттық  валютаның  бағамын   бір  деңгейде  ұстау  үшін  Ұлттық  банктің , басқа  елдердің, еркін  айырбасталымды валюталарын   сатып  алу  немесе  сату.

 

2              Ақша  айналымы  мен  жанама  байланысты  себептер

 

                              Шаруашылықтың  үйлесімді  өркендеуінің  бұзылуы ;

                              Шаруашылықтың   шығынды  тетігі ;

                              Салық  саясаты ;

                              Баға  саясаты ;

                              Мемлекеттің  сыртқы  экономикалық  қызметі 

     

                    Бір  қарағанда   екінші  топта   келтірілген  себептер инфляциямен  байланысы  жоқ  сияқты   болып  көрінеді , бірақ  бұдардың  әрқайсысы  айналымдағы  ақшаның  жинағының  өзгеруіне  әсер  ете  алады , сөйтіп   инфляциялық  ахуал  туғыза  алады. Мысалы , шектен  тыс  жоғары   салықты  өндіріс  пен  тауар  айналымының  өсуін  ынтымақтандырмайды , керісінше , инвестицияның  белсенділігі  төмендейді , соның  нәтижесінде өндіріс   көлемі  де , тауар  айналымы да  азайып , айналымда  артық  ақша  пайда  болады.

                Макроэкономикалық   құбылыстарға  басты  себептер   ұлттардың  табысқа  жету – жетпеуіне  байланысты  болады.

                    Ұлттар  өзінің   экономикалық   жағдайындағы  шығындар, салықтар, ақша  айналысындағы  өзгерістеріне  экономикалық  саясат   арқылы  әсер  етеді.

                     Өсудің  тенденциясын   анықтау  көрсеткіші  үшін  өндірістің  потенциалдық  көлемін, яғни  оның  мүмкіндігінің  минимумын  алады.

                      Өндірістің  потенциалдық   көлеміне  жету – жұмыспен  қамтамасыз  етуге , инфляцияның  ұлғаюына  байланысты, жұмыссыздық  көбейген  кезде  инфляция  төмендейді. Сонымен  қатар, соңғы  уақытқа  дейін  біздің  санамызда  ″ инфляция ″  ұғымы  капитализмнің  келелі  ретінде  орнықты. Құн  заңы  әрекетімен  анықталатын   тауар  ақша  қатынастарының  болуы  инфляциялық  процесстерді  тудырады. Инфляцияның  себебі, әрекет  ету  механизмі, көрінуі  және  оның  зардаптарымен  күресу  жолдары  бұрын  соңды  біздің  елде  зерттелмеген.

                    Қазіргі  кезде  ол  барлық  жұмысшы   күштерінің  6 % -тін  қамтиды.

                    Сонымен  инфляция  дегеніміз - / латын  сөзінен  алғанда  inflatio/ қағаз  ақшаның  құнсыздануына  байланысты  болатын   әлеуметтік – экономикалық   құбылыстар   жиынтығы, басқаша  айтқанда  айналыстағы  ақша   өлшемдері  қосындысынан  артып  кетіп , осының   нәтижесінде  тауарлармен  қамтамасыз  етілмеген  ақшаның  пайда  болуы  инфляцияны  білдіреді. Оның  мәнін  түсіну  үшін  10 млрд  алтын   доллар  керек  екен , ал  қағаз  ақша  20 млрд  доллар  шамасында  шығарылды  делік. Мұның  өзі  қағаз  доллардың  екі  есе  құнсыздануына  әкеліп  соқтырады. Инфляция жұмысшылардың   жағдайына  зардапты  ықпалын   тигізеді. Себебі , тауар  бағасы  бірнеше  есе  өседі, ал  мемлекет жалақыны  бұрынғы  дәрезесінен  арттырмауға  тырысады. Ақшаның  құнсыздануы , халықтың  әл – ауқатының  дәрежесін  төмендетуге  әкеп  соқтырады.

             Инфляциядан  өндірісте  біраз  зардап  шегеді. Инфляцияның  деңгейінің  көтерілуіне  байланысты  еңбекке  деген  ынта  да  бұзылады. Инфляция  тауар  тапшылығының  басты  себебі  бола  тұрып  таур  азық – түлікті  белгіленген  норма  бойынша  бөлуге  мәжбүр  етеді.

               Инфляция  қағаз  ақшалардың  алтынмен   салыстырғанда   құнының  төмендеп   кетуінен  туады  да,  товар  бағасының  көтерілуіне  әкеліп   соғады.

               Егер  қағаз  ақшалар  товар  айналысына  қажетті   мөлшерде  шығарылатын  болса, онда  бұл  ақшалардың  нақтылы   сатып  алу  қабілеттілігі  олардың  мазмұнына  сәйкес  келетін  болады.Осылардың   нәтижесінде  девальвация  және   ревальвация  деген  ұғым  бар.

 

                     Девальвация   дегеніміз – қағаз  ақшаның  ресми  құнының  өзіне  тұрақты  қалпына  келтіру. Ол  үшін  бағасы  төмендеп  ақшаларды  айналыстан  шығарып  оның   орнына  толық  құнды  кредит  билеттерін  шығару / яғни  бұл  ашық  девальвация /. Айналыстағы  қағаз   ақшаның  ресми  құнының  төмендету  бұны  бүркемелі  девальвация  мақсатымен  ақша  реформасын  жүргізу. Ұлттық  ақша  өлшемінің   алтындық мазмұнын  кеміту  және  шет  ел  валюталарымен  қатынас  курсын  төмендету.

 

                  Ревальвация  дегеніміз – ақша  курсын  көтеру. Алтын  немесе  шет  ел  валютасымен  салыстырғанда  мемлекеттік  қағаз  ақша  курсның   өсуі. Ревальвация – ақшаны  тұрақтандыру , бағаның  инфляциялық  өсуіне  қарсы  ықпал  етудің   белгілі  бір   әдісі.

                 Шет  ел  мамандары   инфляцияның  өсу  қарқынына  байланысты  оны  3 түрге  бөледі :

 

1. Баяу  және  сұлама  инфляция

2. Қарқынды инфляция

3. Ұшқыр инфляция

 

            Баяу  инфляция  кезінде  баға  жай  өседі  де / жылына 10 %-тен аз /  ақша  негізінде  өз  құнын  сақтап  қалады. Мұндай кезде халық  та, мемлекет те төтенше  жағдайда  тап  болмайды.

 

           Қарқынды инфляция  кезінде  баға  жылына 10 – 20 –дан 200 % - ке  дейін  өседі. Соның  салдарынан  жалақы  өсіп, ол  одан  әрі  өсуіне  әкеп  соқтырады.

 

           Ал  ұшқыр  инфляция кезінде  ақшаның саны  мен  баға  астрономиялық  қарқынмен  / 1000 % -тен  жоғары / өседі. Баға  мен  жалақының  арасы  алшақтап , бай  адамдардың  да  тұрмыс  жағдайы, тіршілігі  қиындай  бастайды.

           Шет ел  нарықта  болатын  инфляциялық  тепе – теңдік формаларына  байланысты   инфляцияны  ашық  және  басылыңқы  деп  бөледі. Еркін  баға  белгілеу  экономикасына тән  ашық  инфляция  бағаның  тауарлар  мен  қызметтерге  созылмалы  артуы  түрінде   көрінеді. Ашық  инфляция  кейбір  тауар  нарығындағы  бағаның  оқтын – оқтын  төмендеуімен  немесе  оның  өсуінің    баяулауымен  сыйса  береді.Ал  ол  ашық  инфляцияның нарық  механизмін  едәуір  бұрмалағанымен   әйтсе  де  оны  толық   бүлдіре  алмайтын   көрсетеді.

              Жасырын  инфляция  деп  аталаын  басылыңқы   инфляция   реттелмелі  бағалар  қолданылатын  экономикаға  тән , ол  тауар  тапшылығында , өнімніңсапасының  нашарлауында, амалсыздан  ақша  жинақтауда  астыртын  экономикада  көрінеді. Егер біздің  осы  уақытқа  дейінгі экономикамызды  алсақ, онда  ұзақ  жылдар  бойы  басылыңқы  инфляция  жағдайында  болды. Және  болашақ  экономика  үшін  бұл   қауіпті  емес, одан әлі  де  болса  құтылуға  болады / 1993 ж  дейінгі / .

                Сұраным  мен  ұсынымға  байланысты  инфляцияны екі  типке  бөлуге  болады :

               1.Сұраным  инфляцияциясы

               2. Ұсыным  инфляцияциясы

Сұраным  инфляцияциясы – нарықтық  байланыстарда  монополизм  мен  әкімшілдік  - әміршілдік  басқару  жүйесінің  ұзақ  үстемдігі  болған  жағдайда  да  орын  алады.

Ұсыным инфляцияциясы - өндіріс  шығындарының  өсуінің  немесе  жиынтық  ұсынымның   нәтижесінде  болады. Тағы  ұсыным  инфляцияциясы  ұсыным  мен шығындарды  өзгерту  нәтижесінде  болуы  мүмкін.

          Ұсыным  инфляцияциясының  екі  түрі  бар:

  1) Жалақының  өсуі  әсерінен  болатын  инфляция

  2) Ұсыным  экономикасы  механизмінің  бұзылуы  нәтижесінде  пайда  болатын  инфляция

 

             Инфляцияның  сипаты   қоғамдық  ұдайы  өндірісті   дамыту  барысында  елеулі  түрде  өзгереді. Осыған  байланысты  инфляцияны  кейбір  елдерде  орын  алатын  жергілікті   инфляция, барлық  елдерді  қамтитын  бүкіл  әлемдік  инфляция, елде  бір  ішкі  экономикалық  факторлардың  әсерінен  болатын  индуцироланған  инфляция , мөлшерден  тыс  несие  экономикасынан  туындайтын  несие  инфляциясы , сыртқы  себептерден  туындайтын  сырттан  әкелінген  және  сыртқа  шығарылатын  инфляция, инфляциялық  процестің  бір  қалыптылығы  еместігімен  байланысты  болатын  сатылы  инфляция  деп  ерекшеленеді.

Инфляцияны  бағалау   және   өлшеу  үшін  бағалар  индексінің  көрсеткіші  пайдаланады. Бағалар  индексі  тұтыну  тауарлары  мен  қызметтердің  белгілі  бір  жиынтығының  сатып  алу  бағасы  мен  базалық  кезеңнің  бағасы  арасындағы  арақатынасты  өлшейді. Ағымдағы  жылдың  ,

бағалары  индексінен  өткен  жылдың  бағалары   индексі  шегеріліп, өткен  жылдың  бағалары   индексіне  бөлінеді, сонан  соң  жүзге  көбейтіледі :

 

  

Инфляция  қарқыны = Iб1 – Iб0 ⁄ Iб0 *100

 

             Қазақстанда  тұтыну  тауарларының  бағасы  мен   қызметтер көрсетудің  тарифтері  өткен  жылға  қарағанда  былайша  өсіп  отырады ( есе ) :

1990 – 1; 1992 – 2,5 ; 1993 – 30,6 ; 1994 – 22,7 ; 1995 – 1,60 ; 1996 – 1,39 ; 1997 – 1,17 ; 1998 – 1,07 ; 1999 – 1,18 ; 2000 – 1,13.

Инфляциялық  процестің  қуаттылығын  бағалауды  және  инфляцияның  түрлерін  мынадай  критерийлер  ажыратылады  бағалар  өсуінің  қарқыны  бойынша  :

 

                                                Баяу – бұл  кезде  ақшаның  номиналдық  құны  сақталады, кәсіпкерлік  тәуекел  болмайды.

Информация о работе Инфляцияның экономикадағы мәні