Инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 09:24, реферат

Краткое описание

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .

Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.

Файлы: 1 файл

Инфляцияның мәні.doc

— 73.00 Кб (Скачать)

2003 жылдың 15 қарашада  Қазақстанның ұлттық валютасы  өзінің 10 жылдығын атап өтті. Бұл  уақыттың ішінде ол дүнйежүзілік  ақшалардың ортасынан өзінің  елеулі орнын алды.

 Теңге- біздің  экономикамыздың күре тамыры, оның  күйі экономикамыздың жағдайын  толық сипаттайды. 10 жылдан астам  уақытта балалық ауруларынан  аман өтіп басқа валюталардың  жүзден астам жыл өткен жолын  өтіп тұрақтанды, барлық елдер  мойындады.  
 

 Инфляцияның түрлері. 

 Соңғы кездерге  дейін дүниежүзілік шаруашылықта  инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға  байланысты пайда болатын еді.  Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер  әскери шығындарын жабу үшінкөп  көлемде қағаз ақшаларды шығаруға  мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

 Шет ел  мамандары инфляцияның өту қарқынына  байланысты оны үш түрге бөледі: а) баяу немесе сұлама инфляция, б) қарқынды инфляция , в) ұшқыр  инфляция.

 Баяу инфляция  кезінде баға жай өседі де, ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20 дан 200%-ке дейін өседі. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астропологиялық қарқынмен 1000%-тен жоғары. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың (өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің ) да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды.

 Шет ел  нарықта болатын инфляцияның  тепе-теңдік формаларына байланысты  инфляциясы ашық және Басылыңқы  деп бөледі. Еркін баға белгілеу  экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді.

 Жасырын инфляция  деп аталатын басылыңқы инфляция  реттелмелі бағалар қолданылатын  экономикаға тән, ол тауар тапшылығында , өтімнің сапасының нашарлауында, амалсыздап ақша жинақтауда, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді .

 Басылыңқы  инфляция өнім сапасының төмендеуімен  ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртып  экономиканың, бартерлік келісімнің  дамуымен көрінеді.

 Инфляция  күтілетін және күтілмейтін инфляция  болады.

 Күтілмейтін  инфляция – бұл белгілі бір уақытқа, болжалайтын инфляция.

 Күтілмеген  инфляция – бұл кенеттен өсуімен  сипатталады. Бұл ақша айналымына, салық жүйесіне нұсқан келтіреді. 

 Шетелдік  экономистер сұраным мен ұсынымға  байланысты инфляцияны екі типке  бөледі:

 а) сұраным инфляциясы,

 б) өндіріс  шығындарының өсуінің немесе  жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде  болатын инфляция.

 Сонымен,  инфляция көрінісінің келесі  түрлері мен формалары болады:

1.Бағаның өсу  қарқынына қарай:

- Баяу инфляция  – бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны он пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсумен сипатталатын инфляция.

- Орташа инфляция  – баға өсінің орташа жылдық  қарқыны 10-50 пайызды құрағанда,  баға өсуінің секірмелі түріндегі  инфляция.

- Қарқынды инфляция  – бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляцияы, бағалардың өсуі жылына жүз пайыздан асады.

2. Пайда болу  сипатына қарай:

- Әкімшілік  инфляция - «әкімшлікті» басқарулы  бағалардан туындаған бағаның  өсуі мен пайда болатын инфляция.

- Шығын инфляциясы  – ресурстар мен өһндіріс факторларына бағаның өсуі мен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығынлар мен тауарлардың бағалары өседі.

- Сұраным инфляциясы  – ұсынысқа қарағанда сұраныстың  көп болуы мен, яғни тауарлар  мен қызметтердің өсуіне қарағанда  халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.

- Ұсыным инфляциясы - өндірісті к ресурстарды толық  пайдаланбаған жағдайда өнджіріс  шығындарының өсуі мен байланысты  бағалардың өсуінен туындайтын  инфляция.

- Импортталған  инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция.

- Кредиттік  инфляция – шамадан тыс кредиттік  экспансиядан туындаған инфляция.

3. Инфляция формаларының  көрінісі бойынша.

- Ашық, яғни  тауарлар мен өндіріс ресурстар  бағаларының еркін өсу есебінен  болатын инфляция.

- Жасырын –  мемлекеттің бағаларды бұрынғы  деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса  жүретін тауар тапшылығынан туындаған  инфляция.

 Инфляцияның  даму факторлары және оның  салдары.

 Инфляцияның  даму факторлары әр-түрлі, олар  ішкі және сыртқы, ақшалай және  ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес- шығын инфляциясын білдіреді.

 Бұл екеуі  де ішкі факторға жатады. Ақшалай  факторларға мемлекеттік бюджеттің  тапшылығы, ақша белгілерінің  эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың өсуі т.б жатады. Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі, экономиканың циклдік дамуы, директивалық бағаның түзелуі жатады.

 Инфляция  факторларын былайша топтаймыз:

-ұдайы өндірістік  факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды.

-қазыналық факторлар-  ақша эмиссиясы есібінен бюджеттік  тапшылықты жабу, жанама салықтардың  өсуі.

-ақшалай факторлар-ұлттық  валютаның валюталық бағамының  құлдырауы үнемі сипат алып  отырады.

-сыртқы факторларға-  экспорттың артуынан шетел валюталарының  түсімінің ұлғаюы. 
 

 Қазақстандағы  инфляция жағдайы және оның  салдары. 

1992 жылға дейін  Қазақстан Республикасында жасырын  инфляция орын алып келді, ол  біртіндеп ашық сипат алып  жоғарылай отырып гиперинфляция сипатын алды. Солтүстік Қазақстан облысындағы инфляция динамикасы келесідей: 1992 жылы – 3060,8;

1993 жылы - 2417,4; 1994 жылы – 1308,5; 1995 жылы – 150,2;

1996 жылы –  128,4; 1997 жылы - 114,1; 1998 жылы – 99,1;

1999 жылы-121,3 %; 2000 жылы – 110,8 %:

 Қарастыралған  кезеңдегі облыстық ИПЦ көрсеткіші 1995жылы , 1996жылы және 1998 жылдары ғана  Республикалық көрсеткіштен төмен  болды. Инфляция философиясы мынада, ұдайы өндіріс процесінің тежелуінде  экономиканың бас көтеруінің  уақытша факторына айналатындығында. Экономикалық өсудің қарқынына төмендеп, пропорциясы бұзылады, қаржылық валюталық және ақша – несие механизмі босаңсады,әлеуметтік – экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Ол халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшінің ұдайы өндіріс жағдайын қиындатады, экономикалық қылмыс пен көлеңкелі экономиканы және т.б активтелді.

 Инфляция  жағдайында несие беруші банкілер  мен мекемелер жоғалтулар жүктейді. Әлеуметтік салдары ретінде ол  ұлттық табысты қайта бөлуді  жүргізеді, және тауарлар мен  қызметтерге бағаның кенеттен өсуінен нақты, сондай – ақ номиналды еңбекақының өсу қарқынының қалуына мүмкіндік жасайды. Инфляциядан жалдамалы жұмысшылардың барлық категориялары; бос маманды тұлғалар, зейнеткерлердің табысы инфляция қарқынына қарағанда өз мөлшерде жоғарылайтындықтан зиян шегеді.

 Орталықтандырылған  экономиканы реформалау жағдайында  инфляцияны басқару апробировалық  сияқты инфляция табиғатын, оның  болу себептері мен шараларды  қолдануды жөн көреді.

 Көптеген  елдердің экономикасында кейде  мынадай жағдай қалыптасады, бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың мұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Көптеген зерттеушілер стагфляцияның болу себебін инфляциялық күтумен байланыстырады. Сұраным инфляциясы жағдайында өндіріс факторларының қожайындары өздерінің табыстарының инфляцияға байланысты азаюының мүмкін екендігін ескере отырып өздерінің қызметтерінің құнын көтере бастайды.

 Бұл өндіріс  шығындарының өсіне және жиынтық  ұсынымның азаюына себеп болды.  Нәтижесінде стагфляцияға тән бір мезгілде бағаның өсуі және өндіріс көлемінің төмендеуі орын алады.

 Стагфляция  себептері туралы теориялық даудың  тәуелсіз Қазақстан мемлекеті  үшін де үлкен практикалық  маңызы бар, себебі біз қазірде  терең стагфляция жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Мамандардың пікірінше, стагфляцияны сәйкессіздіктер диспропорциялар, қалыптасқан басқару нысаны, тағы басқа жағдайлар тудырады. Мысалы, ішкі сомдық аймақта төлем дағдарысынан туындаған өнім өткізу дағдарысы халық шаруашылығының құлдырауына әкеліп соқтырып отыр. 1992 - ші жылдың шілдесінен бастап Россияның орталық банкісі мемлекеттер арасында төлем айыруларды ұлттық банктердің бір тұтас есебі арқылы өткізуді жүзеге асыруы, шын мәнінде есеп айырысудың күрткідіруіл туғызды және іс жүзінде сом аймағының ыдырауын бастап береді. Бұндай жағдайда, дағдарыстан шығу үшін ақша бірлігінің теңгермелілігі мен тұрақтылығы, оған деген сенімді нығайту қажет. Онсыз құнсызданған Ресейдің ақша бірлігі – рубль барған сайын бартерлік айырбаспен немесе халықаралық айналыс құралы қабілеті бар валюталармен ығыстырылады, ал рубльды ондай валютаға айналдыру өте күрделі мәселе. 

 Қорытынды 

 Инфляция  әлеуметтік-экономикалық құбылыс.  Оның қоғамға әкелетін зардаптары  мен салдары әр ел экономикасында  күрделі мәселелерді тудырады.

 Инфляция  ең алдымен бағаның өсуіне  соның нәтижесінде сұраным мен  ұсынымның теңсіздігі пайда болуына  байланысты.

 Инфляция  – сұранымға қатысты ұзақ уақыт  теңсіздік нәтижесінде елдегі  жалпы баға деңгейінің өсуі, яғни  инфляция жиынтық сұраным мен жиынтық ұсынымның сәйкес келмеуі.

 Енді осы  жұмыста жазылып өткен тауарларды  қорытындылар болсақ, жиынтық ұсыным  қисық сызығына келешектегі инфляцияда  кіреді. Инфляция орын алған кезде,  жалақы тез өседі, сөйтіп жиынтық  ұсыным қисығын жоғарлатады.

 Инфляция жалақы өзгергенде, яғни ол жаңадан бекітілген жалақы ретінде бағаға енеді. Инфляция жиынтық ұсыным қисығында баяу жұмыс атқарады. Сондықтан бұл процесс инфляциялық енжарлықты көрсетеді. Қазіргі нарықты экономика жағдайында экономикалық өсуді жоғарлату мақсатында жүргізіліп отырған саясаттардың бірі осы инфляция процестерін реттеу болып отыр. Бұл бағытта еліміздің Үкіметі, Ұлттық Банк, Қаржы министірлігі бірігіп жұмыс жасауға және ол жұмыстарының нәтижесі бар. Инфляция деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама төмендеген .  

Информация о работе Инфляция