Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 15:10, доклад
Жиырмасыншы жүзжылдықтың соңғы отыз жылдағы Қазақстан Республикасында қоғам өміріндегі айтарлықтай өзгерістермен ерекшелінеді. Адамдық қоғамның кейіпі танымастай өзгереді. Еңбек құралдарымен затының, транспорт құралдарының және байланыс құралдарының жаңа дәуірі пайда болды. Еңбекті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа формалары кәсіпорындардың, салалардың түрлердің және өндірілетін, өндірілмейтін еңбек түсініктерін айтарлықтай өзгертті. Қоғамдық құрылымдар мен институттар айтарлықтай қайта құруға, жаңаруға немесе қайта пайда болуға тап болды:
- меншік қатынастары;
Индустриалды-инновациялық дамудағы мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру
Көлбаева А.А. МЭК-011 - тобының магистранты
В статье рассматриваются проблемы индустриально-инновационного развития предпринимательства и пути совершенствования государственного регулирования
In article problems of industrially-innovative development of business and a way of perfection of state regulation are considered.
Жиырмасыншы жүзжылдықтың соңғы отыз жылдағы Қазақстан Республикасында қоғам өміріндегі айтарлықтай өзгерістермен ерекшелінеді. Адамдық қоғамның кейіпі танымастай өзгереді. Еңбек құралдарымен затының, транспорт құралдарының және байланыс құралдарының жаңа дәуірі пайда болды. Еңбекті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа формалары кәсіпорындардың, салалардың түрлердің және өндірілетін, өндірілмейтін еңбек түсініктерін айтарлықтай өзгертті. Қоғамдық құрылымдар мен институттар айтарлықтай қайта құруға, жаңаруға немесе қайта пайда болуға тап болды:
- меншік қатынастары;
- өндірісті реттеу және ҚР-ның ұлттық байлығын бөлу механизмдері.
Соңғы он жылда Қазақстанда, басқа да ТМД республикаларындағыдай технологиялық деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді, ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.
Ғылым, ғылыми-техника және инновациялық іс-әрекеттер сферасындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің ең басты жайттарының бірі ҚР-ның «Ғылым туралы» және «Инновациялық іс-әрекеттер туралы» заңдар жобаларын талқылау болып табылады. Көрсетілген заңдарды қабылдау елдегі жүргізіліп жатқан ғылыми-техникалық және инновациялық іс-әрекеттердің нарықтық қатынастарға бейімделуі үшін жағдай жасайды, дамудың нормативтік-құқықтық базасының өзара байланысқан жүйесін құрайды.
Бүгінгі күнде Қазақстанда экономиканың дамыған мемлекеттер экономикасынан ерекшелігі, оның маңызды кемшілігі экономикасының үш деңгейлілігі. Бізде екінші, үшінші, төртінші деңгейге жататын өндіріс әрекет етеді. Олар бұрынғы әскерей-өнеркәсіптік кешен салдарында, жеке машина жасау кәсіпорындарында, атомдық энергетикада әрекет етеді. Егер Қазақстанның экономикасының техникалық деңгейін сандық қатынаста бағалайтын болсақ, онда үшінші деңгей басым келеді. Оның ЖІӨ-гі үлесі 50-60%, екінші деңгейдегі кәсіпорындардың қосқан үлесі-10%-дан аспайды, ал төртінші деңгейі-30%-дан аспайды.
Осыған байланысты мемлекеттің экономикалық қуатын нығайту, оның халықаралық беделін көтеру, елдің тәелсіздігін нығайту қажет. Бұл, ең алдымен ғылыми-техникалық потенциалдың жай-күйі мен даму деңгеіне байланысты және ғылыми, технологиялық жетістіктерімен анықталады. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін пайдалану, инновациялық жобаларды ендіру Қазақстан Республикасының экономикасының тиімділігінің жоғарлатудың маңызды факторы және халықтың өмір сүруін жақсарту болып табылады.
Индустриалық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту үшін мыналар көзделеді:
- индустриалық-инновациялық инфрақұрылым (индустриалық және арнайы экономикалық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар) қалыптастырудың және дамытудың бірыңғай саясатын әзірлеу;
- арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды құру мен орналастыру мәселелеріне жүйелілік беруге бағытталған «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын қабылдау;
- 2007-2009 жылдар ішінде құрылатын индустриалдық аймақтардың тізбесін айқындау;
- басым бағыттар бойынша, оның ішінде халықаралық қатысуымен мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы «технологиялық парктер» мен «тиехнологиялық бизнес-инкубаторлар» желісін одан ары дамыту;
- жер учаскелерін бөлу, осы қызметтүріне арналған инвестициялық преференциялар беру жолымен индустриалық аймақтар, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар құруға жекеменішк бизнесті тарту жөнінде шаралар кешенің әзірлеу;
Ғылыми-техникалық әлует кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркейудің негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтанда бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал, мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясат – ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Ал бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі бас мақсаты.
Қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпте жаңалық тар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік, акті, үкімдер бойынша жүзеге асырылады.
Барлық елдерде инновациялық саясаттың қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлар әсер етті:
1. Экономикалық дамудың баяулауы;
2. Энергетикалық кризистердің дамуы;
3. Жаңа технологиялардың дамуы мен кең мүмкіндіктері;
4. Инновациялардың эконгмика үшін зор маңыздылығын түсіну,
Қазір, мемлекет инновациялық процестердің координаторы, ынталандырушысы ролін атқарып жатқанда, ғылыми-техникалық және технологиялық саясаттың тапсырмалары мынадай:
- ғылыми-техникалық және инновациялық саланы заңды шаралар негізінде қолдау, қорғау;
- өнеркәсіп пен ғылым арасындағы байланысты күшейту, инновацияларды өнеркәсіпке енгізуді жылдамдату;
- ғылыми-технологиялық даму бағытын реттеу, перспективті стратегиялық салалардың дамуына жағдайлар жасау;
- ғылыми-технологиялық зеріттеулерге, инновациялық процестерге мемлекет тарапынан қаржыландыру жолдары мен формаларын ұйымдастыру, инвестициялар бағыттауды қолдау, ынталандыру;
- ғылым саласындағы білім беру, мамандандыру мәселелерін шешу, жоғарғы оқу орындарын, ғылыми институттарды, лабораторияларды қолдау;
- мемлекеттің экономикалық инновациялар диффузиялары мен технологиялар трансфертін күшейту, отандық өнім өндірісін шетелдік бәсекелестерден қорғау.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қодаудың негізгі кең тараған үш түрлі әдісі бар:
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижелерін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы мәселерін шешумен айналысады.
2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу. Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми-зеріттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт – зеріттеулер процесі барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижелерді ашық түрде жариялау.
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибелерге инвестиция бөлген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Алғашқы екі қаржыландыру әдістері – ғылыми зеріттеулер мен тәжірбиелер процесіне мемлекеттің тікелей қатысуы және қайтарымсыз негізде субсидиялар ұсыну, мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруына тікелей негізделген. Мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалану – ғылыми-техникалық саясатты іске асырудың негізгі қаржы құралы. Бюджет арқылы университеттегі білім беру, мемлекеттік лабораториялардағы стратегиялық мақсаттарға негізделген зеріттеулер мен тәжірбиелер және келісім-шарт бойынша мемлекеттік емес сектордағы инновациялық процестер қаржыландырылады.
Бұл қаржыландыру түрлері мемлекеттік тапсырма негізінде іске асады. Бұл процесс заң органдарының, басқару аппаратының, министрліктер мен агенттіктердің қызметшілерінің қатысуымен жүргізіледі. Ғылыми-техникалық жұмыстарға мемлекеттік тапсырыстарды тағайындаудың негізгі құралдары – келісім-шарттар мен жобалар.
Әр мемлекет экономикалық, географиялық, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып осы қаржыландыру түрлерін, олардың жиынтығын пайдаланады.
Егер, біздің елдің ғылыми-техникалық саясаты үшін тиімді жоба түрлеріне келер болсақ, менің пікірімше, зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы және салық жеңілдіктерін ұсыну түрлерін өзара байланыстырып пайдалану тиімді. Оған негізгі себептер:
- біздің елде әзірше мемлекеттік бюджет ғылыми-зерттеулер мен инновацияларды қолдаушы бірден-бір қаржыландыру көзі;
- мемлекеттік тапсырмалар отандық ғылыми-техникалық сала үшін өте маңызды ынталандыру құралы;
- инновациялық салада мемлекеттік ұйымдар көп те мемлекеттік емес кәсіпорындар аз, сондықтан мемлекеттік ұйымдарға грант, ассигнованиялар беріп, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін ұсыну керек;
- салық жеңілдіктері мен мемлекеттік гранттар негізінде шағын инновациялық бизнесті қолдау мүмкіндіктері туады;
- мемлекет қаржыландырған мемлекеттік ұйымдардың инновациялық жобаларының нәтижелері барынша жарияланады, инновация диффузиясын жоғарылатады.
Дамыған елдерде ғылыми-техникалық дамуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. Экономикалық процесс мемлекеттік емес секторға сүйенеді де компаниялар, мемлекеттік, дүниежүзілік деңгейлердегі ғылыми-техникалық прогрестерді өздері қадағалап, дамытып отырады. Ал мемлекет сол кәсіпорындардың ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтерін белсенді түрде дамытып отыруларына ыңғайлы жағдайлар қалыптастырады. Мемлекет бұл елдерде ғылыми-техникалық және инновациялық қызметке заңды, қаржылық, ұйымдастырушы қолдаулар ұсынып отырады.
Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық процестерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологияладың нақты трансфертын қамтамассыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізгі, республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.
Ірі корпорациялардың ғылыми орталықтарында, институттар зертханаларында шоғырланған, жоғары технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпкерлік сигменті-бұл қазіргі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан құрылымы. Қазақстанда бұл сектор еңді ғана дамып келе жатыр, әзірге кейбір институттардың, нәтижелері рынокта талап етілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, коммерциалық табысты өнім мен технологиялар құруға қабілеті бар.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілетті елді қалыптастыру жөнінде нақты міндеттер қойылған. Әртараптандырылған және саласы жоғары өнімді өндіретін экономиканы, оның секторлары мен жеке салаларын дамыту басты мақсат болып саналады.Оған индустриялық- инновациялық саясат бағытталады.
Қазақстан осыған байланысты жоғары нәтижеге жету үшін ең үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуді қолға алып отыр.Индустрияны дамытудың кластерлік тәсілін пайдалану әлемдік және аймақтық нарықтарда бәсекеге қабілетті дайын өнім өндіруге қол жеткізу үшін өндіріс факторларын бір жерге жинауға мүмкіндік береді. Демек, бұл бәсекеге қабілетті салалардың жиынтығын құрау деген сөз.
Қазақстанда жүргізілген экономикалық құрылымдар өз кезегінде республиканың барлық аймақтарында кәсіпкерліктің еркін, әрі қолайлы қалыптасуына жағдайлар жасады.Негізінен кәсіпкерліктің даму деңгейінің көтерілуі экономикадағы инновациялық қарқынның дамуына маңызды түрде әсер етеді.Шағын және орта бизнес шетелдік тәжірибеде көрсетілгендей ғылыми-техникалық құбылыстың нәтижелі дамуына ықпал етеді.Дамыған елдердің зерттеуі бойынша шағын инновациялық кәсіпорындар ірі кәсіпорындарға қарағанда ғылыми жаңалықты 17 есеге артық енгізеді екен.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту» жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне келер болсақ, мақсаты - отандық және шетелдік ғылыми әлеуетті пайдаланудың негізінде бәсекеге қабілетті соңғы өнімді жасауды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі инновациялық жүйені қалыптастыру. Мiндеттерi - ғылыми әлеуетті дамыту; инновациялық кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру және қолдау; көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту; қаржы инфрақұрылымының элементтері мен тетіктерін берілетін гранттар түрлерін ұлғайту және венчурлік қорлар құру бөлігінде қалыптастыру мен дамыту; ұлттық инновациялық жүйенің элементтерінің арасында тиімді өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз ету. өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру; ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; сапаның әлемдiк стандарттарына көшу; дүниежүзілiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту. Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.
Информация о работе Индустриалды-инновациялық дамудағы мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру