Ақша айналысы және ақша жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 20:32, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 – жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.

Оглавление

Кіріспе
І. Ақшаның қызметі
Ақша айналысын басқару
Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі
Металл ақша айналысы
ІІ. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері
2.1. Несие ақшалары және олардың түрлері
2.2. Ақша айналысы заңы
2.3. Банкноталар мен қағаз ақшалар айналымы жүйесі, оның
сипаттамасы
ІІІ. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты
3.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері
3.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

А0ша курсовая.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

     Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысы бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.

     Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тизігеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мынадай формуламен өрнектеледі:

    

     Онда:

    А мөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша     мөлшері;

     Стб – сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;

     Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағатының сомасы;

     Ст – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;

     Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;

     Ақ – ақша қоры;

     Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметіндегі ақша айналымының орталық саны.

     Осы теңдіктегі  ел экономикасында сатылған тауарлардың бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстан және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді.

     Айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропроционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер етеді.

     Ақша айналымының  екі жағының бірлігі, олардың  бір формасының екіншісіне алмасуы  қажет етеді. Себебі ақша массасы  ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім арасында және белгілі бір күнге ақша айналымының сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс – шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша несие жүйесімен анықталады.

 

2.3 Банкноталар мен  қағаз ақшалар айналыс жүйесі  және оның

сипаттамасы.

     Қазіргі  жағдайда бұрын қалыптасқан ақша  жүйесінің мазмұны біраз өзгерді.  Себебі металл ақша жүйесінде  қолма – қол ақшасыз айналым  ақша айналысының аз ғана бөлігін құраған. Ал 30 – жылдарда әлемдік алтынға айырбасталмайиын несие ақша жүйесі орнықты. Бұл кезде банкнотаны алтынға айырбастау және оны алтынмен қамтамасыз ету барлық капиталистік мемлекеттерде жойылды. Ақша эмиссиясы негізінен мемлекеттік бағалы қағаздармен қамтамасыз етеді. Ол ең алдымен қоғамдық еңбектің үнемдеу – жалпы экономикалық заңның әсеріне байланысты еді. Ақша жүйесінің дамуы ақша айналымының шығындары үнемі қысқартылған, сөйтіп қоғамдық еңбектің де шығындарын азайтатын; енді үнемді ақша жүйесінің пайда болуына жеткізеді.

     Қазіргі  қағаз – несие ақшалары жүйесіне тән өзгерістер мыналар:

  • алтынның мемлекеттің ішкі және сыртқы ақша айналымынан шығып, оның қазына қорына құйылуы (қор негізінен, банктерде сақталады);
  • банктердің несиелік операцияларының негізін қолма қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерінің шығарылуы;
  • қолма – қол ақшасыз айналымның дамуының нәтижесінде қолма – қол ақша айналысының қысқаша (әлемдік экономикада бұл екі айналамның орта арақатынасы 1:3 қатынасына тең);
  • мемлекет тарпынан ақша – несиелік реттеу механизмін құру және дамыту.

     Қазақстан Республикасында қолма қол ақша шығарумен оны айналысқа түсірумен және айналыстан кері шығарумен тек Ұлттық банк шұғылданады. Ұлттық банк басқа банктерге баокнота және тиындарды қолма қол ақшасыз есептер арқылы олардың эквивалентін алумен сатады;

     Ақша айналымын  ретттейтін мемлекеттік орган  – орталық банк, яғни айналыстағы  ақша массасын реттейтін орталық  банктің ақша –несие саясаты. 

Ақша – несиелік реттеуге: реттеу тәсілдері; реттеуші органның құқығы және міндеттері; реттеудің мақсаты және объектісі кіреді. Мысалы, 70 жылдардан бастап өркендеген мемлекеттер айналымдағы ақша массасының және несиенің өсуін реттейтін мақсатты бағдарларды бекітуде. 1975 жылдан бастап АҚШ тың федералдық резерв жүйесі (ФРС) Конгресте алдағы 12 айда айналымдағы ақша массасының өсу немесе қысқара қарқынының жоспары туралы әлсін - әлі есеп береді. Бұл жүйе  мақсатты  бағдарды және ақша қаражатының өсу қарқынын жиі жиі ақпарат құралдарында хабарлап тұрады;

  • Валюта курсын белгілеу, немесе баға (котировка) тәртібі – ол бір мемлекеттің ақша өлшемінің екінші мемлекеттің ақша өлшемімен көрсетілген бағасы. Қазіргі кезде ешбір мемлекеттің ақша өлшемін алтын құрамы белгіленбегендіктен, ұлттық валютаны сатып алу мүмкіндігінін  ауытқуын, сондай – ақ валюта нарығындағы айырбасқа түсетін валюталарға сұраныс пен ұсынысты есептейтін баға кесу әдісі қолданылады. Ең кең тараған баға кесу әдісі валюта “қоржынына” негізделген, онда әрбір ұлттың валюта “қоржынға” кіретін басқа ұлттық валюталардың біразымен салыстырылады.

     Жалпы айырбасталмайтын  несие ақшаларына көшу эмиссиясының  біржақты икемденуіне және ақша  жүйесінің негізгі – ақша айналымының объективті қажеттілігінен туындайтын – ақша шығаруды шектеу принципінің бұзылуына әкеп соқтырды. Ақша жүйесі шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі диспорцияны шұғыл сезінеді.

 

 

 

 

ІІІ. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты

 

3.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері

 

  Бағалардың ұтымды жүйесін қалыптастыру қатаң ақша –несие және икемді салық саясатын көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті қамтамассыз ету үшін және инфляцияға қарсы күрестің барлық шараларын қолдануға міндетті. Бұл шараларда мемлекеттік шығындарды қысқартудың, ақылға сиымды шеңберде бюджеттің салық базасын ұлғайтудың, ең әрі кеткенде халық шаруашылығының барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы беруді шұғыл қысқартудың өзара байланысты қадамдары көзделінеді. Ал мұндай шаралар өнім өндірушілердің ешқайсысын да жігерлендірмейді. Мемлекеттік бюджеттен онда да ақша басатын станоктың жұмысы есебінен қаржы алуға және беруге арқа сүйеу әлде қайда жеңіл сияқты. Ал дербес өзіндік шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін толық жауап беретін бола тұра өндірісті дамытуға, өз қызметкерлерін материалдық жағынан ынталандыруға қажет ақша табу айтарлықтай қиын. Алайда біз алғашқы жолмен жүрсек онда «жұмыс істемейтін» ақша тасқыны ұлғаятыны сөзсіз. Осы жағдайда тауарлардың қажетті саны болмағанда бағаның бақылаусыз өсуі орын алады да еркін баға белгілеу сияқты өзін өзі реттеу механизміне қол жеткізе алмаймыз. Бізде бағаларды үнемі өсіріп отыратын мехенизм қалыптасатын жіне әрекет ететін болады.

  Жоғарыда көрсетілген  шараларды бір мезгілде және  кешенді жүзеге асыру ділгерлікті жеңу еркін, нарықтық бағалар жүйесін өмірге енгізуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл жылдам іске аса қоймайтын үрдіс екендігі белгілі. Нарыққа өтпелі кезеңнің өне бойында бірқатар өнім түрлерінің бағасын әкімшәләк жолмен реттеп отыру әлі де сақталынатын болады. Экономиканың тұрақтандырылуына, оның нарықтық негіздерінің нығайтылуына қарай орталықтан белгіленетін мұндай бағалар шеңбері тарыла түспек. Болашақта мемлекеттік баға реттеу өз мәнін біршама сақтайтыны байқалады. Экономиканың тұрақтандырылуына, оның нарықтық негіздерінің тұрақтануына бұлайша баға белгілеуді реформаларды белгілеудің күрделі қиындыққа, үлкен әлеуметтің тәуекелге толы жол екендігін де мойындаған жөн. Әйтсе де бұл қазіргі заманғы ділгерсіз, жоғары өнімді экономикаға жеткізетін бірден бір жол.

 

    1. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер

 

  Қазақстан Республикасының  осы заманғы әлеуметтік-экономикалық  даму кезеңі нарықтық қатынаспен  сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.

  Еліміздің ақша- несие  саясаты халықаралық несиелік  саясатпен жұмыс істеу принциптеріне  көшу барысында Қазақстан Республикасындағы  өтпелі кезеңнің ерекшеліктері  мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.

  Несиені өтеу қабілетін  бағалау үшін рейтинг агенттіктері  елдің несие рейтингін әзірлейді,  бұл орайда мына аспектілерге  назар аударады:

1. Демократиялық саяси  жүйені жасаудағы прогресс: мұны  демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.

2. Қаржылық тұрақтылыққа  және экономикалық өсуге жетудегі  жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.

3. Нарықтық экономикаға  көшудегі прогресс: экономикадағы  және меншік сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру, баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық), қаржы секторының ақуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының дамуы, қор нарығының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы).

4. Сауда ағындарын  қайта бағдарлау. Экспорт пен  импорттың өсу серпіні мен  құрылымы, халықаралық экономикалық  сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды беру арқылы бағаланады [26].

Соңғы жылдары Қазақстан  Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсңпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Ақша айналымы  дегеніміз – ақшаның бір заңды  немесе жеке тұлғадан екіншісіне  үздіксіз қозғалысы.

     Ақша айналымы  төлем айналымының бір белгісі  болып табылады. Төлем айналымының  құрамына ақша айналымынан басқа  төлемінен құралдарының айналымы кіреді.

     Ақша айналымының  құрылысы бірнеше белгілермен  сипатталады, оның ішінде ең  маңыздысы осы айналымның қызмет көрсететін қарым – қатынастарының  түрі. Осы белгі бойынша ақша айналымы 3 – ке бөлінеді.

  1. Ақшаның есеп айырысудағы айналымы – бұл айналым тауар немесе қызметтерді пайдалану кезінде есеп айырысуға көмектеседі.
  2. Ақшаның несиелік айналымы – бұл айналым несие беру және оны қайтару процесіне қызмет көрсетеді.
  3. Ақшаның қаржылық айналымы – бұл айналым шаруашылықтың қаржылық  қарым қатынастарына қызмет көрсетеді.

     Ұлттық  банк 2006 жылы Қазақстанның төлем жүйелерін ғылыми және техникалық прогресс саласындағы соңғы жетістіктерге сәйкес онда әрі жетілдіру мен дамыту, төлемдер және ақша аударымдары саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру жұмысын жалғастырды. Төлем жүйелерінің техникалық инфрақұрылымын жетілдіру, төлемдер мониторингі және тәуекелдерді басқару тетіктерін жетілдіру жұмысы үнемі жүргізіледі.

     Халықаралық  қаржы ұйымдарымен және шетелдік  орталық банктермен өзара іс - әрекет шеңберінде жылғы қыркүйекте Алматы қаласында Ұлттық банк орталық (ұлттық) банктер өкілдерінің төлем жүйелері жөнінде алтыншы кездесуін ұйымдастырып өткізді. Төлем жүйелері жөніндегі кездесуге ТМД, Чехия, Польша, Латвия, Түркия, Австрия, Германия, Италия, Жапония елдерінің орталық банктерінің, сондай – ақ Мемлекетаралық банктің және Халықаралық есеп айырысу Банкінің төлемдік және есеп айырысу жүйелері

жөніндегі комитеттің өкілдері қатысты. Осындай кездесулер өткізудің  мақсаты тәжірибе алмасу және төлем жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету саласындағы өзекті проблемаларды және қазіргі заманғы үрдістерді, сондай – ақ орталық (ұлттық) банктер қызметінің басым бағыттарын бірлесіп талқылау болып табылады. Сондай – ақ Ұлттық банктің өкілдері Дүниежүзілік Банк (Австралия, Сидней қаласы) ұйымдастырған «ТМД елдерінің төлем жүйелері және бағалы қағаздарды есептеу жүйесі саласындағы бастама» деп аталған ІІІ формулаға қатысты.

     Қазіргі  замандағы қоғамда ақша өте  үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның ролі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл ролге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқы тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады, яғни ақша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамыс бөлігі болып табылады, ол шаруашылық өмірдің жағдайына және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал етді. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы – кредит жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

Информация о работе Ақша айналысы және ақша жүйесі