Экологиялық құқыққа қатысты мағлұматтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 18:29, доклад

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 9 қаңтарда № 212 қабылданды Аталған құжат экологиялық заңнаманы озық халықаралық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға өтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағатталған.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі туралы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде былай деген:
2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Файлы: 1 файл

СРС 2.doc

— 55.00 Кб (Скачать)

СӨЖ 2:   Экологиялық құқыққа қатысты мағлұматтар

Экологиялық кодекс, Жер кодексі, Су кодексі, Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.

 Тапсырма: Тапсырмаға төмендегі түсініктерді  пайдалана отырып, жазбаша  түрде  конспектілеп,  сауал, ұсыныс дайындау

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 9 қаңтарда № 212 қабылданды Аталған құжат экологиялық заңнаманы озық халықаралық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға өтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағатталған.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі туралы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде былай деген:

2-бап. Қазақстан Республикасының  экологиялық заңнамасы

       1. Қазақстан  Республикасының экологиялық заңнамасы  Қазақстан Республикасының Конституциясына  негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.     

2. Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шартта  осы Кодекстегiден өзгеше ережелер  белгiленген болса, онда халықаралық  шарттың ережелерi қолданылады.      

3. Осы Кодекс пен Қазақстан  Республикасының қоршаған ортаны  қорғау саласындағы қатынастарды  реттейтiн нормалары бар өзге  де заңдарының арасында қайшылық  болған жағдайда, осы Кодекстiң  ережелерi қолданылады.     

4. Қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексi

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексi

Қазақстан Республикасының  Жер кодексiнде Қазақстан Республикасының жер қоры, Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан  басқасына ауыстыру, Жер заңдарының мiндеттерi, Жер заңдары, Халықаралық шарттар, Жердi аймақтарға бөлу және т.б туралы жазылған. Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде 170 бап бар

Қазақстан Республикасының  Су Кодексi (2003 жылғы 9 шiлдедегi N 481)

36 бап бар.  Қазақстан Республикасының су қоры, Су қатынастары объектiлерi,су объектiлерiн пайдалану құқығы, Су шаруашылығы құррылыстарына меншiк құқығы және өзге де құқықтары және өзгеде құқықтар туралы айтылған.

 Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.


Информация о работе Экологиялық құқыққа қатысты мағлұматтар