Өнеркәсіптік өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 11:39, реферат

Краткое описание

Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді – қатысты нәтиженің, үрдістің операцияның жобаның нәтижелі болуы.
Шағын кәсіпкерліктің нарықтық ортадаға қызмет ету тиімділігі – қызмет етудің барлық деңгейіндегі маңызды сапаның мінездемесі.
Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады.

Оглавление

Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.
Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
Өндірістік тиімділіктің дифференциалды көрсеткіштері.

Файлы: 1 файл

Өнеркәсіптік өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.docx

— 16.71 Кб (Скачать)

БАКИРОВА  АИДА РАХМЕТОВНА

Тақырып: Өнеркәсіптік өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.

Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.

Өндірістік тиімділіктің дифференциалды көрсеткіштері.

 

 

Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді – қатысты нәтиженің, үрдістің операцияның жобаның нәтижелі болуы.

Шағын кәсіпкерліктің нарықтық ортадаға қызмет ету тиімділігі –  қызмет етудің барлық деңгейіндегі маңызды  сапаның мінездемесі.

Экономикалық қызмет ету  тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану  дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің  өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылған сайын қажетті еңбектің 1 теңгеге  жұмсаған шығының есебінен тез өскен  сайын, немесе пайдалы нәтиженің  бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай  түседі.

Қызмет ету тиімділігі- тауар өндіру мақсатында ресурстарды  бөлу және қайта өңдеу бойынша  қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті  мына коэффициент бойынша өлшеуге  болады- шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы.

Адамзат қызметі тиімділікпен тікелей  немесе жанама байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақыты үнемеу, қолда бар ресурсан барынша көп өнім алу жатыр.

Тиімділік мәселесі – бұл  әрқашан таңдау мәселесі. Таңдау нені, қандай өнім түрлерін, қалай  өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай қөлемін тұтыну керек.

Тиімділіктің деңгейі  экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі, жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіуге әсер етеді.

Тиімділік латынның “effectus”  сөзінен – орындалу, жүзеге асыру, ықпал ету  дегенді білдіреді. Бұрын тиімділік сөзі техника  мен технологияға жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда  тиімдірек болып есептеледі. Өйткені, біріншісінде энергияның көп пайызы бекер жұмсалады. Бірақ, физикалық  көзқарас тұрғысынан қарағанда энергия  да біреуге қажетті жұмысты атқарады. Бұл, тиімділік тек қана технологиялық  қасиет деген сөз, яғни баға беруге тәуелді және бағалау категориясы  болып табылады.

Экономикалық қызмет тиімділігін  жоғарылату мәселесі келесі, әрбір  еңбек, материал және қаржы ресурстарының  бірілігіне өнім өндіру көлемінің едәуір өсуін жүзеге асыру. Бұл, нәтижесінде, еңбек өнімділігінің жоға-рылауын  көрсетеді, яғни қызмет ету тиімділігін  жоғарылатудың критериі болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттігі  мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық дамуы кезеңінің қазіргі заманғы  ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы  тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық  өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі-бір өндіріс  түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу  жағдайында, бір нарық субъектісінің  жұмысының нәтижесі, басқа субъектілерінің  жұмысының нақтылығына және жинақылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.

Өндірісті басқару жүйесінде  кәсіпорынның қызметінің тиімділігін  объективті анықтай алу үлкен  мағынаға ие.

Экономикалық тиімділік  басты әлеуметтік-экономикалық санат, оған динимикалық және тарихи қасиеттер  тән. Өндірістік қызметтің тиімділік  әрбір әлеуметтік құрылымның өндірістік қуатының әртүрлі деңгейінде дамуы  мүмкін. Қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңінде келесі сұрақ қойылады: қанша шығын мен ресурстарды  жұмсау арқылы соңғы өндірістік нәтижеге қол жеткізіледі. Сонымен, тиімділікті  бағалаудың сандық мөделі экономикалық нәтиже мен шығынның, ресурстың арасындағы қатынас арқылы анықталады. Шығыны мен ресурстың бірлігінен соңғы  нәтижені максималдау немесе соңғы  нәтиженің бірлігіне шығындар мен  ресурстарды минималдау қоғамның еңбек  қауымының жеке адамның алғашқы  мақсаты. Бұл мақсат, оған жету әдісі, экономикалық тиімділікті жоғарылату жолдары мен резервтері (олардың  классификациясы мен сандық бағалануы) экономикалық ғылымның және экономикалық пәндердің мазмұны болып табылады (салалық және функционалдық).

Өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін өлшеудің бастапқы принциптері қоғамдық формациялардың барлығына бірдей. Әрине, айырмашылықтар да бар, олар жермен, уақытпен және бағалау  әдісін тәжірибелі нақты белгілеумен, ең соңында экономикалық қатынастардың  сипатымен, сондай-ақ экономиканы басқару  ұйымдастырумен анықталады.

Нарық экономиканың және кәсіпкерліктің негізі табыс болып табы-латындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы  критерийі негізінде шығын мен  ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсекеқабіліттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау  алға қойылады. Жаңа жағдайда тиімділіктің жалпыұлттық критерийі де сақталады: шығын мен ресурстың бірлігіне  халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді максаималдау.

Тиімділіктің критерийлерінің  мұндай иерархиясы қисынды және нарық  экономикасындағы жағдайды көрсетеді, яғни қызмет етудің жалпыұлттық тиімділігі, қызмет етудің алғашқы ұяшығының  қызметінің тиімділігіне тәуелді (кәсіпорының  акционерлік қоғамның). Алғашқы буының  қызмет ету тиімділігі жоғары болған сайын бүкіл жалпыұлттық экономиканың тиімділігі жоғарылай түседі, қоғамда, мемлекетте әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге ресурс көп болады.

Тиімділік жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы (қатысты) болып ажыратылады. Жалпы тиімділік жалпыэкономикалық  нәтижелер мен белгілі-бір кезеңдегі  экономикалық әртүрлі деңгейіндегі (макро-микро) қызмет ету тиімділігін  және кәсіпорындар мен аудандар бойынша  тиімділік деңгейінің динамикасын  салыстыру үшін, бағалау үшін және талдау үшін қажет.

Салыстырмалы тиімділік  альтернативті ең ұтымды (оптималды) бала¬маны таңдау үшін өндірістік-шаруашылық, техникалық және ұйымдық шешімдерді қабылдағанда есептеледі және талданады. Мұндай таңдау технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесінің баламаларын салыстыру  негізінде, өтелу мерзімін есептеу  немесе қосымша капитал салымдарының тиімділігі, экономикалық тиімділіктің көлемінің коэффициентінің негізінде  жүзеге асырылады.

Келесі тарауда экономиканың басты буыны – шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің қызмет ету тиімділігінің  көрсеткіштер жүйесі қарас-тыралады. Бұл  көрсеткіштер жүйесі өнеркәсіптегі  шағын кәсіпкерлік субъектісінің  барлық ресурстардың пайдаланылуына жан-жақты  баға береді.


Информация о работе Өнеркәсіптік өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі