Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 18:52, курсовая работа
Несие жүйесінің негізгі буынын ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.
Банк туралы
түсінік, оның түрлері,
Несие жүйесінің негізгі буынын
─ банктер. Себебі масштабы және маңызы
жөнінен несие қатынастарының басым
көпшілігі банктер арқылы өтеді.
Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың,
акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серістіктердің, мектеп пен
ауруханалардың және халықтың уақытша
бос ақшаларын шоғырландырып, оларды
іс-жүзіндегі капиталға
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды
деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк»
деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық,
«айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді
білдіреді.
Банктің атқаратын қызметерін негізінен
төмендегідей топтастыруға болады:
• Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту,
жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
• Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға
несие беру, бағалы қағаздармен операция
жүргізу;
• Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі
шаруашылық субъектілердің төлемайналымы
жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу
жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал
және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік
туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару.
Банк клиентін тек жинаған уақытша бос
ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай,
сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді
шығарумен де несиелейді;
• Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты
банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес
болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін
эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте,
орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің
негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін
шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша
белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп,
эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің
екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары
деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының
да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ
эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық,
инвестициялық, инновациялық, ипотекалық
және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін
үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі
банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет
түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің
екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын
шоғырландырумен маманданады, яғни олар
облигация, акция және басқа бағалы қағаздар
шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ
мерзімге қарызға береді. Инвестициялық
банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды
өңдеуді және оны игеруге несиелейді.
Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын
мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге
несие береді. Олар ипотекалық облигация,
акция және басқа бағалы қағаздарды сату
арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан респбликасының қазіргі банк
жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында
ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер
және банк қызметі туралы» Заңынан бастау
алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі
банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі
банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және
төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық
банктер жүйесі.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық
банктердің алатын орны өте зор. Олардың
міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының
үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп
мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу,
халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай
жасау болып табылады.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын
қызметтері:
• Ақша қаражаттарын шоғырландыру және
тарту;
• Несие беру;
• Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын
жүргізу;
• Төлем құралдарын шығару,
• Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды
ұйымдастыру;
• Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін
басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);
• Клиенттерге кеңес беру.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың
олардың атқаратын операциялары анықтайды.
Коммерциялық банктердің операциялары
негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив
(қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру);
комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы
бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді
операциялар.
Информация о работе Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері