Тұрар Рысқұлов атындағы
Жаңа Экономикалық Университет
«Желілік операциялық жүйелер»пәнінен
Тақырыбы: “OSI моделінің деңгейлері.Арналық
деңгей ”
Орындаған:Ондасынова Д.Б.
Топ:АЖ 341
Тексерген: аға оқытушы Рахметулаева
С.Б.
Алматы - 2015жыл
20 – ғасырдың 80 жыл басында
OSI, ITU-T және басқа да стандартизациясы
бойынша халықаралық ұйымдар
желінің дамуында үлкен рөл
атқарған модель өңдеп шығарды.
Бұл модель ISO/OSI моделі деп аталды.
Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі (Open
System Interconnection, OSI) желідегі жүйелердің әрекеттесуінің
әртүрлі деңгейін пакеттер (дестелер)
коммутациясымен анықтайды, оларға стандартты
атау береді және әрбір деңгей қандай
функцияны орындайтынын көрсетеді.
Бұл модельдің құрамында 2 түрлі модель
бар: горизонтальды модель
– бұл әртүрлі машиналардағы процестер
мен программалардың өзара әсерлесу механизмін
қамтамасыз ететін протоколдар базасындағы
модель. Бұл модельде екі программаға
мәліметпен алмасу үшін ортақ протокол
қажет болады. вертикальды модель
– бір машинада бір-бірін көршілес деңгейлермен
қамтамасыз ететін қызмет негізіндегі
модель. Бұл модельде – көршілес деңгейлер
API интерфейсін қолданатын мәліметтермен
алмасады
OSI моделінің желілік өзара әсерлесу құралдары
7 деңгейге бөлінеді және әрбіреуінің
өзінің стандартты атаулары және функциялары
болады. 1) физикалық деңгей; 2) арналық деңгей; 3) желілік деңгей; 4) көліктік деңгей; 5) сеанстық деңгей; 6) көрсетімдік деңгей; 7) қолданбалы деңгей
. Бұлардың алғашқы үшеуі
(физикалық, арналық, желілік) мәліметтер
жеткізу мен бағдарлауға, көліктік деңгей
алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы
байланысты жасақтауға, соңғы үш (сеанстық,
көрсетімдік, қолданбалы) деңгейлер пайдаланушы
қолданбаларына қызмет көрсетуге негізделген.
әрбір деңгей салыстырмалы тәуелсіз, әрбір
деңгей желілік құрылғылардың қатаң анықталған
әрекеттесу функцияларын сипаттайды.
Барлық деңгейлер иерархиялық құрылым
құрады, мұнда қандай да бір деңгейде жасалған
сұраныс орындалуға одан төмен деңгейге
беріледі. Сұранысты өңдеу нәтижелері
жоғарғы деңгейге қайтарылады. Деңгейлердің
программалық және аппараттық әрекеттесуін
сипаттау үшін интерфейстер және хаттамалар
қолданылады. Екі көршілес деңгейлер арасындағы
әрекеттесуді және олардың арасындағы
берілетін мәліметтердің пішімін сипаттау
үшін интерфейс (мысалы, Х.25) деп аталатын
ережелер мен келісімдер орнатылады. Бір
деңгейдегі объектілердің әрекеттесуінің,
сонымен қатар бір деңгейдегі объектілер
арасында берілетін хабарламалардың көрсетім
пішімдерін бекітетін ережелер жиынтығы
хаттамалар деп аталады.
Осылардың ішінде бұл модельдің екінші
деңгейін яғни арналақ деңгейді
қарастырып өтейік. Арналық
деңгей.Физикалық деңгейде
биттер қайтажіберіледі. Бұл кезде бір
бірімен өзара әрекеттескен бірнеше компьютерлермен
ауысымды түрде байланыс линияларында
физикалық беру ортасы бос болмауы есепке
алынбайды. Сондықтан арналық деңгейдің
мақсаты беру ортасының бос болуын тексеру
механизмдерін іске асыру. Бұл үшін арналық
деңгейде биттер бір топқа жинақталады,
оларды кадрлар (frames) деп атаймыз. Арналық
деңгей әрбір кадрдың басы мен соңында
тізбектелген биттерді орналастыру арқылы
әрбір кадрдың дұрыс берілуін қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар, кадрдың барлық биттерін
белгілі бір әдіспен өңдеу арқылы бақылау
сомасын есептейді және бақылау сомасын
кадрға қосады. Кадр желі арқылы келгенде
қабылдаушы алынған мәліметтердің бақылау
сомасын есептейді және нәтижені кадрдағы
бақылау сомасымен салыстырады. Егер олар
сәйкес келсе, кадр дұрыс деп саналып қабылданады.
Егер де бақылау сомасы сәйкес келмесе,
онда қате фиксацияланады. Арналық деңгей
тек қана қателерді тауып қана қоймай,
сонымен қатар зақымдалған кадрларды
қайталап жіберудің арқасында түзейді.
Арналық деңгей үшін қателерді табу функциясы
міндетті болып табылмайды. Сондықтан,
бұлдеңгейдің кейбір хаттамаларында бұл
функция болмайды, мысалы, Ethernet-те және
frame relay-де. Жергілікті желіде
пайдаланылатын арналық деңгейдің хаттамаларында
компьютерлер арасындағы байланыс құрылымы
жәнеолардың адрестелу әдістері салынған.
Арналық деңгей локальды желінің кез келген
екі түйін арасында кадрларды жеткізуді
қамтамасыз еткенімен, ол бұны тек желіде
белгілі бір байланыс топологиясымен
жасайды. Мұндай типтік топологияға «жалпы
шина», «сақина» және «жұлдызша», сонымен
бірге олардан көпір және коммутаторлар
көмегімен алынған құрылымдар жатады.
Арналық деңгейдің хаттамаларына мысал
болып Ethernet, Token Ring, FDDI, 100VG-AnyLAN табылады.
Глобальды желіде арналық деңгей жеке
байланыс линияларымен байланысқан екі
көрші компьютерлер арасында ған ақпаратпен
алмасуды қамтамасыз етеді. «Нүкте-нүкте»
хаттамасына мысал ретінде кең таралған
РРР және LAP-B хаттамалары бола алады. Мұндай
жағдайда соңғы түйіндер арасында ақпаратты
жеткізу үшін желілік деңгейдің құралдары
пайдаланылады. X.25 желілері дәл осылай
ұйымдастырылған. Кей кезде глобальды
желілерде арналық деңгейдің функцияларын
таза түрінде айыру қиын, өйткені олар
бірдей хаттамада желілік деңгейдің функцияларымен
бірігеді. Мысал ретінде ATM және frame relay
технологияларының хаттамалары болады.
Жалпы арналық деңгей желі түйіндерінің
арасында ақпаратты жіберудегі ең күшті
функцияларға ие. Кейбір жағдайларда арналық
деңгейдің хаттамалары өзіне жеткілікті
транспорттық құрал болып табылады, сол
кезде олардың үстінен қолданбалы деңгейдің
хаттамалары немесе қосымшалар жұмыс
істей алады, желілік және транспорттық
деңгейлердің қатысуынсыз.Мысалға, Ethernet-пен
қоса SNMP желісін қолдану хаттамасы бар,
бұл хаттама ІР желілік хаттамасы мен
UDP транспорттық хаттамадан бұрын жұмыс
істейді. Әрине бұндай қолданым шектеулі
болады-бұл әртүрлі технологиялардың
құрама желісіне сай келмейді, мысалы
Ethernet және X.25, және барлық сегментінде
Ethernet қолданылатын желі үшін, бірақ сегменттер
арасында ілгіш тәрізді байланыс бар.
Ал көпірмен біріктірілген екі сегментті
Ethernet желісінде SNMP ді арналық деңгейде
қолдану жұмысқа икемді болады.
Кез келген топология және технологиялы
желіде ақпараттың сапалы тасымалын қамтамасыз
ету үшін арналық деңгей функциясы жеткіліксіз,
сол себептен OSI моделінде бұны шешу екі
деңгейде орындалады-желілік және транспорттық.
Арналық деңгей жоғарғы деңгейлерден
белгіленген түйінге адресі арқылы жіберілетін
тәсілмен келетін деректер дестесін жіберуді
қамтамасыз етеді. Арналық деңгейдің хаттамалары
оларға жіберілген дестелерді өз форматындағы
кадрға орналастырады, оған қоса кадрды
бақылау сомасын бақылайды. Арналық деңгей
хаттамасының локальды мағынасы бар, ол
деректер кадрлерін қарапайым топологиялық
байланысты желі мен бір типті немесе
жақын технологиялы желі арасында жеткізеді,
мысалы, бір сегментті Ethernet желісінде
немесе көпсегментті Ethernet желісінде және
көпірлер мен коммутаторлар арқылы бөлінген
Token Ring иерархиялық топологияда. Бұл барлық
конфигурацияларда көздеу адресінің берілген
желі үшін локальды мағынасы бар және
түйін қайнар көзден көздеу түйініне кадрдың
жүруінде өзгермейді. Деректерді әртүрлі
технологиялы локальды желілер арасында
жіберу мүмкіндігі бұл технологияларда
бірдей форматты адрестер қолданылатындығына
байланысты, оған қоса желілік адаптер
өндірушілері технологияға бағынышсыз
адрестер уникалдылығын қамтамасыз етеді.