Құрметті мемлекеттік атестациялау комиссиясының төрағасы және мүшелері!

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 09:39, задача

Краткое описание

Менің сіздерге ұсынып отырған дипломдық жұмысым: Негізгі құралдар есебі мен тиімді пай
Нарықтық қатынастарда экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін кез келген кәсіпорын өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге кететін шығындарды максималды түрде азайтуды көздейді. Өндіріске кететін шығындарды минимизациялау нұсқаларының бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Солардың ішінде ең негізгісі болып табылады: кәсіпорынның негізгі құралдары, құрамы мен құрылымы, тозуы мен амортизациясы және пайдалану мен талдау жасау.
Кәсіпорын өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторының бірі – негізгі құралдарды қажетті санымен, ассортиментімен қамтамасыз ету және жалпы көлемде пайдалану болып табылады.

Файлы: 1 файл

Доклад.docx

— 30.47 Кб (Скачать)

Доклад

Құрметті мемлекеттік  атестациялау комиссиясының төрағасы және мүшелері!

Менің сіздерге ұсынып отырған  дипломдық жұмысым: Негізгі құралдар есебі мен тиімді пай

Нарықтық  қатынастарда  экономикалық  тұрақтылығын  сақтау үшін кез  келген  кәсіпорын өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге кететін  шығындарды  максималды түрде азайтуды көздейді. Өндіріске кететін шығындарды минимизациялау нұсқаларының бірнеше  түрлерін көрсетуге болады.   Солардың  ішінде ең негізгісі болып табылады:  кәсіпорынның негізгі құралдары, құрамы  мен  құрылымы, тозуы мен амортизациясы және пайдалану мен  талдау жасау.

Кәсіпорын өндірісінің тиімділігін  жоғарылатудың маңызды факторының  бірі – негізгі құралдарды қажетті санымен, ассортиментімен қамтамасыз ету   және  жалпы көлемде  пайдалану болып табылады.

Әр кәсіпорын үшін негізгі  құралдардың тым ескіруіне жол бермеу, кәсіпорынға мөлшерден жоғары шығындардың асып кетуін болдырмайтын нұсқаларының  тиімдісін  таңдау – негізгі қағидалардың бірі болып есептеледі.    

Талдау  жасау  барысында  негізгі  құралдардың  құрамы мен  жағдайын, тозу деңгейін, негізгі құралдар мен құралдарын пайдаланудың тиімділігін қарастыру қажет.

Дипломдық жұмыстың  мақсаты – кәсіпорынның негізгі құралдарын талдау  және  пайдалану  жолдарын  зерделеу, теориялық танымды  негізге ала   отырып, негізгі құралдарды тиімді пайдалану туралы теорияны жүйелеу, ашып   қарастыру және жетілдіруді  көздейді.

Дипломдық жұмыстың міндеті:

  • кәсіпорынның негізгі құралдардың құрылымдық бөлімдерімен қамтамасыз етілуі мен жалпы  және жеке көрсеткіштері бойынша   пайдалану  деңгейін анықтау;
  • негізгі құралдарды пайдаланудың  қызмет көрсету көлеміне әсер етуін есептеу;
  • кәсіпорынның  негізгі  құралдарын  пайдалану  деңгейін  зерделеу;
  • негізгі құралдарды тиімді пайдалану резервтерін ашып қарастыру,
  • кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану жолдарын жақсарту ерекшеліктерін  анықтау;
  • негізгі құралдарды тиімді пайдалану жолдарын іздеу және оларды рационалды  түрде және  үнемдеп  пайдалану;
  • ғылыми әдістер жинақтамасын жүйелеу және ортақ мақсатқа  келістіру.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімінде  негізгі құралдарының экономикалық маңызы, кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы мен есеп саясаты қарастырылған.

Екінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі құралдардың қозғалысын, амортизациясын және құнсыздануын бухгалтерлік есепте көрсетілуі қарастырылды.

Үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі құралдарын тиімді пайдалану , жеделдетілген амортизацияның және негізгі құралдардың ұдайы өндірісінің  ерекшеліктері  көрсетілген. Бұл  жұмыстың теориялық  негізін  отандық   ғалымдардың   еңбектерінен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен алынған. Зерттеу  объектісі  ретінде   Шымкент қалалық жедел жәрдем мемлекеттік мекемесінің  негізгі құралдарды,  құрылымын, құрамын, техникалық жағдайын,  оларды  тиімді  пайдалануды   жақсарту  жолдары   көрсетіледі.  Сонымен  бірге, мекеменің болашақтағы  дамуын,  нарықта  алатын  орнының  ерекшелігін  қарастырылады.

Негізгі құралдар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы   болып  табылады.  Олардың   көлемі  кәсіпорынның   өндірістік   қуаты   мен   еңбектік  техникамен   қарулану  деңгейіне  байланысты болады.

Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген  топтастыруына  қарай  негізгі құралдардың құрамына өндірістік және өндірістік  емес объектілер кіреді.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі құралдар активтік және пассивтік болып бөлінеді.

Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері  мен  сапасына  ықпал  етеді.

Кәсіпорын  негізгі  өндірістік  құралдар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін  мынадай сатылардан  тұрады:

  • Негізгі қордың тозуы;
  • Амортизация;
  • Негізгі қорды  толық  қалпына  келтіру  үшін  жинақталған қаражаттар;
  • Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.

Кәсіпорынның  және басқа  да  әр түрлі салалардың  негізгі  қор құрылымы  мынадай факторлармен  анықталады:

  • Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
  • Өндірістің техникалық деңгейі,
  • Мамандыру және т.б.

Амортизация – негізгі  құралдардың  құнын  олардың көмегімен өндірілетін  тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі  құралдар  өндірістік  процесте:

  • Натуралды;
  • Ақшалай нысанда зерделенеді.

Мен зерттеген мекемеде негізгі  құралдарды есепке алу тәртiбi Бухгалтерлiк есеп ережесiнiң «Құралдарды есепке алу тәртiбi» бөлiмiнде анықталған.

Негiзгi құралдардың объектiсi бастапқы танылғанда өзiндiк құны бойынша, яғни нақты шығындары бойынша көрсетiледi.

Мемлекеттiк мекеме басқа мемлекеттiк  мекемеден алынған негiзгi құралдардың  өзiндiк құны ретiнде негiзгi құралдардың  тапсырылатын баланстық құнын таниды. Үшiншi тараптан қайтарусыз негiзде  мемлекеттiк мекемемен алынған  негiзгi құралдардың өзiндiк құны болып негiзгi құралдардың түсу күнiндегi әдiл құны танылады.

 Негiзгi құралдардың келесi есебiн  мемлекеттiк мекеме нақты шығындар  бойынша есептеу моделiн қолдана  отырып жүзеге асырады: актив  ретiнде бастапқы танылғаннан  кейiн негiзгi құралдар объектiсiн  есепке алу оның кез келген  амортизациясын немесе құнсызданудың  нәтижесiнде кез келген жинақталған  шығындарды алып тастағанда оның  өзiндiк құны бойынша жүргiзiледi.

Негiзгi құралдардың алғашқы құнының  өзгеруi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  шешiмiне сәйкес жүргiзiлетiн активтердi бағалау жағдайларында рұқсат етiледi.

 Негiзгi құралдардың объектiсiне  қызмет көрсетуге шығындар жөндеуге  және негiзгi құралдардың объектiлерiн  қамтамасыз етуге шығыстар туындаған  кезеңде ағымдағы шығындар құрамында  көрсетiледi.

Мемлекеттiк мекеме «Мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi құрал-жабдықтары (активтерi) бойынша тозудың жылдық нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1308 қаулысымен бекiтiлген (бұдан әрi - № 1308 қаулы) амортизацияның жылдық нормаларын қолдана отырып, бiркелкi есептеу әдiсi бойынша негiзгi құралдардың амортизациясын ай сайын есептейдi.

Сатып алынған негiзгi құралдардың  амортизациясын есептеу мынадай:

1) монтаж жүргiзу талап етiлмесе,  сатып алулар;

2) егер монтаж өткiзу керек  болса, пайдалануға енгiзу есептеу  айының 1-iнен бастап жүргiзiледi.

Шығып қалған негiзгi құралдардың амортизациясын есептеу негiзгi құралдар объектiсiнiң  шығып қалған айынан, айдың 1-нен  тоқтатылады.

Мемлекеттiк мекеменiң негiзгi құралдарының таратушы құны нөлге тең.

Негiзгi құралдың құнынан 100% асқан  амортизацияға есептеу жүргiзiлмейдi. Әрi қарай пайдалануға жарамды, негiзгi құралдар объектiлерiнiң құны 100% көлемде  жинақталған амортизация толық  тозу себебi бойынша есептен шығаруға негiз бола алмайды.

Негiзгi құралдың объектiсi тұрып қалса  немесе белсендi қолданылмаса және шығып  қалу үшiн ұсталынса, амортизация  толық амортизацияланғанға дейiн  тоқтатылмайды.

Есеп жылының соңында өткiзiлген түгендеу қорытындылары бойынша, бюджеттiк  бағдарламалар әкiмшiлерiмен келiсiлген, мемлекеттiк мекеме басшысы бұйрығына  сәйкес құрылған түгендеу комиссиясының  актiсi негiзiнде, егер орны толтырылатын құн осы активтiң баланстық  құнынан төмен болса, есепте негiзгi құралдар объектiсiнiң құнсыздану фактiсi жазылады. Түгендеу актiсiнде құнсыздану себептерi көрсетiледi.

Негiзгi құралдарды түгендеу мемлекеттiк  мекемелердiң бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгi саласындағы  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылады.

Негiзгi құралдар құнының құнсыздану есебi Бухгалтерлiк есеп ережесiнiң  «Активтердiң құнсыздануы» бөлiмiнiң  қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменің негізгі  құралдарын есепке алу үшін мынадай  шоттар/қосалқы шоттар арналған:

2310 «Жер»;

2320 «Ғимараттар»;

2330 «Құрылыстар»;

2340 «Беріліс құрылғылары»;

2350 «Көлiк құралдары»;

2360 «Машиналар мен жабдықтар»;

2370 «Аспаптар, өндірістік  және шаруашылық мүкәммалы»;

2380 «Өзге негiзгi құралдар»;

2390 «Негiзгi құралдардың жинақталған  амортизациясы мен құнсыздануы»;

2411 «Аяқталмаған құрылыс»;

5111 «Негізгі құралдарды  қайта бағалауға арналған резерв».

Негізгі құрал объектісінің құны:

осы объектіге байланысты мемлекеттік мекемеге болашақ экономикалық пайда мен әлеуеті бар қызметтің  түсуіне ықтималдық болғанда, іс жүзіндегі  шығындарды немесе объектінің әділ құнын  сенімді өлшеу мүмкін болса, актив  ден танылуы мүмкін.

Негізгі құрал түскен кезде  мемлекеттік мекеме активті иеленуде қандай шамада пайда мен тәуекел  болатынын бағалайды. Мемлекеттік мекеме негізгі құралдар объектісінің түсімін Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының дебеті және мыналардың:

бюджеттік қаржыландыру есебінен немесе ақылы қызметтерден, демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен - сатып алу құны бойынша –3210 «Жеткізушілерге  және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының;

әділ құн бойынша –  қайырымдылық және демеушілік көмек  ретінде алынған 6050 «Демеушілік  және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» шотының;

әділ құн бойынша –  үшінші тұлғаларға қайтарусыз беру нәтижесінде  алынған; сондай-ақ баланстық құн  бойынша – мемлекеттік мекемелер  арасында негізгі құралдарды беру нәтижесінде 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден  алынатын кірістер» шотының, бұл  ретте жинақталған амортизация  сомасына 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған  амортизациясы» қосалқы шотының  кредиті бойынша бір уақытта  жазба жүргізіледі;

бір бюджеттік бағдарламалар  әкімшісіне ведомстволық бағынысты  мемлекеттік мекемелер арасында бұрын қаржыландыру есебінен сатып  алынған (баланстық құн бойынша) негізгі құралдарды беру нәтижесінде алынған 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті бойынша негізгі құралдар объектілерінің түсімін көрсетеді, бұл ретте жинақталған амортизация сомасына 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті бойынша бір уақытта жазба жүргізіледі.

Негізгі құралдарды кейіннен есепке алу үшін мемлекеттік мекеме іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделін не қайта бағалау  бойынша есепке алу моделін қолданады  және негізгі құралдардың барлық сыныбына (тобына) осы модельді қолданады.

Негізгі құралдардың сыныбы сипаты және мемлекеттік мекеме қызметінде қолданылуы жағынан ұқсас активтер тобы. Амортизацияны есептеу әдісі мемлекеттік мекеменің активтің экономикалық пайдасы мен қызметтік әлеуетін тұтыну сызбасын көрсетеді.

Активтің амортизациялық құнын жүйелі бөлу үшін оның пайдалы  қолданылу мерзімі ішінде амортизацияны  есептеудің түрлі әдістері қолданылады:

тозуды есептеудің біркелкі әдісі;

азаятын қалдық әдісі;

өнім бірлігінің әдісі.

Тозуды біркелкі есептеу  әдісі активті пайдалы қолдану  мерзімінің ішінде тұрақты аударымдарға әкеледі.

Азаятын қалдық әдісі активті  пайдалы қолдану мерзімі ішінде аударымдардың азаюына әкеледі.

Өнім бірлігінің әдісі  күтілетін қолдануға немесе алған  өнімнің санына негізделген есептеулерге әкеледі.  Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың  жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың  активтік бөлігін арттыру, құралдарды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі  технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі құралдардың қандай деңгейде пайдаланатынын, жалпы  және жеке көрсеткіштер арқылы  есептеп шығаруға, өзгерістердің  пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне, басқа  көрсеткіштерге негізгі құралдардың  қаншалықты ықпал ететінін есептеуге, кәсіпорынның  және  құрал-жабдықтардың  өндірістік  қуаттылығының пайдалану  дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың  тиімді пайдалану резервтерін  шығаруға  экономикалық  талдаулардың   тиімділігі  кәсіпорын қызметінде аса маңызды.

Информация о работе Құрметті мемлекеттік атестациялау комиссиясының төрағасы және мүшелері!