Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 17:12, курсовая работа

Краткое описание

«Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Негізгі құралдардың жіктелуі...........................................................................4
2. Негізгі құралдардың бағалануы........................................................................8
3.Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру..................................................12
Қорытынды............................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................

Файлы: 1 файл

құралдарды есептеуді ұйымдастыру.doc

— 98.00 Кб (Скачать)

үлес қосушылар  мен құрылтайшылар негізгі құралды 
жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың 
құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;

ұйымдар негізгі  құралдарды өзі дайындап, яғни жасап 
шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың 
нақты сомасы бойынша;

ұйымдар негізгі  құралдарды басқа занды тұлғалардан 
немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу 
актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.

Негізгі құралдардың  ағымдағы құны - бүл кәсіпорынның белгілі  бір уакыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі  күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың  баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Негізгі құралдардың  қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарынын) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың  келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Бухгалтерлік  шоттарда есептелген негізгі құралдардың  бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

а) негізгі құралдардың  пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей  қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда және тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

э) Қазақстан  Республикасы Үкіметінің шешімдері  бойынша негізгі құралдарды қайта  бағалағанда.

Негізгі құралдардың  есебі әрбір бөлек объекті  бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға  берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уакытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.

Қайта бағалау  жүргізілген күні ұйымда негізгі  құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта  бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.

3.Негізгі құралдарды  есептеуді  ұйымдастыру 

Негізгі құралдардың  есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың талдамалық есебі  әрбір түгендеме объектісі бойынша  бөлек жүргізіледі. Түгендеме объектісі  деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен және құрылыстарды (үйлері мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

Кәсіпорындарда  негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу  үшін және олардың тиісті түрде сақталуын  қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі  құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар  мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның  жаңадан кіріске алған негізгі  құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.

Кәсіпорындардың бугхталтериясында негізгі құралдардың  әрбір объектісіне типтік ведомостволық  түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз-бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар және тағы басқалары қосылып бір түгендеме объектіні кұрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендеме нөмірі беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуде үлгілі түрі НҚ-6 ведомоствоаралық түгендеу карточкасы қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.

Негізгі құралдары  көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі құралдарын есептеу үшін түгендеу карточкалардың орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды түгендеу кітапшада есептеген жағдайда түгендеу тізімі жүргізілмейді.

Кәсіпорындарда  түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспортап және басқа да негізгі құралдарды сатып алу  сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері және тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір түгендеме объектіге бір данадан толтырылып, ұйымның бухгалтериясында сақталады. Ол картотекада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жікгелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде түгендеу карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың аткаратын қызметіне және түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер және тағы да басқалар) орналастырылады. Кәсіпорындарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орны ауыстырылған негізгі құралдардың түгендеу карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталады. Сондай-ақ, келешекте пайдалану үшін сақтаулы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да түгендеу карточкалары бөлек қойылуы қажет.

Түгендеу карточкалар  мен кітапшалар талдамалық есептің  негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттың нөмірі, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) және тағы да баска шартты белгілері мен керекті мәліметтері жазылады. Толтырылған түгендеу карточкаларының үлгілі түрі НҚ-10 санды ведомствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып отырылады. Бұл тізімдеме бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, түгендеу карточкаларының түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдар негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімдемеге тіркейді.

Негізгі құралдардың  сақталып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша үлгілі түрі НҚ-13 санды  түгендеу тізімі жасалады. Түгендеу карточкаларға  қарағанда бұл тізімдеме келіп-түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша  тек қана қысқаша мәліметгер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарьлық нөмірі, түгендеу карточка немесе түгендеу кітапшаға жазылған нөмірі, басқа да мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде үлгілі түрі НҚ-13 түгендеу тізіміне кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметгер жазылып, бухгалтерлік есептің акпараттарымен салыстырып, тексеріліп отырады. Бұл түгендеу тізіміне көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточка қолданылады. Ол карточка ұйымдарда негізгі құралдардың тиісті шоттарының түгендеу карточкалары мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі құралдардың жіктелу топтары мен түрлері есеп беретін айдың басындағы құны бойынша қалдығы, олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ-12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланады. Ұйым бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточкадағы калдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырып, тексеріліп отырады.

Кәсіпорындарда  түтендеу карточкалар және түгендеу кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырылады. Мұндай төлқұжаттарда негізгі құралдардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері және тағы да басқа деректер жазылуы тиіс. 

Қорытынды 

«Негізгі құралдарды»  халық шаруашылығының салаларына карай  топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың  қай түріне жататындығы негізге  алынады.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың  бәрі тек қана ұйымның негізгі  шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы  түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын  қызметі саласындағы топқа жатады.

Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін  өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы  халық шаруашылығының өнеркәсіп  саласына жатады.

Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі  қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

Кәсіпорынның  балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

Бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы

Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп теориясы мен негіздері. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2006.

Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Оқу  құралы, Алматы. 2006.

В.К.родостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В.Родостовец, О.И.Шмидт, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003

Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірибелік әдістемелері, Практикум, Алматы. 2006. 
 
 
 

Информация о работе Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру