Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:53, курсовая работа
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
Кіріспе
1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері.
1.2. Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні.
2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1. Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы.
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау.
Өнімнің өзіндік құнын азатуды қамтамасыз ететін жалпы факторларға мыналар жатады:
- Шикізат, материал, электроэнергия және жанармайды экономдау;
- өндірістің негізгі құралдарын қолдануды жақсарту;
- ресурсүнемдеуші жаңа технологияларды қолдану;
- өнімді өткізу бойынша шығындарды азайту;
- кәсіпорынның тауар саясатын қайта қарастыру;
- жұмысын тоқтату және ақаулардан жоғалтуларды азайту;
- сатып алынатын материалдардың оптимальды көлемін және өндіріс процесінде өндірілетін өнім көлемінің дұрыстығын қадағалау және бақылау;
- жалпы заводтық (жалпы шаруашылық) және цехтық шығындарды азайту;
Шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесі үнем тәртібін қатаң сақтап өзіндік құнды төмендетуді көздейді. Өнімнің, жұмыстың өзіндік құны материал мен еңбек ресурстарының үнемделу, өндірістің техникамен жарақтану дәрежесін, сонымен бірге шаруашылық есеп негіздерінің сақталуын көрсетеді. Кәсіпорындардың өзіндік құнына өндірістен тыс сатуға жұмсалған шығынды қосып өнімнің толық өзіндік құнын есептеп шығарады. Толық өзіндік құн - өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындар жиынтығы, құнның негізгі бөлігі.
Өнекәсіптегі өнімнің өзіндік құнын талдау тауарлы өнімнің 1 теңгеге шығынын қысқартудан басталады, өйткені ол өзіндік құнның негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол өзіндік құн динамикасын және шығын деңгейін сипаттайды. АҚ «Рахат» тауарлы өнімінің 1 теңгеге шаққандағы шығындар динамикасы 1-таблицада көрсетілген.
АҚ «Рахаттың» 1999 жылдың ақпан-желтоқсан айларындағы
тауарлы өнімінің 1 теңгеге шаққандағы шығындарын талдау.
Осы мәліметтерді қарастыра отырып, мынадай қорытындыға қоытынды жасауға болады, 1995 жылмен салыстырғанда фабрика 1996 жылы жақсы жұмыс жасаған. Таблицада көрсетілгендей фабрикада тауарлы өнімнің теңгеге шаққанда шығындары төмендеген. Ең төменгі нәтиже «шикізат және материалдар» бөлігінде 12,43 теңгеге, «құралдарды пайдалану» бөлімінде 16,99 теңгеге және жалпы өндірістік шығындар 9,58 теңгеге жеткен.
Бұл кәсіпорынның жұмысын жалпы оптималдаумен байланысты және де шикізатты тиімдірек пайдалнумен, ескі құрал-жабдықты жаңасымен алмастырумен байланысты болды. «Көмекші материалдар» бөлімінде өсім байқалады, ол 1996 жылдан бастап өнімнің басқаша және әшекейлі ұсақ орамамен қапталуына байланысты болды.
Өнімді толық өзіндік құнмен сатады, өткізеді. Неғұрлым өзіндік құн төмен болса, соғұрлым өндіріс тиімділігі жоғары болады. Өзіндік құн тікелей кәсіпорындарда қалыптасады. Халық щаруашылығы бойынша орта есеппен өнімнің өзіндік құны шамамен алғанда оның құнының ¾ бөлігіндей болады. Өзіндік құнды төмендетудің негізгі жолдары : өнім көлемін көбейтіп, сапасын арттыру, ғылым мен техника жаңалықтарын және қалдықсыз технологияларды өндіріске енгізу, еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс қорларын ұтымды пайдалану, өндіріс циклын қысқарту, ұйымдастыру мен басқаруды жақсартып оған кететін шығындарды азайту, өндіріс қалдықтарын толық пайдалану, өндірістің тоқтауын және шығын мен ақауды азайту, дер кезінде жүргізілетін бақылау, есеп пен экономикалық талдау, айналым қаржыларының айналуын тездету, тағы басқалар.
Келешекте өзіндік құнның кейбір шығын түрлерінің ғылыми-
техникалық прогресс, механикаландыру, автоматтандыру, электрлендіру,
химияландыруға байланысты үлес салмағы едәуір өзгеретін болады.
Өзіндік құн категориясын қолдану, оны бақылау, талдау өндірістің ішкі мүмкіндіктерін ашуға, оны жұмылдыруға көмектеседі. Ондай резервтер барлық кәсіпорындарда да болады. Өндіріс көлемі жыл сайын өсіп отырады, соған сәйкес шығын да көбейеді. Бағаның да негізі - өзіндік құн. Осыған байланысты өзіндік құнды азайтудың ерекше мәні бар, ол пайданы молайтудың басты көзі.
Қорытынды
Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын табысы өндірісіне шығындар тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім өндірісіне шығындар- ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді.
Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Кәсіпорын өнімді толық өзіндік құнмен сатады, өткізеді. Неғұрлым өзіндік құн төмен болса, соғұрлым өндіріс тиімділігі жоғары болады.
Кәсіпорынның өндіріетін әрбір өнімнің толық өзіндік құнын біле отырып, сатып алушыға осы өнімнің өткізілу бағасын немесе құнын анықтауға болады. Өзіндік құнды азайтудың ерекше мәні бар, ол пайданы молайтудың басты көзі.
Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.
Пайдаланылған әдебиттер
1. Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.
2. Грибов В.Д., Грузинов В.П. . Экономика предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.
3. Жалпы экономикалық теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004
4. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.
5. Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие успеха/ В помощъ предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000
6. Сабырбаев Б. Экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995
7. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов/ И.Э Берзинь С.А., Н. Н. Савченко, С.Г Фалько-М.: Дрофа,2003.
8. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред А.Е.Карменко М.Л. Шухгальтера. –М.: ИНФРА-М, 2004.
9. Экономика предприятия: Пер с нем-М: ИНФРА -М, 1999.
10.Экономика предприятия: Учебник/ Под ред. Проф О.И. Волкова. 2-е изд., перераб и доп.М.: ИНФРА-М 1999
11.Экономика предприятия: Учеб. Для вузов / Под ред. Проф В.Я Горфикеля, проф В.А. Швандара. -3-е изд, перераб и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000
Информация о работе Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу