Меншікті қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 15:54, автореферат

Краткое описание

Бірінші кезең. «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру» Заңын іске асыру үшін 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы әзірленді, ол ҚазССР Президентінің қаулысымен (1991 жылғы 13 қыркүйектегі № 444) бекітілді. Бірінші кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатқа ие болды. Жекешелендіру туралы шешімді жекешелендіруге кәсіпорын ұжымының өтінішінен кейін ғана мемлекеттік органдар қабылдады. Өте маңыздысы кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру түрін таңдау еңбек ұжымына берілді.

Оглавление

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
А) Герогигиена және геронтология ілімдері
Ә) Қартаюдың түрлері, сипаттамасы және қартаюдың себептері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Қартаю механизмдері.docx

— 32.27 Кб (Скачать)


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

 

 

 

Факультеті:  Жалпы медицина

Кафедрасы:  Молекулалық биология және генетика

Тақырыбы:  Қартаюдың молекулалы-генетикалық механизмдері

 

 

 

 

                                                              Орындаған: Қабылова Айнұр

                                                                                      113 «Б» тобы

                                                              Тексерген:  Абилов Т.

 

 

 

 

 

                                     Ақтөбе – 2012 жыл  

                                          Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі  бөлім

А) Герогигиена және геронтология ілімдері

Ә) Қартаюдың түрлері,  сипаттамасы және қартаюдың себептері

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биологиялық жас (анатомо-физиологиялық) - организмнің биологиялық жағдайының белгілі бір даму деңгейіне, яғни белгілі бір паспорттық жасқа айырықша тән болатын физиологиялық жүйелердің негізгі көрсеткіштері мен денсаулықтың сандық сипатының сәйкестігі. Биологиялық жас - уақыт кезеңіндегі биологиялық мүмкіндіктердің өзгеру өлшемі, өмірге қабілеттіліктің, болашақта қаншалықты өмір сүретіндіктің өлшемі. Биологиялық жас әр түрлі жүйелердің қызметтік жағдайын топтама сипаттау негізінде, организмнің зат алмасу, құрылымдық, қызметтік, реттеушілік ерекшеліктері жиынтығымен, сондай-ақ, қартайған организмнің бейімделушілік мүмкіндігін бағалау негізінде де анықталады. Ол хронологиялық жасқа сәйкес келмеуі мүмкін: егер биологиялық жас күнтізбелік жастан анағұрлым артта қалса, онда ұзақ өмір сүру мүмкіндігін болжауға болады. Ал егер күнтізбелік жастан анағұрлым алға түссе қартаю ерте дамиды.

Биологиялық жүйенің  сенімділігі - келісімді, ұзақ мерзімді, белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа қабілеттіліктің тұрақтылығын сақтау қасиеті. Организм сенімділігі витаукт үрдістерінің айқындылығына байланысты, себебі ұзақ мерзімділік бейімділікті витаукт ‰рдістері анықтайды. Биологиялық жас организмнің сенімділік деңгейімен анықталады. Қартаю түптің-түбінде бейімделу мүмкіндіктерінің шектелуі мен ауытқудың дамуы негізінде жатқан организмнің жеке ж‰йелері мен  жасушавлардыњ  сенімділігініњ тµмендеуіне єкеледі. Ќартайѓанда ж‰йеніњ сенімділігі ,молекулярлық, жасушалық, организмдік, яғни барлық деңгейде төмендейді.

Витаукт - эволюция үрдісі нәтижесінде пайда болған зақымданудан сақтану механизмі. Витуакт (В) организмнің ұзақ уақыт бейімделуін қолдап тұру қабілеттілігін анықтайды, және де ол организмнің өмірлік әрекетінің тұрақты деңгейін сақтауға бағытталған. В байқалуының екі типін ажыратады:

  • генотиптік - эволюция нәтижесінде орнықты бекінген, тұқым қуалау хабардың берілуіне байланысты жүзеге асатын (генетикалық хабардың қайталану жүйесі, антиоксиданттар жүйесі, бауырдың микросомалық тотығу жүйесі. ДНК-ның репарация жүйесі, антигипоксиялық жүйе т.б.), генетикалық алдын-ала жоспарланған В көрініс беруі;
  • фенотиптік - организмнің өздігінен реттелу механизмінің нєтижесінде, адамның өмір әрекеті үрдісінде жинаќталатын (мобилизацияланатын) В механизмі (жасушалардың гипертрофиясы мен гиперқызметі, жергілікті гуморальдық жүйе мен бірнеше зат аламсу циклдерінің белсенділігі т.б.).

Гериатрия (грек. geron - қарт,  iatreia - емдеу) - егде  және қарт адамдардың ауруларын зерттейтін клиникалық медицина саласы.

Геритрияның (Гг) негізгі міндеттері:

- егде және қарт адамдардың әр түрлі ауруларын алдын алу, емдеу, клиникалық ағымын, даму ерекшеліктерін зерттеу.

- ерте  қартаю үрдісіне әсер ету мүмкіндіктерін анықтау.

Герогигиена (Гг) (грек. geron - қарт, higieno - емдік, денсаулық әкелуші) - адамның қартаю үрдісіне өмір сүру жағдайының әсерін қарастыратын және патологиялық қартаюды алдын алуға бағытталған, халыққа ұзақ, қабілетті, салауатты өмірді қамтамасыз етуге жағдай жасау шараларын белгілейтін геронтология саласы.

Профилине сәйкес мынадай топтарѓа бөледі:

- әлеуметтік герогигиенаны (Гг),

- коммунальдық Гг,

- еңбек Гг,

- тамақтану Гг.

Геронтология (грек. geron - қарт, Іogos - ілім) - адамның қартаю заңдылығын зерттейтін биология және медицина саласы.

Геронтология құрамына кіреді:

  • қартаю биологиясы
  • гериатрия
  • герогигиена
  • геронтопсихология

Геронтологияның негізгі міндеттері:

  • қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмдерін зерттеу,
  • нулеин қышқылдарындағы құрылымдық және физико-химиялық қайта түзулерді анықтау,
  • генетикалық аппараттың реттелуіндегі жасқа байланысты өзгерістерді белгілеу,
  • жасқа байланысты жасуша қызметі мен белок биосинтезінің өзгерістерінің арасындағы байланысты анықтау,
  • организм қызметі мен зат алмасуының нейрогуморальдық реттелу механизмдерін зерттеу,
  • қартаю үрдісінде организмнің бейімделу мүмкіндіктерін анықтау,
  • адамның қартаю ерекшеліктерін комплексті түрде зерттеу және де, соның негізінде қарт адамдардың еңбек әрекетінің ұзақтығын, жұмысқа қабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған шараларды жетілдіру,
  • қартаю қарқынын баяулататын және өмір ұзақтығын арттыратын әсерлерді іздестіру.

Геронтопсихология - қарт және ұлғайған жастағы адамдардың мінез-құлқын, психикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған әдістемелер мен жалпы психологиялық тәсілдерді қолданатын геронтология және жас ерекшелік психология саласы.

Гетерокатефтенділік гомеорез (грек. “гетеро” - әр түрлі, “катефтенси” - бағыт) -  жасқа байланысты өзгерістердің әр түрлі бағыттылығы. Мысалы, ќартая бастаған организмдегі тіршілік үрдістерінің бірініњ басылып, енді бірінің белсендірілуі.

Гомеорез гетерокинеттілігі (грек. “гетеро” - әр түрлі, “кинезис” - жылдамдық) -  жасқа байланысты өзгерістердің әр түрлі жылдамдықта дамуы. Бір ұлпаларда жасқа байланысты өзгерістер ерте, баяу және салыстырмалы ырғақты өрбісе, басқаларында кеш, бірақ тез туындайды. Мысалдар: сүйек-буын жүйесінде жекелей қартаю белгілері біршама ерте байқалады және ол баяу өрбіп, сүйектің құрылымының бұзылуына (остеопорозға) әкеледі. Орталық жүйке жүйесінің кейбір құрылымдарындағы ауытқулар жасқа байланысты эволюцияда ұзақ уақыт байқалмайды, бірақ олар туындағанда тез арада әр түрлі организм жүйелерінің жағдайын өзгертеді.

Гомеорез гетеротроптылығы - (грек. “гетеро” - әр түрлі, “топос” - орын) - әр түрлі органдар мен бір орган құрылымындағы қартаю үрдісінің біркелкі емес көрінісі. Мысалы: бүйрек үсті бездерінің қыртысының торлы аймағы (құрамы мен әсер етуі жыныс гормондарына жақын гормондар түзеді) мен шумақты аймағына (минералокортикоидтарды түзеді) қарағанда будалы аймақтың (глококортикоидтарды бөледі) қартаю көрінісі кем.

Гомерез гетерохрондылығы -  (грек. “гетеро” - әр түрлі, “хронос” - уақыт) - жеке ұлпаларда, органдар мен жүйелерде әр уақыт айырмашылығымен қартаюдың басталуы. Мысалы: айыршық безінің атрофиясы адамда 13-15 жаста, жыныс бездерінде-климакстік кезеңде (әйелдерде 48-52 жаста) басталса, гипофиздің кейбір қызметтері терең кәрілікке дейін жоғары деңгейде сақталады.

Гомеорез - қартаюға әкелетін организмдегі заңды жастық өзгерістер. Гомеорезге тән:

  • гетерохрондылық,
  • гетеротроптылық,
  • гетерокинеттілік,
  • гетерокатефтінділік.

Қартаю - қайтыс болу ықтималдылығыныњ артуымен және жасқа байланысты ауытқудың дамуымен сипатталатын, организмнің бейімделу мүмкіндігін шектеуге әкелетін, жасқа байланысты түбінде дамитын, биологиялық бұзушы үрдіс (1). Қартаю жылдамдығы, өмір сүру ұзақтығы тірі жүйенің барлық биологиялық ұйымдасуымен анықталады: құрылымдардың ерекшеліктерімен, заттар алмасуымен, организм қызметімен және т.б.

Қартаюдың түрлері:

  • табиғи,
  • баяуланған, ұзақ жасайтындарға тән,
  • жедел, уақытынан ерте, акцелерациялық, балаларда да қартаю белгілерінің өрбуінің кездесуі - прогерия.

Қартаю сипаттамасы:

  1. Қартаю - көптеген әр түрлі факторлар туындататын көп себепті үрдіс (полиэтиологиялық).

Қартаю себептері:

  • зат алмасудың генетикалық алдын-ала айқындалған ерекшеліктері,
  • күйзелістер,
  • аурулар,
  • бос радикалдар,
  • ксенобиотиктер, (бөгде заттар),
  • сутек иондарының концентрациясының өзгеруі,
  • температуралық бұзылулар,
  • оттектік ашығу,
  • кейбір жоғары белсенді ферменттер әсерінен лизосомдардың бұзылуы,
  • белок ыдырауының немесе басқа да организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген өнімдердің жиналуы., т.б.

2) Қартаю - көп ошақты үрдіс. Ол жасушаның әр түрлі құрылымдарында - ядросында, мембраналарында, митохондрияларында және т.б. әр түрлі жасушаларда: жүйкелік, секреторлық, иммундық, бүйректік және т.б. туындайды. Әр түрлі типті жасушалар қартаюында айырмашылық болады. Олар жасушалардаѓың өзіне тән қызметімен анықталады. Ал бұл жасаушалардағы биохимиялық үрдістердің ерекшеліктеріне байланысты.

3) Қартаю - жасқа байланысты сыртқы және ішкі әсерлерден организмдегі зақымданудың жоғарлауына байланысты дамитын бұзушы үрдіс.

Қартаю мынаған әкеледі:

- физиологиялық қызметтің жетіспеушілігіне;

- жасаушалар өліміне;

- организмнің бейімделу мүмкіндіктерінің шектелуіне;

- организм сенімділігінің төмендеуіне

- жасқа байланысты ауытқудың өрбуіне (артериялық гипертония, жүрек немесе мидың ишемия ауруы, қатерлі ісік, қант диабеті және т.б.).

- қайтыс болу мүмкіндігінің артуына.

Қартаю - уақыт кезеңінде ұзақ дамитын үрдіс.

Қарттық - заңды түрде туындайтын жастық дамудың қортынды кезеңі; жеке дамудың (онтогенездің) болмай қалмайтын қортынды кезеңі.

Қайтыс болулар - өлім нәтижесінде халық санының кему үрдісі. Статистикада балалық (балалардың  0-дан 15 жас аралығында қайтыс болулары) және сәбилік (емшектегі және баланың бір жасқа дейінгі кезеңде қайтыс болулары) қайтыс болулар деп айырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.Ж.Стамбеков, В.Л.Петухов. Молекулалық Биология: Новосибирск,2003.
  2. Е.Ө.Қуандықов, С.А.Әбілаев.Медициналық биология және генетика: Алматы,2006.
  3. С.А.Әбілаев.Молекулалық биология және генетика: Шымкент,2008.
  4. А.А.Төребеков.Адам генетикасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Меншікті қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелері