Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 17:49, реферат
Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу. Кеше ғана ұдайы өндірістік бағыт экономикалық өсудің марксистік теориясы деп, ал экономикалық өсу бағыты-ұдайы өндірістіктің біршама, буржуазиялық теориясы деп тұжырымдалатын.Зерттеудің осы екі бағыттарының екеуінеде ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттері болады.
Экономикалық динамиканы
және статиканы зерттеу мен
Бірақ, бұлардың айырмашылықтары да бар. Біріншіден, ұдайы өндіріс теориясы өндірістің динамикасын оның өсімінің қарқынымен есептеспей зерттейді. Мұндағы басты мәселе — қоғамдық өндірістердің бірінші және екінші бөлімдерінің байланыстарының пропорциялары. Ал осыдан темптер шығарылады. Экономикалық өсу темптері бастапқы деп және пропорцияларды белгілейді деп тұжырымдалады. Осының объективтік негізін қоғамдық қажеттілік құрайды. Сөйтіп, экономикалық өсу теориясында себепті-салдарлы байланыстардың керісінше сипаты болады.
Екіншіден, болжамдайтын деңгей үшін ұдайы өндірістік негізі деп динамиканың бір жылдық мерзімі алынады. Міне, осылай бір жылдық циклда жасалған игіліктердің сомасы ретінде жиынтық қоғамдық өнім белгіленеді. Экономикалық өсуді есептеудің негізін "ұзын толқындар" құрайды және ол ұдайы өндірістің бірнеше циклдарынан түрады. Осы мерзімде темптердің жалпы тенденциясының сипаты бұрынғыдай, немесе, одан төмен тұрақтылықта болады.
Үшінші айырмашылық
— экономикалық өсу жүйесінде
бос уақыт өсудің резерві, өсу
потенциалының құрамдас бөлігі болып
табылады. Бос уақыт — бұл адам
капиталы дамуы үшін қажет кеңістік
болып табылады. Ұдайы өндірісті
талдауда бос уақытты еленбейді,
бос уақыт аз болған сайын жұмыскерді
қанау дәрежесі жоғары деп есептеледі.
Өмір үшін қоғамның дамуына қажет
ресурстардың шектелген жағдайында
экономикалық өсу процесінде қалыптасатын
қатынастар мен заңдылықтарды экономикалық
теория зерттейді. Пәннің ерекшелігі зерттеудің
методологиясы мен методтарының
ерекшелігін тудырады. Методология
дегеніміз экономикалық жағдайларды
зерттеуде қолданылатын жалпылама
әдіс, белгілі философиялық көзқарастар
тұрғысынан қарағанда ол субъективтік,
диалектикалық-материалистік, эмпирикалық,
рационалистік және т.б. бағыттарды
қолдануды талап етеді. Бұл методология
адамдардың таптық құрамына қарамастан,
экономикалық жүйені тұтас зерттеп,
осының негізінде экономикалық өркениеттің
объективтік рационалистік
Рационалистік және
аналитикалық әдістердің өзара байланыстары
әсіресе ұдайы өндіріс пен
экономикалық өсу процестері талдауда
толық байқалады. Позитивтік әдіс экономика
ғылымының белгілі бір
Танып білудің нормативтік
әдісі адамдардың барынша жоғары
үнемділік принциптерге негізделген
практикалық әрекеттерін
Экономикалық теорияда қолданылатын әдістердің ішінде эксперимент пен экономикалық реформа елеулі рөл атқарады. Олардың зерттеудегі орны ерекше болады және жан-жақты дайындықты, терең болжауды дәлелдеуді, ғылыми сынақ өткізуді тілейді. Міне, ғылыми талдауды және экономикалық мәселелердің оптималдық шешімдерін іздестіруді ұйымдастырудың негізгі әдістері мен тәсілдері осындай болады.