High Tech Logistic ЖШС» және «Хак Групп АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекеттерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 09:38, реферат

Краткое описание

Қазіргі кездегі Қазақстанның экономиканың сәтті жағдайы, тұтыну нарығының өсуі, компаниялар жоғары қарқынмен даму үстінде. Бірақ толық бағалық логистикалық қызмет нарығының болмауы, жергілікті компаниялардың өсуіне, халықаралық корпорациялардың келуіне ірку фактор болып табылады.

Файлы: 1 файл

High Tech Logistic ЖШС.doc

— 102.50 Кб (Скачать)
    1. «High Tech Logistic ЖШС» және «Хак Групп АҚ» логистикалық кәсіпорындарының  іс-әрекеттерін талдау

 

Қазіргі кездегі Қазақстанның экономиканың сәтті жағдайы, тұтыну нарығының өсуі, компаниялар жоғары қарқынмен даму үстінде. Бірақ толық  бағалық логистикалық қызмет нарығының болмауы, жергілікті компаниялардың өсуіне, халықаралық корпорациялардың келуіне ірку фактор болып табылады.

Клиенттердің тұтынушылық  қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын компаниялардың нарықта болмауы  өзекті мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А Назарбаевтың тапсырысына жүгіне отырып, Қазақстанның үкіметі Қазақстан экономикасын кластерлерді дамыту бойынша диверсификациялаудың жаңа жобасы жүзеге асыра бастады.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу» логистикалық жүйенің негізгі элементінің үйлесімін икемді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизімін құрастыру болып табылады. 

Осы заманғы экономикалық үрдістердің даму шарттарына байланысты –өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа  нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.

Қазақстанның нарықтық қатынастарға өте бастауы елдегі логистиканың практикалық және ғылыми ыңғайды талап ете бастады.

Экономикалық талдаудан бұрын, Қазақстанда логистикалық концепцияның даму үстіндегі жолда негізгі кедергілерді қарастырайық.

Біріншіден, көп уақытқа дейін отандық экономикада Батыста логистиканың негізгі орнын алатын айналым (тауарды жабдықтау және өткізу) сфераның ролін жете бағаламады. Біздің елде тарихи айналым сферасы өндіріс сферасыдан артта дамыды, әсіресе тауар мен қызметтер өткізуді ұйымдастыру. Айналым сферасы тауардың өндірушіден тұтынушыға ақырын өткізілген, сұраныс қанағаттанбаған, тұтынушыға төмен қызмет сапасымен, төмен сақтықпен ерекшеленеді. Айналым сферасы «қалдық принцип» бойынша қаржыландырылған. Басқарушы мамандар экономикада айналым сферасының ролін түсінбеуі жоғары деңгейде болды.

Екіншіден, Қазақстанның қазіргі кезде экономикалық инфрақұрылымының дамуы  дүниежүзілік орта деңгейінен артта қалуда (тауар айналым сферасында). Бұл жердегі жағымсыз жақтар келесідей:

  • тауар өткізуші құрылымның рационалды емес дамуы;
  • қазіргі заманғы электрондық коммуникацияның, электрондық желілердің, байланыс және телекоммуникация жүйелерінің әлсіз даму деңгейі;
  • төмен транспорттық инфрақұрылым, әсіресе автомобиль жолдарында. Автомобильді, мультимодальды, кедендік терминалдар санының аздығы мен техника-технологияның төмен деңгейі;
  • дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін барлық транспорт түрлерінде қазіргі заманғы транспорттық жабдықтардың болмауы. Транспорттың жоғары деңгейде физикалық және моральды тозу;
  • өндірістік-техника базалық қойма шаруалардың төмен дамуы;
  • тауарды өңдеу қазіргі заманғы техникалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі. Қоймалық жұмыстардың механизация және автоматтандырудың төмен даму деңгейі.

Көрсетілген фактілер мен  жағымсыз жақтар Қазақстан экономикасына логистикалық концепцияның ендіруін тежеуде, мәселелерді тез арада шешу мүмкін еместігі.

Сонымен жақын арада Қазақстанда логистиканың дамуы транспорттық кешенде және қоймалау жүйесінде қолдануға болады. Отандық транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар бірінші болып, өздерінде қазіргі заманғы тасымалдау және тауарды өңдеудің логистикалық технологияларды енгізді. Интермультимодальды және терминалды жүкті тасымалдау жүйесі дәл уақытта және есіктен-есікке тасымалдау технологиялары және т.с.с. Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындары белсенді түрде өздерінің терминалды желіні, жүкті бөлшектеу және логистикалық орталықтарды, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету логистикалық қызмет көрсету жүйелерін құра бастады.

Осындай кәсіпорындардың  бірі «High Tech Logistic» БК ЖШС, кәсіпорын осындай мәселелерді шешіп, Қазақстандағы логистикалық қоймалау нарығының бірден бір   көшбасшысына айналды.

«High Tech Logistic» логистикалық оператор 2005 жылдың басында құрылған. Ол «Amanat Invest Group» компаниялар тобының құрамына кіреді. Сол жылы бірінші эксплуатацияланатын алаң «ИКаР» іске қосылған болатын. «ИКаР» қойма кешені 25000 паллето-орынды құрайды. Онда кеден-брокерлік қызмет пен транспорттық қызметкөрсетеді. УСҚ-ны ұйымдастыру мен кедендік қызметті жүзеге асыруға лицензия алынған болатын. 2006 жылы көлемі 35000 паллето-орынды құрайтын «Первомайский» кеден-қоймалы терминал салынып, іске қосылды. 2007 жылдың басында Алматы қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан жерде (Алматы-Қапшағай трассасы) «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық салына басталды. Ерекше «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық 210 га жерді алып жатыр. Компанияның жоспары бойынша «DAMU»  орталықта 150000 паллето-орынға қойма бөлмелері болды. Сонымен қатар, Астана қаласында 40000 палетто-орынға арналған «DAMU Astana» логистикалық орталық салына басталды.

Компанияның басты мамандануы-бұл барлық бекітілген шарттар негізінде XXI ғасыр технологиялар талаптарына сай, халықаралық стандарттарға және индустриалды-логистикалық орталықтардың сапалы түрде құру және дамыту. Өзінің құрылу уақытынан бастап компания ірі мегаполис ішінде жүкті ағымдарды басқару бойынша тұтынушының мұқтаждығын қанағаттандыру стратегиясын таңдады. Қалалық магистральдардың транспорттық толуы қоймаларды қаланың сыртына шығару арқылы шешілді. Басында инвестициялар барлық қазіргі заманғы талаптар негізінде жұмсалды. Себебі, Қазақстанда коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыратын логистикалық объектілер болған емес.

Компания жүкті сақтау, тасымалдау және кедендік тіркеу бойынша  мәселелерді тиімді тасымалдау, жаңа технологияларды қолдану арқылы шешеді.

Қоймалар логистикалық жүйенің негізгі элементтердің бірі. Қорларды сақтауға әдейі құрастырылған орындардың болуы, материалдық ағымдардың жүрудің барлық кезеңінде керек, біріншіден шикізат көзінен бастап, соңғы тұтынушыға дейін.

Қазіргі заманғы қойма  логистикалық операциялар қызмет көрсету үлкен көлемде орындайды. Тұтынушыға кең көлемде қоймалау, жүкті қайта өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с логистикалық келісімдері.

«High Tech Logistic» компаниясының қоймалық ғимараттар қазіргі заманғы құрал-жабдықпен қоймалық автоматтандырылған есеп жүйесімен жабдықталған. Бұл жүкті жоғары динамикалық өңдеуді қамтамасыз етеді, тауарларды қоймаға келу уақыты бойынша, өндіру уақыты бойынша тексеруге болады.Бұл сақтау процесін жеңіл басқаруға мүмкіндік беребі. Компанияның қойма территориясының негізгі қызметтері:

  • арнайы температуралық шарттарды талап ететін тауарларды сақтау;
  • іріленген жүкті сақтау;
  • тиеу-түсіру жұмыстары;
  • тапсырыс берудің арнайы талаптары бойынша тауарды өңдеу;
  • таңбалау, термоорау және пакеттеу;
  • логистикалық оператор есебінде сақтау;
  • қоймада жүктің қозғалысы бойынша керекті есептер беру;
  • бас қоймада, УСҚ, кедендік, дәріханалық қоймаларда сақтау.

Компания транспорттық логистикада келесі қызметтерді  көрсетеді:

  • транспорттық-логистикалық шешімдерді табу;
  • есікке дейін принципі бойынша Алматы; Алматы облысы бойынша жүкті алушыға толық кешенді қызмет көрсету;
  • Қазақстан қалалары бойынша авто, теміржол транспортпен дистрибуция;
  • барлық тәуекелділікті ең тиімді сақтандыру полисін алуға көмектесу;
  • жіктің қай жерде орналасқандығы туралы тез ақпарат беру;
  • жүкті тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау;
  • әр клиентке жеке менеджердің болуы;
  • кеңес беру қызметі;
  • кең агенттік, әріптестік желілік;
  • экспорт-импорт тауарларды «есіктен-есікке» жүйесі бойынша жеткізу.

Компания кедендік-брокерлік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:

  • толық кедендік рәсімдеу
  • тауарға сәйкес сертификаттар алу
  • рұқсат беру қағаздарын рәсімдеу (ветеринарлық, фитосанитарлық тексеру);
  • дәрі-дәрімектерді УСҚ мен кедендік қоймада сақтау.

Жоғарыда көрсеткендей, компания қоймалары кең ауқымды логистикалық операциялар бойынша қызмет көрсетеді.Тұтынушыға қоймалау, жүкті өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с. логистикалық шешім бойынша кең ауқымды таңдау береді.

Бұл ірі логистикалық орталықтардың негізгі ролі. Мысал ретінде «High Tech Logistic» компаниясының келесі қоймалық терминалдары туралы айтуға болады.

«ИКаР» кедендік-қоймалық терминал. Көлемі-25000 паллето-орын. Ярус саны 3-4. Жүкті паллетті және қорапты өңдеу. Жүкті 2м биіктегі паллеттарда сақтау. 17 вагонды бірдей қабылдай алатын, қоймалық кешенге кіре алатын теміржол рампасы бар. 150 жүк машинаның сыйымдылығы бар автотұрақтың болуы. Офистік ғимараттардың көлемі-1500 кв.м.

«Первомайский»  кедендік-қоймалық терминал. Көлемі-35000 паллето-орын. Ярус саны 7. Жүкті паллетті және қорапты өңдеу. Жүкті 2м биіктегі паллеттарда сақтау. 13 вагонды бірдей қабылдай алатын, қоймалық кешенге кіре алатын теміржол рампа бар. 150 жүк машинаның сыйымдылығы бар автотұрақтың болуы. Офистік ғимараттардың көлемі-500 кв.м.

«Первомайский» және  «ИКаР» кедендік-қоймалық терминалдардың технологиялары:

  • қоймаларды басқару жүйесі;
  • видеоқадағалау жүйесі;
  • климаттық басқару жүйесі.

«Первомайский» және  «ИКаР» кедендік-қоймалық терминалдардың мүмкіндіктері:

Күніне 2500 паллет өңделеді. 1 паллетті жүк трапты 30 минут ішінде түсіру. «Первомайский» және  «ИКаР» барлық жүқтің негізгі режимде бір шатырдың астында сақтауды (УСҚ, бос, кедендік және ақпараттық қоймалар), құрал-жабдықтар мен мамандардың жоғары коэффициент сонымен қатар, жүкті өңдеудің жоғары қозғалысын қамтамасыз етеді.

«DAMU» индустриалды-логистикалық орталық. ИЛО «DAMU» - бұл Алматы үшін ең тиімді объект. «DAMU» бірнеше мәселелерді шеше алады. «DAMU» Алматы қаланың индустриалды бөлігінде орналасқан. Бұл орталықтың қаладан тыс болуы тасымалдауды жеңілдетеді. ИЛО «DAMU» түгелдей автономды инфрақұрылым (энергия үнемділік, канализация, сандық линия, суқұбыры, жоғары жылдамдықты интернет) қамтамасыз етілген. Өндірістік алаңдар сегменттерге бөлінген (1 га-дан 5 га-ға дейін). ИЛО «DAMU» территориясында көлемі 500000 кв.м, 150000 паллето-орынды қамтитын қоймалар бар.

«DAMU Astana» индустриалды-логистикалық орталық. Астана қаласы экономикалық өсіп, дамып, құрылыс үстінде. Республиканың астанасымен бірге Астана солтүстік қақпа өндіріс сферасында. Қаланың бұл дәрежесі отандық және шетел тауарлардың мемлекет ішінде тез тарату үшін қазіргі заманғы және жоғары техникалық логистикалық саябақтардың болуын талап етеді. «DAMU Astana» аймақтарда жүктерді өткізуді басқаруды қамтамасыз етеді. Парктің өзінің өндірістік зонасы мен инфрақұрылым болады.бұл жағдай компанияларға өзінің өндірістерін орналастыруға мүмкіндік береді. «DAMU Astana» транспорттық логистикадан қарағанда ең ыңғайлы жерде орналасқан. Айналып өту сақинасы мен аймақаралық трассаның жанында.

«High Tech Logistic» ЖШС-ның болашақтағы жоспарлары: 3А стратегиясы- бұл Қазақстанның ең ірі Астана-Алматы-Ақтөбе тораптарды бір жүйеге біріктіру концепциясы. Әрбір транспорттық торап өзінің аймағын қамтиды. Ақтөбе-Батыс, Алматы- Оңтүстік-шығыс, Астана-Солтүстік.

«High Tech Logistic» ЖШС жүргізілген талдау компанияның логистикалық қызмет көрсетуді жоғары және сапалы дамуына үлкен мамандықпен келеді. Компания аймақтардың экономикаларын біле отырып, логистикалық концепция стратегиясын жақсы ұйымдастырған.

Бұл аймақтық тораптарда ндустриальды-логистикалық кешендерді мемлекет ішінде тауар айналымының  сапасы мен қозғалысын жақсарту арқылы компания бірыңғай логистикалық желіні құруды жоспарлауда. Жоғары сапалық  логистикалық желінің пайда болуы мемлекеттің бар аумағын алып отырып, Қазақстан Республикасының Европа мен Азияны қосатын буын ретінде дәрежесін нығайтпақ. Бұл мемлекеттің транзиттік мүмкіншілігін дамыта алар еді.

Қазақстан Республикасында логистиканың дамыту бағытта жетекші орын алатын кәсіпорынның мысалы мен даму бағыттына тоқтолып өтейік.

 «Хак Групп» компаниясы  холдингтік құрылым. Компания  өзінің қызметін Қазақстан Республикасы  мен Ресей Федерациясы  территориясында  атқарады. Құрылу кезеңі-1998 жыл.

Өзінің даму уақыты ішінде компания ірі инфрақұрылымға айналған болатын. Компанияға жұмысшылар саны 300-ден асатын 29 мекеме кіреді.

Қазіргі таңда компания қызметі  келесі бағыттарды қамтиды:

  • Автошинды бизнес.
  • Аутосорсинг материалды-техникалық жабдықтау саласында.
  • Жеткізу, бөлу және импорттық тауарларды тарату саласында қызмет көрсету.
  • Қойма қызметтері.
  • Экспорттық-импорттық жеткізулер.
  • Автомобильді жүк тасу.
  • Ғимараттар мен құрылыстарды жылутезникалық жабдықпен комплектациялау.
  • Заңдық қызметтер.

Компанияның клиенттік  базасына ірі, орта, шағын бизнестің 3000 астам мекемелері кіреді. Компания әріптестері әртүрлі саладағы кәсіпорындар: өнеркәсіп, автожолдық және жол-құрылыс құрылымдары, ауылшаруашылық мекемелері және т.б. олардың арасында Казахмыс, Казцинк, Казатомпром, Евразиялық Өндірістік Ассоциация топтар мекемелері.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу»  логистикалық жүйенің негізгі элементінің  үйлесімін икемді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизмін құрастыру болып табылады. 

Информация о работе High Tech Logistic ЖШС» және «Хак Групп АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекеттерін талдау