Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:16, реферат
Экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу мен ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.
еңбекке жарамсыз ата-аналар үшін алимент өндіріп алу, кредитке сатылған тауарлар үшін,
өнім ақауы үшін.
Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың синтетикалық есебі 3350
«Еңбекақы төлеу бойынша қызқа мерзімді берешек» пассивтік шотта жүргізіеді.
Өндірістік саладағы кәсіпорындарда еңбекақы есептелгенде 3350 шоты кредиттеліп,
8 бөлім шоттары дебителеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорына аударымды ұстау 3350 дебет шоты 3220 «Зейнетақы
аударымдары бойынша міндеттемелер» кредит шоты бойынша жүзеге асырылады.
Жеке табыс салығын ұстау 3350 дебет шоттары бойынша және 3120 «жеке табыс
салығы» кредитінде көрсетіледі.
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмсшылар мен
қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытың
мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері
тарифтік жүйеде қаралады.Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
тарифтік кесте;
тарифтік еңбекақы мөлшері;
тарифтік мамандық анықтамалары.
Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес еңбекақы көлемін жұмыс беруші өз
бетінше орнатады және ол минимальды еңбекақы көлемінен төмен болмауы тиіс.
Қазақстан Республикасының «2009 жылдың республикалық бюджеті» туралы Заңына
сәйкес ең минимальды еңбекақы мөлшері 14 470 теңгені құрайды.
Қорытынды келтіретін болсақ: еңбек ақы еңбек өнімділігін арттырудың бірден-бір
құралы және ол өндірісті тиімді дамытуға үлкен ықпал көрсетеді; істеген кез келген
жұмысына еңбек ақысын алуға адамның толық құқығы бар; жалақы адамдардың өмір сүру
көзі; жалақы бойынша-ақ аймақтардағы адамзаттың тіршілігін, халін, өмір сүру деңгейін
толық көлемде суреттеуге болады; жалақы еңбек құнына тура пропорционал: еңбек құны
өссе, жалақы да өседі,ал керісінше де солай; жалақы адам өміріне біраз жеңілдіктер
туғызады.
Яғни, қызметкерлердің ұтымды жұмыс істеуіне байланысты төмендегідей жағдайлар
айқын болжанылып анықталуы керек:
Қызметкерлердің жұмысқа қатысуы;
Өндірілген өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы
мөлшерін дұрыс бақылау;
Қызметкерлердің уақтылы дұрыс есеп айырысуы;
Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау;
Еңбекақы жайлы бухгалтерлік қорытынды есепті беру.
Қазіргі таңда еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформалардың жақсы нәтиже
беруіне байланысты еңбек ақының көлемі арттырылуда. Бұл өз кезінде тұрғындардың
тұрмыс деңгейін жақсартып, әл-ауқатының арттыруына септігін тигізеді. Дегенмен,
жалақының өсуі инфляцияның өсуіне әсерін тигізеді, ал инфляцияның өсуі жалақының
жоғарылауының оң нәтижесі болмайды.
Қазақстан Республикасы еңбек ақы төлеу саясатын әрі қарай дамыту үшін
мынандай ұсыныстар келтіремін.
еңбек ақы мемлекеттен қолдау көрсету;
шетел тәжірибелерінен үлгі алу;
жекеленген кәсіпорындардың еңбек ақысын реттеу.
Осындай мақсатта ғана еңбек ақы жүйесі дамиды деп ойлаймын__