Еңбекақы шығындарының аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 15:24, курсовая работа

Краткое описание

ҚР-ның әр азаматы еңбек етуге құқылы, демек республикада әр адамның өз ықыласына, қабілетіне және арнайы дайындығына сәйкес еркін еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңына сәйкес: Еңбек деп адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған қызметтерді айтады, яғни нарықтық экономикаға көшу жағдайында

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................3

І БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫНЫҢ ЕСЕБІ....................5
1.1. Еңбекақы және оның түрлері, нысандары мен жүйелері.........5
1.2. Еңбекақыны есептеу тәртіптері және еңбекақыдан
ұсталатын ұсталымдар...........................................................................7

ІІ БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДЕГІ АУДИТТІҢ
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ............................................................11
2.1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және
жұмыс уақытын пайдалану есебінің аудиті.......................................11
2.2. Еңбекақыны есептеудегі аудиттің
мақсаты мен міндеттері.......................................................................14

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................25

Файлы: 1 файл

Еңбекақы шығындарының аудиті.doc

— 241.00 Кб (Скачать)

      Бастапқы құжаттардың тұрақтылығын олардың дұрыс толтырылуын, жауапты тұлғалардың қолдарының санын тексеру, барлық реквизиттердің дұрыс толтырылуы бойынша, құжаттарда келісілген түзетулер және өшірулер орын алған жоқтығын тексеру.

      Еңбекақыны есептеу бойынша ведомостілердің жазбаларынан алу:

 

-         есептеулер мен ұсталымдар, құжатпен куәландырылғанын;

-         жиынтық аударымдар, шегерімдер, таза төлемді санау.

 

      Зейнетақы қорына салықтардың ұсталуының дұрыстығын тексеру.

      Еңбекақы төлеудің уақтылығын және кезеңділігін тексеру.

      Еңбекақыға арналған ведомостілердің жазбаларының нақтылығын тексеру.

 

Еңбекақыдан ұсталымдарды тексеру:

 

      Кәсіпорын жұмысшыларынан ұсталымдар бюджет бойынша салықпен есеп айырысу, аналитикалық шоттарының мәліметтері бойынша еңбекақыны төлеу ведомостілерін салыстыру;

      Жеке тұлғалардың салығы бойынша заңдылықтардың сақталуын тексеру;

      Жекелеген жалданған жұмысшылар бойынша ұсталымдарды зерттеу;

      Бюджетке салықтардың аударылуының тұрақтылығын тексеру.

 

Аудитті жүргізу үшін баланс, Бас Кітап, жинақ регистрлері және алғашқы құжаттарды қарауы тиіс.

Алғашқы құжаттардан таңдалып тексеруге жататындар:

 

      Есеп парақтарының түрлі формалары: есеп парақтары, іс – сапарлық парақтар, орындалған жұмыстар және еңбек парақтарының есебі;

      Қабылдау актілері;

      Топтан топқа ауыстыру актілері;

      Ведомостілер;

      Есеп журналы;

      Шығарылуы немесе демалысқа шығуы кезіндегі еңбекақы төлеу бойынша есеп  айырысу;

      Жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі парақтар;

 

Есеп бойынша мәліметтерді топтау мен жинақтау жекелеген автоматтандыру жағдайында ЭВМ – де жүргізіледі. Осығын байланысты мұнда тек пайдаланылатындар көрсетілген :

 

      Жұмыс уақытының есебінің табелі;

      Есеп – төлем ведомостілері;

      Аванс төлемдерінің ведомостілері;

      Жалақы төлемінің ведомостілері;

      Әрбір жұмысшының есеп парақтары.

 

Еңбекақы төлеуді тексерген кезде аудитордың негізгі мақсаты, бақылаудың күшті жақтарын анықтап, маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізу.

Аудиторлық мекемелер жоғарғы дәрежелі мамандар ретінде қабылданады және олардың ойлары басқарушылық мекемелер қабылдауда бизнес бойынша серіктестіктерді таңдауда, инвестициялар құю, несие беру шешімдеріне үлкен ықпал етеді. Аудиторлар көрсеткен қызмет түрлерінің өсуіне байланысты олар бухгалтерлік, қаржылық қызметтің мамандарына шаруашылық қызмет барысында туындайтын көптеген даулы мәслелерді шешуге көмектеседі.

Жалпы аудиторлық фирмалар көрсеткен қызметтің негізгі үлесі кщрсультациялық қызметтерге түседі, олардың ішінде салық мәселесі бойынша консультация беру үлкен сұранысқа ие. Аудитпен бірге жүретін  қызметтер көлемінің өсуі қызметкерлердің жұмыс уақытын үнемдейді. Өйткені аудиторлық тексеріс  жылдық қаржы есептілікті өткізу мерзімімен байланысты болады. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы заңға сйәкес аудиторлық фирмалардың қызмет етуіне 4 шарт бар:

o        Аудиторлық фирма құрамындағы (Қазақстан Республикасының аудитор біліктілік куәләгі бар) аудиторлар саны кемінде 3 адам болу керек;

o        Аудиторлардың немесе басқа аудиторлық ұйымның жарғылық капиталдағы үлесі 100% болуы керек;

o        Аудиторлық фирма басшысында міндетті түрде Қазақстан Республикасының аудиторлық біліктілік куәлігі болуы керек;

o        Қазастан Республикасының қаржы министрлігінің лицензиясы (банктік және сақтандыру аудиті үшін лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі береді) болуы міндетті.

 

Қазақстандық нарықта қызмет ететін аудиторлық фирмаларды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:

      «Үлкен төрттікке» кіретін аудиторлық фирмалар;

      Бірнеше алдыңғы қатарлы Ұлттық аудиторлық фирмалар;

      Ұсақ аудиторлық фирмалар;

      Жеке кәсіпкерлер.

 

Аудиторлар өз есептерінеде тексеріліп отырған компаниялардың алдағы кезеңдегі қаржылық жағдайына баға беруді қосты. Елімізде аудиторлық қызметтің дамуына байланысты тексерілетін кәсіпорынның қызмет ету саласын түсіну үшін үлкен көңіл бөлінеді. Ал ол өз кезегінде жүргізілетін аудиторлық тексеріс сапасын көтеру үшін және аудиторлық есепке деген сенімділікті арттырады. 

Кәсіпорындағы ішкі бақылау жүйесінің мақсаты- кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық істерінің, тәртіппен және тиімді орындалуын тексеру:

  • басшылықтың қаржы – шаруашылық саясатының талаптарының орындалуын тексеру;
  • кәсіпорын активтерінің сақталуы және ақпаратармен, құжаттарға дәл және толық қамтамасыз ету деңгейін тексеру.

 

Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін анықтаған кезде көптеген факторлар пайда болады:

      кәсіпорында ақпаратты қалыптастыруға қатысушы жұмысшылардың ауқымы және тапсырылған іс үшін  жауапкершілігінің болуы;

      ақпаратты қалыптастыру және істі жүргізу бойынша олардың арасында тәртіптің болуы;

      бақылаудың техникалық құралдарының болуы;

      бақылау технологияларының болуы;

      бақыланатын параметрлерінің болуы.

 

Ішкі бақылау жүйесі келесілерді қамтиды:

1.                                             нақты анықталған құқықтары және міндеттері бар жауапты жұмысшылар;

2.                                             міндеттердің қатыстылығына байланысты бөлінуі (активтердің сақтау және олардың есебі бойынша);

3.                                             операцияны жүргізу кезіндегі қажетті процедуралардың сақталынуы;

4.                                             құжаттардың сақталуын бақылау (номерация, операция орын алған мерзімдегі немесе одан кейінгіге сай);

5.                                             құжаттар және активтерді нақты бақылау (материалды жауапты тұлғамен нақты тексеру);

6.                                             орындалған міндеттерді тәуелсіз тексеру (ішкі аудит).

 

Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:

- Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану;

- Еңбек пен өндірісіті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдану;

- Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану;

- Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Аудит – бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібін қадағалауды тексеру негізінде кәсіпорынның қаржылық есеп беруін тәуелсіз талдау, Қазақстан Республикасының шаруашылық және қаржылық операциялар заңдарына сәйкес, толық және нақты кәсіпорынның қызметінің қаржылық есеп беруінің көрініс табуы керек. Экспертиза аудиторлық қорытындыға сәйкес аяқталады.

Аудит мақсаты – нақты мақсатты шешу, заңмен анықталған, аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесі, клиент және аудитор арасындағы келісім – шарт міндеттеме.

Еңбекақыны тексеру кезінде аудитордың негізгі мақсаты, бақылаудың күшті жақтарын анықтау, маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізуі болып табылады.

Кез келген кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерімен есеп айырысу өте маңызды.  Сол себепті еңбекақы және жалақы есебін  нақты және тыңғылықты жүргізуді қажет етеді. Әр адам өз қаржысына есеп беруі тиіс. Еңбекақыны тексеру кезінде аудитордың негізгі мақсаты, бақылаудың күшті жақтарын анықтау, маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізуі болып табылады. Еңбекақы төлеудің аудитінің негізгі мақсаты енбекақы бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығын және одан ұсталымдардың, еңбекақыдан аударымдар кезінде нормативтік – құқықтық актілердің қарастырылуын тексеру.

Тексеру қорытындысында мыналарды анықтау қажет:

• шығыстарды еңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;

• жеке төлемдерді өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығы;

• бухгалтерлік өткізбе желілері (проводкалары) еңбекті өтеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;

• синтетикалық және аналитикалық есепті, жиынтық мәліметтерді және еңбекке ақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы;

• 3350 «Қзметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты арқылы орындайтын (үкім) қағазы және депозитке салынған еңбекақы, 8,10журнал-ордерлерлегі (есептің журнал-ордерлік формалары) жазбасы, Бас кітап пен баланс жағынан аналитикалық есеп жазбаларына сәйкестігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҚОРЫТЫНДЫ

 

Еңбекақы – қызметкерлердің орындаған жұмыс көлеміне, жұмыс істеген мерзіміне және еңбек шарттарында белгіленген міндеттері үшін төленетін төлемдер.

Еңбек пен еңбекақы есебінің  негізгі міндеттері:

1.                                   өндірілетін өнімдермен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленілетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау;

2.                                   Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау;

3.                                   Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау;

4.                                   Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау;

5.                                   Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу;

6.                                   Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу;

7.                                   Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.

Қазақстанда кәсіптік қызметтің жаңа бір түрі ретінде ХХ ғасырдың    90 – жылдарында пайда болған. Сол кезден бастап аудит тез қарқынмен дамыды. Дегенмен ол біздің елімізде құбылыс ретінде қалыптасу сатысында. Қазақстандағы аудиторлық қызметтің дамуын талдау нәтижесінде біз аудиттің еліміздің экономикалық дамуы үшін үлкен рөл атқарып, өз орнын тапқанын көреміз. Клиенттер қызметтің көлемінің өсуі мен қиындауына байланысты есеп пен есептілікке деген талаптар өсе түсті. Қаржылық есептілік өзгеше бизнес тіліне айналды. Сонымен қатар, қаржылық есеп кәсіпорынның қаржылық және мүліктік жағдай туралы мәлім беретін негізгі ақпарат көзіне айналды.

Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:

- Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану;

- Еңбек пен өндірісіті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдану;

- Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану;

- Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Қорыта айтқанда, кез келген кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерімен есеп айырысу өте маңызды.  Сол себепті еңбекақы және жалақы есебін  нақты және тыңғылықты жүргізуді қажет етеді. Әр адам өз қаржысына есеп беруі тиіс. Еңбекақыны тексеру кезінде аудитордың негізгі мақсаты, бақылаудың күшті жақтарын анықтау, маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізуі болып табылады. Еңбекақы төлеудің аудитінің негізгі мақсаты енбекақы бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығын және одан ұсталымдардың, еңбекақыдан аударымдар кезінде нормативтік – құқықтық актілердің қарастырылуын тексеру.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.                              Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» заңы.       2008 ж. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

2.                              Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңы. 2005 ж.

3.                              Бухгалтерлік есептік шоттардың жұмыс жоспары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. – Алматы, 2009 ж.

Информация о работе Еңбекақы шығындарының аудиті