Директ костинг жуйеси

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 21:30, курсовая работа

Краткое описание

Классификация – бұл объектілерді ортақ белгелері негізінде кластарға бөлу
Шығындар классификациясы – басқару шешімін қабылдау, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру, ақпарат алу және оларды жедел басқару үшін анықталған белгілері бойынша оларды топтастыру.

Файлы: 1 файл

мазмуны кириспе аныктама.docx

— 26.34 Кб (Скачать)

Белгілер мен қысқартулар

 

ХҚЕС – халықаралық  қаржылық есеп стандарты 

АҚШ – Америка  Құрама Штаттары

ҮШ - үстеме шығындар

АҚ - акционерлік  қоғам 

ЖАҚ – жабық акционерлік  қоғам

ТМД- Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы

МЕА- материалдық  емес активтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтама

 

Курстық жұмыста  анықтамаларына сәйкес терминдер  қолданылған:

 

Классификация – бұл  объектілерді ортақ белгелері негізінде кластарға бөлу

Шығындар классификациясы  – басқару шешімін қабылдау, өнімнің  өзіндік құнын қалыптастыру, ақпарат  алу және оларды жедел басқару  үшін анықталған белгілері бойынша  оларды топтастыру.

Өнімнің өзіндік құны –  бұл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған  ағымдағы шығыны. Өнімнің өзіндік  құнына өнім өндіруге кеткен еңбек  материалдары, еңбек күші және заттарының құны кірістіріледі.

Дал – көлемнің өлшем  бірлігі (литр).

Калькуляциялау – өнімнің  өзіндік құныны есептеу немесе өзінің бір өлшемінің өзінідік құныны есептеу  болып табылады.

Табыстар - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Зиянсыздық нүктесі – ұйымның барлық шығындарды жабады, бірақ өзі  табыс таппайтын жағдайдағы сату көлемі.

Шығындарды толығымен  үлестіретін калькуляциялаудың әдісі (абзорпшн-костинг) - барлық өндірістік шығындар, сонымен қатар тұрақты өндірістік үстеме шығындарда, өнімнің өзіндік құныныа жатқызылады.

Шығындарды тасымалдаушы – нарыққа өткізуге дайындалған  кәсіпорынның қызметі, өнімі.

 Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау әдісі (директ-костинг) -өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы шығындар ғана жатқызылады, ал тұрақты өндірістік үстеме шығындар кезең шығындары ретінде қарастырылып, пайда мен зия шотында есепке алынады.

Калькуляциялық бірліктер  – тиісті өнімнің техникалық, стандарттық  құжаттарда белгіленген бірліктері. Олар: натуралды, ірілендірілген, шартты натуралды, еңбек бірлігі орындалған жұмыс бірлігі, пайдалы нәтиже бірлігі.

Маржиналды табыс- сатылған өнімнен түскен табыс және барлық айнымалы шығындар арасындағы айырмашылық.

Жалпы табыс - сатылған өнімнен  түскен табыс және өнімнің өзіндік  құны арасындағы айырмашылық.

 

 

 

 

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

Осы курстық жұмыста  келесі сілтемелер қолданылған:

1. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы 28.02.2007ж. №234.

2.  Қазақстан Республикасының Салық кодексі (2001 жылғы 12 маусым    № 209-II) 2008.01.01 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен.

3. ҚР-ның "Аудиторлық қызмет туралы" заңы, 05.05.2006ж. №139.

4. ҚР Қаржы Министрлігінің 2007 ж 23 мамырда бекітілген «Бухгалтерлік есеп типтік шоттар жоспары».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Курстық жұмыстың тақырыбы «Директ-костинг есеп жүйесінің басқару есебіндегі мәні мен мазмұны». Курстық жұмысты орындаған ЭФ-10-7кс тобының студенті Тартықбай Меруерт.

Курстық жұмыстың мақсаты  – толық емес өзіндік құнды есептеу әдісінің жүргізілу тәртібін анықтау және отандық кәсіпорындарда қолданылуы үшін тиімділігін қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- «директ-костинг» жүйесінің пайда болуы және дамуы;

- «директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау;

- «директ-костинг» жүйесі бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру;

- «директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;

- ұйымның зиянсыздығын талдау;

- калькуляциялаудың екі әдісін салыстыру.


Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебі болып табылатындығы, директ-костинг жүйесі туралы ақпараттар келтірілген.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде «директ-костинг» жүйесінің пайда болуы және дамуы, «директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау, «директ-костинг» жүйесі бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру міндеттері бойынша толық ақпараттар беріліп, «директ-костинг» жүйесінің дамуы тарихы мен шығындарының жіктеу, жүйеге сәйкес өндірісітік есепті ұйымдастыру тәсілдері көрсетілген.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде  «директ костинг» жүйесі бойынша  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, ұйымның зиянсыздығын талдау, «директ-костинг» және «абзорпшн костинг» жүйелерін  салыстыру міндеттері бойынша мәліметтер ұсынылып, шешімдер қабылданды. Ұйымның зиянсыздық дейгейін түрлі тәсілдермен зерттеп, талдау жасалынды,сонымен қатар «директ-костинг» және «абзорпшн костинг» жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталып, әрбір бөлімше ашылып көрсетілді.

Курстық жұмыстың қорытынды  бөлімінде «директ-костинг» жүйесі туралы ақпараттар қорытындыланған. Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау әдісінде (директ-костинг) өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы шығындар ғана жатқызылады, ал тұрақты өндірістік үстеме шығындар кезең шығындары ретінде қарастырылып, пайда мен зия шотында есепке алынады. Бұл әдіс көп жағдайда басқару шешімін қабылдаған кезде қолданылады.

Курстық жұмыс 9 кесте, 9 сурет және 37 беттен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны – 20.

 

 

Мазмұны

 

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтама

Белгілер мен қысқартулар 

Кіріспе

     

1

«Директ-костинг» жүйесінің  теориялық негізі

9

1.1

«Директ-костинг» жүйесінің пайда болуы және дамуы

9

1.2

«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау

13

1.3

«Директ-костинг» жүйесі бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру

15

 

2

 

«Директ костинг» жүйесі бойынша  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, ұйымның зиянсыздығын талдау, әдістерді салыстыру

 

 

21

2.1

«Директ костинг» жүйесі бойынша  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

 

21

2.2

Ұйымның зиянсыздығын талдау

27

2.3

Калькуляциялаудың екі әдісін салыстыру

31

 

 

Қорытынды

 

35

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

37


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды  жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде.

Бухгалтерлік есеп көптеген ауқымды аймақтардың бірі - өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебі болып табылады. Нарықтық экономикасы бар елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл аймақтар бухгалтерлік есеп жүйесіндегі өндірістік есеп жүйесінде көрсетілген. Жалпы кәсіпорын немесе оның бөлімшелері өндірісінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінде басты орынды өнімнің өзіндік кұны алады. Өзіндік құн құрамы оны құрайтын шығындармен анықталады. Шығындар есебі — шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай және құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебі басқару үлгісіне сәйкестендіріліп бұрынғы, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.

Әсіресе қазігі біздің елдегі нарықтық қатынастардың құрылуы  шарттарында бухгалтерлік есепті жетілдіру, оның ішінде өндіріске кететін шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың  маңызы өте зор. Нарықтық қатынастардың  дамуымен бірге кәсіпорындардың  дербестігі өсті, соның ішінде нарықтағы  сұраныс пен ұсынысты есепке ала  отырып өз өнімінің бағасын қалыптастыру нәтижесінде бухгалтерлік есеп және оның                        жүйесі - калькуляциялаудың мәселелері өзгерді.

Калькуляциялаудың осы шарттардағы  мәселелері нарықта жұмыс істейтін кәсіпорындарды белгілі бір табыспен қамтамасыз ететін өзіндік бағаны есептеу. Есептелген өзіндік құн деңгейін тұрақты төмендету мүмкіндігі және тиімді деңгейін қамтамасыз ету үшін өндірісті дұрыс ұйымдастыру  керек.

Осы кезге дейін өндірістік есепті және өзіндік құн сияқты негізгі  түсініктерге ортақ ой айтылмаған. Шығындарды 2 бөлімге элементі бойынша  және калькуляция баптары бойынша  топтау жайындағы дебаттар әл де басылатын  емес. Ал соңғы жылдары көп талқыланған  проблема - өзіндік құнды калькуляциялау. ТМД елдері ғалымдарының назарын  аудартқан толық емес өзіндік  құнды есептеу әдісі, толық өзіндік  құнды калькуляциялаудың альтернативті  әдісі болды.

Бұл әдіс АҚШ-та «директ-костинг» деген атау алса,                           Ұлыбританияда - «маржиналькост», Германияда – «шектік шығындар есеп жүйесі», ал Францияда - «маржиналдық бухгалтерия» деп аталды.

 «Директ-костинг» жүйесі негізіндегі басты принцип – айнымалы және шығындарды бөлек есептеу және тұрақты шығындырды есеп беру кезеңінің зияны ретінде қарастыруы.

Осы жүйе бойынша өзіндік  құнды калькуляциялау технологиясы өндірістің кез келген көлемінде  тұрақты шығындарды өзгермейтін  көлем деп белгілейді.

«Директ-костинг» жүйесінің  бірнеше айрықша ерекшеліктері  бар:

- өндірістік есепті айнымалы және тұрақты деп бөлуі;

- өнімнің өзіндік құнын шектелген шығын бойынша калькуляциялау;

- табыс туралы есеп берудің көп кезеңдерден тұруы;

Жүйе өткізуге негізделген. Өткізудің көлемі қаншалықты көп  болса, кәсіпорын пайданы соғұрлым көп алады. Дайын өнімді және аяқталмаған  өндіріс айнымалы шығындар бойынша  есептеледі. Айнымалы шығын бойынша  өзіндік құнды калькуляциялау өнімнің  баға деңгейіне үлкен әсер етеді, бизнестегі өндірістің басқа да сегменттерін ынталандырады.

Сонымен «директ-костинг» - айнымалы шығындар категориясына негізделген басқару есебінің жүйесі. Бұл жүйенің жетіспеушіліктеріде бар, бірақ шығындарды тарату және толық есеп жүйесіне қарағанда артықшылықтары бар.

Курстық жұмыстың мақсаты – толық емес өзіндік құнды есептеу әдісінің жүргізілу тәртібін анықтау және отандық кәсіпорындарда қолданылуы үшін тиімділігін қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- «директ-костинг» жүйесінің пайда болуы және дамуы;

- «директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау;

- «директ-костинг» жүйесі бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру;

- «директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;

- ұйымның зиянсыздығын талдау;

- калькуляциялаудың екі әдісін салыстыру.


Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.


Информация о работе Директ костинг жуйеси