Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 14:12, курсовая работа
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі
2.1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
2.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
2.3 Күмәнді дебиторлық борыштар
2.4 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
2.5 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
Тип |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Күмәнді қарыздарға резерв жасалды |
7440 |
1290 |
|
2 |
Күмәндіқарыздар бойынша құрылған резерв сомасының есебінен дебиторлық борыш жабылды |
1290 |
1210, 1280,2150, 1630 |
|
3 |
Жыл соңында күмәнді қарыздар бойынша құрлған резерв сомасының артығы сторно етліді (қызыл сиямен) |
7440 |
1290 |
|
4 |
Сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып белгілібір уақыт өткеннен кеәін бұл қарыз сомасы өтелгенде (есептен осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе): |
1290 |
1210, 1280, 2150, 1630 |
|
5 |
Сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл қарыз сомасы өтелгенде (есептен келесі есеп беру кезеңінде жүргізілсе): |
1050, 1030, 1010, 1030 |
6160 |
2.4 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шотта:
«Шаруашылық веріктестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шарушылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізігі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шарушылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдында жарғылық қоры болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінң қаржы-шаруашылық қызметінң бухгалтерлік есебін өздерін жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.
«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және бріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол үлесімді (пропорционалды) бірктіру үшін есеп беретін пішімдерінің (форматтардың) біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.
Меншіктің осы түрлерін айқындайтын
анықтамалар азаматтық кодексте
толық түрде көрініс тапқан (228-234
баптары). «Еншілес, тәуелді серіктестіктер
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы» шоттары
мына шоттармен
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылса,
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді
серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғалардың борышы»
Кт: 6010 «Негізгі қызметтен алынатын кіріс» немесе «Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына есептелінген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 1220, 1230 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы шоты» шоты;
Кт: 3130 « Қосылған құн
салығы шоты» түріндегі
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді
серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғаларлың борышы»
Кт: 6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты түрінде корреспонденция жазылуы тиіс.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» немесе 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»» шоттарының тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Еншілес , тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық борыштардың есебінен жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоттарының тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Еншілес, тәуелді серіктестіктер
мен бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың дебиторлық борыштары
олардан тауарлық-материалдық
Дт: 3510 «Тауарлы-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін алынған аванстар» немесе
«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардың тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді
серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғалардың борышы»
Осы жоғарыда айтылғандармен қатар шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылық пайда болған уақытта:
Дт: 7430 «Бағамдық айырмашылық бойынша шығындар» деп аталатын шот;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
№ |
Операциялар мазмұны |
Дт |
Кт |
Тип |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға тиеп жіберілген тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, көрсетілген қызметтер:
|
2120-2130 2120-2130 |
3010- Шоттардың тиістілері 3130 |
|
2 |
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті. |
1030 |
2120-2130 |
|
3 |
Ай соңында (аяғында) еншілес,
тәуелді және бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғалардың берешек |
1270-2150 |
2120-2130 |
|
4 |
Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін жалға алушылардың берешек сомасы. |
2120-2130 |
6210 |
|
5 |
Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз (процент) сомасы. |
1270 |
6120 |
|
6 |
Алынған қарызға, кредитке есептелген пайыз сомасы |
1270 |
6120 |
|
7 |
Акция дивидендіне есептелген пайыз сомасы |
1270 |
6120 |
|
8 |
Есептелген дивиденд және пайыз ретіндегі борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті. |
1030 |
1270 |
2.5 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есптеледі:
1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы».
1280 «Есептелген пайыздар».
1250 «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы».
1280 «Өзге де дебиторлық борыштар».
Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.
«Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдар тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпарттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барылқ тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты стып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардың түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салқық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатлыған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты
Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты немесе
Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты
Кт: 1280 «Басқадай несиелік борыштар мен аударымдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
1280 «Есептелген пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген неізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы, сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты «Есептелген пайыздар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады:
Дт: 1280«Есептелген пайыздар» - деп аталатын шот,
Кт: 6120 «Акциялардың дивидендтері және пайыз түріндегі кірістер» деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылса,
Дт: 1030 «Ақшалар» шоттарының тиістілері,
Кт: 1280 «Есептелген пайыздар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
1250 «Жұмысшылар
мен басқа тұлғалардың борышы»
Дт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» шоты
Кт: 4420 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Дт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» шоты
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;
7210
«Жалпы және әкімшілік
8410 «Үстеме шығындар»;
деп таталатын шоттардың тиістілері.
Кт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» түріндегі екі жақты жазу жазылады.