Бақылау шараларын жоспарлау

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:24, реферат

Краткое описание

Бақылау мәселелерін жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық саласы қызметіне және оны атқарушы, басқарушы қызмет нысанына жатады. Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау қайта айналмалы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы өзіне қажетті деректреді жинап, оны тиімді басқаруда пайдаланады.

Оглавление

Кіріспе
1 Бақылау шараларын жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, қағидаттары
2 Бақылау шараларын жоспарлаудың мәні қағидаттары мен сатылары
Қорытынды
Қолданылған мәліметтер

Файлы: 1 файл

каржы Бақылау мәселелерін жоспарлау реферат.docx

— 22.11 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

    Кіріспе

   1 Бақылау шараларын жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, қағидаттары

   2 Бақылау шараларын жоспарлаудың мәні қағидаттары мен сатылары

  

    Қорытынды

    Қолданылған мәліметтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   Бақылау мәселелерін жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық саласы қызметіне және оны атқарушы, басқарушы қызмет нысанына жатады. Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау қайта айналмалы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы өзіне қажетті деректреді жинап, оны тиімді басқаруда пайдаланады.

Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы  жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды  элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді жене тепе-тендік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің  жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен  қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

      Жоспарлау - іс-әрекеттерді немесе іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мезгілдерін және дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың бірыңғай мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе. Жоспарлау - тегінде жоспарды әзірлеуде, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын үдеріс.

    Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық- үйлестіруші рөлді орындайды және қаржылық қызметтің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді.

    Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1. Есеп-қисаптық-талдамалық әдіс. Оның  мағынасы қаржылық көрсеткіштерді  олардың динамикасын белгілеу  негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар  есепті кезеңнің жетістіктері  және оларды өсудің немесе  төмендеудің салыстырмалы тұрақты  қарқынына түзету негізінде жүргізіледі.  Мұндай тәртіптің айтарлықтай  кемшіліктері бар:

мүмкін болатын ішкі шаруашылықтық  резервтерді анықтауды есепке алмайды;

материалдық және ақшалай ресурстарды  пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені  жоспарланатын кезеңде олардың  көлемі қол жеткен деңгейге қарай  анықталады.

2. Сараптық бағалаулар әдісі  жоспарлау объектісінің жай-күйінің  параметрлерін анықтау үшін аса  білікті мамандардың - сарапшылардың  тәжірибесін пайдалануды қажет  етеді.

3. Нормативтік әдіске сәйкес  жоспарлы қаржылық көрсеткіштер  белгіленген нормалар мен нормативтердің  негізінде есептеп шығарылады.

4. Баланстық әдіс шығындардың  оларды жабу көздерімен үйлесушілігін,  қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және  қаржылық көрсеткіштердің өзара  үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының  талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық  шаруашылықтың шығындары мен  табыстарының арасында үйлесімсіздіктің  пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық  шаруашылықты дамытудың қажетті  қарқындары мен үйлесімдерін  анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды  ескере отырып оларды жан-жақты  негіздеуге мүмкіндік береді.

5. Бағдарламалық мақсатты әдіс  әр түрлі деңгейлерде - жалпыұлттық,  салалық, бастапқы деңгейлерде  жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық  бағдарламалар негізіндегі қаржылық  болжау әдістерінің бірі ретінде  рынок жағдайларында дамып отыр. Қаржылық бағдарламалау - бағдарламалық-мақсатты  әдісті пайдаланатын қаржылық  жоспарлау әдісі, оның негізіне  айқын тұжырымдалған мақсаттар  мен оған жету құралдары қойылған: басымдықтарды белгілеу, қаражаттарды  жұмсаудың тиімділігін арттыру,  баламалы нұсқаны таңдауға сәйкес  қаржыландыруды тоқтату.

6. Экономикалық математикалық әдістер  ЭВМ-ді пайдалана отырып есеп-қисаптардың  көп нұсқалылығы жағдайларында  ең жақсы шешімдерді таңдау  үшін қолданылады.

 

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары  өкілеттігі шегінде бақылаудың мынадай  түрлерін жүзеге асырады:

1) кешенді бақылау - бақылау объектілерінің  нақты кезеңдегі қызметін барлық  мәселелер бойынша тексеру және  бағалау;

2) тақырыптық бақылау - бақылау   объектісінің нақты кезеңдегі   қызметін жекелеген мәселелер   бойынша тексеру және бағалау;

3) үстеме бақылау - тексеріліп  отырған мәселе шеңберінде бақылаудың  негізгі объектісімен өзара қатынастар  мәселелері бойынша ғана жүргізілетін  үшінші тұлғалардың бақылауы;

4) бірлескен бақылау - мемлекеттік   қаржылық бақылау органдары басқа   мемлекеттік органдармен бірлесіп  жүргізетін бақылауҚаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері 

   Бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі каржыға бақылау функциясының тэн болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функ- ция арқылы каржы бөлудің калыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп оты- рады. Қаржының бақылау функциясы материалдык игіліктерді өндіру, айырбас- тау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық катынастарда ғана адамдардың катысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын күсрғанда; оларды білікті мамандармен толыктырғанда; бұл органдардың құқыктарын регламенттегенде шындыққа айналады. Бақылаудың объективтілік қағидаты - бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қактығысын болдырмау.

     Анықтық қағидаты - бақылау  нәтижелерін бухгалтерлік, банктік  құжаттар- мен, бақылау объектінің  өзге құжаттарымен растау.

   Барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып табылады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негзгі функциялардың бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істек, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды. 
«Жоспарлау» ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары енеді: батыста кәсіпорынның әрекетін жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс және сатып алу секілді маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Мұндайда, әрине, барлық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланыста болады. 
Жоспарлау процессінің өзі төрт кезеңінен тұрады: 
- жалпы мақсатты ойластыру; 
- белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау; 
- оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау; 
- жоспарлы көрметкіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы қойылған мақсатқа жетуді бақылау. 
Ірі бағдарламаны шешкен кезде, кезеңдері мен жоспарлануы біршама ауқымды блады. Мәселен, жоспралаудың мынадай кезеңдері ажыратылады: 
- бар мүмкіндікті бағалау; 
- басты міндет немесе мақсат; 
- жоспарлы ұсыныстар; 
- баламалар (альтернативтер); 
- баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру; 
- баламаларды таңдау; 
- қосалқы жоспарлауды тұжырымдау; 
- жоспарды цифр түрінде көрсету. 
Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады. Сондықта да, жоспарлаудың сенімділігі бұрынға нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді. Мұндай сеімділікті қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін еместігі айқын. 
Кәсіпорын әрқашанда жалпы рыноктың шағын бөлігі ғана болып саналатыдықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет. 
Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономикалық дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда рынок көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым оңайырақ болады. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады. 
Тағы бір атап көрсететін жайт, тұтастай экономиклық кейбір жағдайлары, мәселен экономикалық дағдарыстарды, ереуілдерді, т.б. жоспарлау тіптен мүмкін емес. Болашақтың даму барысын дәл болжаудың мүмкін болмайтындығы секілді, тұтастай рынок туралы, бірінші кезекте, бәсекелестер қызметіне тиісті маңызды деректерді күні бұрын алу мүмкін емес. 
Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін, қажетті ақпараттар толық болмағандықтан, ал кейбіреуі мүлдем белгісіз болғандықтан, кейбір деректер жетіпейтіндіктен, жоспарлау сатысы көбіесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты. 
Осыған орай, жоспар жасаған кезде барлық көрсеткіштер толық пайдалануы, сонымен қоса жоспар жасағанд а өзгеріс енгізетіндігі ойластырылуы, ал жоспардың өзі жоспардың өзгеруіне қарай үйлестіріліп отыруы тиіс. Сондықтан да, жоспарда резервтер ескеріледі. Алайда, резервтің көп болуы жоспардың көптігіне нұқсан келтіреді, ал шамалы резервтер жоспарды жиі-жиі өзгертуге мәжбүр етеді. Жоспар көрсеткітерін ақтық басшының билігінде, оның орындалуын үйлестіру мен бақылау да соның игілігінде. 
Демек, кәсіпорынның жоспарлы жүйесі, кәсіпорынның сан түрлі саласының қызметі бір-бірінен айқын шектелген, жекелеген жоспардан тұрады (2-схеманы қараңыз). 
Қойылған мақсатқа жетуді көздеу үшін жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық маңызды учаскелерін қамтитындығын тағыда атап көрсетеміз. Мұның өзі барлық кәсіпорында қолданылады. 
Жоспардың екінші сатысы – кәсіпорын учаскелері өндірісінің нақты бағыттары бойынша жоспар жасау. Ода жекелеген міндеттер қойылып, ақша, сондай – ақ сандық көрсеткіштері айқындалады. Мұнда жоспарлау кезінде осал орындар, басқаша айтқанда, кәсіпорын қызметінің маневрлігін, демек істің даму мүмкіндігін шектейтін салалар қатыстырылмауы тиіс. 
Батыста соңғы жылдары әдетте осал орынға өткізу, қаржылар немесе жұмысшы күштері жатады. 
Барлық жоспардың табыс және шығын бөліктерінің сальдосы (акив пен пассив жиынтығы) бюджетке, яғни шығын мен табыс жоспарына енгізіледі, өйткені мұндайда негізгі бғыт өтімділігі – кәсіпорынның төлем қабілетін сақтау болып саналады. Әдетте, жеклеген жоспарлар тек сандық көрсеткіштер бойынша жасалады, оларды өзара байланыстырғаннан кейін ғана ақша көрсеткіштерін есептейді.

     Бакылаудың ашьщтық  қағидаты - бақылау нэтижелерін баяндаудың  айқындығы, мемлекеттік қаржылық  бақылау органдарының Қазақстан Республи- касы Президентіне, Үкіметіне, мэслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі. Құзырлылъщ қағидаты - мемлекеттік қаржылық бакылау органдары жұмыскерлерінің бакылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

     Жариялылық қағидаты - құпиялылық режімді, кызметтік,  коммерциялық жэне заңмен корғалатын  өзге құпияны қамтамасыз етуді  ескере отырып, мемл- кеттік қаржылық  бақылау нәтижелерін міндетті  жариялау.

Жоспарлау кезеңдеріне  қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын  және оның жүзеге асырылатын уақыт  аралығы) ерекшеленеді:

• оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі  кезеңге жасалады;

• тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;

• стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса  көп кезеңге арналған.

Қолданылған әдебиеттер тізімі  
Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж., "Бухгалтерлік есеп", Алматы, 2003ж.:  
Ержанов М.С, Ержанов А.М, "Основы бухгалтерского учета  
Крятова Л. А., Эргашев X.X., "Бухгалтерский учет", Москва, 
Соколова О. В., "Финансы, деньги, кредит", Москва, 2001г.;  
Укашев Б., Ажибаева 3., "Бухгалтерлік есеп теориясы". 


Информация о работе Бақылау шараларын жоспарлау