Каржыны басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 14:40, реферат

Краткое описание

Мемлекет басшысының қазақстандықтарға арнаған биылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудегі жаңа міндеттер айқындалғандығы белгілі. Елбасы Жолдауында сондай-ақ қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуін және банктердің экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуге тиіс екендігі де атап айтылған болатын.

Файлы: 1 файл

Ұлттық Банк.doc

— 122.00 Кб (Скачать)

Заңнамаға сәйкес төлем жүйесінің негізгі қатысушылары болып табылатын банктер күмәнды  операцияларды тексереді (мониторинг жүргізеді) және тиісті ақпаратты қаржы мониторингі органдарына ұсынатын болады.

Сонымен бірге  заң жобасында банктің электрондық ақша иелері шекті мәннен асатын сомаға операция жүргізуі үшін электрондық ақшаны шығарған және пайдаланған жағдайда, оларды міндетті сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар ескеріліп, көрініс тапты. Бағдар ретінде Капиталды жылыстату проблемалары жөніндегі арнайы қаржы комиссиясының (FATF) ұсынымдары болды, олар барлық дүние жүзінде ескеріледі.

– Кеңірек ойланып  қарасақ, электрондық ақшаны пайдалану  жалпы қоғам, көпшілік үшін шындығында да үлкен мүмкіндіктерге жол ашатындығы сөзсіз. Сонда электрондық ақша жүйесін енгізу және келешекте осындай сипаттағы төлемдерді жүзеге асыруды одан әрі дамытудың негізгі күрделіліктері неде? Бисенғали Шамғалиұлы, электрондық ақшаны пайдалануды дамытудың келешегі қандай болмақ?

– Қазіргі уақытта  интернетті пайдалану және мобильдік коммерция негізінде цифрлық тауарлар нарығының кәсіпкерлік қызметінің саласын біртіндеп ендіру мен дамыту орын алуда. Күнделікті бөлшек төлем операцияларын жүргізетін пайдаланушылардың, сол сияқты өз қызметін тек қана цифрлық тауарлар нарығында көрсететін сауда қызметі субъектілерінің саны біртіндеп ұлғаюда. Тұтастай алғанда Қазақстанның электрондық саудасын дамытуға байланысты жаңа дамып келе жатқан сегментке қызмет көрсету үшін электрондық ақшаны пайдалануға қажеттілік туындайды.

Жалпы алғанда  Қазақстандағы электрондық сауданың қалыптасуына және дамуына орай электрондық ақша жүйесі одан әрі дамиды. Мәселен, Қазақстанда бүгінде электрондық сауданы ұйымдастыру мен жүргізу бойынша инфрақұрылымды дамыту проблемалары бар, оның ішінде оларға көптеген өзара байланысты факторлар кедергі болып табылады, олардың бірі халықтың арасында интернетті қолданудың төмен деңгейі.

Осы арқылы ең алдымен  электрондық ақшаның болашақтағы  дамуы тұтастай алғанда Қазақстандағы электрондық сауданың дамуымен тікелей байланысты. Электрондық сауданың даму динамикасынан нарықтың қатысушылары тарапынан электрондық ақшаны пайдалануға сұраныс артады.

– Еліміздің  қаржы секторында өткен 2009 жылдың нәтижесінде  қандай жетістіктерге қол жетті? Ал, енді биылғы 2010 жылы қаржы секторында тұрақтылыққа қол жеткізудің негізгі бағыттары қандай?

– Өткен жылғы  басты жетістік – Қазақстанның банк жүйесі дағдарыстың екінші толқынының теріс ықпалына салыстырмалы түрде  алғанда тегеурін танытты. Жекелеген ірі банктердің проблемалары тұтастай алғанда банк жүйесі үшін проблема тудырған жоқ, ал проблемалы банктер қазіргі кезде қайта құрылымдау үдерісін табысты аяқтау үстінде.

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларының ішінде қоғамды елең еткізген құбылыс 2009 жылдың 4 ақпанында жүргізілген ұлттық валютаның құнсыздануы болды. Ал қазір бұл шараның қажет болғандығы күмән тудырмайды, алайда оны жүзеге асырғаннан кейінгі бірнеше ай ішінде теріс пікірлер білдірілді, сындар айтылды. Алайда, тіпті қаржы жүйесі үшін неғұрлым қауіпті болған құнсызданумен байланысты тәуекелдер – шетел валютасымен берілген заемдар сапасының нашарлауы және депозиттердің банк жүйесінен әкетілуі – аса қиындық тудырған жоқ. Мәселен, 2009 жылдың қорытындысы бойынша құнсызданудың ең қажетсіз деп танылатын болуы ықтимал салдарларына – банктерден салымдардың таза әкетілуі мен тұтастай алғанда банк жүйесіне сенімнің азаюына жол берілмегенін атап айтуға болады. Керісінше, халықтың салымы 20 пайыздан астам өсті. Бұл ретте жекелеген банктерден “салымшылардың бойын аулақ салуы” байқалды, бұл тұтастай алғанда банк жүйесіне тән емес.

Тұтастай алғанда, 2008 жылғы 25 қарашада қабылданған Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын реттеу мен  қадағалау агенттігінің Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарын орындау шеңберінде іске асырылған дағдарысқа қарсы шаралар жиынтығы дағдарыстың неғұрлым қауіпті салдарларын еңсеруге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, ол экономиканың неғұрлым маңызды салалары бойынша кредиттеудің тапшылығын жеңуге және жете қаржыландырмау салдарынан олардың коллапсын болдырмауға мүмкіндік берді.

2010 жылы экономиканы  тұрақтандыру және дағдарыстың  салдарларын еңсеру қызметіне қатысты қол жеткізетін табыс Үкіметтің, ҚҚА-ның және Ұлттық Банктің жолға қойылған іс-қимылдарына байланысты болады. Қазіргі кезде аса көңіл бөлуді талап ететін негізгі бағыттар барынша айқын белгіленді.

Біріншіден, бұл  – Ұлттық Банктің негізгі міндеті  болып табылатын теңгенің бағамдық тұрақтылығын және баға нарығы өтімділігінің қажетті деңгейін ұстап тұру болып табылады. Екіншіден, банктердің баланстарын сауықтыру үдерісін қарқынды ету және оларды сапасыз активтерден “тазарту” қажет. Үшіншіден, дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңінде банктердің кредиттік белсенділігін ынталандыратын шаралар жиынтығын әзірлеу қажет. Төртіншіден, контрциклдік реттеуге көшуді және қаржы институттарында тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру қажет. Және, ең соңында, бесіншіден, экономикалық дисбаланстар мен жүйелік тәуекелдер деңгейін төмендететін шаралар жиынтығын әзірлеу қажет.

– Дағдарыс кезеңінде  қаржы секторын дамытудың жаңа тұжырымдамасы  аясында қаржы секторын қамтамасыз етудегі жауапты және макропруденциалдық реттеуді жүзеге асырушы орталық орган ретінде ҚР Ұлттық Банкінің рөлін күшейту қалай жүргізілмек?

– Қазіргі уақытта  орталық банктердің рөлін күшейту  орталық банктің және реттеушінің  функцияларын бөле отырып реттеу нобайы қолданылатын елдер үшін ортақ үрдіс  болып табылады. Дағдарыстың әсерін айтарлықтай дәрежеде тереңдеткен реттеудің негізгі қатесі қаржы секторын және өзге де секторларды реттеудің дискреттілігі болды. Әлемдік дағдарыс тәжірибесі қаржы жүйесін реттеу тиімділігінің едәуір дәрежеде қолданылатын тәсілдің жүйелігіне және кешенділігіне байланысты екендігін көрсетті. Басқаша айтқанда, қаржы жүйесін реттеген кезде қаржы жүйесіне және тұтастай алғанда экономикаға ықпал ететін бірқатар факторлар ескерілуі тиіс. Осыған байланысты әлемнің жетекші елдері қазіргі уақытта қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды орталықтандырып отыр, бұл ретте қаржы тұрақтылығына жауапты негізгі ведомстволар орталық банктер болады. Осындай себептермен Ұлттық Банктің Қазақстандағы рөлі күшейеді.

Сонымен қатар  орталық банктің функцияларына қаржы институттарына өтімділік беру және, бірқатар елдер бойынша, оларды қорландыру кіреді. Бұл қаржы нарығының негізгі субъектілерін тікелей қолдау, сол сияқты оларды реттеу бойынша шешімдер қабылдауды орталықтандыруды талап етеді. Ұлттық Банк қаржы секторын және жүйе құраушы институттарды реттеу жөнінде шешімдер қабылдауға барынша белсенді қатысатын болады. Атап айтқанда, негізгі реттеу бағыттары және реттеу шараларының мақсатты өлшемдері әзірленетін болады.

Егер бұрын  қаржы жүйесін, атап айтқанда банк секторын реттеген кезде қаржы және нақты секторлар арасындағы бірқатар өзара байланыстар ескерілмесе, қазіргі уақытта әзірленіп жатқан реттеу үлгісі экономиканың қаржы, сол сияқты нақты секторларында орын алған тәуекелдердің барлық кешені ескерілетінін болжайды. Макропруденциалдық реттеуді пайдалана отырып қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері проблемаларды жүйелі түрде зерделеуді ескере отырып, кешенді түрде шешілетін болады.

– Бисенғали  Шамғалиұлы, өткен жылы желтоқсан  айында Ақордада өткен кеңесте Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық Банкіне дисбаланстардың жинақталуын болдырмау және оның алдын ертерек алудың оңтайлы механизмін жасауды, сондай-ақ экономиканың қаржы секторының жүйелі тәуекелдерін азайтуды тапсырған болатын. Бұл тапсырмаларды орындау үшін қандай іс-шаралар қолға алынуда?

– Ұлттық Банк қазіргі  уақытта Қаржылық қадағалау агенттігімен бірлесіп макропруденциалдық реттеуді ендіру шеңберінде рәсімдерді әзірлеу үстінде, бұл рәсімдер жүйелік тәуекелдер мен дисбалансты төмендетуге бағытталған, қаржы жүйесіне ықпал ететін құралдардың бүкіл аясын кешенді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Қазақстан әлемдік  қаржы дағдарысының ел экономикасына  және қаржы жүйесіне теріс әсер етуіне байланысты сынақтан сүрінбей өтті және қазіргі уақытта өзінің дамуының жаңа, дағдарыстан кейінгі сатысына кіруде. Дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне кіру елге әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші бойынша, оның ішінде қаржы жүйесінің даму деңгейі және оған қызмет көрсету сапасы бойынша сапалы секіріс мүмкіндігін береді.

Қалыптасып отырған  жағдайда қаржы жүйесінің даму мүмкіндігін  барынша толық пайдалану үшін Қазақстан Республикасының қаржы  секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде  дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманың негізгі міндеттері арасында қаржы секторының орнықтылығын арттыру; ағымдағы қаржы-экономикалық дағдарыс барысында анықталған кемшіліктерге, тұрақсыздық және құбылыстар факторларына жол бермеу бойынша жағдайлар жасау бар. Сонымен қатар, дағдарыстан кейінгі кезеңде инвестициялық белсенділікті макроэкономикалық шешімдерді жүзеге асыру құралы ретінде ынталандыру және инвесторлар тарапынан және сол сияқты қаржы қызметін тұтынушылар тарапынан республиканың қаржы секторына сенімді нығайту болып табылады.

Тұжырымдамада экономиканың нақты секторын қаржыландыру және қаржы жүйесі мен экономиканың нақты секторын қорландырудың ішкі көздерін барынша толық пайдалану, актив нарықтарындағы “көпіршіктердің” пайда болуына жол бермеу және қаржы жүйесіндегі оның тұрақтылығына қатер келтіретін тәуекелдердің жиынтық деңгейін төмендету мәселелеріне басты назар аударылды.

Атап айтқанда, қаржы секторын реттеудің Қазақстан  үшін мүлдем жаңа, макропруденциалдық және контрциклдік реттеу құралдары кіретін тетіктерін ендіру жоспарланып отыр. Жаңа тәсіл тұтастай алғанда қаржы жүйесінің деңгейінде туындайтын тәуекелдерді барынша төмендетуден және сыртқы факторлардың ел экономикасының және қаржы жүйесінің жай-күйіне теріс әсер етуін төмендетуден тұрады.

– Әңгімеңізге  рахмет.

Әңгімелескен Бақыт БАЛҒАРИНА.

Рақым Қадыров: “Қазақстанда сақтандыру жаңа белестерден көрінеді деп үміттенемін”

Өткен жылдын нәтижелері бойынша сақтандыру нарығы кейбір сарапшылардың пессимистік  болжамдарына қарамастан едәуір дамыды. Сақтандыру секторы мен елдегі бүкіл  қаржы жүйесіндегі бұл нәтиженің себептері мен алдыңғы жылдардағы даму болашағы жайлы біз "Amanat Insurance" СК АҚ Басқару Кеңесінің Төрағасы Рақым Қадыровпен сұхбаттастық. 
 
- Өткен жылғы Сіздің компанияңыздың қызметінің нәтижелері қандай болды? 
 
- 2010 жылдың нәтижелері бойынша "Amanat Insurance" қауіпсіздендіру жарналарын жинау бойынша көшбасшылардың ондық қатарына кірді. Өткен жылы 5 аса ірі сақтандыру компанияларында сақтандыру нарығының шоғырлану деңгейі күрт төмендеп, жиналған жарна 37,5 % құрағанын айта кету керек. Бұрынырақ бұл сан 60% асатын. Бұл нені білдіреді? Сақтандыру нарығының қайта бөлісуін бе? Солай деп те айтуға болады. Өткен жылмен салыстырғандағы нарықтың едәуір 23,5%-ға өсуі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі сақтандырушыларға деген сенімнің қалпына келуінің айғағы болып табылады. Бүгінде заңды және физикалық тұлғаларға кең спектрлі қызмет көрсететін, банк бизнесіне тәуелді емес, тармақталған бөлімшелік және агенттік жүйесі бар, біздің компания сияқты, жан -жақты компанияның алдында керемет мүмкіндіктер ашылмақ. Осының дәлелі болып 2010 жылы компанияға халықаралық мектеп бойынша қаржылық тұрақтылық рейтингісінің "В" дәрежесі және Fitch Ratings рейтингілік агенттігінің "тұрақты" деген болжамымен ұлттық шкала бойынша "ВВ (kaz)" дәрежесі тағайындалды. 
 
- Нарықтың қатысушыларының болжамдары оптимистік болмаса да, өткен жылды сақтандыру секторы сәтті аяқтады. Осы нарықтың динамикасы бүгінде қандай болмақ? 
 
- Қазақстандық сақтандыру нарығы барлық нарықтар бастарынан кешкен кезеңді өткеріп жатыр.Әрине, дағдарыс әркімді де қателермен жұмыс жасауға және басымдылықтарды дұрыс анықтауға мәжбүр етті. Алдымен, қатерлерді төмендету бойынша, кемшіліктердің, тұрақсыздық факторларының болмауына жағдайлардың жасалуына көңіл бөліну керек, бұл ҚР Президентінің Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы секторы дамуының Концепциясы жайлы Жарлығында көрсетілген. 
Ғаламдық экономиканың өсуінің 4 % дейін бәсеңделуін ІҚМ болжамдарымен салыстырғанда, сақтандыру нарығының өсуін күтетін біздің болжамдарымыз өте оптимистік болып көрінуі мүмкін. Алайда, ҚР ІЖӨ өсуі, тұрғындардың табыстарының жалпы өсуі, Кедендік одаққа кіруі сектордың жандануына қолдау болады. Қазақстан экономикасының сақтандырудағы қажеттілік деңгейі өте жоғары. Ашық бизнесі бар, қатерлерді жетілген басқару жүйесі бар, жоғары деңгейде қызмет көрсететін, белсенді және мобильдік менеджементі бар адал сақтандыру компаниялар ғана жетістікке жетеді. 
Қазақстанда сақтандыру жаңа белестерге жетіп, елдің ІЖӨ ұдайы бөлігін қамтиды деген үміттемін. 
 
- Сіздің еліміздің алдыңғы қатарлы банктерде жұмыс істеу тәжірибеңізді және банк секторындағы тұрақсыз жағдайды ескере отырып, Сіз, банк топтарына кіретін, кэптивті сақтандыру компанияларының болашақ дамуын қалай елестетесіз? 
 
- Кэптив ұғымы бір мағыналы емес, сондықтан, рұқсат етсеңіз, "аффилиирлеу, яғни байланыс, үлес" терминімен шектелуді ұсынамын. Сонымен, ең алдымен қаржы секторы өзінің клиенттеріне тәуелді екенін атап кету керек, сондықтан әлемдік экономикадағы қандай да бір өзгерістер банк клиенттерінің қаржы жағдайларына, демек олармен байланысқан сақтандыру ұйымдарына да, әсерін тигізеді. Сонымен қатар қазіргі банк секторындағы жағдайды тұрақсыз деп айтпас едім, өйткені қаржы саласындағы алдынғы құлдырауға қарамастан, қазіргі кезде жағдай тұрақталып келеді, қазақстандық "алаңға" соңғы кездері ресейлік банк капиталы шығып жатыр, ҚР Үкіметінің жүйелі қолдауы банк секторын қалпына келуіне ынталандырады. Қазіргі таңда қатер-менеджменті жүйесін нығайту тенденциясы қалыптасып келеді, бұл жақын арада банктік қарыз портфеліне жақсы әсерін тигізеді, соның салдарынан осы банктермен байланысқан сақтандыру компанияларының жарналарының өсуіне де әсерін тигізбек. Сондықтан кез келген жағдайда сақтандырушыны таңдау - клиенттің құқында, ал бұл өз тарапынан сақтандыру қызметінің сапасымен анықталатын болады. Рационалды жобалап, тарифтік баға құрылуын барабар етіп, қызмет көрсету сапасын жетілдірген жағдайда, сақтандыру, сонымен қатар қаржы нарығының жүйелі дұрыс дамуы туралы сеніммен айтуға болады. 
 
- Қаржы жүйесіндегі жалпы жағдайды Сіз қалай бағалайсыз? Ең алдымен қандай проблемаларды шешу керек? 
 
- Менің ойымша, бұл сұраққа жауапты мен алдыңғы жауаптарымда берген сияқтымын.Тек кейбір толықтырулар жасай аламын. Атап айтқанда, экономиканың әрбір секторында проблемалар, ынталандыру құралы ретінде, әрқашан орын тауып отыратын болады. Сонымен қатар, қаржы жүйесінің жүргізуші құралы болып ең алдымен банктер табылады. Бизнеске, ең алдымен орта және кіші бизнес кәсіпорындарына, инвестициялау қатерлерін бағалау әдісі радикалды өзгеріп жатса, біз бұл бағыттын біртіндеп дамуын көре аламыз. Бүгінгі таңда инвесторлардың назары (банктер, инвестициялық компаниялар, венчурлік фондтар, жеке инвесторлар) аяғында нық тұрған бизнеске, негізінен ауыр өнеркәсіп, энергетика, мұнай-газ салаларына бағытталған. Жалпы, егер де орта бизнеске деген инвестициялар ағыны қажетті мөлшерде дамитын болса, шығындар мен қарама -қарсылық жүйесінің бар болуын нақты түсінсек, онда жақсы нәтижелер өздерін көп күттірмес. Бұл жағдайда сақтандыру секторы да ұтысты болады, ал бұл біз үшін өте маңызды. 
 
- Қаржы тақырыптарына жазатын журналистерге және Biz-media сайтын тамашалаушыларға айтар тілектеріңіз? 
 
- Әрине, барлықтарыңызға денсаулық және амандық, ауыр кезеңдерге қарамастан оптимизм тілеймін. Қызықты спикерлер мен миллиондаған оқырмандар тілеймін!

30 сәуір 2011 | Просмотров: 414 | Сұхбат | Версия для печати

Материалы по теме:

·  “Идея мен оны жүзеге асырудың арасы – бі ...

·  Несие картасы - бұл үнемдеу амалы ма?

·  Оба кезіндегі маркетинг

·  Марат Заиров: “Дағдарыс қалыптасқан сте� ...

·  ӘЛЕУМЕТТІК-ҚАРЖЫЛЫҚ ТОК-ШОУ ФОРМАТЫНДАҒ� ...

 

Информация о работе Каржыны басқару