Бюджетпен есеп айырысу аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 09:18, реферат

Краткое описание

Салықтық төлемдерді есептеу мен төлеу кезінде нормативтік салықтық актілердің және оларға енгізілетін өзгертулердің өте үлкен көлеміне, бухгалтерлік персоналдың біліктілігінің төмендігіне, сату бойынша операциялардың дер кезінде және толық көрсетілмеуіне, салықтар сомасын есептеу кезінде жіберілген арифметикалық қателерге т.б. себептерге байланысты ауытқулар кездеседі.

Файлы: 1 файл

Бюджетпен есеп айырысу аудиті.doc

— 60.50 Кб (Скачать)

 Рейдтік тексеру  тағайындалған кездегі нұсқамада аумақтың тексерілетін учаскісі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай – ақ осы баптың.

 Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған  кезде нұсқамада:

- салық және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдердің тексерілетін  түрі;

- міндетті зейнетақы  жарналарын жинақтаушы зейнетақы  қорларына, әлеуметтік аударымдарды  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  қорына толық және уақытылы  ұстап қалу және (немесе) аудару  мәселелері;

- банктердің  және банк операцияларын жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау мәселелері;

- трансферттік  бағаларды қолдану кезіндегі  мемлекеттік бақылау мәселелері;

- акцизделген  тауарлардың жекелеген түрлері  өндірісін және айналымын мемлекеттік  реттеу мәселелері;

- салық төлеушімен  оның дебиторлары арасындағы  өзара есеп айырысуларды айқындау  мәселелері көрсетіледі;

 Нұсқамаға  салық органының бірінші басшысы  немесе оны ауыстыратын қол  қоюға, ол салық органының елтаңбалы  мөрімен расталуға және уәкілетті  мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы жупналда тіркелуге тиіс.

 Тексеру мерзімі  ұзартылған және (немесе) тексеруді  жүргізетін адамдардың саны өзгерген  және (немесе) тексерілетін салық  кезеңі өзгерген жағдайда қосымша  нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың мөрі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізу тартылатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

 Салық тексеруін  аяқтау

 Салық тексеруі  аяқталған соң салық қызметі  органының лауазымды адамы мыналарды:

1. салық тексеруінің жүргізілген орнын, акті жасалған күнін;

2. тексерудің  түрін;

3. салық қызметі  органының салық тексеруін жүргізген  лауазымды адамдардың қызметін, тегін, атын, әкесінің атын;

4. салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын не толық атауын;

5. салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан  жерін, банктік деректемелерін, сондай  – ақ тіркеу номерін;

6. салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігі  мен бухгалтерлік есептілікті,  салықты және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді төлеуге тексеру жүргізу жауапты басшысы мен лауазымды адамдардың тегін, атын, әкесінің атын;

7. алдыңғы жүргізілген  тексеру мен бұрын анықталған  салық заңдарын бұзушылықтарды  жою жөнінде қолданылған шаралар  туралы мәліметтерді;

8. тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

9. Қазақстан  Республикасының салық заңдарының  тиісті нормасына сілтеме жасай  отырып, салық бұзушылығының егжей  – тегжейлі жазылған сипаттамасын;

10. салық тексеруінің  нәтижелерін көрсете отырып, салық  тексеруінің актісін жасайды.  Салық тексеруінің актісі салық  төлеушіге тапсырылған күн салық  тексеруі мерзімінің аяқталуы  болып есептеледі.

 Салық тексеруінің  аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруі актісіне тиісті белгі қойылады.

 Салық тексеруі  актісіне қажетті құжаттардың  көшірмелері, салық қызметі органының  лауазымды адамы жүргізген есеп  – қисаптар және салық тексеруі  барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.

 салық тексеруі  актісі кем дегенде екі дана  етіп жасалады және оған салық  тексеруін жүргізген салық қызметі  органының лауазымды адамдары  қол қояды.

 салық тексеруі  актісі салық тексеруі актілері  мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі, ол номерленуге, бау өткізілуге және салық қызметі органының мөрімен куәландыруға тиіс.

 салық тексеруі  актісінің бір данасы салық  төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.  салық төлеуші (салық агенті) салық  тексеруі актісін алған кезде оны алғаны туралы белгі қоюға міндетті.

 Салық тексеруі  нәтижелері бойынша шешім

 Салық тексеруі  актісінде көрсетілген нәтижелер  негізінде салық тексеруін аяқтау  бойынша салық қызметі органы  салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары және өсімпұлдар туралы хабарлама шығарады.

 Салықтың  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдердің және  өсімпұлдардың есептелген сомалары  туралы хабарламаны және салық  тексеруі актісін тіркеуді, осы баптың 5 – тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық қызметі органы бір номермен жүзеге асырады.

 Салықтың  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдердің және  өсімпұлдардың есептелген сомалары  туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер:

1. хабарламаны  және салық тексеруі актісін  тіркеу күні мен номері;

2. салық төлеушінің, тегі, аты, әкесінің аты;

3. салық төлеушінің  тіркеу номері;

4. салықтың және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есептелген сомасы;

5. төлеу туралы  талап және төлеу мерзімі;

6. тиісті салықтың  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдердің және  өсімпұлдардың деректемелері;

7. шағым жасау  мерзімі мен орны болуға тиіс;

 Салықтың  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер салық төлеуші салық тексеруі нәтижелеріне шағым жасамаса, онда хабарламада берілген мерзімде орындауға міндетті.

 Егер салық  тексеруінің аяқталуы бойынша хабарлама шығарылмайды.

 Камералдық  бақылау – салық төлеушілер  берген салық есептілігін және  басқа да құжаттарды зерделеу  мен талдау негізінде тікелей  салық органы жүзеге асыратын  бақылау.

 Камералдық  бақылау тікелей салық органының  орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

 Салық органы  салық есептілігін қателіктер  тапқан, салық есептілігінде келтірілген  мәліметтердің арасынан қайшылық  табылған, сондай – ақ шағын  бизнес субъектілері үшін көзделген  щарттарды асыра пайдаланған  кезде салық Кодексінің 31 – бабына сәйкес салық төлеушіге жіберілген қателіктерді өз бетінше жоюы үшін, сондай – ақ салық салудың жалпыға бірдей берілгеннен тәртібіне көшуі үшін хабарлама жіберіледі.

 Салық төлеушілер  моноторингі салық төлеушілердің  нақты салық салынатын базасын анықтау жіне тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнын қалыптастырудың негізділігіне талдау жүргізу, қаржы, валюта заңдарын, қолдалынатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердің қаржы – шаруашылық қызметін байқау жүйесін қолдану жолымен жүзеге асырылады.

 Электронды  мониторинг осы баптың бірінші  тармағында белгіленген, электрондық,  цифрлық қолтаңбамен расталып, электрондық  құжат нысанында ақпарат беретін  мониторинг түрі.

 Салық төлеушілердің  мониторингі республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу аудиті