Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 16:20, реферат

Краткое описание

Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.

Файлы: 1 файл

Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.docx

— 23.83 Кб (Скачать)

Жауапкершілік қағидаты - тура және түпкілікті нәтижелерге колжетімділікке  және бюджеттік бағдарламапар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасы заңнамасына  сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны  үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге  бағытталған қажетті әкімшілік  және басқару шешімдерінін қабылдануы.

Бюджеттік қаражаттардың  атаулық және нысаналық сипаты қағидаты - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінін  Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтай отырып, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер  көрсеткіштеріне кол жеткізуге  бағыттауы және пайдалануы.

 Бюджет жүйесін құрудың  барлық қағидаттары өзара үйлестірілген  және бірін-бірі толықтырып отырады,  олар егеменді еліміздің Конституциясында  және Бюджеттік кодексте, «Жергілікті  өкілді және атқарушы орғандар  туралы», «Қазақстан Республикасының  жергілікті мемлекеттік басқару  туралы» арнайы заңдарында және  басқа заңнамалық актілерінде  көрсетілген. Нақтылы жағдайларда  бұл қағидаттардан жиі ауытқу  болады. Мысалы, кейде бюджеттің  бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені  көптеген арнаулы және бюджеттен  тыс қорлар пайда болады. Реалистік  кағидаты да өзінің маңызын  жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен  тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржылық  қатынастарды саралауға ұмтылады. Бюджет жүйесі реттеуші кіріс  көздерін пайдалану, мақсатты  және өңірлік бюджет қорларын  құру, оларды ішінара қайта бөлу  арқылы жүзеге асырылатын барлық  деңгейлер бюджеттерінің өзара  іс-эрекеттеріне негізделген.

 

2005 жылы бюджетті қалыптастырудан  бастап, оны атқарумен және бақылаумен  аяқтаудың барлық қаржылық рәсімдерін  регламенттейтін бірыңғай заң  - Бюджеттік кодекс күшіне енді. Бюджеттік кодексте бюджет жүйесінің  жаңа кағидаттары қойылған, бюджеттік  жоспарлаудың бұрынғы қағидаттары,барлықденгейлербюджеттерініңкірісжәнешығысбөлімдерін  қалыптастыру жөніндегі амалдар  түбегейлі қайта қаралды. Орта  мерзімді бюджеттік жоспарлауды  әзірлеу өзінің дамуы жағынан  жетілдірілді, бюджеттің атқарылу  үдерісі тәртіпке келтірілді, бюджеттік  қаражаттарды пайдалануды бақылау  жүйесі туралы қағида күшейтілді.

 Стратегиялық және  бюджеттік жоспарлауды үйлестіру  үшін үш жылдық кезеңге арналған  салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын  құжат - орта мерзімді фискалдық  саясат әзірленді. Сонымен бірге  бюджеттің атқарылу үдерісі де  тым егжей-тегжейлі регламенттелінді, бюджеттік үдерістің жаңа кагидаттары  енгізілді.

 Бюджет деңгейлері  жүйеленілді, әрбір деңгейдің  кала мен аудан бюджетіне дейінгі  шығыстары, олардың түсімдері  мен бюджеттерді әзірлеудің тәртібі  егжей-тегжейлі жазылып койылды.

Заңнамада бюджеттердіңтек  екі деңгейі - республикалық және облыстық денгейі ретке келтірілген, ап төменгілері «ойын ережелерін»  өздері анықтайды. Айқындықты қамтамасыз ету және олардың қызметіне бірыңғай талаптарды белгілеу үшін тиісті нормалар енгізілді.

 

 Шығыстарды бөлудің  негізгі уәжі шығыстардың үлкен  бөлігін жергілікті деңгейге  табыстау болып табылады. Әрбір  бюджеттің белгілі бір, қатаң  жүйеленілген және орнықты шектері  болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары  Бюджеттік кодексте мемлекеттік  басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген багдарламалармен аудандық бюджетге бекітілетін болды, олардың әкімшілері ауылдың және поселкелердің экімдері болады.

 Республикалық және  жергілікті бюджеттерді ішкі  бақылаудың сатылас сызбасы енгізілді:  ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің  Қаржылық бақылау және мемлекеттік  сатып алу комитеті жүргізеді.Сыртқы  бақылаудың функциялары Республикалық  бюджеттің атқарылуы жөніндегі  Есеп комитеті мен мэслихаттардың  ревизиялық комиссияларында калды.  Бюджеттік инвестициялар ұғымы  кеңейтілді, инвестициялық жобаларды  кезеңдік іріктеу, сондай-ақ жобалардың  тиімділігін бағалау тәртібі  енгізілді. Капиталдың ішкі және  сыртқы рыноктарында жергілікті  атқарушы орғандар-дың қарыз алуы  жойылған, тек жоғарғы бюджеттен  олардың қарыз алуы сақталынған.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың  жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық қордың койылған міндеттерін тиімді іске асыру  мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып баланыстандырылған бюджеттік әдіс әзірленді.


Информация о работе Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы