Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 09:21, реферат
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік – аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым - өатынастар пайда болды.
Бюджеттік алынымдар– заңнамалық актілермен актілермен немесе мәслихаттардың шешімдерін бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферті.
Субвенциялар – төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актілермен және және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде алатын ресми трансферттері.
Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші болып бөлінеді.
Бекітіліп берілген кірістер - бұл түгелдей немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.
Реттеуші кірістер –жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке нығайту үшін бағытталатын қаражаттар.
Бекітіп берілген және реттеуші кірістердің тізбесі бюджет заңнамасында белгіленеді.
Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса бюджет жүйесі сатыластығы жағынан баланстандырылған деп есептеледі. Деңгелес теңгерімділік – биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары мен аумақтарының бюджеттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.
Сатылас теңгерімділікке жету – теңгерімділіктің І – кезеңі, ал деңгейлес теңгерімділікке жету – теңгестірудің ІІ – кезеңі, ол Қазақстанда бюджеттік алынымдар мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады.