Техногендік авариалар
Реферат, 06 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Атом гректің бөлінбейтін деген созінен шыққан деп болжаған. Казіргі физика атом жөніндегі бүрынғы түсінікке түбірлі өзгерістер енгізді, теориялық және эксперименттік зерттеулер атомның қүрамында ондаған жай болшектердің бар екенін дәлелдеді. Оған мывалар жатады: оң зарядты атом ядросын құрайтын біршама ауыр протондар және электр зарядтары мүлде жоқ нейтрондар.
Оглавление
Атомдық электростанциялар.
Пайдалы қазбалар өндірісі.
Машина жасау.
Ауыл шаруашылық өндірісі.
Файлы: 1 файл
Документ Microsoft Word.docx
— 135.78 Кб (Скачать)Маңғышлақ түбегі стронцивті минералдандырудың түрлі типтері кең таралған әлемдегі ең негізгі өңірлердің бірі болып табылады. Целистин мен целистин бариттің 20 жуық түрлері анықталды. Ауыртас, Үнқосын, Үш күй кенорындары барынша ірі кенорындар болып табылады. Белгілі болған рудаларда стронцияның болуы 20 пайызды құрайды. Рудаларды алғашқы зертеу тұйықталған әйнектер, жоғары сапалы балқымалар, металлургия өндіріснде, арнаулы техникалар шығаруда композициялық материалдар өндіруде оларды қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.
Мұнай-газ саласында қоңыр ерітінділерді ауырлатушы ретінде барит қолданылады. Барит-целистин рудасы кенорны өңдеуге ашық қолайлы жағдайларымен сипатталатын Ауыртас стронций кенорны алыбы ретінде белгілі. Барит-целистин руда қоры барий тотығының орташа құрамы 8,4% айтарлықтай көлемін білдіреді. Ауыртас кеноны Шетпе селосының оңтүстік-батысынан 37 км. теміржолдан 15 км, және Ақтау-Бейнеу ЭТЖ 9 км орналасқан.
Маңғыстаудың таулы бөлігінде фосфориттер мен темір рудаларының көірінісі белгілі.Қаңға баба, Тобажық, Жалбырт, Таушық және Жангелді фосфор кенорындары болжалды түрде барланған.
Темір рудаларының барынша ірі кенорны – Шығыс Қарату қыратының орталық бөлігінде орналасқан Бескемпір кенорны. Оның қоры орташа темір құрамы 44,73 % болғанда шамамен 500 млн. тоннаны құрайды. Облыс аумағында бір марганец кенорны және бірнеше руда кенорындары бар. Барлау қоры 2,7 млн. құрайды. Марганец орташа құрамдылығы 12 пайыз.
Шығыс және Батыс Қаратау мен Қаратаушық жоталарындағы біршама бөлігінде бағаланбаған 100 мыс рудалары белгілі.
Маңғыстаудың жер қойнауы тұз шөгінділеріне де бай. Үш ірі ас тұзы кенорындары бар: Бұлақ 1, Қошқар Ата, Қарақия. Бұлақ1 кенорны Форт-Шевченко қаласы ауданында орналасқан. Ауданы 0,5 шаршы метр экваторияны алып жатыр. Құрамы Nа СІ 95,2%, қоры шамамен 300 мың тонна. Қошқар Ата кенорны Каспий теңізі жағалауына өте жақын орналасқан. 25,17 шаршы метр ауданды алып жатыр. Құрамы Nа СІ 97%, қоры есептелмеген, алайда ол Маңғыстаудағы ең ірі кенорын болып табылады.
Минералды тұз түрлерінің ішінде мирабилт, тенардит, және де Өліқолтықтың төрттік сортаңды шөгінділеріндегі басқа да түрлері белгілі. Сусыз тұздағы натрий сульфаты 73-97 % құрайды.
1982-1990 жж. Қоры 630 млн. тонна шикі тұз болатын Үстірт теміржол стансасының батысынан 20 км. орналасқан Жаманайрақты кенорны белгілі болды. Тұз мұнда 17 шаршы метр ауданда орналақан. Қолтық-Қайдақ ойпаты аумағындағы болжалды ресурстар 6,8 млн. тонна шикі тұзды құрайды. Оның ішінде 2,9 млрд. тоннасы натрий сульфаты.
Маңғыстаудың ұлутас-әктасы ТМД елдерінде ғана емес алыс шетелдерде де әйгілі болды. Маңғыстаудың әктас-ұлутасы жарға және қаптау материалы ретінде қолданылады. Әктас механикалық-физикалық сапасы жағынан бетон плиталары мен шлакты бетон және күйдірілген кірпіш параметрлерінен асып түседі. Әрлеу материалындағы түстер гаммасы әртүрлі: алқызыл, ақсары және ақтүсті. Әктас-ұлутастардың божалды қоры бірнеше милиардтаған текше мтерді құрайды. Баланстық қоры 200 млн м3 30 кенорын барланды.
Әктас-ұлутастан басқа облыс аумағында басқа да құрылыс материалдары кенорындары бар: щебень мен бут өндірісіне арналған тас, кірпіш шикізаты, құрылыс әктасы, ПГС, құрылыс құмдары және т.б. «Шетпе-1» кенорнынан алынатын 5 тен 40 мм дейінгі фракциялы щебень қолданыстағы барлық норматив талаптарына жауап беретін жоғары сапаға ие. Материал жол құрылысы және басқа да құрылыс жұмыстарында ауыр бетонды толықтырушы ретінде қолданылады. Тау шөгінділері қоры 16 млн. м3 құрайды.
Облыс аумағында бекітілген жалпы қоры 10 млн. тоннадан астам 7 бор кенорны белгілі. Бор құрылыста, ауыл шаруашылығында жануарлар мен құстарды жемдеу үшін, сырлар , шпатлевкалар, қоңыр қоңыр ерітінділерін дайындау және басқа да мақсаттар үшін қолданылады. Бордың сапасы 95,1 ден 98,7% дейінгі көмір қышқылды кальцидің болуымен сипатталады.
Қарақия ауданында мұнай мен газды іздестіру жүмыстарын жүргізгенде, Александр Черкасск шығанағының шығыс жағалауында аса үлкен жылу энергиясы потенциалы, тұзы 8,3% сульфат-натрий-хлорид құрамдас жоғары терминалды пласт сулы юра-төменгі бор дәуіріндегі қуатты артезиан бассейні табылды.
Сулар өздерінің химиялық құрамының, температурасының, жекелеген компоненттерінің және биологиялық белсенді күкіртсутегінің арқасында бальнеологиялық қасиеттерге ие.
Минералды сулардың басқа кенорны Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында жоғарғы альба шөгінділерінің су жинағыш кешені көкжиегінде 978 м тереңдікте орналасқан. Судың минералдануы 9,9 л/ж. температурасы 60 градус. Химиялық құрамы бойынша әлсіз шырышты әлсіз сілтілі, құрамындағы бром терапевтіккондицияға дейін көтерілген хлорлы-нетрийлі (19-20 мг/л), кремний қышқылы (40 мг/л) және органикалық заттар (14-18 мг/л). Пайдалану қорлары тәулігіне 0,43 мың текше метр көлемінде немес 5 л. бекітілген.
Машина жасаудың экономикадағы
рөлі Машина жасау кешенінің құрылымы
өте күрделі. Оның кұрамына үш топқа біріктірілген
30-ға жуык салалар кіреді: 1)машина жасау
(машиналар мен күрал-жабдықтар шығару);
2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярл
Ауыл
шаруашылығы — шаруашылық салаларының
ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына
тікелей тәуелді саласы. Сонымен
қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым
көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде
халқы ауыл шаруашылығының түрлі
салаларымен айналыспайтын бірде-бір
ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге
таралуы оның алуан түрлілігіне
байланысты. Ғалымдар шамамен онын
50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді.
Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде
бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам
адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы
шаруа отбасыларын қосатын болса,
онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді.
Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл
шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер
индустриялы, постиндустриялы және
аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде
экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ)
46%-ы осы салада еңбек етеді.
Ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
Аймақтар |
Жұмыс істейтіндер саны, млн адам |
ЭБХ-тың ауыл шаруашылығында істейтін бөлігі, % |
Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер санындағы жеке аймақтар үлесі, % |
Азия |
1034 |
57,5 |
79,1 |
Африка |
190 |
58,7 |
14,5 |
Солтүстік Америка |
21 |
9,2 |
1,6 |
Оңтүстік Америка |
27 |
18,8 |
2.1 |
Еуропа (Ресеймен бірге) |
33 |
9,3 |
2.5 |
Аустралия мен Мұхит аралдары |
3 |
19,0 |
0.2 |
Дүниежүзі |
1308 |
45,6 |
100.0 |
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары (44-сызбанұсқаға қараңдар).
Ауылшаруашылық
географиясы климаттық, әлеуметтік
және өндірістік факторлары әсерінен
ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып,
дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін
ауыл шаруашылығы климаттық
Аграрлық қатынастар
Дүниежүзінің
кез келген елінің ауыл шаруашылығы
өзара бір-бірімен тығыз
Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.
Жоғары дамыған
елдердің көпшілігінде жер қорының
біраз бөлігі ірі жер иеленушілердің
— фермерлердің қолында шоғырланған.
Оларға берілген орташа жер мөлшері
— 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы
— мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының
1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде
аграрлық қатынастар түрліше сипатты
болып келеді. Азия мен Африканың
бірқатар елдерінде жергілікті және
сырттан әкелінген күрделі
Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.
- Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.
- Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:
а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);
ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;
б) көпсалалы тауарлы егіншілік
пен мал шаруашылығы —
- Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылық түріне бөлінеді:
а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазақстан) аумақтары;
ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;
б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;
в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;
г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;