Химиялық ахуалды бағалауды бағалау үшін қажетті алғашқы мәліметтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 22:06, реферат

Краткое описание

Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне АҚ(Азаматтық Қорғаныс) күштері мен халыққа әсер етінін жердің КӘУЗ-бен химиялық зақымдау салдарының жиынтығы түсіндіріледі.
Химиялық ахуал КӘУЗ (күшті әсерлі улы заттар) төгілу немесе химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

Файлы: 1 файл

реферат распечатка.doc

— 44.50 Кб (Скачать)


 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қарағанда Мемлекеттік Техникалық Университеті

 

 

 

 

 

                                                                                                КА және ЕҚ кафедрасы

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Химиялық ахуалды бағалауды бағалау үшін қажетті алғашқы мәліметтер»

 

 

 

 

 

 

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                         Орындаған: ПО-10-1 тобы

                            студенті   Шайбекова А.                              

                                                                                         Тексерген:Баймуханова М.О

 

 

 

 

Қарағанды 2012 жыл

Тақырыбы: «Химиялық ахуалды бағалауды бағалау үшін қажетті алғашқы мәліметтер».

 

Зақымдалу ошағындағы химиялық ахуалды бағалау.

 

Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне АҚ(Азаматтық Қорғаныс) күштері мен халыққа әсер етінін жердің КӘУЗ-бен химиялық зақымдау салдарының жиынтығы түсіндіріледі.

Химиялық ахуал КӘУЗ   (күшті әсерлі улы заттар) төгілу немесе химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:

-         химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;

-         олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;

-         адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдістерімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері жүргізіледі.

Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер;

-         КӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

-         Улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолдану ауданы мен уақыты;

-         Адамдардың қорғану деңгейі;

-         Жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;

-         Ауа-райы (жер беті қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикальды тұрақтылығының деңгейі);

Ауаның вертикальдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа-райын бақылау арқылы анықтауға болады. Ол үш деңгейге бөлінеді:

1)     инверсия

2)     изотермия

3)     конвекция

Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың байында бұзылады. Ауаның төменгі қабаты жоғары қабатынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған, жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның тұрақты тендігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20-30м биіктік шегіндегі ауаның температурасы жердікімен шамалас болады. Ол жауын-шашындарды ауа-райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертеңгі конвекцияға және кешкі уақыттарда инверсиядан конвекцияға  (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан кейін пайда болады және шамамен күн батардан 2-2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез таралуына және оның зақымданған әсерінің азаюына ықпал етеді.

 

Зақымдау ошағындағы радияциялық ахуалды бағалау.

 

Қарсылас осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда, сондай-ақ атом өнеркәсібі кәсіпорындарындағы авария кезіндегі ауа, жер және онда орналасқан ғимарат, техника мүлік радиациялық зақымдауға ұшырайды.

Жердің радиоактивті зақымдану нәтижесінде пайда болған ахуал радиациялық ахуал деп аталады. Ол радиациялық зақымданудың көлемін және сипатымен анықталады және шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметіне, бөлімшелердің іс-әрекетін, халықтың тіршілігіне айтарлықтай ықпал етеді. Адамдардың, малдардың зақымдану қаупі радиациялық ахуалды тез анықтау мен бағалауды және құтқару жұмыстарын жүргізуге оның ықпалын ескертуді талап етеді.

Осы мақсатта радиациялық барлау мәліметтері бойынша болжау әдісімен радиациялық ахуалды анықтау мен бағалау жүргізіледі.

Болжау зақымдау уақытын, сипатын  және бөлімшелердің іс-әрекет режимдері  мен зақымдалған жердегі халықтың өзін-өзі  ұстау тәртібін анықтау мақсатында мәліметтер барады. Бұл зақымдаудың тек нақты деректерден едәуір айырмашылығы болуы мүмкін шамалас сипаттамалары ғана.

Болжаудың бастапқы мәліметтері: жарылыстың қуаты, түрі мен орталығының (кіндігінің) деректері, жарылыс уақыты, орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.

Шаруашылық объектілерінде радиациялық ахуалды болжамайды, тек ТЖ мен АҚ жөніндегі жоғары тұрған органдардың мәліметтерін ғана пайдаланады. Объектілердің АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтері оны тек барлау мәліметтері негізінде ғана бағалайды.

Аумағының көлемі жердің радиациялық зақымдау аймағымен салыстырғанда шағындау шаруашылық объектісі үшін болжаудың тек екі нұсқасы ғана ықтимал: объекті қызметкерлері сәулеленуге ұшырайды немесе ұшырамайды. Сондықтан объект аумағын радиоактивті зақымдану жағдайы үшін радиоактивті бұл ізінің белдігі кәсіпорын аумағының ортасы арқылы өтетін кездегі ең жағымсыз нұсқа алынады.

Болжанатын радиациялық ахуал міндетті түрде радиациялық барлаумен нақтыланады. Радиациялық ахуалды бағалау, болжау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізіледі.

 

 

 

                           

3

 



Информация о работе Химиялық ахуалды бағалауды бағалау үшін қажетті алғашқы мәліметтер